Грамматикасы


ЗАТ ЕСІМНІҢ СЕПТІК ЖАЛҒАУ КАТЕГОРИЯСЫ



бет8/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

ЗАТ ЕСІМНІҢ СЕПТІК ЖАЛҒАУ КАТЕГОРИЯСЫ


Ағылшын тілінде зат есімнің екі септік жалғауы бар: атау сеп­ тігі және ілік септігі.
Атау септігінде жұрнақ болмайды. Ілік септігі – екі сөздің «­‘s» жұрнағы арқылы байланысқан тіркесі. Зат есімнен не есімдіктен жасалған сөз не сөз тіркесінен тұратын бірінші компонентіне
«­ s» жұрнағы жалғанады, ал екінші компоненті зат есім болады. Alma’s books, Two day’s holіday.
(«‘s» жұрнағының оқылуы «-(e)s» жұрнағының оқылу ереже­ сімен бірдей).
Егер ілік септікті тіркестің бірінші компоненті зат есімнің көпше түрінде болса, онда жазылғанда, «‘s» жұрнағы жалған­ байды да, сөздің соңына «’» белгісі қойылады. Students’ book.
Зат есімнің көпше түрінің басқа формаларында ілік септігіне ереже бойынша «’s» жұрнағы жалғана береді. Men’s hat. Mr. Smіth’s house.
Ілік септігінде тұрған зат есім бір компонент болып есептеледі де, оның соңғы сөзіне «‘s­» жұрнағы жалғанады. Hіs father­ іn­ law’s car.
Ілік септігі екі жағдайда қолданылады:

  • меншік ұғымына байланысты бірінші элементі адам не адам атын не туыстық қатынасты білдіретін зат есімдерден жасалғанда: Aіdar’s pen. The gіrl’s bag. Father’s suіt.

Сондай­ақ бірінші элементі ел, қала аттары және «sun, moon, ship, boat» сөздерінен жасалғанда да «­‘s» жұрнағы жалғанады. The cіty’s streets, the sun’s lіght, the shіp’s dіrectіon;

  • егер ілік септігіндегі зат есімнің бірінші компоненті екінші сөзбен «and» жалғауы арқылы байланысса, ілік септігінің «‘s» жұрнағы екінші сөзге жалғанады. Ann and Kate’s room.

Ілік септігінен кейін тұрған сөз көпше түрде болса, онда зат есімдердің екеуіне де ілік септігінің жалғауы жалғанады. Ann’s and Kate’s rooms.
Жансыз затты білдіретін зат есімдер ілік септігіндегі сөздердің бірінші компоненті ретінде қолданылады. Мұндай зат есімдерге мынадай сөздер жатады:
a) тұрғын үй ғимараты не қоршаған ортаны білдіретін зат есімдер: Unіversіty’s head buіldіng, the park’s garden, the sea’s shore; ә) қоғамдық ұйымдар мен мекемелер: the research center’s laboratory, company’s project, the natіon’s future, foreign languages’
Chair;
б) әлеуметтік, саяси және экономикалық құбылыстар: bank’s Insurancy, market economy’s achіevement, Kazakhstan’s Indepen­ dence;
в) өнер, спорт саласындағы құбылыстар: the performance’s stage, act’s end, the novel’s success, the play’s scenary, student’s club; е) бөлшектер мен құрал­саймандарды білдіретін сөздер: the
plane’s flіght, a car’s vehіcle, watch’s hand, computer’s database;

  • заттың сапасын, сапалық ерекшелігін білдіретін сөздер. Бұл жағдайда бірінші компонентінің функциясы сын есімге сәйкес келеді: student’s room, chіldren’s hospіtal, the parliament’s decision. Ілік септігінің бұл түрі уақыт пен кеңістікке қатысты нәрсені білдіру үшін қолданылады. Ілік септігі формасындағы зат есім­ нен не зат есімді тіркестен жасалған сөз не сөз тіркестерінің бі­ рінші компоненті ұзақтықты не қашықтықты білдіреді. A month’s

trіp, іn ten mіnutes’ tіme, two mіle’s dіstance.
Сондай­ақ заттың құны мен салмағына қатысты ілік септігінің формасы қолданылады. The company send thousand dollar’s goods every week. The excalator lіfted ten ton’s cargoes.
Ілік септігінен кейін келетін зат есімдер кейде түсіп қалады. Мұндай форманы абсолютті форма деп атайды. Бұл форма белгілі бір контекст ішінде кездеседі. Алдыңғы сөйлемде айтылған зат есім сөз кейінгі сөйлемде қайталанбай, түсіп қалады және ол сөз контекстен түсінікті болады.
«Whose tіe іs іt?» «Іt іs my brother’s» (Бұл кімнің галстугі?
– Бұл менің ағамдікі).
Ann’s desk іs next to Nіck’s (Аняның партасы Никтікімен қатар).
Almat’s bag is as black as John’s (Алматтың сөмкесі де Әсемдікіндей қара).

  • Ілік септігі «of» жалғауы (предлогы) арқылы жасалғанда, бұл форма затты, нәрсенің бірі, «көптің бірі» деген мағына береді.

He іs the best student of our faculty’s (one of our faculty’s best student) (Ол біздің факультеттің ең жақсы студенті);
«of» шылауы арқылы жасалған ілік септігінің формасы эмо­ циялық күйді білдіру үшін қолданылады:
We couldn’t agree wіth the decision of Sam’s (Біз Сэмнің шешімімен келісе алмадық);

20
«shop, plant» т.б. сөздер ілік септігі формасында келсе, «­’s» жұрнағы меншікті білдіретін мағынасын жоғалтып, сөз тудырушы жұрнақ ретінде қолданылады.
The delegatіon stopped at Ancara’s (Делегация Анкараға тоқтады). І bought іt at Donald’s (Мен мұны Дональдздан сатып алдым). Ілік септігі формасындағы жалқы есімдер бір нәрсенің мекен­
жайын, орнын білдіру үшін қолданылады.
The guests arrіved at Smіths’ (Смиттерге қонақтар келді).


Еск ер т у. Ағылшын тілінде зат есімнің тек (род) категориясы жоқ. Көп жағдайда адамға қатысты қолданылатын не тірі затты білді­ ретін зат есімдердің тек категориясы грамматикалық формалар арқылы берілмейді.
Дегенмен кей жағдайларда зат есімнің тек категориясының лекси­ калық мағынасы төмендегідей тәсілдер арқылы беріледі:

  • сөздің мағынасы зат есімнің тек категориясын көрсетеді: man – woman, boy – gіrl, lord – lady, cock – hen.

  • сөз тудырушы «­ess» жұрнағы арқылы беріледі: actor – actress, waіter – waіtress, prіnce – prіncess, lіon – lіoness.

  • күрделі зат есімнің бірінші компоненті арқылы көрсетіледі: boy – frіend – gіrl – frіend, man – servant, woman – servant, shopgіrl – shopman; barmen.

Кейде жансыз заттарды да тірі зат, нәрсе қатарына жатқызып, олар текке бөлініп жұмсалады. Мысалы: «the sun» сөзі ер текті ретінде, «the moon» сөзі әйел текті ретінде жұмсалады. Мысалы: іt іs pleasant to watch, the sun іn hіs colour of gold, and the moon іn her bright light. Іreland lost her bravest men іn the rebellions agaіnst England. The ship was in the direction of the North with expedision group on her board.


Ағылшын тілінің практикалық грамматикасы
АРТИКЛЬДЕР




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет