Гуманитарлық білім” факультеті «География және қоғамдық пәндер» кафедрасы



бет23/30
Дата14.06.2016
өлшемі1.76 Mb.
#136023
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30

ОБСӨЖ №23


1.Сабақтың тақырыбы: Саяси жетекшілік.
2.Сабақтың жоспары:

1.Саяси элитаның түсінігі

2. Саяси эиталардың қалыптасуы мен жіктелуі

3. саяси жетекшілік туралы ұғым

4. Саяси жетекшінің жіктелуі.
3.Теориялық мәліметтер:

1. «Элита» термині француздың «elite» деген сөзінен шыққан, сұрып-талған, таңдалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. XVIII ғасырдан бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. XX ғ. Бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы, беделі, билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді.

Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын «Саяси ғылым негіздері» (1896) деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарушыларға бөлінедіде деді. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені (мәртебені) жатқызды. Осы үш қасиет, оның ойынша, адамға басқарушылар ( элита) қатарына кіруге есік ашады.

«Элита» терминін ғылыми айналымға енгізген Вальфредо Парето (1848-1923). «Жалпыға бірдей сциология трактатында» (1916) ол «элита-лардың айналу» теориясын жасады. Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуының арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, дейді олар, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып отырады.

Роберт Михельс (1876-1936) «Саяси партиялар, Демократияның олигар-хиялық үрдістері туралы очерк» (1911) деген еңбегінде «олигархияның темірдей заңын» шығарды. Оның ойынша, бұқара халықтың өзін- өзі ұйымдастыруға және басқаруға қабілеті жетпейді. Парламенттік демок-ратия жағдайында кейбіреулер жұртшылықтың қолдауына ие болды. Сөйтіп кәсіби дайындалған адамдардан тұратын басқару аппараты пайда болады. Ол көпшіліктен біртіндеп алшақтайды, қоғамның қарапайым мүшелеріне өздерін қарсы қояды. Соның нәтижесінде билікті өз қолдарынан шығармай, сақтап қалуға тырысатын томаға – тұйық дөңгелек, шеңбер пайда болады. Мұнда ат төбеліндей байлар саяси және экономикалық билікке ие болады. Халықтың егемендігі, билігі дегеннің бәрі бос қиял. «Олигархияның темірдей заңы» осы дейді Р. Михель.

Американың саясаттанушысы Райт Миллс (1916-1962) «Билеуші элита» атты еңбегінде АҚШ- тың XX ғ. ортасындағы элитасына талдау жасайды. Ол элитаны мәртебелер және стратегиялық рөлдер атқаратын топ деп анықтайды. Оның ойынша , қоғам үшін ең маңызды рөл атқаратын саяси, экономикалық және әскери институттар. Соған орай билік элитасын мемлекет, корпорациялар және әскери басшылар құрайды.

Француз саясаттанушысы Р.Ж. Шварценбергер «Абсолюттік құқық» деген еңбегінде қазіргі элитаны жабық каста ретінде сипаттайды. Фран-цияда ол саясаткерлерден, жоғары әкімшіліктерден және іскер адамдардан тұратын биліктің үшбұрышын құрайды. Олар үкіметті қалыптастырады, мемлекетті билейді, ірі корпорациялар мен банктерді басқарады.

Сонда қоғамда саяси элитаны тудыратын факторлар қандай? Оларға мыналар жатады: 1) қоғамға арнайы білімі, тәжірибесі, қабілеті бар кәсіби басқарушылар керек; 2) адамдардың психологиялық (туа біткен) және әлеуметтік (оқу, тәрбие барысында қолы жеткен) теңсіздіктері; 3) қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланады және ынталандырылады; 4) бұқара халықтың саяси енжарлығы, селқостығы ( күнделікті өмірде әркім саясаттан шалғай өз жұмысымен айналысады).

Саяси элита стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілейді, өз жоспарларын жүзеге асырудың тетіктерін табады, қоғам алдына қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бақылау жасайды.

Сонымен , саяси элита деп қазына – байлықты, қаржы- қаражатты бөлуге байланысты және т.б. саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысты жоғары мәртебесі мен ықпалы бар ұйымдасқан топты айтады.

Қазіргі саясаттану ғылымында білімнің элитология деген арнайы саласы бар. Ол элиталардың қалыптасу жағдайын, оның қоғамдағы рөлін, әлеуметтік- саяси процестерге ықпал ету әдіс- тәсілдерін және т.б. зерттейді.

2. Саяси элиталарды қалыптастырудың, жоғары лауазымды қызметке іріктеп алудың 2 түрі: антрепренерлық және гильдия жүйесі. Антре-пренерлық түде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу қабілеті басты орын алады. Мұнда канди-даттың байлығына, кәсібіне, біліміне, мамандығына т.с.с. онша мән беріл-мейді. Ол ең алдымен өзінің тапқырлығын, жасампаздығын, белсенділігін көрсете білуі қажет. Мысалы, АҚШ- та актер болған Рональд Рейган да президентікке сайланды. Элитаны қалыптастырудың бұл түрі өзінің ашықтығымен, демократиялылығымен, үміткерге қойылатын шектеулердің аздығымен сипатталады. Сондықтан тұрақты демократиялық елдерде бұл түр кең тараған.

Саяси элиталарға сұрыптаудың мұндай түрінің кемшілігі- саясатқа сырттай жағымды көрінгенімен шын мәнінде кездейсоқ, принципсіз, ұрыншақ, авантюрист адамдардың билік басына келуі. Ондай адамдардың іс- әрекетін болжап, пішіп болмайды. Сондықтан қоғам өмірінде дау- жанжалдар, саяси шиеленістердің мүмкіндігі көбейеді.

Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады. Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Талапкерлер белгілі бір таптың, топтың, тектің, партияның мүшелерінің арасынан шығуы керек. Сондықтан билік басына таңдаудың бұл түрі жабық болып саналады.

Гильдия жүйесі бәсекелестікке жол бермейді , билеушіні тұйық қоғам-дық топтан іріктеп алатын, кертартпа түр. Оның артықшылығы- саясат-кердің болашақ іс- әрекетін алдын ала болжауға, соған орай шара қолдануға болады. Билеуші элитаның арасында дау- жанжалдың мүмкіндігін кемітеді. Осындай жүйенің бір түріне бұрынғы социалистік елдерде кең тараған наменклатуралық элита жатады.

Саяси элита әр түрлі келеді. Сондықтан ол жіктеледі, топтастырылады. Билікке иелігіне қарай басқарушы және оппозициялық элита деп бөледі. Басқарушы элита деп мемлекеттік билікке ие, маңызды саяси шешімдерді қабылдаушыларды айтады. Олардың қатарына ене алмай қалған, бірақ сол үшін күрес жүргізетінде билік баындағылардың іс- әрекетін сынап, олқылықтарын тауып, қателіктерін көрсетеді. Оларды оппозициялық немесе контрэлита деп атайды.

Саяси элитаның жаңару, қайта жасақталу тәсіліне сай ашық және жабық элита деп бөледі. Ашық элитада барлық әлеуметтік топ өкілдеріне элита деп бөледі. Жабық элитада ол белгілі бір таптан, тектен шыққандармен ғана толықтырылады. Мысалы, гильдия жүйесі.

Индияның саясаттанушысы П. Шаран билік ету қорына байланысты элитаны дәстүрлі және қазіргі деп бөледі. Дәстүрлі элитаға дін, салт, жол- жораға байланысты бөлінуді кіргізеді. Оған жоғары дін басыларын, ақ-сүйектерді, дамып келе жатқан елдердегі әскери басшыларды жатқызады. Қазіргі элитаға заңға, формалды ережелерге сүйенушілерді жатқызып, оларды өз кезегінде 4 топқа бөледі: 1) билік құрылымдарын басқараты, маңызды шешімдер қабылдайтын жоғарғы элита; 2) мемлекет қызметкер-лерінің жоғарғы жігін (министрліктер, ведомстволар, комитеттер басшы-лары) құрайтын әкімшілік элита; 3) белгілі бір табысы, кәсіби мәртебесі және білімі бар адамдар (жоғары қызметкерлер, менеджерлер, ғалымдар, зейнеткерлер); 4) жоғарыда көрсетілген үш көрсеткіштің (табысы, кәсіби мәртебесі, білімі) біреуі немесе екеуі жетіспейтін аралық (маргиналдық) жағдайдағы адамдар.

Қоғамның толыққанды өркендеп, қарқынды дамуы үшін элитамен кереғарлыққа келіп, күреспей, қудаламай, шектеулер қойып, шеңберін тарылтпай, зиялы зерделі қауымның, дарынды тұлғалардың өзін- өзі көрсетіп, халыққа, еліне қызмет етуіне жағдай жасап, сапасын арттыра түскен абзал.

Біздің Қазақстандағы элитаға келсек, еліміз егемендігін алғанымен билеуші топ онша өзгере қойған жоқ. Олардың көбі Кеңес Одағы кезінде номенклатуралық қызметтер атқарып, коммунистік партия ыдырағаннан кейін мемлекеттік институттарға (Президент, Үкімет әкімшілігіне) қызметке көшті. 1993 жылғы Конституция бойынша биліктің 3 тармағы тең делінді. Алайда шын мәнінде билік атқарушы органның қолына тиді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы Президенттік билікті, атқарушы биліктің мәртебесін арттыра түсті. Жекешелендіру кезінде халықтың еңбегімен жасалған мүлікке ие болды.

Қазақстан қазіргі элитасына кімдер жатады десек, оған Президент ап-паратының құрамы (Президент, оның әкімшілігінің бастығы, орын-басарлары, бөлім басшылары, көмекшілері, кеңесшілері), Парламент, министрліктер басшыларымен орынбасарлары, дипломатиялық элита кіреді. Олардың арасында тиімді несиелер алып, бизнеспен, айналысып, байыған-дар баршылық. Олар қаржы- қаражат, экономикалық қорлар, қажетті мағ-лұматтарға иелік етеді.

Аймақтық элитаға облыс әкімдері жатады.

Билеуші элитаға тарту, оларды жаңғырту мәселесіне келсек, жоғары басшыларға берілген немесе солардың балаларымен толығуда. Олар орындарынан босатылса, келесі лауазымды орынға отырады. Олар орын-дарынан босатылса, келесі лауазымды орынға отырады. Соның салдарында ол «сырттан келетін» адамдарға жабық элитаға айналды.

Мұндай жағдайды болдырмай, тығырықтан шығу, саяси элитаның саны мен сапасын көтеру үшін оларды ашық, жариялылық жағдайында, зерделі, білімді, білікті, еліне, халқына шынайы жаны ашып, қызмет ететін азамат-тардан таңдаған жөн.

3. Саяси іс- әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастау-шылардың (лидер), серкелердің орны ерекше. Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдардың күш- жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл атаудың мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси топ бастаушыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды да жатқызып жүр.

Саяси жетекшіліктің, топ бастарлықтың (лидерліктің) табиғатын, сыр- сипатын ғалымдар ерте заманнан – ақ белгілері келген. Солардың ішінде ерекше көзге түсетін Н. Макиавеллидің «Патша» деген еңбегіндегі тиімді басшылық. Ол басшы мен бағынушының өзара қатынасына негізделген мынадай төрт ережеден тұрады: 1) басшының билігі оны жақтаушылардың қолдауына сүйенеді; 2) бағынушылар өз басшысынан нені күтеді және өз кезегінде басшы олардан нені күтуі мүмкін- соны білулері керек; 3) топ бастаушының қандай жағдай болмасын аман қаларлық қайрат- жігері, қабілеті болуға тиіс; 4) басқарушы өз жақтарына даналық пен әділеттілік-тің үлгісі болуы керек.

Кейін келе топ бастаушылықтың табиғаты әр түрлі түсіндірілді. Қазір саяси топ бастаушылар деп қоғамдық- саяси ұйымға, қозғалысқа , мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.

Саяси топ бастаушылар, әдетте, мынадай қызметтерді атқарады: қоғамның түбегейлі құндылықтары мен арман- аңсарлары негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастыру; халықтың, топтардың қажеттіктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт – бағдарлама жасау; қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеег асырудың әдістері мен тәсілдерін айқындау; халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; жұртшылықпен, әр түрлі ұйымдар, топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін- өзі саяси ұымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз ету; әділдіктің, заңдылықтың тәртіптің кепілі болу.

Саяси көсем қандай кезде пайда болады? Халықтың немесе үлкен топтың өмірінде бір кездерде мыңызды жағдайлар, оқиғалар кездеседі. Сонда көш бастайтын көсемге қажеттідік пайда болады. Сонымен қатар топ бастаушы өзін- өзі көрсете білуі үшін қоғамға белгілі бір саяси және азаматтық еркіндікте болуға тиіс. Оған пікір еркіндігі, көппартиялық, парламент пен партиялардың ішінде жікшілдікке мүмкіндік беру, тағы басқалар жатады. Мұндай жағдайда әлеуметтік мүдделерді бейнелейтін адамдардың саяси ойының таласы, бәсекесі толыссыз жүріп жатады. Ал тоталитарлық және авторитарлық жағдайда саяси көсемдер емес, диктатура, номенклатура мен бюрократия жеңеді. Олар билік басына демократиялық жолмен, жетекшілікке жету заңдылықтары арқылы емес, қулық- сұмдық, зорлық зомбылық әрекеттерді пайдаланып жетеді. Саяси топ бастаушы (көсем) болудың 2 жолы бар: 1) көпшілік халықтың мақсат- мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу; 2) ол мүдделерді мақсатты түрде талмай зерттеу нәтижесінде.

Саяси жетекшіге қарама- қарсы ұғым- саяси бастаушы, көсемсымақ. Ол ұғым XIX ғасырда пайда болды. Оған популистік тұрғыда іс- әрекет етуші адамдар жатады. Оның негізгі ерекшеліктері: көпшіліктің тап қазіргі қарапайы талаптарын желеу етіп құптау; өз басының атын шығару үшін адамдардың үлкен тобының сыншылдық сезімге берілген (араздыққа, қастыққа, қорқынышқа, үрейге, өшпенділікке негізделген) жағдайын пай-далану; көпшілікке жалпақтап, жағымпаздану, тобыр тіліндегі сөздерді, тіркестерді қолдану; асыра сілтеп уәде беру; халықтың сауаты аз бөлігіне шағыну және т.б. Биліктен айырылып қалмау үшін ол тобырдың талабын қанағаттандыруға тырысады. Ол қоғамдық пікірдің алдына шықпай, ығында жүреді.

Саяси бастаушы көбіне білдірушілік идеяларды пайдаланып өзінің атын шығарады, мансап құрады. Өйткені көпшілік, әдетте, жасампаздықтан гөрі қиратып, бүлдіру идеяларын оңай және жылдам қабылдайды.

Өмір дәлелдегендей, кейбір саяси бастаушылардың тағдыры кездейсоқ туады. Олар өз бысының іскерлігі, абройының арқасында емес, белгілі бір тарихи уақытта белгілі бір желіге (струя) кез келіп қалудан.

Бұрынғы Кеңес Одағының күйреуі, егемендік алған республика-лардағы өмірдің демократиялануы саяси жетекшілерге сұранысты көбейтті. Оның үстіне бұрын орнаған байланыстардың үзілуі, нағыз нарықтық реттеу тетіктерін жете білместік және т.б. себептер өндірістің құлдырауы-на, халықтың әл- ауқатының нашарлауына әкеліп соқтырды. Мұның бәрі жұртшылықтың наразылығын тудырды. Соынң нәтижесінде саяси және әлеуметтік жағынан пісіп жетілмеген көсемсымақтар пайда болады. Бұл шынайы өмірді және қолда бар тәжірибені зер салып зерттеуді, саралауды талап етеді.

ТМД елдеріндегі ереуілдер крсеткендей , саяси бастаушы болу оңай да, сенімсіз де. Себебі « сүйікті» деп тауып, қолпаштап көтерген жұрт егер айтқанын істеп, дегеніне жүрмесе немесе өзіндік бөлек іс- әрекет жасаса, сырт айналуы оп- оңай.

Саяси көсемді саяси бастаушыдан ( көсемсымақтан) қалай айыруға болады? Ол қиын емес. Оның негізгі еекшелігі- саяси көсемнің жұмысында әрдайым жаңа идеялар ұсынып отыру қабілетінде.

XX ғасыр аяғында - ақ саясаткерлердің арасында бұл туралы пікірлер айтылған. Егер халық көсемнің идеяларын толығымен түсініп, қабылдаса, онда оның керегі не? Мұндай жағдайда ол не халық арасында сіңіп кетуі керек немесе жаңа идеялар ұсынып және оның жүзеге асу тетіктерін көрсетіп, өзінің алдыңғы қатарлы рөлін әрқашан дәлелдеп отыруы керек. Яғни, саяси көсем халықтың мақсат- мүддесін жай ғана біліп, жинап, құптап қана қоймай, оларды жаңаша ұғынып, дамытып, дәлелдеп, түзетіп отыруы керек.

Саясаткерлердің жаңашыл дүние тануы оның бағдарламасында, саяси сенімінде білінеді. Барлық даңқты саяси көсемдердің тарихта қалуына олардың саяси бағдарламаларының пайдалы, жемісті, өзіндік ерекшеліктері себепші болды.

Саяси тұғырнаманың жаңашыл, бәсекелестікте тойтарыс бере алар-лықтай «күшті» болуы үшін мынандай талаптарға жауап беруі керек. Ең алдымен, әр түрлі әлеуметтік топтар мен қоғамдық бірлестіктердің басын қосып, олардың қолдауын қамтамасыз ететін, бірден көзге түсерлік басты мақсаты болғаны шарт. Екіншіден, қойған мақсатқа жетудің терең талданған тетігі, нақтылы жолдары көрсетілуі тиіс. Үшіншіден, егер бағдарламада көрсетілген мақсаттар орындалған дағдайда ол әрбір сайлаушыға, отбасына, ұжымға қандай экономикалық, әлеуметтік, рухани игіліктер әкелетіні түсіндірілгені жөн.



4. Саяси жетекшілікті ғалымдар жіктегенде ғалымдар жіктегенде мынандай принциптерді негізге алып жүр:

1) тарихи принцип. Мұнда жетекшінің тұрпатын (типін) дәуірмен байланыстырады, ол өмір сүрген әлееуметтік ортаның жемісі ретінде қаралады:

2) ықпал ету көлеміне қарай жалпыұлттық, аймақтық, қалалық, аудандық саяси жетекші болып бөлінеді;

3) таптық принцип. Бұған жұмысшылар, шаруалар, бурзуазиның , әлеуметтік топтың жетекшілері жатады;

4) қазіргі әлеуметтік құрылысқа қатынасы жағынан оны жақтайтын , оған қарсы шығатындар болып бөлінеді;

5) қабілеттілігі жағынан өзінің жеке басының қасиеттері, дарындылығының арқасында немесе жағдайға қарай көтерілген жетекші дейді;

6) бастамашы, рух беруші жетекші немесе басталған істі орындаушы ретінде де топтастырады.

Қазіргі кезде саяси жетекшілерді жіктеудің кең тараған түрін американдық профессор Дж. Херманн ұсынды. Ол саяси топ бастаушылары бейнесі (имиджі) бойынша былай жіктейді:

1) ту көтерер саяси жетекші . Оның өмірге өз көзқарасы, болашаққа болжамы бар және оған жету жолдарын да біледі. Ол өмірде болып жатқан оқиғалардың сипатын жақсы түсінеді, оны өзгертудің жолын, қарқынын айқындайды. Мысалы, Үндістанда ұлт- азаттық қозғалыстың басшысы болған Махатма Ганди, негірлердің азаматтық құқығы үшін күрескен Мартин Лютер Кинг, Иран халқының көсемі Аятолла Хомейни;

2) Қызмет етуші топ бастар. Ол өзінің жолын қуушылардың мүддесін дәлме- дәл білдіре білудің арқасында құрметке бөленеді. Мысалы, Л.И. Брежнев, К.У. Черненко, Д.А. Қонаевтар Коммунистік партияның сондай өкілдері болатын;

3) саудагер топ бастар. Оның ерекшелігі – алдына қойған жспарды іске асыруға соңына ергендердің бәрін жұмылдырып, сендіре білу қабілетінде. Мысалы, Американың 40- президенті Р. Рейган, Ресей президенті Б.Н. Ельцин.

4) өрт сөндіруші топ бастар. Ол уақыттың талабына сай өз жақтастарының жинақтап қойған сауалына, қысылтаяң жағдайларда шапшаң шешім тауып, жол көрсете алады. Мысалы, Д. Буш, Б. Клинтон, Я.Арафат.

Әрине, өмірде бұл көрсетілген төрт түрі теориядағыдай таза қалпында емес, көбіне аралас күйде кездеседі.

Қызметті атқару тәсіліне қарай авторитарлық және демократиялық жетекші деп бөлінеді. Авторитарлық жетекші өз жұмысында күш қолдануға сүйеніп, жалғыз өзі басқарғысы келеді. Демократиялық жетекші болса, алдағы мақсатты белгілегенде және оны іске асырғанда қасындағы адамдарды қатынастырып, олармен ақылдаса отырып шешеді.

Түріне қарай «формальды», »формальсыз» деп бөліп жүр. Формальды жетекші қатысушылар өздері таңдайды. Ондай серкелер, әдетте, кішкентай топтарға тән келеді.

Саяси серкенің жұмысы мынандай кезеңдерден тұратын үш қызметті атқарады:

1) «диагностикалық» міндет: саяси серкелер қалыптасайын деп келе жатқан жағдайды зерттеу арқылы оған баға береді; яғни «диагноз» қояды;

2) саясатты белгілеу: жетекші өз табының, жақтастарының мақсатына сай шешілетіндей саясатты тауып, соны орындауға тапсырма береді;

3) іске тарту: жетекші өзінің белгілеген саясатын іске асыруға жұмылдырылады.

Қоғам болған соң, оның өзіне тән қиыншылықтары, қайшылықтары болмай қоймайды. Оларды мемлекет байқап, дер кезінде шара қолданып, өрістетпеуге тырысады. Бірақ бүкіл мәселе оңай шешіле бермейді. Кейде мәселенің түйіні шешілмей дертке айнала бастайды. Мұны көрген саяси серкелер бірінші байқап, мәселені көтереді. Олар жағдайды өзгертудің жолын көрсетеді. Егер олардың ұсынған жолы көпшілік жұрттың көңілі-нен шығып, қолдау тапса, қоғамдық қозғалыс пайда болуы мүмкін. Оны басқаратын серкелердің шығуы өзінен- өзі түсінікті. Мұндай қозғалыс-тардың өрісі ауқымды болып, түбегейлі жетістіктерге жетсе, қоғамның саяси мәдениетінде айтарлықтай өзгерістер де болуы ықтимал.

Әлеуметтік жүйенің қандай субъектісі болмасын – жеке тұлға, адамдар тобы, партия, тап, халық майданы немесе тағы басқа ұйымдар сияқты қоғамдық құрамдар - жетекші бола алады. Жетекшіліктің күші өз жақтастарының түпкілікті мақсат мүддесін іске асыра білуінде.

Саяси серке адамдардың көңіл – күйін, ой- арманын, үмітін, ұмтылы-сын, зәрулігін қай сәтте болмасын мүлтіксіз сезініп отыруы керек. Ол басқаларға жақын жолдасындай қарап, халықтың мұқтаждығын қанағат-тандырарлықтай қамқоршыл болса, қалың жұрт оны шексіз сенімге бөлейді.

Нағыз саяси серке шиеленіс, кикілжіңдерді дер кезінде түсіне біліп, өрістетпей, уақытында жоя білуімен сипаталады. Одан да жақсысы саяси дау- жанжалдардың алдын- ала білгені жөн. Саяси тәжірибеде дау- дамайға қатысушылардың өзін- өзі ұстауының бірқатар дәстүрлі түрлері бар. Оған шегіну, бәсекелесті таптап, басып тастау, ымыраға келу жатады.

Нағыз серке осының бәрін есепке алады. Ол шиеленісті шешудің ең қолайлы тәсілі- оған қатысушылардың қай жағы болмасын ұтыста бола-тындай жағдайды іздестіру керектігіне олардың көздерін жеткізе білуде. Ол үшін жетекші саяси кикілжіңге қатысушылардың назарын тек өзінің ғана емес, сонымен қатар басқаның да пайдасын ойлайтындай жағдай тудырады. Тіпті, қиын жағдай болса ол, тым болмаса, саяси тепе- теңдікті сақтауға тырысады.

Қоғамдық процесті басқаруға қатысушылардың бәрі бір- біріне ба-рынша қатал, сын көзбен қарайды. Бірақ одан орынсыз күдік, шүбәлану немесе қызғаншақтық тумауы тиіс. Әлемдік тәжірибеде саясаттың қайсы-бір субъектісі болмасын қоғамдық- саяси қажеттілігі, пайдалылығы бар деген ұғым бар. Әрбір субъект , қандай ресми тұлға не топ болсын, егер оның іс- әрекеті заңға сәйкес келмегендігі немесе қоғамға зиян келтіре-тінде құзіретсіздігі дәлелденбесе, саяси қызметке еркін араласа алады.

Серкенің рөлі әсіресе өзгерісті дәуір, өтпелі кезінде зор болады. Мұндай жағдайда оған нақтылы мақсаттарды дұрыс түсініп, жылдам шешім қабылдауға тура келеді. Сонысымен көзге түседі.

Саяси серкеге қандай қызметтер лайықты? Олардың ішінде негізгілері мыналар: белгілі бір топтың көзқарастарын ескеру, білдіру және қорғау; қоғамның мүддесін өзінен жоғары қою; іс- әрекеттерді ұйымдастыра білу; білімділік; көрегендік; шешендік; саяси мәдениеттілігі, әдептілік, әзіл- оспақты түсіне білуі; өзіне назар аудара білушілік және т.б.

Сонымен қатар әр түрлі дәуір, әлеуметтік топтар мен таптар әр түрлі қасиеттер бар жетекшілерді қалайды. Айталық, футбол командасының капитанына бір қасиеттер жарасса, ғылыми ұжымды басқаруға олар ыңғайсыз болуы мүмкін, ал саяси ұйымдарға жетекшілік етуге үшінші қасиеттер қажет болады.

Саяси қайраткерлердің мәртебесі (статус) бірдей болғанмен, олар өз рөлін әр түрлі түсінуі мүмкін. Біреулері шын мәніндегі саяси серке болса, біразы соларға ұқсампаз болады.

Ұқсампаздар өзінен артық, ақылдырақ біреудің рөлін ойнайды. Ондай саяси қайраткерлер ең алдымен қалай да жұртқа ұнау, қам жейді. Ол халық арасында кең тараған ой- пікірлерді жылдам қағып алады, оның ойынан сөзі жүйрік келеді. Мұндай адамды көбіне популист деп атайды. Ол күрделі мәселелрді сырттай қарағанда тартымды ұрандармен түсін-діруге тырысады. Әдетте, өз бағдарламасына тоқталмай, қарсы жақты, саяси бәсекелесін аяусыз сынайды. Сайлау алдында орындалу, орындалмауына қарамай уәде бергіш келеді.

Саяси серкелікті сөз еткенде қоғамның қозғаушы күшіне тоқталмауға болмайды. Көптеген шетелдердің ғалымдары ондай күшке ұлы тұлғаларды жатқызады. Мысалы, Американың фәлсафашысы Дж. Дьюи: «Қоғам өзі-нің дамуында ұлы көсемдерден серпін, қозғаушы күш алып, бір сатыдан екінші сатыға көтеріледі. Сондықтан ол кездейсоқ себептерге байланысты дамиды» деп пайымдайды. Сол елдің фәлсафашысы Синди Хук «Тарих-тағы батыр» деген еңбегінде тарих ұлы адамдардың еңбегінің нәтижесінде дамиды және оған тек серкелер ғана әсер ете алады деп есептейді. Фрейд батырға табыну жастық шақтан қалыптасады деген болатын. Хук соның сөзін қайталап, бала ең алдымен ата- анасынан, одан соң мұғалім немесе қойған сұрақтарына жауап беретін басқа адамнан тәуелді келеді. Сондықтан тобыр өзін бастайтын көсемді іздейді. Ол отбасында әке қандай рөл атқарады деп тұжырымдайды.

Шетелдерде бұған жақын «элиталар» теориясы бар. Ол жөнінде біз бұрынырақ cөз еткеміз.

Марксистер тарихтың қозғаушы күші халық дейді. Шын мәнінде, ұлы тұлғалар белгілі жағдайда шешуші рөл атқаратынын жоққа шығаруға болмайды. Сонымен қатар ол объективтік жағдайды өз бетімен қалай болса солай өзгерте алмайды.

Ұлы тұлғаларды шексіз дәріптеу жеке басқа табынуға әкеліп соқ-тырады. Ол азаматтардың демократиялық құқықтары тапталған елдерде дамиды. Тарих көрсеткендей, қандай башы болмасын оның ақыл- ойы миллиондаған адамдардың тәжірибесіне жетпейді.

Жеке басқа табыну көбіне бірпартиялық әкімшілік кезінде бірқатар социалистік елдерде етек алды. Мысалы, оларға жататындар: Сталин, Мао-Цзе-Дун, Ким- Ир- Сен, Броз Тито, Энвер Ходжа және т.б. Жеке басқа табынушылық тумауы үшін демократияны барынша дамыту, адамзаттық, құқықтық мемллекетті орнату қажет.



4.Бақылау сұрақтары:
1. «Элита» терминінің мәні?

2. Саясаттануға элита терминін енгізген кім?

3. Саяси элиталарды қалыптастырудың түрлері?

4. Қазақстандағы элитаның қалыптасуы?

5. Аймақтың элитаға кімдер жатады?

6. Саяси жетекші дегеніміз кімдер?

7. Ұқсампаздар дегеніміз кімдер?
5.Студенттің үй тапсырмасы:

Конспект


6.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

Сұрақтарға жауап беру

Тест

Глоссарий



7.СӨЖ тапсырмасы: Саяси жетекші концепциялары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет