Үстеудің шырай формаларының жасалу тәсілдері
Қимылсын, күшейтпелі, жиілікті білдіретін үстеулердің шы райлары болады. Олар төмендегідей тәсілдермен жасалады:
а) үстеуге «more» (салыстырмалы түрі), «most» ( күшейтпелі түрі) сөздері тіркесу арқылы жасалады:
frequently – more frequently – most frequently; severely – more severely – most severely;
ә) бір буынды үстеулерге «-er, -est» жұрнақтары жалғану ар қылы жасалады:
fast – faster – fastest;
б) «early» үстеу сөзінің шырайларының жасалу жолы бір буынды сын есім сөздердің шырай формаларының жасалу фор маларымен ұқсас:
early – earlіer – earlіest;
в) кейбір үстеулердің салыстырмалы, күшейтпелі формала ры басқа сөзден жасалады, яғни түбір сөз өзгеріп кетеді. (Бұл үс теулердің шырай формаларын есте сақтау қажет)
well – better – best; badly – worse – worst; late – later – last;
far – farther – fartherest (қашықтықты ғана білдіреді); further – furthest (қашықтықты, мезгілді, уақытты білдіреді
және дерексіз (абстрактілі) мағынасында қолданылады.
Үстеудің шырай формалары сын есімнің шырай формалары мен ұқсас, яғни олардың құрылымы «as ...as, not so ...as, not as
...as, several tіmes as ... as» және салыстырмалы шырайда қолда нылатын (сапасы бірдей емес екі затты салыстырғанда қолданы латын «than» сөзі арқылы келеді:
Adam skates better than her brother does (Адам ағасына қарағанда конькиді жақсырақ тебеді).
Bobby speaks English as (or so) well as you (do) (Боби да сіз сияқты ағылшынша жақсы сөйлейді).
They get up earlіer than you (Олар сізге қарағанда ертерек тұрады).
He does sums best of all (Ол есепті бәрінен де жақсы шығарады).
«most» сөзі «very» деген мағынаны білдіретін үстеудің алдын да келеді.
Askar paints pictures most beautіfully (Асқар суретті өте әдемі салады).
She moves most graciously (Ол кереметтей сұңғақ жүреді).
Достарыңызбен бөлісу: |