Грамматикасы



бет19/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Заттанған сын есімдер


Сын есімнің заттануы конверсияның бір түрі. Сын есім зат­ танғанда өзіне тән ерекшеліктерін толық не жартылай жоғалтып, зат есімнің белгілерін толық не жартылай қабылдайды. Демек, ағылшын тілінде сын есімдер жартылай не толық заттанады. То­ лық заттанған сын есімдер зат есімнің белгілерін толық қабыл­ дайды: олар зат есім сияқты көптеледі, тәуелденеді және белгілі, белгісіз артикльдермен келеді.
Мұндай сын есімдерге мыналар жатады:

  1. адамдар тобының жалпы атауларын білдіретін сөздер:

a native, a conservative, a red, a cruel, a progressive, т.б.

  1. адамның ұлтын білдіретін сөздер: a German, an Italian, a Kazakh, a Russian, т.б.



Еск ер т у. Осы топқа жататын [z], [s] дыбыстарына бітетін «Chi­ nese, Japanese, Portuguese» деген сөздердің көпше және жекеше түрі бір формада (омонимдес) болады.



  1. мерзімді басылымды білдіретін сөздер: daily, weekly, month- ly, annual.

Жартылай заттанған сын есімдер зат есімнің тек артикль ка­ тегориясын қабылдайды, яғни оларда зат есімнің басқа граммати­ калық ерекшеліктері жоқ. Мұндай сын есімдерге мынадай сөздер жатады:

  1. адамның қасиетін, мінез­құлқын, жағдайын, көңіл­күйін білдіретін сөздер: «the kind/savage, poor/rich, healthy/sick, living/ dead, young/old». Мұндай сөздер, әдетте көпше түрде келетін­ діктен, олардан кейін келетін баяндауыш көпше түрінде тұрады:

The rich transfer much money to Charity Organisation to sup­ port the poor (Ауқаттылар (байлар) кедейлерге көмектесу үшін қайырымдылық қорына көп ақша аударды).
There were many wounded among soldiers fighting in the war (Соғыста шайқасқан жауынгерлердің арасында жараланғандар көп болды).
The healthy were sent home and the sick were stayed in the hospital (Саулары үйлеріне қайтарылды, сырқаттары ауруханада қалдырылды).
Ал егер бұл сөздер жеке адамды білдірсе, онда олармен зат есім тіркесіп келеді:
The young like loud music (Жастар қатты музыканы (әуенді) ұнатады);
A young man likes loud music (Жас жігіт қатты музыканы ұнатады).
Мұндай сын есімдер жалпы мағынаны білдіретін адамдар тобына қатысты қолданылады.

  1. «-sh, -ch» әріптеріне біткен адамның ұлтын білдіретін сөз­ дер: «the Finnish, the French, the English» т.б. Ал сол ұлтқа жа­ татын жеке адамды айтқанда бұл сөздермен «man, woman» зат есім сөздер тіркесіп келіп күрделі сын есім түрінде келеді: an Englishman, a Frenchwoman;

  2. абстрактілі құбылысты білдіретін «the good, the beautiful, the unknown, the contrary, the opposite, the incredible» сөздері:

The impossible achieved (Мүмкін болмайтын іске асты);
The inevitable happened (Болмайтын болды);
The opposite tried to prove his rightness (Қарсылас өзінікі дұрыс екенін дәлелдеп бақты);
The unknown entered the room (Бейтаныс ішке кірді).
Мұндай сөздер көбінесе шылаумен тіркесіп келеді: on the con- trary, on the whole, in particular, in the main, in short, for the better, at large т.б.


  1. 40
    затты, тауарларды білдіретін сөздер: goods, sweets, valu- ables т.б. Мұндай сөздер көпше түрінде келеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет