4 – тапсырма. Н.Ақышевтің «Ертегілер» шығармаларына ұқсастыра отырып өз ойыңыздан шағын ертегі құрастырыңыз. Шығарма композициясын сақтауды естен шығармаңыз.
Әдебиет:
Қирабаев С.Шындық және шығарма.-Алматы,2014
«Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы» сериялы жинақтар. 30 том.2014-2015.
Рахметова С., Әбдікәрімова Т., Қабатаева Б. Ана тілі. Жалпы орта мектептің 3-4- сыныптарына арналған оқулық. -Астана, 2018.
Айтжанова Қ. Қазақ әдебиетін оқытудың әдіснамасы. –Алматы
8-БОӨЖ тапсырмалары Балалар әдебиетіндегі поэзия жанрының дамуы.
Сағат саны-1
Әдістемелік нұсқау: Конспект материалды толық оқып шығуынан кейін жасалатын жазба жұмыс. Ол мәтіннен қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін алу. Автордың негізгі ойлары конспект жасауда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын тиімді қамти алуын көздейді. Конспект жасағанда мәтіннің беттері көрсетілуі тиіс.
1-тапсырма: С.Дөнентаевтың «Көркемтай» әңгімесін оқып, төмендегі сұрау-тапсырмаларға жауап қайтарыңыз.
1. Әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер және оларды қалай топтастыруға болады?
2. Әңгіменің суреттеумен жазылған үзіндісін тауып, белгеле.
3. Кейіпкерлер сөзіне көңіл бөліп, жазушының сөз қолданысын байқаныз және шығарманы қалай оқу керектігін ойлан.
4. Бұл шығармадан әңгіме жанрна қатысты нендей белгілерді байқадыңыз?
5. С.Дөнентаевтың осы шығармасы М.Әуезовтың «Жетім» әңгімесімен салыстырыңыз (Талдауда әр жазушының суреткерлік даралығын, өзіндік сөз сапасын, бір-бірінен стильдік айырмашылығын ескеру керек.) Оқылған шығармаға аннотация жасаңыз.
2-тапсырма. «Көркемтай» әңгімесіне жай және күрделі жоспар құрыңыз. Көркемтайға мінездеме беріңіз.
3-тапсырма.С.Торайғыровтың әр түрлі жанрдағы шығармаларын оқып, төмендегі кестені толтырыңыз. Бір өлеңнен жаттаңыз.
№
|
Шығарманың аты
|
жанры
|
Тәрбиелік мәні
|
Троп түрлері
|
Фигура түрлері
|
|
|
|
|
|
|
Әдебиет:
Қирабаев С.Шындық және шығарма.-Алматы,2014
«Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы» сериялы жинақтар. 30 том.2014-2015.
Рахметова С., Әбдікәрімова Т., Қабатаева Б. Ана тілі. Жалпы орта мектептің 3-4- сыныптарына арналған оқулық. -Астана, 2018.
Айтжанова Қ. Қазақ әдебиетін оқытудың әдіснамасы. –Алматы
Достарыңызбен бөлісу: |