Грамматикасы



бет44/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Белгісіздік өткен шақ


Белгісіздік өткен шақ сол сөйлеп тұрған уақыттан бұрын, өткенде болған іс­әрекетті, қимылды білдіреді. Белгісіздік өткен шақта іс­әрекеттің мезгілі «yesterday, the day before yesterday, last week, last month, last year, last night, last time, last, three (two, four years ) days ago, in 1968» т.б. үстеулері арқылы беріледі.


Белгісіздік өткен шақтың жасалу жолы
Ағылшын тілінде барлық етістіктер белгісіздік өткен шақ фор­ масының жасалу жолына қарай дұрыс етістіктер және бұрыс етіс­ тіктер болып екі топқа бөлінеді. Дұрыс етістіктердің өткен шақ формасы етістіктің түбіріне «-ed» жұрнағы жалғану арқылы жа­ салады. Ал бұрыс етістіктердің өткен шақ формасы мен көсемше түрі (етістіктің түбірі өзгереді) әртүрлі тәсілдер арқылы жасалады. (Қосымшада бұрыс етістіктердің формаларының тізімі беріледі).
Хабарлы сөйлем негізгі етістіктің (дұрыс етістіктердің) тү­ біріне «-ed» жұрнағы жалғану арқылы жасалады. «-ed» жұрнағы етістіктің қандай дыбысқа бітетініне байланысты әртүрлі дыбыс­ талады:
а) егер етістіктің түбірі дауысты дыбыс және ұяң дауыссыз дыбыстарға бітсе, онда ([d] дыбысынан басқа) «-ed» жұрнағы [d] болып оқылады:
to play – played (ойнау – ойнады)
to clean – cleaned (тазалау – тазалады)
ә) қатаң дауыссыз дыбыстардан кейін ( [t] дыбысынан басқа)
«-ed» жұрнағы [t] болып оқылады:
to finish – finished (аяқтау – аяқтады) to miss – missed (қалу – қалды)
б) егер етістіктің түбірі [d] [t] дыбыстарына бітсе онда «-ed»
жұрнағы [id] болып оқылады:
to translate – translated (аудару – аударды) to last – lasted (жалғасу – жалғасты)
Сондай­ақ өткен шақтың «-ed» жұрнағының мынадай жалғану ережесі бар:
а) егер етістік сөз соңында оқылмайтын «e» әрпіне бітсе, онда түбір етістікке «-ed» жұрнағы жалғанғанда «e» әрпі түсіп қалады:
to believe – believed (сену – сенді)
to live – lived (өмір сүру – өмір сүрді)
ә) егер етістік «y» әрпіне бітсе, ал оның алдында дауыссыз дыбыс тұрса, онда оған өткен шақтың «-ed» жұрнағы жалғанғанда соңғы «y» әрпі «i» әрпіне ауысады:
to cry – cried (жылау – жылады) to study – studied (оқу – оқыды)
б) егер түбір етістіктің соңғы дыбысы бір ғана дауыссыз әріп­ тен тұрса, ал оның алдында қысқа дауысты дыбыс келсе, онда етістікке өткен шақтың «-ed» жұрнағы жалғанғанда соңғы дауыс­ сыз әріп екі еселенеді:
to stop – stopped (тоқтау – тоқтады) to knit – knitted (тоқу – тоқыды)
Жалпы сұрақ «to dо» көмекші етістігінің өткен шақ формасы мен «dіd» негізгі етістіктің («to» шылауынсыз келген) тұйық түрі арқылы жасалады. Көмекші етістік бастауыштың алдында тұрады:
Did you learn English last year? (Сіз былтыр ағылшын тілін үйрендіңіз бе?)
Did she learn English last year? (Ол былтыр ағылшын тілін үйренді ме?)
Did it rain yesterday? (Кеше жаңбыр жауды ма?)
Арнаулы сұрақта сөйлемнің басында, көмекші етістіктің ал­ дында сұрау есімдіктері келеді. Бастауышқа және бастауышқа қатысты анықтауышқа сұрақ қойғанда сөйлемнің құрылымы өз­ гермейді, яғни көмекші етістік келмейді.
Who learned English last year? (Кім былтыр ағылшын тілін үйренді?)
Whose friend learned English last year? (Кімнің досы былтыр ағылшын тілін үйренді?)
What language did he learn last year? (Ол былтыр қандай тіл үйренді?)
What did you do yesterday? (Кеше сіз не істедіңіз?)
Белгісіздік өткен шақтың болымсыз түрі «to dо» көмекші етістігінің өткен шақ формасы мен болымсыздықты білдіретін
«nоt» сөзі және негізгі етістіктің «to» (шылауынсыз келген) тұйық түрі арқылы жасалады.
I did not learn English last year (Мен былтыр ағылшын тілін үйренген жоқпын).
You did not learn English last y ear (Сіз былтыр ағылшын тілін үйренген жоқсыз).
She did not learn English last year (Ол былтыр ағылшын тілін үйренген жоқ).
It did not rain yesterday (Кеше жаңбыр жауған жоқ).
Ауызекі тілде «did not» формасының орнына қысқартылған
«didn’t» формасы келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет