Гуманитарлық білім” факультеті «География және қоғамдық пәндер» кафедрасы



бет20/30
Дата14.06.2016
өлшемі1.76 Mb.
#136023
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30

ОБСӨЖ №20



1.Сабақтың тақырыбы: Саяси партиялар

2.Сабақтың жоспары:

1. саяси партиялардың пайда болу себептері.

2. саяси партиялардың негізгі қызметтері.

3. Қазіргі заман партиялардың негізгі үрдістері.


3.Теориялық мәліметтер:

1. Демократиялық саяси жүйе азаматтардың бостандық құқықтарын пайдалана отырып саяси партиялар құруына, оларға топтасуына еркіндік береді. Осымен бірге ол саяси партиялардың билікті қолына алу үшін немесе басқалармен билікті бөлісу үшін ашық күресуіне мүмкіндік береді, басқарудың демократиялық сипатын белгілейді. Демократиялық қоғамда партияларға арнаулы конституциялық және заңды дәреже бері-леді, олардың қызмет етуіне заң жүзінде кепілдік беріледі.

Саяси партияның анықтамасы жөнінде саяси ғылымда түрліше түсініктер бар. Негізінен либералдық түсініктер басым болып келеді. Мәсе-лен, саясаттанушы Б. Констан партия дегеніміз ортақ иделогия немесе ортақ бағдарлама негізінде қызмет атқаратын адамдар тобы деп пайымдайды. Көптеген ғалымдар партияны мемлекеттің жүйесінде қызмет ететін институт деп бағалайды. Ал, марксистер партияны белгілі бір таптың мүддесін білдіретін ұйым деп санайды.

«Партия» латын сөзі, оның мағынасы неғұрлым үлкен қауымдастық бір бөлігі дегенді білдіреді. Саяси қозғалыстардың алғашқы туа бастауы XVIII- XIX ғасырлардың тоғысы болып есептеледі. Ал қазіргі заманғы саяси партиялар Европада XIX ғасырдың екінші жартысында тарих сахнасына шықты.

Саясаттану ғылымында саяси партиялардың жіктеліп бөлінуі мен даму тарихында М. Вебердің ұсынған болжамы қабылданған.Олардың сатылары төмендегідей:

Аристократтардың кутериясы (үйірмелері);

Саяси клубтар;

Бұқаралық партиялар;

Ал, іс жүзінде осы сатылардың бәрін Ұлыбританияда екі партия либералдық (виги) және консервативтік (тори) партиялар өтті. Басқа партиялардың тарихи жолы келте, олардың көпшілігі әу бастан ақ бұқаралық партия болып қалыптасты.

Бұл күндері әлемдегі басқарудың барлық формаларында партия бар, ол сол жүйенің туындысы болып есептеледі және соның әрқайсысының ерекшелігіне тән сипаты бар. Олардың бәрі де белгілі бір әлеуметтік топтың еркін өзінше білдіреді. Әдетте бұл партиялар атқарушы өкіметке қарама- қарсы тұру және оған бақылау жасау үшін, ұлттық электротты (сайлаушыларды) қалыптастыру, бірте- бірте саяси бәсекелестікті кеңейтіп, жалпы ұлттық көлемге жеткізу үшін қызмет етеді.

Саяси партиялардың неғұрлым бәріне ортақ бегісі- олар басқару құрылымын азаматтық қоғамның әртүрлі элементтерімен – жеке азаматтармен, топтармен, экономикалық, мәдени, діни және басқа топтар-мен байланыстырушы роль атқарады. Партия адамдардың көпшілігі қолдайтын ортақ мүдделер мен сенім- пікір тұжырымдарын қалыптас-тырады. Сондықтан партия қоғам алдында жауап береді, әрі қоғамның үстінен бақылап та отырады.

Партия саяси жүйенің ашық , конституциялық бөлігі мен формальді емес бөлігі шегінде қызмет етеді. Оның басқа топтардан айырмасы ол үкіметке әсер етуге және оның ішіне кіруге тырысады.

Саяси партиялардың осы және басқа белгілерін, қызметін айта келіп, М. Дюберже оларды жіктеп бөлуде институциялық (ұйымдасу) көзқарасқа сүйенеді. Ол осы негізде партияларды төмендегіше түрге бөледі:

1. Орталықтанған партия, яғни иерархиялық- жоғарыдан төмен қарай ұйымдасқан, күшті басқару орталығына бағынатын, біртұтас бағдарлама жасап, жүзеге асыратын және жаттанды тәртібі бар партия.

2. Орталықтандырылмаған партия, Бұл партия негізінен қоғам-дағы саяси жүйеге кіреді, бірақ партиялық екінші дәрежедегі роль атқарады және саяси өмірде біртұтас ұйым болып саналуға талпынбайды.

3. Кадрлық партия, яғни өз қатарына электораттың 10 процестен азы кіретін шағын партия.

4.Бұқаралық партия, өз қатарына электораттың 10 процестен артығы кіретін және олар осы партия үшін тұрақты дауыс беретін партия.

5. Мүше болу үшін айқын принциптері ( уставы, партияға кіру шар-ты, партия мүшесі үшін парламенттегі тәртібі, жазалау және награда беру әдістері) белгіленген партия.

6. Мүшелікке кіру принциптері жоқ, еркін партия. Бұл партияның мүшесі оның ұсынған кандидаттарына дауыс берсе, партия билейтін сатып алса жеткілікті.



2.Белгілі қоғамның саяси жүйесіндегі партияның шынайы ролі оның қызметінің сипатына, саяси процестерге қатысуының дәрежесі мен өтімділігіне, әсерлігіне қарай белгіленеді және осылар арқылы бағаланады.

Әдетте партия қызметінің үш тобы айқын көрінеді:

Бірінші оп партияның әлеуметтік топтармен, бүтіндей қоғаммен байланысын сипаттайды. Бұған жататындар:

а) мүдделерді айқындау- бағдарлама жасау, үгіт жүргізу, жақтастар тарту;

б) саясатқа тәрбиелеу және жұмылдыру- саяси құндылықтар мен хабарларды жеткізу, қоғамға мүшелер тарту, жастарды саяси өмірге баулу.

в) әлеуметтік интеграция- саяси жүйеге кірісу, жанжалдасушы жақтардың мүдделерін жарастыру.

Екінші топ- партияның саяси жүйе мен оның жеке институттары жөніндегі қызметі, міндеті:

а) мақсатты айқындап, тұжырымдау;

б) элитаның қалыптастыру және кадрларды іріктеп алу өсіру.

Үшінші топ ішкі артиялық міндеттер- партияның өзінің ішкі ұйымдық және ішкі тұрмыс мәселелері.

Бұл міндеттердің ішінен партия үшін ең маңыздысы мақсатты айқындап, тұжырымдау, мүдделерді белгілеу, саясатқа тәрбиелеу және жұмылдыру, элитаны қалыптастыру және кадрларды іріктеп алып орналастыру.

Жоғарыда айтқанымыздай бұқаралық партиялар XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптасты. Содан бері көп елдерде қоғамдағы жағдай мүлдем өзгерді. Қарым- қатынас құралдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының кеңінен дамуына, халықтың саяси білім дәре-жесінің өсуіне байланысты саяси партиялардың ағартушылық, білім беру ролі төмендей бастады. Партиялық идеологияның тартымдылығы әлсіреді, қазіргі жағдайда саясатқа құмартатын адамның партияға кіруі міндетті емес бола бастады. Осы жағдайларды ескере келіп, көптеген саясаттанушылар партиялардың мақсатты айқындап , тұжырымдау қызметі қанағаттанарлық емес бола бастады деп бағалауда.

Міне осы жағдай саяси партияларды өздерінің қызметін қайта қарауға итермеледі. Олар енді өзгерген саяси - әлеуметтік жағдайда өз сайлаушыларына, жалпы сайлау науқанына баса көңіл бөле бастады. Бұл жұмыс маманданған партиялық элиталарға байланысты болғандықтан олардың салмағы, ролі артты.

Қазіргі жағдайда саяси партиялардың элитаны қалыптастыру және кадрларды іріктеп алып, орналастыру қызметі алдыңғы орынға шықты. Көптеген партиялар қазір тек өзі үшін ғана емес, заң шығарушы, атқарушы және сот органдары үшін де, саяси элитаны қалыптастыру үшін де кадр-лар даярлап беретін ұйымға айналды. Партия қатарында көптеген кадрлар қоғамдық саяси қызметке машықтанады, саяси тәжірибе және халық алдында бедел жинайды, жұртшылыққа танылады.



3. Саяси партиялар қайраткерлер мен жақтастардың ұйымдасқан тобы ретінде де, сол сияқты саяси жүйенің құрамды бөлігі ретінде де өмір сүріп, қызмет етеді. Сондықтан партиялық жүйеге талдау жасау- өмір сүріп отырған саяси жүйенің партиялық жүйесіне талдау жасауға әкеп саяды.

Партиялық жүйе- бұл ашық жұмыс істейтін саяси партиялардың арасындағы қатынастың жиынтығы болып табылады. Ол қатынастар билік үшін немесе билікті жүзеге асыру үшін бәсеке- таластық немесе бірігіп күрес жүргізу арқылы көрінеді. Партиялық жүйелерді сараптап бөлуде ол жүйеге кіретін партиялардың санына қарау әдісі кеңінен таралған. Екі партиялық және көп партиялық жүйе деп бөлу неғұрлым жиі кездеседі. Екі партиялық жүйеге кіретін партиялар оның әрқайсысы көлемі жағынан да, билікті өз қолына алу үшін сайлаушылардың қолдау мүмкіндігі жағынан да бір шамалас болып келеді.

Көп партиялық жүйеге, әдетте көп партия кіреді, сондықтан үкіметті коалиция болып құрады. Партиялық жүйелерге жасалған талдау екі пар-тиялық жүйенің артықшылығын көсетеді.

Қазіргі заманда партиялық жүйелерге талдау жасауда Дж. Сарторидің теориясы жетекші орын алады. Ол партиялық жүйенің жеті типін , түрін атап көрсетеді.



Бір партиялық жүйе, басшы партиядан басқа партиялардың өмір сүріп, қызмет істеуіне тиым салады.

Гегемон партия, басқа партиялар, сол сияқты басқа қоғамдық- саяси ұйымдар гегемон партияның басшылық ролін мойындайды.

Басым партия елдегі саяси билікті дербес ұзақ уақыт бойы жүзеге асырады.

Екі партиялық, елде бұлардан басқа ұсақ партиялар болғанмен билік үшін бәсекелестік тек осы екеуінің арасында ғана жүреді.



Шамалы көп партиялылықтың негізгі белгісі – жүйеге қарсы пар-тияның және екі жақты оппозицияның жоқтығы, елде өмір сүріп, қызмет ітейтін барлық партиялардың үкіметке қатысудан үміткерлігі және олардың арасында идеологиялық айырмашылықтың аздығы.

Аса көп партиялылықтың негізгі белгісі- жүйеге қарсы партияның және екі жақты (үкіметке оңынан да, солынан да) оппозицияның балығы, партиялардың идеологиялық жағынан бір- біріне күшті қарсылығы.

Автоматты партиялық жүйе, бұл жағдайда бар партияларды санап жатудың қажеті жоқ. Олар 10, 20 немесе онанда көп болуы мүмкін, мұның маңызы жоқ.

Енді партиялардың болашағы қандай деген мәселеге келсек, бұл қазір сасаттанушыларда қатты ойландырып жүрген мәселенің бірі. Кейбір саясаттанушылар партиялар XIX ғасырдан қалған анахронизм, қажетсіз қалдық, қазіргі заманғы саяси жүйеде оған орын жоқ деп пайымдайды. Француз саясаттанушысы М. Дюберже мынандай пікір айтады әрі қазіргі партияларды қатты сынға алады: саяси партиялардың ұйымы демокра-тиялық көзқарасқа сай келмейді. Олардың ішкі құрылымы автакратиялық және олигархиялық. Партиялардың басшыларын партия мүшелері сайламай орталық тағайындайды, партия мүшелердің ұйымына емес жабық кастаға айналып барады.

Осыған қарамай қоғамның саяси өмірінде де жалпы алғанда саяси партиялар ролінің артып отырғанының куәсі болып отырамыз. Олардың қызметі саяси өмірде де, саяси жүйеге де сипат беретін, ерекшелік енгізетін сияқты. Партия әр түрлі баламалардың арасындағы сайлауды қамтамасыз етеді, мемлекетті басқаруда белгілі ұйымшылдықты кіргізеді, сайлаушылардың көңіл ауанын біліп отырады, қоғам мен саяси билік арасында ұзақ мерзімді делдал, көпір ретінде қызмет етеді.

Классикалық партиялардың алғашқы қадамы әдетте заң шығарушы биліктің ішінен (мысалы, XIX ғасырда консерваторлық және либералдық партиялар) немесе әлеуметтік қозғалыс және онан тыс мүдделі топтар ретінде басталды. Ал Қазақстанда алғашқы саяси партиялар мен қозға-лыстар төменнен, мәселен, Қазақстан Халық конгресі партиясы «Невада- Семей» антиядролық қозғалысы негізінде пайда болды.

Қазақстанда партиялық жүйе Коммунистік партияға балама, ресми емес қозғалыстар мен топтар пайда бола бастаған 1988 жылдан бастап қалыптаса бастады. Олардың кейбіреуі жанбай жатып сөніп қалды. Халыққа ұнаған, тартымды ұрандар мен ұсыныстар ұсынғандары кейіннен саяси партиялар мен қозғалыстарға айналды. Республикадағы болашақ көп партиялық жүйенің бастауы «Азат», «Алаш», халықаралық «Бірлік» қозғалыстарынан Қазақстан социал- демократиялық партиясынан бас-талды.

Қазір Қазақстандағы саяси партиялар ұйымдық жағынан қалыптасты, үгіт жүргізу, жақтастарын тарту және саяси қызметке кірісу дәуіріне көшті. Партиялардың ішінен неғұрлым көзге көрініп, бедел ала бастағандары центристік бағыт (орталық) ұстаған Отан және Аграрлық, Азаматтық партиялары, оппозициялық партия- Қазақстан коммунистік партиясы деп айтуға болады.

Елде саяси партиялардың өмір сүруіне заңдық негіз қалап берген Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы еді, ол партиялар-ды саяси өмірдің субъектілері ретінде таныды. Ал 1995 жылғы Конституцияда саяси плюрализм саяси өмірдің негізі деп жарияланды. Еліміздің Ата заңы бойынша мемлекеттік органдардың қоғамдық бірлестіктердің ісіне, мұның керісінше қоғамдық бірлестіктерді мем-лекеттің қаржыландыруына жол берілмейді.

Конституция еліміздегі Конституциялық құрылысты күшпен өзгерту, Республиканың біртұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігін бүлдіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, сословиялық және рулық жанжал туғызу мақсаттарын ұстанатын қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне , заңда көрсетілмеген әскери құрамалар құруға тыйым салады. Елімізде басқа мемлекеттердің саяси партиялар мен кәсіподақ-тарды шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржылан-дыруларына жол берілмейді.

Әзірше Қазақстандағы саяси партиялардың көпшілігі әлсіз, олардың күшті жергілікті, төменгі ұйымдары жоқ. Қабылданатын шешімдерге пар-тиялардың ықпалы болымсыз. Партиялардың бірде- бірі де өздерінің алдына сайлау арқылы билікті жеңіп алып, үкіметтік органдарға бақылау жасау міндетін алдарына қойып отырған жоқ. Кез- келген демократиялық елдегі сайлаудың мақсаты- үкіметті қолға алу болса, бұл біздің республи-камыздағы партиялардың да болашақта өздерінің алдарына қоятын мақсаты болатынына сенуге болатын шығар.

Партиялардың әлсіздігінің негізгі себебі- олардың халықпен, қоғам-мен байланысы нашар. Олар өздерін белгілі топтардың мүддесін жоқ-таймыз деп жариялағанмен әлі қатары аз, халық оларды білмейді, қызықпайды. Мұның бір себебі- біздің халықтың әлеуметтік жіктелу процесі аяқталған жоқ, әлі олар өздерінің топтық мүдделерін айқындап алған жоқ. Сондықтан партиялардың да топтық мүдделерді қорғау туралы айқын саясат жоқ, көбінше олар өздерінің бағдарламаларын идеологиялық құндылықтар негізінде құрды.

Қазақстанда саяси қозғалыстар мен саяси партиялардың жігі енді ғана айқындалып келді. Саяси қозғалыс өмір сүріп отырған жағдайды өзгерту және оны үкіметке ықпал жасау немесе билік үшін күрес арқылы нығайтуға тырысатын қозғалыс. Ал саяси партия – бұл жоғарғы дәрежелі ұйымы бар және өзінің алдына қойған мақсаттарын билік үшін күрес немесе оны жүзеге асыру арқылы іске асыруға тырысатын саяси қозғалыс.

Республикамыздың саяси өміріндегі бір жаңалық өздерін оппозиция-лық деп жариялаған партиямен қозғалыстар пайда болды. «Оппозиция» деген термин саяси процесте азшылықтың көпшілікті сынауы, оның өзінің балама позициясын қорғауы және қоғамның және сайлаушылардың қолда-уы арқылы бақылау жасау құқығын білдіреді.

Оппозицияның бірнеше түрлері болады, олар:

- Битарап оппозиция, мұның мақсаты жұмыс істеп тұрған парламент-тің ішінде өзгеріс жасау;

- Түбегейлі оппозиция, мұның мақсаты – саяси сыбайластықты (консенсусты) мойындамайды, қалыптасқан саяси жүйені ауыстыру немесе қайта құру үшін күреседі.

Парламенттік оппозиция. Бұл үкіметтік бірлестікке кірмеген партиялардан тұрады, олар үкіметке қарсы күреседі.

Парламенттен тыс оппозиция . Бұл оппозиция әлі әлжуаз саяси қозғалыстардан тұрады, олар парламенттік өкілеттіктері болуына тырыс-пайды.

Оппозицияның қоғамдағы ролі оның өзі нәр алып отырған саяси мәдениетке және саяси жүйеде орын алып отырған шектеулерге байланысты. Тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғамға өтіп жатқан біздің қоғамда жаңаның да, ескінің де элементтері орын алуда. Сондықтан Қазақстандық праламенттік парламенттен тыс опозиция әзірше үкімет бағдарламасын сынау , балама ұсыныстарын тұжырымдап жасау, оларды қоғамдық қолдаумен қамтамасыз ету үстінде, әлі бұлардың ешқайсысы-ның да атқарушы билікке ықпалы көрініп жатқан жоқ. Біздің қоғамның демократия бағытымен даму барысында , мемлекеттік билік те өздерінің оппозицияға деген күдік- шілдік көзқарасынан айығады, сол сияқты оппозицияның өзі де қайта түлеп, жетіліп саяси күштердің қатарынан өзіне лайықты орнын алар деп үміттену қажет.

Қазақстанда көппартиялық жүйе әлі қалыптасу үстінде, саяси күштер тұрықты партиялық жүйеге қалыптасқан жоқ, әртүрлі партиялардың арасында саяси ықпалға бәсекелестік жүріп жатыр. Ал елдегі билік бір ғана саяси күштің – атқарушы үкіметтің қолында. Демек Қазақстан саяси партиялардың алдында тұрған міндеттерін күрделі де қиын: ұйымдық нығаю, өз күштерін топтастыру, саяси және қоғамдық күресте тәжірибе жинақтау т.б.

Еліміздің Конституциясында жарияланған идеологиялық және саяси плюрализм партиялардың топтаса беруінің, партиялық жүйе құруының, келешекте демократиялық елдердегі сияқты олардың (бір партияның немесе партиялар коалициясының) парламенттік жолмен, яғни сайлау-шылардың көпшілік дауысын алу арқылы саяси билік үшін күресуіне берік негіз қалады.

Ел Президентінің ұсынысы бойынша 1998 жылдың аяғында Республика Конституциясына енгізілген өзгерістер елімізде партиялық жүйенің қалыптасуына да жаңа серпін береді. Саяси партиялар елімізді гүлдендіріп дамыта берудің түрлі баламалы жолдары мен бағыттарын ұсынды, мемлекеттік басқаруда ұйымшылдықпен тәртіпті нығайта беруге көмек-теседі. Бұл бір сөзбен айтқанда көппартиялық жүйенің қалыптасуы қоғамның демократиялық жолымен алға баса беруінің, құқықтық мемле-кеттің қалыптасуының айқын көрінісі деп білуіміз керек.
4.Бақылау сұрақтары:
1. Саяси партияның анықтамасы ?

2. Саясаттану ғылымында саяси партиялардың жіктелуі?

3.М. Дюберже партияларды қандай түрлерге жіктеді?

4. Патиялық жүйе дегеніміз не?

5. Д. Сарторидің теориясы бойынша партиялық жүйенің жеті типі, түрі?

6. Классикалық партиялар

7. Қазақстандағы партиялық жүйе?
5.Студенттің үй тапсырмасы:

Конспект


6.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

Сұрақтарға жауап беру

Тест

Глоссарий



7.СӨЖ тапсырмасы: Саяси тәртіп формалары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет