Грамматикасы



бет90/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

«Allow, permit, advise» етістіктерінен кейін жанама толықта­ уыш тұрса, заттанған тұйық етістік келеді де, ал толықтауыш жоқ болса, бұл етістіктерден кейін герундий келеді. Ал инфинитив алда болатын, не шартты бағыныңқылы сөйлемде іс­қимылды, әрекетті білдіреді.
His mother doesn’t allow him to smoke (Оның анасы оған темекі шегуге рұқсат бермейді).
The host allows smoking in (Үй иесі үйде темекі шегуге рұқсат етеді).
The contractor advised considering the terms of the contract (Келісім жасаушы жақ келісімшарттың баптарын қарап шығуға кеңес берді).
The law doesn’t permit driving if you don’t have a driv­ ing license (Егер көлік жүргізу куәлігіңіз болмаса, заң бойынша сізге машина айдауға рұқсат етілмейді).
«It needs, it requires, it wants» етістіктерінен кейін егер «it» есімдігі затқа қатысты болса герундий келеді немесе ырықсыз етіс формасындағы заттанған тұйық етістік келеді.
My watch needs repairing (Менің сағатымды жөндеу қажет) немесе It needs to be repaired (Мұны жөндеу қажет).
The law requires following (Заң орындауды талап етеді). The problem wants urgent resolving (Бұл мәселе тез арада шешілуді керек етеді).
«avoid, burst out, deny, dislike, enjoy, excuse, finish, forgive, give up, go on, imagine, keep (continue), keep on, mind, postpone, prevent, risk, stop, suggest» етістіктерінен кейін тек қана герундий келеді.
He was against my staying with them (Ол менің өздерімен бірге қалуыма қарсы болды).
Doctors prevented clotting the blood (Дәрігерлер қанның ұюына жол бермеді).
Avoid being foreign substances in the body is important for the organism (Ағзаға бөтен заттың енуін болдырмау маңызды нәрсе).
His aim is becoming a good specialist (Оның мақсаты – жақсы маман болу).
The art of public speaking needs much experiments in it (Жұрт алдында сөйлеу шеберлігі тәжірибені қажет етеді).
He was busy with drawing projects (Оның жоба сызумен қолы босамай жатыр).
Teddy left the room without saying a word (Теди үндеместен бөлмеден шықты).
He keeps on controlling the growth of cultures (Ол дақылдың өсуін қадағалаумен болды).
«attempt, begіn, start, іntend, propose» етістіктерінен кейін ин­ финитив те, герундий де келе береді. Бірақ «know, understand» етістіктерінен кейін тұйық етістікті қолданған дұрыс. Мысалы: «І began workіng» немесе «І began to understand» деген дұрыс.


Еск ер т у. 1. «Stop» етістігі бір «дағдыға айналған іс­әрекетті тоқтату» деген мағынаны білдіргенде, одан кейін герундий келеді, ал болып жатқан нақты іс­әрекетке қатысты мағынада тұйық етістік (инфинитив) келеді.
He stopped to eat to ask a question about something (Ол бірдеңе жайлы сұрау үшін тамақ жеуін тоқтатты).
He stopped eating not to put weight on much (Ол қатты толып кетпес үшін тамақ жеуді азайтты).
2. «Go on» етістігінен кейін герундий де, инфинитив те келуі мүмкін, бірақ мағыналары әртүрлі болады.
Andrew went on preparing for the trip (Эндрю саяхатқа дайындығын әрі қарай жалғастырды).
The teacher goes on explaining the new material (Мұғалім әрі қарай жаңа материалды түсіндіруді жалғастырды).
Бірінші сөйлем «Эндрю бұрын да саяхатқа дайындалған еді» және сол іс­әрекетін жалғастырды дегенді білдіреді. Екінші сөйлем мұғалім алдында басқа бір іс­әрекет істесе, енді ол әрекетті аяқтаған cоң, екінші бір іс­әрекетке көшті яғни жаңа материалды түсіндірумен (іс­әрекетін әрі қарай) жалғастырды дегенді білдіреді.

Герундий «can’t help, can’t stand тіркестері мен accuse of, agree to, aim at, approve of, charge with, complain of, depend on, feel like, give up, the idea of, insist on, look like, look forward to, miss the chance, the opportinity of, not to like the idea of, object to, persist in, prevent from, rely on, speak of, succeed in, suspect of, thank for, think of» етістіктерінен кейін келеді.


We can’t help admiring the actor’s best playing (Біз актердің ойынына тәнті болмай тұра алмадық).
He couldn’t stand being fooled down (Ол өзін алдағанға төзе алмады).
Do you feel like having dinner with us on Sunday? (Сіз бізбен демалыста тамақтануға қалай қарайсыз?)
I think of studying medicine at the research centre (Мен ғы­ лыми орталықта медицинаны зерттеуді ойлап отырмын). I look forward to spending my holiday at the seaside (Мен де­ малысымды теңіз жағасында өткізуді асыға күтіп жүрмін). He was charged with stealing money from a bank (Оған банктен ақша ұрлады деген кінә тағылды).
She succeeded in finding a good job in a big city (Оның үлкен қаладан жұмыс табуда жолы болды).
Сондай­ақ герундий «to be» + сын есім тіркесі немесе көсемшеден тұратын «be accustomed to, be aware of, be capable of, be engaged in, be fond of, be good at, be guilty of, be indignant at, be interested in, be pleased (displeased) at, be proud of, be responsible


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет