Грамматикасы


«Each, every» есімдіктері



бет36/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

«Each, every» есімдіктері


Семантикасы жағынан бұл екі есімдіктің ортақ жақтары көп. Қазақ тіліне бұл есімдіктер «әрбір, әр» болып аударылады. (Қазақ тілінде бұл есімдіктер белгісіз есімдіктер қатарына жатқызылады).
«Each» есімдігі жалпының ішінен жекені ажырататын мағынаны білдіреді және зат есімнің де, сын есімнің де орнына қолданыла береді. «Every» есімдігі жалпылама мағына береді және тек қана сын есімнің қызметін атқарады.
They were walking along the street. Each was carryіng a box (Олар көшемен келе жатты. Әрқайсысы жәшік алып келе жатты).
Every (or each) student must take entrance test (Әрбір студент (оқу орнына) түсу сынағын тапсыруы керек).
Жоғарыда көрсетілгендей, «each» есімдігі екі не одан да көп адамға немесе затқа қатысты қолданыла береді. Ал «every» есімді­ гі саны өте аз адамға не затқа қатысты қолданылмайды. «Every» есімдігінің жалпылама мағынасы «each» есімдігінің жекелеу ма­ ғынаны білдіретінін төмендегі сөйлемдерден анық байқаймыз.
He tried to spend every hour of his life meaningfully from his childhood (Ол жас кезінен­ақ өзінің өмірінің әрбір сағатын мазмұнды өткізуге тырысатын).
Each month for a year he used to visit the orphan­house (Ол жылдың әрбір айында (ай сайын) жетімдер үйіне барып тұратын).
«Everyone, everybody» есімдіктері (all (the) people) «барлық халық, адамдар» деген мағынаны білдіреді. Бұл есімдіктердің арасында мағынасы жағынан айырмашылық жоқ. Екеуінен кейін де етістік жекеше түрінде келеді.
Everybody will come (Бәрі келеді).
Everyone is informed about it (Бұл жөнінде бәріне хабар берілді).
Адамға қатысты жұмсалатын барлық күрделі есімдіктер сияқ­ ты, «everyone, everybody» есімдіктері де ілік септігі формасын қабылдай алады.
Іt іs everyone’s responsibility to do one’s job seriously (Өз жұмысын тиянақты атқару – әркімнің жауапкершілігі болып табылады).
«Everythіng» есімдігі «бәрі, барлық нәрсе» деген мағынаны береді және одан кейін етістік жекеше түрінде болады.
Everythіng will be ready for the tomorrow’s trip (Ертеңгі саяхатқа бәрі дайын болады).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет