Бекіту сұрақтары:
Балалар әдебиетінің пайда болу кезеңдері
Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің айырмашылығы
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Т.Ақшолақов. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. -Алматы, 2014«Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы » сериялар жинағы. 30 том.
2. Қазақ балалар әдебиетінің қазынасы. Көп томдық..-Алматы,2013.
3.Әлем балалар әдебиеті. 50 томдық. –Алматы,2014.
4.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы(ХІХ ғасыр басындағы әдебиет).2-кітап.2014.
5.Қазақ әдебиетінің тарихы. 8- том. Кеңес дәуірі (1941-1956). Құраст:Қирабаев С. –Алматы,2014.
2 Дәріс Халық ауыз әдебиеті. Халық ауыз әдебиетінің балалар әдебиетінен алатын орны. Балалар ауыз әдебиетінің көркемдік ерекшеліктері.
Сағат саны-1
Жоспары
1. Халық ауыз әдебиеті
2. Халық ауыз әдебиетінің балалар әдебиетінен алатын орны.
3. Балалар ауыз әдебиетінің көркемдік ерекшеліктері
1. Ауыз әдебиеті туралы жалпы түсінік. Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бірі –халықтың ауыз әдебиеті.
Ауыз әдебиетін фольклор деп атайды. Фольклор –ағылшын сөзі. Ол халықтың творчествосы, халықтың ауызша тудырған көркем шығармасы,халық даналығы деген ұғымды бередіФольклор дүние жүзі халықтарының бәрінде бар. Ал халықтың ауыз әдебиетін зерттейтін ғылымды фольклористика деп атайды.
Қазақ ауыз әдебиетінің зерттелуін М.Ғабдуллин «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» еңбегінде былай деп көрсетеді: «Советтік дәуірдегі қазақ фольклористикасының қалыптасу, даму, өсу жолын шартты түрде үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Бірінші кезең -20-30 жылдар арасы.
Екінші кезең – соғыс жылдары.
Үшінші кезең – Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдар».
Академик М.Әуезов адамзат мәдениетінің алтын қорына дүние жүзі халықтарының қосқан өзіндік үлесін сөз ете келе: «Гректер атақты храмдарын, египеттіктер пирамидаларын, қытайлықтар фарфор бұйымдары мен мәрмәр тастан жасалған адам мүсіндерін, италияндықтар әсем әуенді музыкалық шығармаларын, француздар сәулет өнерін үлгі етсе, көшпелі қазақ елі аса бай өлең-жыр мұрасын қалдырды. Сондықтан да біздің қазақ даласын зерттеуші Европа, орыс ғалымдары жыршы халық, ақын халық деп текке айтпаған».
Достарыңызбен бөлісу: |