Гуманитарлық пәндер



бет4/58
Дата07.09.2023
өлшемі149.36 Kb.
#476851
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Силлабус Балалар әдебиеті

Барлығы:




15







БӨЖ

1

Көркем шығарманың сюжеті мен композициясы.

конспект

4

1 апта

2 апта

2

Шығарма тақырыбы мен идеясы.

конспект

4

2 апта

3 апта

3

Шығармадағы құбылту мен айшықтаудың түрлері.

Конспект

4

3 апта

4 апта

4

Ұйқас және оның түрлерін ажырату.

Ұйқас және оның түрлерін ажырату

4

4 апта

5 апта

5

Балалар ауыз әдебиетінің түрлері, көркемдік ерекшеліктері.

Баяндама

4

5 апта

6 апта

6

Ертегілер мен аңыздар.

Конспект

4

6 апта

7 апта

7

Әдебиеттік ертегі құрастыру.

Мәнжазба

4

7 апта

8 апта

8

Өлең құрылысы және айтыс түрлері.

Конспект

4

8 апта

9 апта

9

Ы.Алтынсаринның әңгімелері мен өлеңдерінің тақырыбы, тәрбиелік мәні.

Конспект

4

9 апта

10 апта

10

Б.Майлин – қазақ әңгіме шебері.

Мәнжазба

4

10 апта

11 апта

11

Б.Бұлқышевтың публицистикалық шығармалары.

Баяндама

4

11 апта

12 апта

12

М.Әлімбаевтың балаларға арналған жинақтары

Баяндама

4

12 апта

13 апта

13

Қазіргі қазақ балалар поэзиясының ақындары.

Конспект

4

13 апта

14 апта

14

Әлем халықтары балалар әдебиеті.

Конспект



4

14 апта

15 апта

15

Әдебиеттік ертегі құрастыру.

Конспект

4

15 апта

15 апта










60







7. ПӘНДІ ӨТКІЗУ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР:
Оқу сабақтарында (дәріс, семинар, зертханалық сабақтар) қолданылатын әдіс-тәсілдер (мысалы интерактивті дискуссия, тренинг, ақпараттық-білім беру ресурстары және т.б.) және оқу процесін ұйымдастыру мен сүйемелдеудің ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялары немесе бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған техникалық талаптар көрсетілуі тиіс, мысалы виртуалды зертханалар, ZOOM, YouTube және т.б. ). Ноутбуктің немесе компьютердің қол жетімділігі: Core i3 (немесе баламасы), 4 Гбайт жедел жады, веб-камералар, Интернетке қосылу жылдамдығы 4 мб / с


8. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
8.1 Дәрістер
1 Дәріс Балалар әдебиеті туралы жалпы түсінік. Балалар әдебиетінің пайда болуы, даму қызметі, қалыптасу кезеңдері, салалары, өзіндік ерекшеліктері
Сағат саны-1
Жоспары
1. Балалар әдебиеті туралы жалпы түсінік
2. Балалар әдебиетінің пайда болуы, даму қызметі, қалыптасу кезеңдері, салалары, өзіндік ерекшеліктері
3. Балалар әдебиеті пәні, міндеттері, ұстанымдары, әдістері
1. Балалар әдебиетінің өсу жолы, тарихы.
Балалар фольклоры – балалар әдебиетінің рухани қазығы.
Балалар әдебиеті – қазақ әдебиеті тарихының өскелең әрі құрамдас бір саласы. Оның өзіндік өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиетпен бірге дамып, толысып келген ол ХІХ ғасырда өз ерекшеліктерімен дербес күйге жетті.
Ш.Ахметов «Қазақ балалар тарихының очеркі» кітабында балалар әдебиетінің бірнеше ерекшелігін атап өтеді.
Біріншіден, балалардың психологиясына зерттеу жасағанда, олардың ойлау, түсіну қабілеттілігі әңгімеленіп отырған оқиғаның, көркем образдың нақтылығын, дәлдігін, әсіресе көрнектілігін, өз өмірінің айналасынан алынып отыруын қажет етеді.
Екіншіден, әңгімеленіп отырған оқиғаның барысында лиризм болуы шарт. Баланың ішкі дүниесіне, ой-санасына бірден әсер ететін күшті де, мағыналы сөздер айтылуы керек. Бала «не деген қорқынышты» немесе «қандай тамаша» деп отыратындай болуы тиіс. Балаларды өмірдің жарқын болашағына қанаттандырып, шарықтатып отыру шарт.
Үшіншіден, балалар әдебиетінде оқиғаны және адам характерін суреттеу өзгешеліктері мен әдістерінің динамикасы ерекше болады. Психологияның дәлелдеуіне қарағанда, балалар алдымен оқиғаның туып отыруына, бұлардың тез өзгеруіне, шешіміне, кейіпкерлер мінездерінің әржақты болуына қызығады. Одан соң оның неден шыққан себептерін іздестіре бастайды.
Төртіншіден, балалар жаратылыстың көркем көріністерін — пейзажды шебер зейнеттеуді ұнатады, оған сүйсіне қарайды, соны өз айналасынан іздейді. Көркем әдебиеттегі жаратылыс суреттері олардың байқағыштық, талғампаздық қабілетін арттыра түседі. Пейзаждық сурет эстетикалық тәрбиенің бір көрінісі.
Бесіншіден, балалар әдебиеті шыгармаларының мазмұны мен идеясы олардың белсенділігін арттырып, өз өмірінің жарқын болашағын танытуға себепкер болуға тиісті. Оларды белгілі мамандыққа, еңбек сүйгіштікке әуестендіре білуі керек.
Әсіресе, балалар әдебиетіне қойылатын талаптар да дәл осындай. Балалар әдебиетінің тілі ойнақы, жеңіл, әрі көркем, әрі қысқа, әрі мейлінше түсінікті, айқын да дәл, әсерлі болып отыруға тиісті. Балалар әдебиетінің тілі олардың сөздік қорын байытуға жәрдемдесетін бірден бір құрал болып табылады.
Балалар әдебиетінің негізі — ауыз әдебиетінде. Сондықтан балалар әдебиетіне зерттеу жасағанда халықтық ауыз әдебиетін аттап өтуге болмайды. Өйткені, халықтың ауыз әдебиеті — балалар әдебиетінің алтын қоры.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет