5-БОӨЖ тапсырмалары Ұйқас және оның түрлерінің қолданылуы.
Сағат саны-1
Әдістемелік нұсқау: Берілген ұйқастарын пайдаланып, өлеңдер құрастырыңыз.
Мына өлең ұйқастарын пайдаланып,өлең құрастырып көріңіз.
Ұйқастар: жабысқан-жарысқан,тұрған жайнап-өрттей қаулап, тұр түйіп-үрпиіп.
Ескерту:Бұл ұйқастар өлең соңында тұру керек.
Мынадай ойынды да ұсынып,өлең құрастыруға болады. Ойын аты-«Лимерик». Ол ойынды ойлап тапқан Эдварл Лир деген ағылшын. Ойын шарты: белгілі бір құрылысқа бағынатын сайқымазақ,күлдіргі өлең шығару. Ол құрылыс бойынша өлең бес тармақтан тұруы шарт. Сонымен бірге әр тармақтың мазмұнына сілтеме беріледі. Айталық, бірінші тармақ-кейіпкер, екінші тармақ-кейіпкерге мінездеме,үшінші, төртінші тармақ-қимыл-әрекет, оқиға, бесінші тармақ-оқиғаның салдары немесе автордың сол кейіпкердің іс-әректіне бағасы.
Болыпты бір пенде --------- кейіпкер
Өзі аңғал,әпенді -------------- мінездеме
Түбі тесік шелекпен
Су тасыпты ұзақ күн оқиға
Әй,жарымас әпенде! -------------- Автордың көзқарасы
Әдебиет:
Қирабаев С.Шындық және шығарма.-Алматы,2014
«Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы» сериялы жинақтар. 30 том.2014-2015.
Рахметова С., Әбдікәрімова Т., Қабатаева Б. Ана тілі. Жалпы орта мектептің 3-4- сыныптарына арналған оқулық. -Астана, 2018.
Айтжанова Қ. Қазақ әдебиетін оқытудың әдіснамасы. –Алматы
6-БОӨЖ тапсырмалары Мектеп оқушыларына арналған драмалық шығармалар.
Сағат саны-1
Әдістемелік нұсқау: Конспект материалды толық оқып шығуынан кейін жасалатын жазба жұмыс. Ол мәтіннен қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін алу. Автордың негізгі ойлары конспект жасауда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын тиімді қамти алуын көздейді. Конспект жасағанда мәтіннің беттері көрсетілуі тиіс..
Әдебиет:
Қирабаев С.Шындық және шығарма.-Алматы,2014
«Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы» сериялы жинақтар. 30 том.2014-2015.
Рахметова С., Әбдікәрімова Т., Қабатаева Б. Ана тілі. Жалпы орта мектептің 3-4- сыныптарына арналған оқулық. -Астана, 2018.
Айтжанова Қ. Қазақ әдебиетін оқытудың әдіснамасы. –Алматы
Достарыңызбен бөлісу: |