Гуманитарлық пәндер



бет11/58
Дата07.09.2023
өлшемі149.36 Kb.
#476851
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58
Силлабус Балалар әдебиеті

Бекіту сұрақтары:

  1. Тұрмыс-салт жырлары, олардың түрлері, ерекшелігі.

  2. Әр жылдарда осы ұғымға басқа да терминдер

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Т.Ақшолақов. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. -Алматы, 2014«Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы » сериялар жинағы. 30 том.
2.Қазақ балалар әдебиетінің қазынасы. Көп томдық..-Алматы,2013.
3.Әлем балалар әдебиеті. 50 томдық. –Алматы,2014.
4.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы(ХІХ ғасыр басындағы әдебиет).2-кітап.2014.
5.Қазақ әдебиетінің тарихы. 8- том. Кеңес дәуірі (1941-1956). Құраст:Қирабаев С. –Алматы,2014.
4 Дәріс Шешендік сөздер туралы ұғым, түрлері. Халық даналығындағы ұтқыр ой мен тапқырлықтың үлгілері.
Батырлар жыры туралы түсінік. Жырдың тақырыбы, азаттық және бостандық идеясы, қаһармандық сипаты, елжандылық мәні. «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Алпамыс» жырларының мазмұны мен көркемдік ерекшеліктері.Батырлық жырлардағы Адам, ат бейнесінің суреттелуі. Айшықтау мен құбылтудың түрлері
Сағат саны-1
Жоспары
1. Шешендік сөздер туралы ұғым, түрлері.
2. Батырлар жыры туралы түсінік
3. «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Алпамыс» жырларының мазмұны мен көркемдік ерекшеліктері
1. Шешендік сөздер туралы ұғым. Қазақтардың шешендік өнерінің алғашқы нұсқалары түркі халықтарының Орхон, Енесей ескерткіштері мен көне жазба мұраларынан табылған. Мұнда Қорқыттың айтқан нақыл сөзі жазылған. Көне жазба мұраларында М.Қашқари, Баласағұни А.Иүгники, С.Сараий, Құтып, А.Хорезм айтқан даналық сөздер табылған. Шешендік өнердің бастауымен даму кезеңдері 7 жарғы заңына байланысты. 7 жарғы заңы Салон заңымен ұқсас. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің бәрінде де көркем айшықталған тіл өрнектері аса мол. Шешендік сөздерді халық әдетте белгілі бір аяулы аруының, ардагер асыл азаматтың есімдерімен қабыстыра қозғайды. Олардың санатына Жиреншеден бастап тарихқа танымал ұлы жүздің атақты Төле биін, орта жүздің қаз дауысты Қазыбек биін, Кіші жүздің Әйтеке биі мен бертіндегі Сырым батырын қосып, сол есімдерге байланысты өнегелі сөздерді шарапатты дұға есебінде ұсынады. Шешендік сөздер терең мағыналы, тіл өнегелі қисынды, ой ұшқырлығымен шешендікті дәріптейтін дуалы сөз үлгілері ғана емес, халық даналығының дүниетанымдық тәлім-тәрбиелік, мән-маңызы өлшеулі асыл қазынасы болып табылады.
Шешендік өнер 5 кезеңге бөлінеді:
1.Майқы би мен Аяз биден басталады.12-13 ғасыр.
2. Асан Қайғы мен Жиреншенің кезеңі.14-16 ғасыр.
Осы екі дәуірдің шешендерін «Ел құрасқан шешендер» деп атайды.
3.17-18 ғасыр «Ел қорғасқан шешендер» Төле би, Әйтеке, Қазыбек бидің уақытын атайды.
4.18 ғасыр Хан сұлтандарға қарсы шешен Байдалы, Әз Жәнібек, Тіленші би, Шалқар би, Тарақты Тұяқ.
5.19 ғасыр би, болыстарға қарсы шешен Махамбет, Бала би, Тұрысбол, Сырым батыр шешендіктері.
Қазақ шешендік өнерінің тарихы тым әріге кетсе де оны теориялық тұрғыдан толық зерттеу А.Байтұрсынұлынан басталады. Кезінде Ш.Уәлиханов, С.Сейфуллин, М.Әуезовтер шешендік сөздерді жинастырып, билер сөзінің тәрбиелік мәнін, философиялық сипатын, билердің қоғамдағы орнын түсіндіріп берді. Кейін Ә.Мәметова, Б.Адамбаев билер шешендігін арнайы тақырып етіп алып, кандидаттық диссертациясын қорғады. Бұл еңбектерде шешендік өнер бір ғана кезең, яғни ХYІІ – ХІХ ғасырлар арасын қамтиды да, осы кезеңде өмір сүрген билердің шешендік сөздері тарихи әлеуметтік мәні, тақырыптық мазмұны жағынан талданады.
Өз кезінде жырау-шешендер, би-шешендер, ақын-шешендер артына ғибратты сөздер қалдырғанымен, шешендік сөздерді теориялық жағынан тұжырымдаған жоқ.
Ал А.Байтұрсынұлы зерттеулері – қазақ шешендік сөзінің сипаты мен түрлері, тілдік көркемдік белгілері туралы жазылған алғашқы еңбек. 1926 жылы жарық көрген «Әдебиет танытқыш» деген еңбегінде шешендік өнерді сөз өнеріне жатқызып, сөз өнерінің ішкі және тысқы қалпын теориялық жағынан толық негіздеп береді.
Гректер мен римдіктер «өнердің патшасы» ретінде санаған шешендік өнердің қазақ елінде де қасиеті саналғанын түсінген ғалым қазақ шешендік сөздерін зерттеп зерделеуде де алғашқы болады. «Әдебиет танытқыш» деген еңбегінде ол өнердің түрлі-түрлі болатындығын, солардың ішіндегі ең алды сөз өнері екендігін «Өнер алды – қызыл тіл» деген халық мақалымен растады. Бұл мақалды шығарған қазақтың сөз баққан, сөз күйттеген, сөз қадірін білген халық болғандығын айтты. Сөз өнерінен жасалып шығатын нәрсенің жалпы атын «шығарма сөз» деп атады да, ғалым шығарманың мазмұнына қарай үш түрге: әуезе, әліптеме, байымдамаға бөлінетіндігіне тоқталады. Болған оқиғаны бастан аяқ болған түрінде, ретінше мезгілін, мекенін көрсете мазмұндап, мағлұмат беру-әуезе болады. Бір нәрсенің тұрпатын реттеп айтып, әлібін суреттеп шығару - әліптеме болады. Көсем сөзбен жазылған шығарма бір пікірді қуаттап, толықтырып баяндаса, баяндауын түрлі сипаттармен дәлелдесе, ондай шығарма байымдама деп аталады. Сондықтан шығарманың асылы – байымдама дей келіп, оларды негізгі белгілеріне қарап бірнеше түрге бөледі де, шешен сөз бен көсем сөзді байымдауға жатқызады. Шешендік сөздің байымдамасы басқа түрлерінен өзгешелігі – шешен сөзде айтушының мақсаты баяндап, сипаттап түсіндірумен қоймай, пікіріне нандыру, сендіру, ұйыту, бұйыту, иман келтіру екендігін айтады. «Оны істеу үшін, - дейді А.Байтұрсынұлы, - шешендер жай байымдаушыларша айтқан сөзі адамның ақылына қону жағын ғана көздемейді. Сөз қанға, жанға әсер етіп, арбау сияқты адамның ойын да, бойын да балқытып, билеп алып кетуге ыждағат етеді. Сондықтан шешен сөздің «қыздырма» яки «қоздырма» деген айрықша бөлімі болады. Оның қызметі – адамның жүрегін билеп, жүйесін босату, қанын қыздыру, намысын келтіру, арқасын қоздыру. А.Байтұрсынұлының шешендік сөзге берген осы анықтамасын әлемдік дәрежеге көтерілген әйгілі шешендердің берген анықтамаларымен салыстырғанда, пікір ортақтығымен үндестікті табуға болады.
Мәселен, көне Грецияның атақты шешені Демосфеннің айтуы бойынша, шешеннің міндеті: 1) түсіндіру; 2) ояту; 3) ләззатқа бөлеу болса. А.Ф.Кони «Сот және саясат тақырыптарындағы шешендік» деген шығармасында: «Шешендік дегеніміз – тыңдаушылардың жан-сезім әлемін сөзінің әдемілігімен, образдарының жарқындығымен, нақыл, ғибрат сөздердің ұшқырлығымен толқытатын, баурайтын өнер, өзгеше қабілет, тума қасиет», - деп жазған.
А.Байтұрсынұлы да өзге ғұламалар тәрізді шешендік сөздің құрылымын белгілеп береді. Ежелгі Рим дүниесіндегі шешендіктің теоретигі Цицерон нені айтуды білу үшін, шешендік сөздің құрылым жағынан үш бөліктен тұратынын білу керек, олар: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды екенін нұсқаса, А. Байтұрсынұлы: «Шешен сөздің зор мүшелері бесеу: 1.Бастамасы. 2. Ұсынбасы. 3. Мазмұндамасы. 4. Қыздырмасы. 5. Қорытпасы» - дейді. Ұлы ғалым әр бөліктің айтылу мақсатына қарай қажетті атауларды таңдап қоя білген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет