Толықтауыш – етістіктің мағынасын шектеп не толықтырып тұратын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі. Ол етістікпен тікелей не жанама тіркесіп келеді.
Peter gave a talk (Петр баяндама жасады).
The talk was written by Peter (Баяндаманы жазған Петр). Peter likes writing articles (Петр мақала жазғанды ұнатады).
Сонымен қатар толықтауыш етістік тұлғалы фразеологиялық тұрақты тіркестердің құрамында да келеді. Мұндай тіркестерге
«gіve up, put on, take off, take care (of), take part (іn), catch sіght, setrіd (of), be fond, be gead, be full, be good (at)» т.б шылаулы етістіктер жатады.
Толықтауыш мынадай заттық мағынадағы сөздер мен сөз тіркестерінен жасалады:
Зат есім не зат есім тұлғалы сөз тіркестерінен жасалады: I read a book (Мен кітап оқимын).
I like books by Oscar Wilde (Мен Оскар Уаилдтың кітаптарын оқимын).
Зат есімнің орнына жұмсалатын есімдіктерден жасалады: He took them as presents (Ол оларды сыйлық ретінде алды).
We saw nobody in the room (Біз бөлмеде ешкімді көрмедік).
I help you with your task (Мен сіздің тапсырмаңызға жәрдемдесемін).
Еск ер т у. Кейде сөйлемнің басында заттанған есімдіктерден не сөйлем тұлғадағы толықтауыштың алдында «іt» есімдігі келеді. Мұндай («іt» есімдікті толықтауыш) тіркестер көбінесе «thіnk, fіnd, consіder» етістіктерінен кейін келеді.
We found it difficult to get a way in a dence forest (Бізге қалың орманда жол табу қиынға соқты).
She considered it suspicious traveling light and without funds (Ол мұндай түк ақшасыз, жүгі жоқ, жеңіл саяхат жасауды сезікті деп есептеді).
Anybody must know it how to behave in an emergency case (Мұндайда, қиын жағдайда қалай әрекет жасау керек екенін әркім білуі керек).
I think it good to make friends (Мен (мұны) достасуды дұрыс деп ойлаймын).
Тұйық етістік немесе герундийден жасалады.
I like to swim (Мен суға шомылғанды ұнатамын).
He didn’t say what countries he was (Ол қандай елдерде болғанын айтқан жоқ).
He gave up smoking (Ол темекі шегуді тастады).
She is fond of singing (Ол ән салғанды жақсы көреді).
Тұйық етістік немесе есімшелі күрделі тіркестерден жасалады.
We watched the children play in the garden (Біз балалардың бақта ойнағанын бақыладық).
She saw somebody crossing the street (Ол көшені кесіп өтіп бара жатқан біреуді көрді).
Сөйлемнен (толықтауыш бағыныңқы сөйлем) жасалады. (Ағылшын тілінде құрмалас сабақтастың толықтауыш бағының қылы түрі бар).
He said he graduated from the university two years ago (Ол бұдан екі жыл бұрын университетті бітіргенін айтты).
I didn’t know why Gwen left her book (Мен Гвеннің неге кітабын тастап кеткенін білмедім).
Достарыңызбен бөлісу: |