Грамматикасы



бет102/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Сөйлем мүшелері


Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем құрылымы сөйлемдерге тән ерекшелік. Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшелері және грамматикалық тұрғыда алғанда олар сөйлемнің тең мүшелері болып есептеледі әрі сөйлемнің негізін
құрайды. Сөйлемнің барлық қалған мүшелері тұрлаулы мүшелерге тәуелді және солардың айналасына топтасады. Бастауыш пен баяндауыштан басқа сөйлемде сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін анықтап, толықтырып тұратын басқа сөздер де болады. Мұндай сөздер не сөз тіркестері грамматика жағынан тұрлаулы мүшелерге тәуелді. Бұл топқа жататын сөздер не сөз тіркестері сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері деп аталады. Бұған толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш жатады. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері өздері анықтайтын сөзге қатысты (тұлға сөз) төмендегідей топтарға жіктеледі:
Етістікті толықтыратын сөздер: 1) толықтауыш, 2) пысықтауыш. Зат есімді толықтырушы: 3) анықтауыш.
Бастауыш пен баяндауыш өздерін толықтыратын сөздермен бірге бастауыш тобын және баяндауыш тобын құрайды.
Old people always like to see their grandchildren (Қарт кісілер ылғи да өздерінің немерелерін көруді ұнатады).
Old people – бастауыш тобы
always like to see their grandchildren – баяндауыш тобы.
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін анықтайтын өздеріне қатыс­ ты сөздері болуы мүмкін және осыған сәйкес өздерінің синтак­ систік тобын құрайды (толықтауышты топ, анықтауышты топ, пысықтауышты топ). Демек, сөйлемдердің көпшілігі екі не одан да көп синтаксистік топтан тұрады. Әрбір топтың құрылымы тілдегі бар үлгілердің біреуі арқылы жасалады. Бұл жалаң не күрделі топ болуы мүмкін.
Жалаң сөз тіркесі әрі қарай кіші жанама топтарға бөлінбейді:
good idea, to see a doctor, just in case.
Күрделі сөз тіркестері екі не одан да жай сөз тіркестерінен тұрады: At the Ministry of Foreign trade; the department of Internal Affairs.
Күрделі сөз тіркесінің екі түрі бар:

  1. құрамындағы сөздердің әрқайсысы тұлға (негізгі) сөзбен тікелей байланысатын күрделі сөз тіркестері. Methods of the inves- tigation in ecological problems.

Осы тіркестің құрамындағы мағыналық топтар тұлға сөзбен жеке­жеке тіркес құрай алады.
Methods } of the investigation
} in ecological problems

  1. құрамы бір­бірімен тізбектеліп, сатылап байланысатын күрделі сөз тіркесі.

The secondary parts of the sentence subordinated asyn­ theticaly to the principal parts. (Сөйлемнің басыңқы мү­ шелерімен жалғаулықсыз байланысқан бағыныңқы мүшелері) (Бұл тіркестің құрамындағы сөздер тұлға сөз­ бен тура, тікелей емес, бір­бірімен мағынасы, граммати­ калық формасы жағынан тізбектеліп байланысып тұр).
Синтаксистік топтың мүшелерінің арасындағы грамматика­ лық байланыс әртүрлі дәрежеде болуы мүмкін. Оларды байланы­ су түріне қарай жақын байланысқан және еркін байланысқан синтаксистік топтар деп атайды. Синтаксистік топтағы сөздердің біреуі синтаксис жағынан тіркестің негізгі элементі болғанда оны жақын (жанаса) байланысты тіркес дейміз. Тіркес құрамындағы жекелеген сөздер (салыстырмалы түрде) бір­біріне тәуелсіз болса, ондай байланысты еркін тіркес дейміз. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері тұрлаулы мүшелеріне бағыныңқы қатынаста болады. Бірақ сөйлемнің алшақ мүшелеріне қатысты қарастырғанда бұл әлсіз бағыныңқы болуы мүмкін. Басқаша айтқанда, сөйлемнің тұрлаулы мүшелері белгілі бір дәрежеде грамматикалық және семантикалық (мағынасы) жағынан дербес болады. Тіркес құра­ мындағы сөздердің сөйлемдегі тұлға (өзек) сөзбен байланысы әлсіз болуы бұл сөздердің сөйлемдегі орнына, мағынасына және құрылымына немесе айтушының оларға қандай мән­мағына беруіне байланысты. Ауызекі тілде сөйлемнің еркін байланысқан мүшелері интонация, кідіріс және екпін арқылы белгіленеді. Жазба тілде олар үтір, сызықша арқылы ажыратылады.
He saw a girl, weak, pale, slender (Ол бір қызды көрді: өңі
бозарған, әлсіз, сұңғақ).
He has no doubt. It was that girl – surely (Оның еш күдігі жоқ. Оның сол қыз екені – анық).
Сөйлемде тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерден басқа тағы да қыстырма сөздер деп аталатын сөйлем мүшелері бар. Қыстырма сөздер – грамматикалық жағынан сөйлемнің ешбір мүшесіне бағыныңқы не тәуелді емес сөздер мен сөз тіркестері. Олар бүтін сөйлемге қатысты және оның модальдігін анықтап тұрады.
Generaly speaking you must prove your point of view in detail (Ашығын айтқанда, сіз өзіңіздің көзқарасыңызды жан­жақты дәлелдеуіңіз керек).
At least it takes him much time to gain positive results (Болмағанда (кем дегенде) оң нәтиже алу үшін оның көп уақыты кетеді).
At last we have passed the last examination (Енді ғана біз бар емтиханды тапсырып болдық­ау).
Қыстырма сөздер мынадай сөздерден жасалады:

  1. одағай сөздер: oh, hurrah, hello, hush, why, eh, alas т.б. Hurrah, our team won! (Алақай! Біздің команда жеңді!) Why, take it easy (Неге, көңіліңе алма).

  2. қаратпа сөздер:

Hi, guys! My congratulations, Miss Heard! (Сәлем, жігіттер! Құттықтаймын, Хард мырза! )

  1. «of course, to be sure, after all, in any case, generally (frank- ly) speaking, indeed, to tell the truth, at last, all in all, in fact» т.б. қыстырма (модаль) сөздер және сөз тіркестері.

Of course we follow the law (Әрине, біз заңды тыңдаймыз). To tell the truth, I’m not impressed by the film (Шынымды айтсам, маған бұл кино әсер қалдырған жоқ).
Сөйлемнің бір мүшесінің қызметін атқаратын және бір­бірі­ мен тең байланысқан екі не одан да көп сөйлем мүшелері сөйлем­ нің бірыңғай мүшелері деп аталады.
All coats, bags, brief cases and other materials were placed in the disignated area (Барлық пальтолар, сөмкелер, портфельдер белгіленген жерге қойылды).
We swam, sunbathed and went fishing (Біз суға шомылдық, күнге қыздырындық және балық аулауға бардық).


Еск ер т у. Сөйлемнің кез келген мүшесі сөз не сөз тіркестері арқылы ғана емес, сонымен қатар сөйлем арқылы да жасалады.
I walk to the University (Мен университетке жаяу барамын). When I have three classes I have my dinner at the canteen (Үш сабақ болғанда, мен түскі тамақты асханадан ішемін).
Before beginning the classes we air the classroom (Сабақ басталмас бұрын біз сынып бөлмесін желдетеміз).
The concert was over spectators rose to go (Концерт біткеннен кейін көрермендер орындарынан тұрды).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет