Пысықтауыш етістікті барлық формаларында, қызметінде анықтап тұратын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі. Пысықтауыш етістік білдіретін ісәрекетті сапалық, сандық, қимылсындық ерекшеліктерін білдіреді.
Ada speaks English well (Ада ағылшынша жақсы сөйлейді). She works hard (Ол тынбай еңбектенеді/Ол көп жұмыс істейді).
The little girl is walking jumping (Кішкентай қыз секіре басып жүріп келеді).
Пысықтауыштың жасалу жолдары
Пысықтауыш мынадай тәсілдер арқылы жасалады:
Үстеуден
He is doing well in English (Ол ағылшын тілінен жақсы оқиды).
Gwen nearely lost her tempo (Гвен ұстамдылығын жоғалтты/Гвен өзін ұстай алмады).
Үстеудің фразеологиялық эквивалентінен
He visited his grandparents from time to time (Ол ата әжесіне жиі барып тұрады).
He occurred in RioJaneiro by chance (Ол кездейсоқ Рио деЖанейрода болды).
Шылаумен келетін зат есім
You can do this task at home (Сізге бұл тапсырманы үйде орындауға болады).
He put the box under the table (Ол жәшікті үстелдің астына қойды).
Шылаусыз келген зат есім тұлғалы сөз тіркесінен
Our classes last six hours (Біздің сабағымыз алты сағатқа созылады).
He works five days (Ол бес күн жұмыс істейді).
Анықтауышы өзінен кейін келген зат есімнен
I came to Rome the day he left for London (Ол Ленинградқа кеткен күні мен Римге келдім).
Do you know the man who is waiting for you? (Сіз өзіңізді күтіп тұрған кісіні білесіз бе?)
Бірнеше пысықтауыштан тұратын күрделі синтаксистік тіркестерден
We were at the medical institute eleven years ago (Біз бұдан он бір жыл бұрын медициналық институтта оқыдық).
Once upon a time there was a seaman in this city (Бір кездері бұл қалада бір теңізші болыпты).
Заттанған етістіктің формалары не етістік тұлғалы күрделі тіркестерден
Soon his friends will come to say good-bye (Жақында оның достары қоштасуға келеді).
I get up early not to be late for my classes (Мен сабақтан қалып қоймас үшін ерте тұрамын).
While reading the text he came across unknown words (Мәтінді оқығанда ол таныс емес сөздерді кездестірді). You can’t explain grammar rules without giving examples (Сіз мысалдар келтірмей грамматикалық ережелерді түсіндіре алмайсыз).
Being ill he missed many classes (Ауырып қалғандықтан, ол көп сабақтан қалды).
Жалғаулықты тіркестер
He looked at the girl lying motionless as if in a faint (Ол есінен танғандай, қимылсыз жатқан қызға қарады).
If talented, one can become a popular singer (Егер талантты болса, әркім де танымал әнші бола алады).
Сөйлем (бағыныңқы)
Before the classes begin we have a snack (Сабақ басталмас бұрын біз жеңіл тамақ ішіп аламыз).
As soon as rain stops children will go out for a walk (Жаңбыр басылысымен балалар серуендеуге шығады).
If the weather is fine we’ll go to the mountain (Ауарайы жақсы болса, біз тауға барамыз).
Достарыңызбен бөлісу: |