Грамматикасы



бет37/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

ОРТАҚ ЕСІМДІКТЕР


Есімдіктердің бұл түріне қосарланып келетін «each other және one another» есімдіктері жатады. Бұл есімдіктер екі не одан да көп адамдардың арасындағы ортақ қатынасты білдіру үшін қолданылады. Бұл екі есімдік бірінің орнына бірі ауысып қол­ даныла береді.
You and I support each other (Сіз бен мен бір­бірімізді қолдаймыз).
We work together, helpіng one another (Біз бірімізге қол ұшын беріп бірге еңбек етеміз).
They promoted one another іn business and achieved great successs (Олар іскерлікте бірін­бірі демеп, жетістікке қол жеткізді).
The little children held one another by hands and danced (Кішкентай балалар бірінің қолынан бірі ұстап биледі).
Сондай­ақ бұл есімдіктер ілік септігінде де қолданылады.
We aren’t indifferent to each other’s fate (Біз бір­біріміздің тағдырымызға немқұрайлы қарамаймыз).


САЛЫСТЫРМАЛЫ ЕСІМДІКТЕР


Есімдіктің бұл тобына «another, other, others» есімдіктері жата­ ды. Бұл есімдіктер аталған заттан басқа, «екінші бір, басқа бір нәрсе» дегенді білдіреді. Сондықтан да олар сілтеу есімдіктеріне қарама­қарсы мағынада болады.
Thіs (that) book – another book (мына (ана) кітап – басқа, екінші бір кітап)
These (those) (books – other books (мына (ана) кітаптар – басқа, екінші бір кітаптар).
«Another, other» есімдіктері зат есімнің, сын есімнің орнына қолданылады.
«Other» есімдігі тек қана зат есімнің орнына жұмсалады.
«Another» есімдігі «other» есімдігі мен белгісіз артикльден (an) жасалған, сондықтан да тек қана жекеше түрде, саналатын зат есіммен бірге келеді.
And that’s another question (Ал ол басқа мәселе).
She finished making the dress and took another one (Ол бір көйлекті тігуді бітіріп, екіншісін алды).
«Another» есімдігінің екі түрлі, яғни сапалық (екінші бір бас­ қа) және сандық (қосымша тағы бір) мағынасы бар.
The little boy had an apple and took another one (Кішкентай бала бір алманы жеп болды да, екіншісін алды).
Can I have another pair of shoes? (Аяқ киімнің басқасын (тағы бірін) алсам бола ма?)
If you don’t like to read this book, you can take another one (Сіз бұл кітапты оқығыңыз келмесе, басқасын (екінші біреуін) алуыңызға болады).
«Other» есімдігі зат есімнің жекеше, көпше түрімен де тіркесе алады. Зат есімнің орнына қолданғанда «other» есімдігі зат есім­ нің жалғауларын, яғни көптік және тәуелдік жалғауын қабылдай­ ды және белгілі артикльмен тіркесіп келеді.
Today I am busy, so I’ll come to see you some other day (Бүгін менің қолым бос емес, сондықтан сіздің үйіңізге тағы бірде (басқа бір күні) барамын).
Almat wanted to know what other people thought of it (Алмат басқа адамдардың бұл туралы не ойлайтынын білгісі келді).
Thіs іs for you, the other іs for us (Мынау – сізге, екіншісі
– бізге).
When the others came they made room for them (Басқа кісілер келгенде, олар орын берді).
He suffered much from the other’s guilt (Басқа біреудің кінәсінан ол көп зардап шекті).
You have to think of your own welfare as well as the others (Сізге өзіңізбен бірге басқалардың да тұрмыс жағдайын ойлауыңызға тура келеді).
He wasn’t used to live at the expense of other’s hearts and pockets (Ол біреудің арқасында күн көріп, өмір сүруге үйренбеген).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет