Грамматикасы


Күрделі герундий конструкциясы



бет92/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Күрделі герундий конструкциясы


Есім сөздермен, яғни зат есім, есімдікпен тіркесіп келгенде герундий құрамы жағынан күрделі конструкциялы болады. Ге­ рундиймен тіркесіп келген есім сөз адамды не затты білдіруі мүмкін және мұндай конструкция әртүрлі жолдар арқылы жаса­ луы мүмкін.

  1. егер герундийлі конструкцияның құрамындағы зат есім затты білдірсе, ол атау септігіндегі зат есім немесе «іt, thіs, that» есімдіктері арқылы жасалады.

We didn’t hear about the news announcing the result of the election (Біз сайлаудың нәтижесін хабарлаған жаңалықты естіген жоқпыз).
He couldn’t translate the article without this being explained the meanings of some words (Кейбір сөздердің мағынасы түсіндірілмегендіктен, ол мақаланы аудара алмады).

  1. герундийлі конструкцияның құрамындағы есім сөз не есімдік адамды білдіргенде зат есім не есімдік ағылшын тілінің грамматикасына сәйкес ілік септігінде тұрады.

You can rely on our helping you with your work (Сіздің жұмысыңызға біздің көмектесетінімізге сенуіңізге болады).
When you are ill it’s no use staying in bed and not seeing a doctor (Сіздің ауырғанда төсекте жатып, дәрігерге көрінбеуіңіздің ешқандай пайдасы жоқ).

  1. герундийлі конструкциядағы зат есім атау септігінде, есім­ дік табыс септігінде тұрады. Мұндай конструкция ауызекі тілде көп кездеседі.

I dislike somebody making a decision for me (Менің орныма шешім қабылдайтын адамды ұнатпаймын).
She doesn’t mind her son making up his mind to be a doctor. (Ол өзінің ұлының дәрігер болуды ұйғарған шешіміне қарсы болмады).
Do you remember him dancing at the party? (Сіздің оның кеште билегені есіңізде ме?)
Have you ever heard of a young man of missing such a chance? (Сіз бұрын­соңды жас жігіттің осындай мүмкіндіктен айырылып қалғанын естідіңіз бе?)
Предикативті герундий конструкциясы герундий атқаратын сөйлемнің барлық мүшелерінің қызметін атқара алады.
Күрделі герундийлі конструкция «іt» есімдігінен басталатын сөйлемде бастауыш қызметін атқарады.
It was important his accepting our suggestion (Оның біздің ұсынысымызды қабылдағаны маңызды еді).
It is fair your telling your parents the truth (Өзіңіздің ата­ анаңызға шындықты айтқаныңыз әділдік).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет