Гуманитарлық білім” факультеті «География және қоғамдық пәндер» кафедрасы



бет3/30
Дата14.06.2016
өлшемі1.76 Mb.
#136023
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

ОБСӨЖ №3





  1. Сабақтың тақырыбы: Орта ғасыр ойшылдарының саяси еңбектері мен идеялары.




  1. Сабақтың жоспары:

1. Авреллий Августин және Фома Аквинскийдің еңбектері.

2. Қайта өрлеу дәуірі Н.Макиавелли саяси ілім тарихы дамуына қосқан үлесі.

3. Гуго Гроцкий және Томас Гоббс еңбектері.




  1. Теориялық мәліметтер:

1. Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (V-XVI ғасырлар). Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан Діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негіді болды.

Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік- католиктік шіркеудің, папалықтың және ақсүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің негізгі мәселелерінің бірі болды.

Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен он жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай аброй, беделді берген құдай. Сондықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп уағыздады. Бұған ақ- сүйектер көнгісі келмей, билікті өз қолдарында ұстағысы кеді.

Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары «Құдай қаласы туралы» деген еңбегінде баяндалған.

Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деп. Санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, Яни ол өз бетімен (күнәһар болып) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп. Екі түрге бөлді. Бұл топтарды рәміз ретінде екі қала деп. Атайды. Біріншісі, болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құратын, екіншісін, Жан- шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың екі қоғамы деп түсіндірді.

Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) болды. Оның саяси көзқарастары «Билеушілердің басқаруы туралы», «Теологияның жиынтығы» деген еңбектерінде қаралды.

Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты- « ортақ игілікке» жету адамдарға лайықты, ақылға сиымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық- сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс.

Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс.

Осыған ұқсас саяси көзқарас мұсылман дінінде де орын алды. Ислам саяси билік дін басыларының қолында болуын көздеді. Құранның талабы бойынша қай мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс.

Алғашқы исламның үйретуінше Діни билік те, ақсүйектік билік те пайғамбардың орынбасарлары- халифтарға көшуге тиіс. Басында солай болды да. Тіпті, мемлекет мүлкі де құдайдікі деп есептелді. Бірақ 945 жылдан бастап имамдар негізінен діни беделен шектеліп нағыз билік ақсүйек – сұлтандарға ауысты.

XX ғасырда феодализм ыдырап, капиталистік қатынастар пайда бола бастады. Жас буржуазияны жақтаушылар католик шіркеуінің озбырлығына, оның діни қатқан қағидаларына қарсы шығып, адам құқығын, ар – намысын қорғауға шақырды. Бұл дүниедегі қызықтан бас тартуды уағыздайтын католик көзқарастарына ақыл мен тәжірибенің құдіретіне сенуді қарсы қойды. Адам мәселесі, оның мемлекетпен арақатынасы саяси ілімде маңызды орын алады. Қоғамдық санада бұл бағыт «гуманизм» деп аталады. Жаңа буржуазиялық идеологияны жасау үшін антикалық дәуірдің үлгілерін, идеалын пайдаланған-дықтан, бұл бағытты Қайта өрлеу деп те атайды. Алдыңғы қатарлы оқымыстылар шіркеу мекемелерін сол кездегі феодализмге, католик дініне қарсы бағытталған әлеуметтік- саяси қозғалыс – реформацияның тұрғысынан сынға алынды. Олардың талабы ертедегі христиан дініне сәйкес шіркеуді өзгерту және демократияландыру болды. Сонымен қатар гуманистердің көпшілігі халыққа сенбеді, бұқараның революцияшылдығынан қорықты. Осының бәрі гуманистер көзқарасында қарама- қайшылықтар тудырды. Мұны біз олардың еңбектерінен де көреміз.

2. Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы Николо Макиавелли (1469-1527) болды. Оның атақты шығарма-лары «Патша»,»ТитЛивийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар»,» Флоренцияның тарихы».

Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды.Шындықтың белгісі сенім емес, тәжіриббе деп білді. Ол мемлекет деген атауды ғылымға, әдебиетке бірінші боп кіргізді. Мемлекетті билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың қарым- қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады. Мелекет ерікті болса ғана қуатты, абройлы бола алады. Патша рақымсыз, сараң опасыз, қаһар облмай қайырымды адал, қамқоршыл мырза болуға тырысуы керек. Бірақ елдің бірлігі мен қол қол астындағы адамдардың берілгендігіне келгенде, Макиавелли әділдік пен адамгершілік емес, алға қойған саяси мақсат тұғысынан қарады. Ол мақсатқа жету үшін амал айланың қай түрін болса да қолдануға кеңес берді. Мемлекеттің басын қосып, жаңарту үшін сөзге түсінбейтін кертартпалармен күресте жауыздық пен күшті пайдалануға болады. Қаталдық өзіңе бағыныштылардың пайдасы үшін бір- ақ реет қолда-нылуы керек. Бірақ Макиавеллидің бұл ескертпесі көп жағдайда еске алынбай, « мақсат әдіс, тәсілді ақтайды» деген қағида кейін макиавеллизм деген атпен тарап кетті. Қайбір жауыз патшалар Макиавелли де қаталдықты қолдаған деп, өздерінің қара ниеттерін ақтағылары келеді.



3. Табиғи құқық мектебінің ірі теоретигі нидерланд ғалымы Гуго Гроций /1585-1645 ж.ж/ “Соғыс пен бейбітшілік туралы құқық. Үш кітап” /1625ж./ атты трактатында халықаралық құқықтың өзекті мәселелерін шешу мақсатын қойды.

Соғыс пен бейбітшіліктің теориялық мәселелерін шешу құқық ,әділеттілік,

олардың көздері,өмір сүру формасы, зерттеу әдістері сияқты жалпы мәселелерді қарастыруды қажет етті.Нәтижесінде Г.Гроций жаңа метадологияға негізделген құқық пен мемлеекттің жалпы мәселелерін тиімді шешуші саяси-құқықтық доктринаны қалыптастырады. Оның ілімінің бастама бөлімі-- адам табиғаты, адамның әлеуметтік сапасы.

Г.Гроций пікірінше “табиғи жағдай” бір кездерде болған, онда мемлекет те, жеке меншік те болмаған. Адамзаттың дамуы,алғашқы қарапайымдылығын жоғалтуы, адамдардың қарым-қатынасқа талпынуы, ақылмен басқаруға деген қабілеті мемлекетті құруда келісімге келуге итермеледі.Бұл мемлекет шығуының қоғамдық келісім теориясы еді. Г.Гроций “мемлекет дегеніміз құқық дегеніміз құқық пен ортақ игілікті сақтау үшін құрылған, жетілген адамдар одағы” -деп анықтама берді.Оның пікірі бойынша мемлекеттің белгісі жоғарғы билік, атрибуты-заң шығару, сот , лауазымды қызметке тағайындау, салық жинау, соғыс және бейбітшілік мәселерін талдау,халықаралық келісімге келу.



Томас Гоббс /1588-1679 ж.ж./ еңбектері “Левиафан немесе материя, діні және азаматтық мемлекеттің пішімі мен билігі» (1651) атты кітап жазған, “Азамат жөнінде “(1642), “Дене туралы” (1655), “Адам туралы”(1658).

Мемлекет пен құқық туралы ілімді Т.Гоббс геометрия сияқты тиянақты

ғылымға айналдыруға тырысты. Ол өз ілімін адам табиғаты мен құмарлығы

туралы ойлары писсимистік болды. Адамға бақталастық , даңқ, құмарлық, сенімсіздік тән. Бұл құмарлықтар адамдарды жауластырады,”барлығының барлығына соғыс жағдайын” тудырады.Бұл адамдарды табиғи жағдайды қысқарту жолын іздестіруге итермелейді, соңында табиғи құқықтан бас тарту адамдарды мемлеектке әкеледі. Т.Гобс мемлеекттің үш формасын монархия, демократия,аристократияны атайды, олардың ішінен шексіз монархияны

қолдайды.

XVII-XVIII ғасырлардағы саяси ойлардың дамуын талдағанда оның бір зор биік жетістігін айтпай қалуға болмайды. Ол-адамзаттық қоғам жайлы ойлар. Бұл түсінік XVII ғасырда Г. Гроцкийдің, Т.Гоббстың, Дж. Локктың еңбектерінде кездессе, оны XVIII ғасырда Руссо, Монтескье, Гумбольдт сияқты ойшылдар әрі дамытып, адамзаттық қоғамның мемлекеттен айырма-шылығын кеңінен анықтады.

Ағартушы дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі Томас Гоббс (5.04.1588, Ұлыбритания, Малисбери-4.12.1679, Хардуик)-ағылшын философы.

Т. Гоббс зайырлы мемлекеттің жоғарғы билігі мен тәуелсіздігі туралы идеяны негіздей отырып, Англиядағы монархияны қалпына келтіруді қуаттады. Мемлекеттік биліктің үш түін ғана мойындап, әсіресе, монархиялық өкіметке іш тартты.

Әйтсе де, король билігі құдайдың шапағатынан нәр алғандығы туралы теорияны теріске шығарды. Король билігінің қайнар бастауы қоғамдық келісім болуға тиіс деп пайымдады.

Т. Гоббс мемлекет- үлкен механизм, жүйе, адамдардың құмарлығының қозғалысы мен қақтығысының нәтижесінде құрылған.

Т. Гоббс бойынша «Адам адамға қасқыр». Сондықтан жаппай соғысудың табиғи жайынан шығу үшін қоғамдық келісім шарт қажет. Адамдардың жаңа өзара қатынасының формасы мемлекет. Бұл бірінші табиғи заң. Екінші- келісімді сақтау қажет, қарапайымдылық көрсету керек, өткендегі өкпені кешіру қажет, басқаларға құрметпен қарауға тиіс. Үшінші заң- мороль заңдары. Олар- мәңгілік, өзгермейді. Гоббс мемлекеттік билікке сөзсіз бағыну қажет деп санайды.

Т.Гоббс абсолиттізмді жақтайды. Ол жоғарғы билік жеке адамның (монархия) қолында, аздаған таңдамалылардың ( аристократия) иелігінде болуға тиіс деп санады, демократияны ұйымдастыру мүмкін деді. Бірақ барлық жағдайда толық билік жеке адамның немесе органның қолында болуы керек.

Т. Гоббстың еңбектерінде бостандық ұғымы заңмен тыйым салынбаған нәрсенің бәрін істеуге еріктілік ретінде түсіндіріледі.

Заңдардың мақсаты- кез келген іс- әрекетті тежеу емес, оған дұрыс бағыт- бағдар беру дейді. Т. Гоббстың ілімі өзінен кейінгі философиялық және социологиялық ой- пікірлердің жүйелі түрде дамуына әсерін тигізді.




  1. Бақылау сұрақтары:

1. Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны?

2. Орта ғасырда христиан дініне көп еңбек сіңірген философ?

3. Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах?

4.Алғашқы исламның үйретуінше діни билік те, ақсүйектік билік те кімдерге көшу керек деді?

5. Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі бурзуазиялық саяси ғылымның негізін салушы?

6. Табиғи құқық мектебінің ірі теоретигі Нидерланд ғалымы Гуго Гроций қандай мәселелерді шешуге әрекеттенді?

7.Томас Гоббс мемлекет пен құқық туралы ілімді қандай ғылымға айналдыруға тырысты?


  1. Студентің үй тапсырмасы:

Конспект

  1. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

Сұрақтарға жауап беру

Тест

Глоссарий


7.СӨЖ тапсырмасы: Қ.Р. биліктің тармақтарға бөлінуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет