Грамматикасы


Ағылшын тілінің практикалық грамматикасы ЕТІСТІК



бет39/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   153
dokumen.pub 9786012473537


Ағылшын тілінің практикалық грамматикасы
ЕТІСТІК


Етістік – заттың іс­қимылы мен амалын, жай­күйін, әрекетті білдіретін сөз табы. Ағылшын тілінде де етістік қыры мен сыры мол, күрделі және ең дамыған сөз табының бірі. Оның жүйесі де сан алуан болып түрлене алады. Етістік, негізінен, тиянақты және тиянақсыз болып бөлінеді. Етістіктің тиянақты формасы сөйлемнің баяндауыш қызметін атқарады. Басқа сөз табымен са­ лыстырғанда етістіктің көптеген грамматикалық категориялары бар. Тиянақты етістіктің (заттанған етістіктерден басқа) жақ, түр, шақ, аспект, етіс, рай категориялары бар. Етістік өзінің екі формасында (тиянақты, тиянақсыз етістік) баяндауыш білдіретін іс­әрекеттің қандай жағдайда, ортада жүзеге асатынын білдіреді және оны толықтырып тұратын үстеумен, күрделі үстеумен тірке­ сіп келеді. Етістіктің екінші бір ерекшелігі – оның толықтауыш­ пен (зат есім немесе оның эквивалентімен) тіркесіп келуі болып табылады.


ЕТІСТІКТІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ


Етістіктер төмендегідей принциптеріне қарай жіктеледі:

  • өткен шақ формасының және көсемше түрінің жасалу жолы­ на қарай;

  • етістіктің синтаксистік қызметіне қарай;

  • етістіктің бастауышпен және толықтауышпен тіркесуіне қарай;

  • өткен шақ формасы мен көсемше түрінің жасалу жолына қа­ рай етістіктер дұрыс және бұрыс етістіктер болып екі топқа бөлі­ неді.

Дұрыс етістіктер. Дұрыс етістіктердің өткен шақ және көсем­ ше формалары етістіктің түбіріне «-ed» жұрнағы, ал егер етістік
«-e» әрпіне бітсе, онда «d» жұрнағы жалғану арқылы жасалады.
Етістіктің өткен шақ жасайтын «-ed» жұрнағы түбір етістікке жалғанғанда, оның оқылу ережесі сөздің қандай дыбысқа бітеті­ ніне байланысты әртүрлі болып оқылады:

  • егер етістік дауысты және ұяң (үнді) дыбыстарға бітсе, өткен шақтың «ed» жұрнағы [d] болып оқылады.

Try – tried, learn – learned.

  • қатаң дауыссыз дыбыстардан кейін «-ed» жұрнағы да, қатаң

  1. болып оқылады.

ask – asked, pass – passed.

    • егер түбір етістік «t, d» әріптеріне бітсе, «-ed» жұрнағы [іd] болып оқылады.

want – wanted, end – ended.
Дұрыс етістіктердің өткен шақ формасы мен көсемше түрі бірдей (омонимдес) болады.
Бұрыс етістіктер. Бұл топқа жататын етістіктерді төменде көрсетілгендей, бірнеше түрлерге жіктеуге болады. Бұрыс етіс­ тіктердің өткен шақ формасы мен көсемше түрі көп жағдайда етістіктің түбірі өзгеруіне байланысты сәйкес келе бермейді. Де­ генмен, оларды да ортақ дыбыстық өзгеру ерекшеліктерін ескере отырып, бірнеше топтарға жіктеп қарастыруға болады.
Бұрыс етістіктердің өткен шақ және көсемше түрі түбір етіс­ тіктің құрамындағы дауысты не дауыссыз әріптердің өзгеруі ар­ қылы немесе етістіктің түбірге жұрнақ жалғану арқылы да жаса­ луы мүмкін. Ағылшын тілінде бұрыс етістіктердің жасалу жолы сан алуан болғандықтан оларды бір ережемен түсіндіре алмай­ мыз, дегенмен оларды төмендегідей басты­басты топтарға бөліп қарастыруға болады:

  1. түбір етістіктегі дауысты дыбыстардың өзгеруі арқылы жа­ салған бұрыс етістіктер:

cling – clang – clung ring – rang – rung sіng – sang – sung wіn – won – won

  1. түбір етістіктегі дауыссыз дыбыстардың өзгеруі арқылы жасалған бұрыс етістіктер:

send – sent – sent buіld – buіlt – buіlt
lend – lent – lent

  1. етістіктің өткен шақ және көсемше түрінде түбір өзгермей­ тін бұрыс етістіктер:

cut – cut – cut put – put – put set – set – set

  1. аралас етістіктер, яғни етістіктің өткен шақ формасы дұрыс етістік формасында, ал көсемше түрі бұрыс етістік формасында болатын етістіктер:

show – showed – shown sow – sowed – sown

  1. етістіктің өткен шақ формасы және көсемше түрі әртүрлі түбірден жасалған бұрыс етістіктер:

be – was, were – been go – went – gone come – came – come do – did – done
(Бұрыс етістіктердің түрлерінің дыбыстық ерекшеліктеріне қарай толық жіктелген кестесі қосымшада беріледі).
Жалпы бұрыс етістіктердің жоғарыда көрсетілгендей, бұрыс етістіктердің бұл топтарға енбейтін де түрлері бар, сондықтан бұл топта барлық бұрыс етістіктің түрлері түгел қамтылмайды. Белгілі бір грамматикалық жасалу жолы болмағандықтан, бұрыс етістіктердің өткен шақ және көсемше түрін жасауда түбір етістік сан алуан өзгеріске түседі. Сондықтан да, жоғарыда атап өткен­ дей, бұрыс етістіктердің жасалу жолында белгілі бір жүйе бол­ мағандықтан, олардың формаларын есте сақтауға тура келеді. Ағылшын тілінде шамамен екі жүзден аса бұрыс етістік бар.

  1. Семантикасымен тығыз байланыста болатын синтаксистік функциясына қарай барлық етістіктер ағылшын тілінде негізгі етіс­ тік, көмекші (структуралық) етістік және модаль етістіктер болып топтастырылады. Құрылымдық етістіктер көмекші және дәнекер­ леуші (байланыстырушы) етістік болып екі жанама топқа бөлінеді. Негізгі етістіктер толық, дербес лексикалық мағынасы бар және сөйлемде жай баяндауыш қызметін атқара алады. Бұл топқа ағылшын тілінде «sit, read, wrіte, give, take, knit, lіve» т.б. көптеген

етістіктер жатады.
At English lesson we read texts, write exercises and translate sen­ tences (Ағылшын тілі сабағында біз мәтіндерді оқимыз, жаттығу­ ларды жазамыз және сөйлемдерді аударамыз).
Көмекші етістіктер дегеніміз – өз алдына жеке лексикалық мағынасы жоқ, тек сөз түрлендіруші ретінде ғана қолданылатын етістіктер. Сондықтан да олар сөйлемде көмекші қызмет қана ат­ қарады. Олар аналитикалық формалар жасау үшін қолданылады және барлық уақытта негізгі етістіктермен тіркесіп келеді. Бұл етістіктер етістіктің аналитикалық формасының бөлігі немесе көбінесе грамматикалық морфема болып келеді, яғни, граммати­ калық морфемалар. Көмекші етістіктерге «be» етістігі (нақ осы шақтa және ырықсыз етіс формасында), «do» (белгісіздік осы шақ­ тың болымсыз және сұраулы түрінде), «have» (жедел өткен шақ формаларында), «shall, wіll» (келер шақта), «should, would» (етіс­ тіктің өткендегі келер шақ және қалау рай формасында) жатады.
Дәнекерлеуші (байланыстырушы) етістіктер өзінің лексика­ лық мағынасын жартылай жоғалтқан және сөйлемде күрделі баяндауыштың құрамында келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет