Герундий етістіктен шыққан туынды зат есімнен шыққан. Қазір бұл екі форма ағылшын тілінде қатар қолданылып келеді және оларды бірбірінен ажырата білу керек. Герундий мен
«-іng» жұрнағына бітетін етістіктен шыққан туынды зат есімнің арасындағы басты айырмашылық төмендегідей:
герундий ісәрекетті даму, жүру үстіндегі прогресте білдіреді және іс істеуші мен күрделі баяндауыштың бір құрамдас бөлігі ретінде ісәрекет иесімен байланысады. Етістіктен шыққан туынды зат есім кез келген зат есім сияқты ісәрекеттен гөрі затты білдіреді. Сондықтан да ол ісәрекеттің иесімен байланыспайды.
герундий мен етістіктен шыққан туынды зат есімнің грам матикалық жағынан айырмашылықтары бар:
а) туынды зат есім артикльмен келеді, ал герундий ешуақытта артикльмен келмейді.
He was sick and tired from the travelling (Ол саяхат жасаудан әбден мезі болды).
A feeling of loneliness shocked him (Жалғыздықты сезіну оны қатты шошытты).
ә) туынды зат есімнің жекеше де, көпше де түрлері бар, ал герундийде басқа да заттанған етістіктер сияқты түр категориясы жоқ.
196
She was always busy with sendings and receivings of mails. (Оның ылғи да поштаны жіберу мен қабылдаудан қолы тимеді).
His earnings were enough to keep his family. (Оның жалақысы отбасын асырауға жеткілікті болды).
б) Сабақтас етістіктен жасалған герундийден кейін тура толықтауыш тұрады.
The child refused taking up any tablettes (Бала дәрі ішуден бас тартты).
Туынды зат есімнен кейін «of» шылауымен тіркесетін зат есімнен жасалған анықтауыш келеді.
The consulting with a doctor helps him to avoid the dan ger (Дәрігермен ақылдасу оған қауіпті болдырмауға көмектесті).
в) Герундийді кез келген етістік сияқты үстеу анықтап тұрады.
She was afraid of going alone in a dark street (Ол қараңғы көшеде жалғыз жүруден қорықты).
г) Туынды зат есімді кез келген зат есім сияқты сын есім анықтап тұрады.
All depends on a good beginning (Бәрі де дұрыс басталуына байланысты).
Достарыңызбен бөлісу: |