Грамматикасы



бет117/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Толықтауыштың түрлері


Ағылшын тілінде толықтауыш ең алдымен шылаулы, шы­ лаусыз болып бөлінеді. Шылаусыз келетін толықтауыштар тура және жанама толықтауыш болып жіктеледі. Бұларға қоса күрделі толықтауыш деп аталатын толықтауыштың арнайы түрі бар.
Тура толықтауыш баяндауыш білдіретін іс­қимылда, әрекет­ те көрсетілген адамды не затты білдіреді. Тура толықтауыш етістіктен кейін тұрады, яғни баяндауышпен шылаусыз, тікелей байланысады. Мұндай толықтауыш сабақтас етістіктен кейін шылаусыз келеді. Әдетте сабақтас етістіктен кейін тура толықта­ уыш тұрады.
She received a letter (Ол хат алды).
Кейде баяндауыш пен тура толықтауыштың ортасында шы­ лаусыз келген жанама толықтауыш тұруы мүмкін. Мұндай жанама толықтауыштар ешуақытта тура толықтауышсыз келмейді.
She handed hіm a letter («hіm» – жанама толықтауыш, «a letter» – тура толықтауыш)
Сондай­ақ тура толықтауыш пен баяндауыштың арасында «on, іn, up, out, of» шылаулары келетін жағдайлары да жиі кездеседі.
He rang up me немесе he rang me up (Ол маған телефон шалды).
Мұндай жағдайда тек жіктеу есімдіктері ғана етістіктен ажырамай, етістіктен кейін тұрады да, үстеу тура толықтауыштан кейін келеді.
Put it down (Мынаны қой).
Ағылшын тілінде өзінен кейін тура толықтауыш келетін етістіктер көп. Демек, егер сабақтас етістіктен кейін зат есім немесе есімдіктен жасалған шылаусыз жұмсалатын тек бір ғана толықтауыш келсе, ол тура толықтауыш болады.
I received letters (Мен хаттарды алдым).
She likes an ice­cream (Ол балмұздақты жақсы көреді).
Етістік пен тура толықтауыштың тіркестері фразеологиялық
бірлікті, яғни тұрақты сөз тіркесін құрайды. Мұндай тіркестерге
«have a smoke, have a smіle, take place, take part, take steps, pay attentіon» т.б. жатады. Мұндай тіркестер жай етістіктердің экви­ валенті болып саналады.
Жанама толықтауыш сөйлемнің баяндауышы білдіретін іс­ әрекет бағытталған адамды білдіреді.
She gave me a book (Ол маған кітап берді).
Жанама толықтауыш баяндауыштан кейін, тура толықтауыш­ тың алдында тұрады.
Ben asked her a question (Бэн одан сұрақ сұрады).
Ал егер толықтауыштың екеуі де (тура толықтауыш та, жанама толықтауыш та) жіктеу есімдігінен жасалса, онда жанама толықтауыш тура толықтауыштан кейін тұрады.
You must show it us (Сіз мұны бізге көрсетуіңіз керек).
Тура толықтауыш жанама толықтауыштан бұрын келгенде жанама толықтауыш to шылауымен келеді.
Nancy wrote a letter to her friend (Нэнси досына хат жазды).
Мұндай жағдайда жанама толықтауышты шылаулы толық­ тауыш болып саналады. Ағылшын тілінде танымдық толықта­ уыш деп аталатын толықтауыштың арнайы түрі бар. Мұндай то­ лықтауыштың мынадай ерекшеліктері бар:

  1. Олар шылаусыз толықтауыш болса да, салт етістіктермен бірге келеді.

  2. Танымдық толықтауыштар етістікпен түбірлес зат есіммен немесе оның мағынасымен ұқсас зат есімнен жасалады.

  3. Мұндай толықтауыштарды мағынасы «to lіve a happy lіfe – to lіve happіly; to smіle a bіtter smіle to smіle bіtterly; to fіght a hard battle to fіght hard» пысықтауыштарына жақын және онымен сөз тіркесін құрайтын анықтауыш анықтап тұрады:

Мұндай ұқсас толықтауышты конструкциялар пысықтауыш­ қа қарағанда әсірелілеу болады.
Шылаулы толықтауыш көптеген етістіктерден кейін және етістіктің фразеологиялық эквиваленттерінен кейін келеді.
Pupils looked at the blackboard (Оқушылар тақтаға қарады). The audience listened to his speech attentively (Көрермендер оның сөзін зейінмен тыңдады).
«To» шылаулы толықтауыш жанама толықтауышты конструк­ циялармен қатар қолданыла береді.
Dick borrowed Sally some money – Dick borrowed some money to Sally (Дик Саллиге қарызға ақша берді).
Осы екі конструкцияның арасында айырмашылық бар. Екін­ ші сөйлемде сөйлем соңында тұрған толықтауышқа эмфатикалық екпін түсіп тұр. Мына мысалдарды салыстырып көрейік:
«Dick borrowed some money to Sally» деген сөйлем «Who dіd Dick borrow money to?» (Дик кімге қарызға ақша берді? деген сұраққа жауап болады).
«Dick borrowed Sally some money» деген сөйлем «What dіd Dick gіve Sally?» (Дик Саллиге не берді? деген сұраққа жауап бола алады).
Жанама толықтауышты конструкция «for» шылаулы конс­ трукциямен де мағыналас болады.
He sent you a message. He sent a message for you (Ол сізге хабар жіберді).


Еск ер т у. Көп жағдайда «ask, envy, answer forgіve» етістіктері жанама толықтауышпен келеді. Олардың шылаулы толықтауышпен мағынасы бірдей емес.
The policeman asked hіm a questіon (Полиция оған сауал қойды). They envy her her beauty (Олар оның сұлулығына қызығады).
Сондай­ақ олар «do somebody a favour, do somebody justіce, do somebody credіt, do somebody servіce» сияқты фразеологиялық тұрақты сөз тіркестерімен де мағыналас емес. Ал екінші жағынан
«announce, dіctate, explaіn, іntroduce, mentіon» және тағы басқа кейбір етістіктер тек қана шылаулы толықтауышпен келеді.
The chairman announced the results of the competition to them (Төраға оларға жарыстың қорытындысын хабарлады).
Let me introduce you to my friend (Маған сізді досыма таныстыруға рұқсат етіңіз).
Сөйлемнің басқа мүшелері сияқты толықтауыш та күрделі болуы мүмкін. Күрделі толықтауыш екі компоненттен тұрады, оның екінші элементі біріншісімен предикатты қатыста байла­ нысады. Толықтауыштың екі компоненті сөйлемнің бір мүшесі болып есептеліп, бір синтаксистік бірлік құрайды. Өзін анық­
тайтын етістікке байланысты күрделі толықтауыш шылаумен немесе шылаусыз келуі мүмкін.
І heard somebody sing in the next room (Мен біреудің көрші бөлмеде ән салғанын естідім).
We consider him to be a talented man (Біз оны талантты деп есептейміз).
I would like you to help me (Мен сіз маған жәрдемдессеңіз деймін).
Күрделі толықтауыш физикалық немесе ақыл­ой танымын білдіретін «see, here, tell, watch, notіce, observe, thіnk, consіder, re- gard, fіnd», т.б. етістіктері мен (мәжбүрлеу мағынаны білдіретін
«make, order, force», т.б. етістіктер, демеулік етістіктер және басқа да етістіктерден кейін келеді. Күрделі толықтауыштың бірінші компоненті зат есім не есімдіктен жасалады; екінші элементі тұйық етістік, герундий, есімше, көсемше, (заттанған етістік) сын есім немесе шылаулы тіркестерден жасалады.
We saw a new house is built (Біз жаңа үйдің салынғанын көрдік).
They heard somebody call them (Олар біреудің өздерін шақырғанын естіді).
Sally persuaded us to believe her (Салли өзіне сенуімізге біздің көзімізді жеткізді).
The teacher told us to write the exercises at home (Мұғалім біздің жаттығуларды үйде орындайтындығымызды айтты). He made them wair for (Ол оларға өзін күттіріп қойды). My friend asked me to come (Досым менің келуімді өтінді). Let her stay here (Ол осында қалсыншы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет