Гуманитарлық білім” факультеті «География және қоғамдық пәндер» кафедрасы



бет22/30
Дата14.06.2016
өлшемі1.76 Mb.
#136023
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30

ОБСӨЖ №22



1.Сабақтың тақырыбы: Саяси процесс.

2.Сабақтың жоспары:

1. саяси прцестің құрылымы және параметрлері

2. саяси процестің жіктелуі.

3. Саяси процеске қатысу түрлері

4. Саяси дамуы мен бейімделудің мәні.
3.Теориялық мәліметтер:

1. Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт ппен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың қалыптасуы, сайлаудың өткізілуі, басқарудың жаңа құрылы-мының дүниеге келуі және т.с.с.

Қоғамдық өмір, оның ішінде саяси сала- өте күрделі құбылыс. Онда өмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат- мүдделері кейде қабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады. Соған орай күн сайын көптеген өзгерістер болып, бір саяси нұсқаулар дүниеге келіп, екіншілері өз күшін сақтап, үшіншілері өшіп дегендей, өзгеріп жататыны белгілі. Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейді. Бұл процесс саяси деп аталғандықтан ондағы өзгерістер ең адымен билікке, оны бөлу және қайта бөлуге, азаматтарды шешім қабылдауға, халықтың саяси белсенділігін арттыруға байланысты болады. Сондықтан саяси процестің басты мәселесі, азаматтардың әр түрлі мүдделерін біріктіріп, жинақтайтын саси шешім қабылдауда және оны іске асыруда.

Жалпыұжымдық мақсат- мұраты анықтауға, қалыптастыруға ресми органдар, билік институттары, кәсіподақтар, бейресми ұйымдар, ақпарат құралдары және т.б. қатысады. Бірақ мұнда басты рөлді жоғарғы мемлекет-тік билік институттары атқарады. Себебі, саяси шешімдерді қабылдап іске асыратын неігізг тетік солар. Биліктің шоғырлану дәрежесі, саяси дамудың мақсат- мұраттарын айқындауға қатысатын топтардың арасындағы өкілет-тікті бөлу мәселелері олардың іс- әрекетіне байланысты. Саяси субъекті-лердің өзара қатынастардың, саяси өзгерістердің екпіні,т.т. да солардың іс- қимылдарымен айқындалады.

Ұсақ саяси қарарлар күн сайын шығып жатады десе де болады. Ал көпшілік жұртты қамтитын ірі саяси шешімдер, құжаттар (Конституция қабылдау, сайлау, референдум өткізу сияқты) қоғам өмірінде сирек кездеседі. Оларды дайындауға, өткізуге көптеген адамдар тартылып, үлкен оқиғаға, саяси белеске айналады. Сондықтан саяси процесс белес- белес, циклмен дамиды десе де болады. Ондай мәселелерді көбіне билік институттары іске асырылады. Демократиялық елдерде саяси процесс әдетте сайлау цикліне байланысты қалыптасады. Бұынғы Кеңес өкіметін-де СОКП-ның съездері бүкіл саяси жұмысқа ырғақ беріп, цикл содан басталатын.

Саяси процестің ұйымдастыру түпкі ой, ниет, идеядан басталады. Кейін оны атқарушы субъект (үкімет, саяси, серке, т.т) процестің теориясын немесе тұғырнмасын жасайды. Мұнда ең алдымен мақсат танылады. Мақсат түпкілікті мұрат ретінде және жақын арада нақтылы нәтиже берерлік, жетістікке жеткізерлік болуы мүмкін. Осыған орай саяси процесті орындау, жүйеге асырудың құралдары, тәсілдері қарастырылады. Қанша уақыттың көлемінде іске асыруға болады, қанша адам, кімдер қатынасады т.т ойлас-тырылады. Орындаушылардың алға қойған талаптарына жауап бере алуымен қатар, олардың жеткілікті қаржылары болуы керек.

Саяси процес – күрделі құбылыс. Ол күнделікті өзгерістерден бастап, қоғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды.

Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін төрт сатыға, кезеңге бөлуге болады.

1) Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемлекеттік билікті ауыс-тыруы немесе оған дейінгі саяси- құқықтық құрылымдарды жаңарған жағ-дайға бейімдеуі мүмкін. Егер көпшілік жұрт жаңа жүйені мойындап, қолдаса, оның легитимді болғанын білдіреді. Мұндайда саяси жүйе өзін- өзі қалпына келтіретін жағдайға жетеді.

2) Саяси жүйенің өзін- өзі жаңартуы. Бұл да күрделі құбылыс. Жеңіске жеткен жүйе , бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта істетеді, екінші жағынан, жаңартып, өзгертеді, жетіл-діреді. Жаңа саяси қатынастар мен институттар құралады, саяси ережелер мен қазыналар, нышандар пайда болады. Өздеріне тән саяси түсініктері, көзқарастары, іс- қимылдары бар саяси қатынастардың жаңа субъектісі дүниеге келеді.

3) Саяси- басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру. Қоғамдағы әр түрлі адамдардың , топтардың, таптардың, бірлестіктердің қажеттіктері, мақсаттары сан қилы, бірталай жағдайда қарама- қарсы келіп жатады. Билеуші элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық қарсылас-тарымен тіл табысып, бұл қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқын-дырмай, реттеп, халықтың талап- тілектері мен мүдделерін үйлестіріп, қоғамның тұтастығын, тыныштығын, тұрақтылығын сақтап, соған жағдай жасауы керек. Бұл- саяси мәселе. Батыстың көптеген елдерінде биліктің әр тармағының ( орталықтағы не жергілікті жердегі болсын) өз алдына бөлек сарапшы кеңесшілері , көмекші топтары және т.б. ақыл- кеңес беретін құрылымдары болады. Олар арнайы ғылыми- талдау жұмыстарын жүргізіп, ең дұрыс, қолайлы шешімдерді қабылдауға жәрдемдеседі.

Мұнда шешім қабылдаушы саяси басқарушылар мен оны орындаушы бағыныштылардың арасында тығыз байланыс болуы керек. Бұрынғы Кеңес өкіметінде шешімді партияның бірінші хатшылары қабылдайтын. Олар ештеңеге жауап бермейтін. Жауапты партапараттың айтқанын орындап, соның бұйрық, нұсқауларын, шешімдерін іске асырушы мемлекеттік органдар мекемелердің жауапты қызметкерлеріне артатын. Сондықтан ақылға сыйымсыз жағдай туған : шешімді қабылдаушылар ештеңеге жауап бермейтін, ал жауап берушілер оны қабылдауға қатыспайтын. Мұның бәрі қандай нәтижеге әкелетіндігін өмір өзі көрсетті.

4) Саяси жүйенің жағдайы мен іс- әрекетін бақылау. Оған саяси жүйе мен саяси процеске қатысушылардың, элиталардың жұмысында алға қойған бағдар, мақсат- мүддеден ауытқушылықты, жаңсақ басушылықты түзету, қорытынды жасау кіреді. Ол екі жолмен жүргізіледі. Біріншісі- мемлекеттік мекемелер, партия органдары, қоғамдық ұйымдар мен қозға-лыстардың белгілі бір құрылымдары арқылы жүзеге асады. Мұнда мемлекет аппаратына қарасты тексеру, қадағалау қызметтері, партиялық бақылау, ресми баспасөз органдары енеді. Бұл- саяси жүйедегі бақылау органдарының қызмет бабында атқаратын міндетті жұмысы, яғни өзін- өзі бақылауы. Екіншісінде, саяси жүйенің жұмысына бақылау жасауға барлық азаматтардың қатысуына мүмкіндік жасалады. Мұны «төменнен бақылау» десе де болады. Бұл үшін қоғам демократиялық жолмен дамығанда ғана жағдай туады, тоталитарлық тәртіпте оған жол берілмейді.

Қоғам дамуының мақсатын айқындап, оны жүзеге асырушы билеуші тәртіп саяси процестің сипатын да білдіреді. Оны үшке бөлуге болады.

1. Саяси тәртіптің қайталанып жұмыс істеуі. Мұнда саяси процесс басқарушылар мен сайлаушылар, азаматтар мен мемлекет арасындағы қалыптасқан қатынастарды сапа жағынан айтарлықтай өзгер-пей, күнделікті орнына келтіріп, құр қайталайды. Яғни, мемлекет үйрен-шікті қалпында, әдеттегі ырғағында қызметін жүргізе береді. Онда саяси субъектілердің іс- әрекетінде жаңашылдық, өзгерістен гөрі дәстүр мен саяси сабақтастық басты рөл атқарады.

2. Саяси тәртіптің дамуы. Ел ішіндегі және халықаралық аренада саяси күштердің ара салмағында немесе әлеуметтік құрылымда өзгерістер болуы мүмкін. Басқарушы органдар өмірдің бұл жаңа талабын байқап, өз жұмысын соған орай бейімдейді. Саяси даму биліктің жоғарғы және төменгі сатыларының өзара әрекеттестігімен, сан қилы ағымдар мен үрдіс-тердің күресімен қоса қабаттаса жүреді. Мұның бәрі әлеуметтік және саяси құбылыстарды сәйкестендіруге жәрдемдеседі.

3. Саяси тұтастықтың құлдырауы және ыдырауы. Бұл жағдайда саяси процестің даму бағыты саяси жүйенің тұтас өмір сүруіне келеңсіз әсерін тигізеді. Кірігу, жинақталудың орнына саяси субъектілердің бөл-шектену үрдісі басымдық алады. Билеуші тәртіптің ыдырауы күмән ту-дырмайды. Оның шешімдері басқару қабілетін жояды. Мұндай процеске Еуропа және Азия аймақтарындағы бұрынғы социалистік елдердің құл-дырау, ыдырау тағдыры толық мысал бола алады. Билеушілер тобы өмірдің әлеуметтік- экономикалық және рухани талабына сай тиісті жауабын таба алмады.

Сонымен, саяси процесс деп әлеуметтік қауымдастықтың, саяси ұйымдар мен топтардың, белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін бірігіп жасаған іс- әрекетінің нәтижесінде қоғамның саяси өмірінің бір қалыптан, жағдайдан екінші жағдайға келіп ауысуын, өзгерісін, қозғалысын айтады.

2. Саяси процесс жіктеліп, топталады. Саяси еркіндікті іске асыру объектісіне қарай ол ішкі және сыртқы саяси процесс болып бөлінеді. Сыртқы саяси процесс жөнінде кейін арнайы сөз болады. Ал ішкі саяси процесс азаматтардың саяси белсенділігінің институциланған түрлерінен, олардың іс- әрекетінен, билік құрылымының ұйымдасуынан және т.б. белгілі болады. Олар азаматтарды саяси іске тарту, жұмылдырудың амал- әрекеттерін, басқару түрлерін айқындайды. Саяси ұйымдардың жаңа талаптарға сай жұмысын, құрылымын өзгертіп, бейімделе, икемделе білуі оның әлеуметтік ортаға етер ықпалының деңгейін көрсетеді.

Саяси билікті ұйымдастыру жүйесінің сапасына қарай демок-ратиялық және антидемократиялық саяси процесс етіп бөледі. Демократия-лық түріне халық (тікелей немесе өкілдері арқылы) билейді. Антидемокра-тиялық процесте билік авторитарлық көсем, монархтың, бір билеущі партияның, әскери топтың қолында болады.

Атқаратын қызметінің жариялылығы бойынша ашық және жасырын саяси процесс деп топтастырылады. Ашығында азаматтар, топтар билік институттарымен үздіксіз кездесіп, мақсат мүдделерін білдіріп отырады. Билік органдары қоғамдық пікірді зерттеп, саралап, олардың талап- тілектерін секеріп, соған орай саяси бағытына түзетулер енгізеді.

Жасырын түріне тоталитарлық тәртіпті атауға болады. Онда бүкіл билік орталықтың қолында, жергілікті жердің ой- арманымен санаспайды, стратегиялық мәні бар саяси шешімдерді қабылдаудан шеттетіледі. Адамдардың барлық өмірі қатаң бақылаудың астына түсіп, еркіндіктері мен бостандықтары шектеледі. Саяси процеске қатысқысы келмесе де кейінгі зардабынан қорқып, күш, зорлықтың арқасында қатысуға, орталықтың ығына жүруге мәжбүр болады.

Әлеуметтік және саяси құрылымның өзара байланыс түріне, билік субъектілерінің қызмет ықпалдылығы және өзара қатынастарының тиянақтылығына байланысты саяси процесті тұрақты және тұрақсыз етіп бөледі.Тұрақты жағдайда билік институттары өтімді, сенімді жұмыс істейді, азаматтар да саяси іске белсенді қатынасады. Саяси шешімдер дәстүрлі демократиялық жолмен қабылданып жатады. Әлеуметтік түсінбеушілік , кикілжіңдерді азаматтық ұйымдар өздері реттейді. Мемлекет олардың ісіне араласа бермейді. Жалпы халықтың хал- ахуалы жақсы елде заңды тәртіп орнайды. Көпшілік жұрт билік институттарының іс- қимылын қанағаттанғандықпен қабылдайды.



Тұрақсыз жағдай әдетте қоғам өмірі күзеліске ұшырап, тығырыққа тірелген шағында пайда болады. Оған халықаралық қатынастардағы шиеленістер, соғыстағы жеңіліс, өндірістің ұзақ уақыт құлдырауы, көпшілік халықтың әл- ауқатының нашарлап, төмендеуі және т.с.с. әлеу-меттік кикілжіңдер себеп болады. Қайшлықтардың күшейіп, асқынуы, дер кезінде шешілмеуі көпшілік жұрттың наразылығын тудырады. Мұндайда саяси бағытты өзгертуге тура келеді. Оны реформалық және революциялық жолмен жүзеге асыруға болады. Реформада жаңа заң актілері арқылы сол қоғамның шеңберінде өзгерістер енгізіледі. Онда алға қойған мақсатқа ақырын, кейде бірнеше кезең арқылы жетеді, өзгеріс-тер біртіндеп жасалады. Революция- қоғамдағы топтар өмірдің терең дағдарысынан туады. Мемлекет басындағы топтар өздігінен билікті бере қоймайтындықтан онда күштеу, зорлау кең орын алады.

Саяси өмірде бүлікшілік (бунт) те кездеседі. Ол саяси үстемдік етуші топтың, мемлекет органдарының шектен тыс іс- әрекетіне жауап ретінде тууы мүмкін. Көтеріліспен салыстырғанда ол ұйымдаспаған, стихиялы түрде келеді, анық- айқын мақсаты болмайды. Қатысушылар саны да азырақ, ұрандары не тым кең көлемді, не тым тар шеңберді қамтиды. Ол өзінің қызбалығымен, сезім әрекетіне бой алдырғыштығымен сипатталады.

Бір топ адамның мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатымен жасаған іс- әрекетін бүлік (путч) дейді. Оны көбіне әскери топ өз диктатурасын орнату үшін пайдалануға тырысады. Ол халықтан қолдау таппайды және жағдайды жақсы есептеп, терең ойланған бағдарламасы болмайды.

3. Адамдар саяси процеске екі түрлі қатысады. Біріншісінде, саяси жүйесінің шеңберінде жұмыс істейтін өкілдік органдар арқылы, екінші-сінде, азаматтардың тікелей қатысуы арқылы саяси билікке әсер етеді.

Өкілдік органдар арқылы қатысқанда өз араларынан заң қабылдайтын және күнделікті мемлекетті басқару қызметін атқаратын адамдарды сайлайды. Олар белгілі бір мөлшерде сайлаушылар алдында жауап береді.

Тікелей қатысу өз кезегінде екіге бөлінеді. Біріншісі- инсти-туционалданып реттелген демократия . Онда азаматтар сайлау, референдум, плебисциттерге қатысу арқылы өз көзқарастарын білдіреді.

Қазіргі демократиялық қоғамда азаматтардың көбінің саяси белсен-ділігін білдіретін түрі- сайлауға қатынасу . Сайлау жүйелі, заң белгілеген уақытта өткізіледі. Президент, жоғары заң шығарушы органдардың мүшелері әдетте 4-6 жылға сайланады. Бұл мерзім үміткерге берген уәделерін орындауға және саяси басқарудың сабақтастығын жалғастыру-ға, тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті деп саналады. Жергілікті органдар қысқарақ мерзімге сайланады. Себебі, олардың алдында тұрған мәселелер жеңілірек шешіледі және қала немесе округте жағдай жылдамы-рақ өзгеріп тұрады. Кезекті сайлау күні заң шығарушы орган немесе мемлекет басшысының жарлығымен белгіленеді.

Сайлау күні хабарланғаннан бастап, ресми түрде сайлау науқаны басталады. Сайлаушылардың тізімі жасалады, үміткерлерді ұсыну және тіркеу, үгіт- насихат жұмыстары жүргізіледі. Сайлау өткізіледі. Ол біткен соң берілген дауыстар есептеледі, сайлаудың қорытындысы хабарланады.

Сайлау процесі сайлау округтерге бөлінеді. Олардың халқы бір неме-се бірнеше үміткерді ұсынады. Жергілікті органдарды сайлау үшін сай-лаушылар саны аз, кішкентай округ құрылады. Оған қалалық ауданнан немесе кварталдан, кішігірім ауылдан бір депутат сайланады. Бір округтан бір депутат сайланады. Жоғары заң шығарушы органдарды сайлағанда бірнеше кіші округтар қосылып, облыстан, аймақтан бір депутат сайланады. Бір округтан бір депутат сайланса, бір мандатты, бірнеше депутат сайланса, көп мандатты округ деп аталады.

Сайлау науқанының бастапқы сатысында шешуші рөлді саяси партиялар атқарады. Олар үміткерлерді таңдайды, оларға қаржы, ұйым-дастыру жағынан көмектеседі, митингілер, жиналыстар өткізеді, үміткер-лерді сайлаушылармен кездестіреді, митингілер, жиналыстар өткізеді, үміткерлерді сайлаушылармен кездестіреді, ақпарат құралдары, теледидар арқылы сөйлеуге мүмкіндік жасайды.

Сайлаушылар өз таңдауын жан- жақты ойланып , саналы түрде жасауы тиіс. Олар қай партияның, қай үміткердің бағдарламасы өз көзқарасына, мақсат – мүддесіне көбірек сай келетінін жақсы ойластыр-ғаны жөн.

Деократиялық саясаттың талабына сай партиялар мен үміткерлер сайлау науқанын бәріне бірдей, тең жағдайда жүргізуі керек. Бірақ іс жүзінде оны орындау қиын. Халықтың ауқатты жігі қолдайтын партия-лардың мүміншілігі мол болады. Оларға көмек көп көрсетіледі.

Сайлау алдындағы үгіт сайлау болар күннен бір күн бұрын тоқтатылады. Ол сайлаушыларға өз ойын тағы да бір тексеріп, саралап шығуға мүмкіндік береді.

Ұйымдастырылу және өткізу жағынан сайлау ұқсас келетін – референ-дум. Бұл заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы саяси мәселені түпкілікті шешу мақсатында сайлаушыларға жасаған тікелей үндеу. Мысалы, онда конституция қабылдау немесе оған түзету кіргізу, мемлекеттік құрылыс немесе билік түрін өзгерту, ескі заңның күшін жою немесе жаңасын қабылдау, елдің халықаралық ұйымға кіру, мемлекет-аралық келісімге қосылу және т.с.с. мәселелер қаралады. Бұл мәселелерді парламент немесе үкімет бастығы қояды.

Саяси процеске қатысудың екінші түріне бұқаралық жиналысқа (ми-тингіге), шеруге, ереуілге қатысу арқылы саяси билікке ықпал жасау жатады.



Бұқаралық жиналыс бір мәселені талқылауға арналады. Ол саяси биліктің не саяси серкенің шешімін қолдау не қолдамау болуы мүмкін. Оған көп адам қатысып, өз көзқарастарын білдіреді. Оның теріс жағы да бар. Мысалы, мұндай жиналыста әр түрлі саяси күштердің мақсаттары қайшы келетіндіктен онда арандату әрекетіне итермеушілік , ұстам-сыздық бұзақылық элементтері кездесуі мүмкін. Сондықтан оны ұйымдас-тырушылар жағынан болсын, оған рұқсат беріп, бақылау жасайтын билік құрылымдары жағынан болсын, асқан ұқыптылықты, сақтықты, тәртіпті сақтай білуді талап етеді.

Шеру (демонстрация)- белгілі бір идеяны, талапты жақтаушы көпшіліктің салтанатты жүруі, саяси биліктің әрекетін қолдау не оған қарсылық білдіруге бағытталады. Білікті ұйымдастырылған шерудің саяси қарсыласқа етер әсері үлкен болады.

Ереуіл – саяси қысым жасау мақсатында жұмысты тоқтату, белгілі бір талаптарды қабылдауға тырысушылық. Оның негізгі себебі көбіне әлеуметтік- экономикалық жағдайға байланысты келеді. ТМД елдерінде жалақының бірнеше ай бойы берілмеуі, өмір деңгейінің күрт төмендеуі, жұмыс істейтін жағдайдың нашарлауы және т.б. Ереуіл күрес жүргізу-шілердің ақырғы амалы болып табылады. Себебі, оның зардабы бүкіл қоғамға ауыр тиюі мүмкін. Оның салдарында шаруашылық байланыстары үзіліп, экономикаға нұқсан келеді. Ереуіл жасаушылардың өздеріне де осал тимейді. Сондықтан ереуілге шықпас бұрын оның салдары жөнінде терең ойлану керек. Егер шығатындай болса, ол жоғары деңгейде ұйым-дастыруды, мақсатын, талаптарын, өткізілетін уақытын айқындауды талап етеді. Ереуіл кезінде жазатайым құрбан болу не басқа келеңсіз жағдайлар тууы мүмкін. Олардың отбастарына көмек көрсетуге тура келеді. Солардың бәрі алдын ала жан- жақты ойластырылуы керек.

Аты аталғандардан басқа нақтылы жағдайларға байланысты пикет қою, аштық жариялау, азаматтық бағынбаушылық және т.с.с. болуы мүмкін.

Қазіргі адамдардың сауаты өскен, білімі жетілген, ой- өрісі кең, әлем-дегі жаңалықтарды дер кезінде жақсы біліп тұрады. Мұның бәрі оның саяси санасына зор ықпал етіп, белсенділігін арттыруда. Сондықтан саяси ұрандарға , бағдарламаларға сын көзбен қарайды. Бұрынғыдай сайлауға қатысу, партияның, кәсіподақтың мүшесі болу қанағаттандыра бермейді. Олар азаматтық белсенділіктің, демократиялық қозғалыстардың басқа түрлерін іздеуде. Шетелдердің көбінде экологиялық, соғысқа, ядролық қаруға қарсы қозғалыстар кең етек алды. Мұндай қозғалыстардың біздің елімізде де қолдау тауып жатқаны қуанарлық жәй.

Сонымен қатар қайсыбір адамдардың саяси өмірге қатыспауы, шет-телуі де кездеседі. Оған азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасында қарсы байланыстың болмауы, саяси институттардың жұмысынан түңілуі және соған орай парықсыздық білдіруі, жалпы саяси жүйені қабылда-мауы және т.с.с. себеп болуы мүмкін.

Сонымен қоғамдағы азаматтардың саяси белсенділігі елдегі ішкі жағдайға, саяси институттардың ықпалы мен әрекеттілігіне, қоғамдық күштердің ара салмағына, демократиялық дәстүрлер мен ережелердің жетілу деңгейіне және т.б. байланысты. Шын демократиялық қоғамда азаматтардың саяси белсенділігі – оның дамуының, билік құрылымдары мен азаматтық қоғамның арасындағы кері байланысты ұдайы жетілдірудің тетігі болып табылады.

4.Бақылау сұрақтары:

1. Саяси процестің құрылымы?

2. Саяси процестің параметрлері?

3. Саяси процестің жіктелуі?

4. Саяси процеске қатысу түрлері?

5. Саяси даму дегеніміз не?

6. Саяси бейімделу дегеніміз не?
5.Студенттің үй тапсырмасы:

Конспект


6.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

Сұрақтарға жауап беру

Тест

Глоссарий



7.СӨЖ тапсырмасы: Сайлау қағидалары мен түрлері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет