Гуманитарлық пәндер


Әдебиеттің өз ішінде саралануы



бет6/58
Дата07.09.2023
өлшемі149.36 Kb.
#476851
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Силлабус Балалар әдебиеті

3.Әдебиеттің өз ішінде саралануы. Ш.Ахметов балалар әдебиеті деп мына жайларды атап көрсетеді: «Балалар әдебиеті өз ішінде бірнеше салаға бөлінеді:
1. Мектепке дейінгі балалар әдебиеті.
2.Бастауыш мектеп оқушыларына арналған әдебиет.
3.Орталау мектеп оқушыларына арналған әдебиет.
4.Жоғары сынып оқушыларына арналған әдебиет».
Мектеп жасына дейінгі балалар шын мағынасындағы оқырмандар емес, олар тек тыңдаушылар, көрушілер ғана. Оларға арналған шығармалар, қысқа да ықшам жазылған суретті кітапшалар түрінде беріледі. Бұл жастағы балаларға арналған әдебиет жанры жағынан көбіне жеңіл сюжетке құрылған шағын шығармалар, хайуанаттар жайында жазылған әңгімелер, белгілі оқиғаға не ойын түрлеріне құрылған өлеңдер болып келеді. Бұл жастағы балдырғандарға арналған шығармалардың тақырыбы көбінесе табиғат әлемінен, өзін қоршаған, күнде көріп жүрген оқиғалардан алынады. Тілі жеңіл, сөзі ойнақы келеді. Баланы ойната отырып күлдіру, күлдіре отырып өмірге үйрету жағы көзделеді. Мысалы:
Ал білек, ал білек,
Балбыраған, бал білек.
Аулаң толы мал, білек,
Атқа тоқым сал, білек,
Отан тілін ал, білек
Мал ішіне бар, білек
Жаттап алуға жеңіл. Әсіресе бұл жастағы балаларға өлең сөздер ерекше әсер етеді. Өйткені балалар естігенін жаттап алуға әуес.
Бастауыш сынып оқушылары 6-10 жас аралығында көркем шығармалардың білім берерлік және тәрбиелік мәнін тереңдете түсуді талап етеді. Балаларға қоршаған ортаны, айналаны толығырақ, кеңірек таныту көзделеді. Бұлар едәуір білімді, тәжрибелі. Әдеби кітапшаларды оқи бастайды. Поэзия шығармалары, ертегілермен қатар, енді күлдіргі әңгімелері, қиял-ғажайып шығармалар болады. Қуақы, қызық жазылған, тапқыр ойға құрылған кітаптарды іздеп жүріп оқиды. Бұл жастағыларға өзін қоршаған орта жайлы олардың әр алуан тілектеріне, сұрақтарына жауап беретін әдемі суреттермен нақышталған ғылыми-фантастикалық көркем әдебиеттер болғаны жөн.
Орталау мектеп оқушыларына арналған шығармалар ғылыми-фантастикалық кітаптар мен саяхатшылар жайындағы және шытырманды оқиғаларға толы кітаптарды оқуға құмартады. Ертегілер оқудан сырттай бастайды. Өздеріне өнеге, үлгі тұтарлық заманымыздың ардагер абзал азаматтарын, батырларды, ғалымдарды, мәдениет қайраткерлерінің өмірі жайлы шығармаларды бар ынтасымен оқиды.
Жоғары сынып оқушыларына арналған әдебиет (15-17 жас аралығы, жасөспірімдер) сабаққа пайдалы шығармалар болуы қажет. Мұғалім оларға қандай кітаптарды оқу керектігі жөнінде ақыл береді. Әр оқушының ерекше ұнататын пәні болады. Сол негізде олар мамандық таңдайды. Жасөспірімдер сол мамандығына сәйкес ғалымдар, атақты адамдар немесе ғылыми жаңалықтар туралы жазылған шығармаларды оқуға қызығады. Қазақ балалар әдебиетінде батырлық, ерлік, дәстүр, өнеге тұтатын ұлы өнерпаздар, еңбек ерлері, космос батырлары, ғылым ашқан жаңалықтар – бәрі-бәрі сипатталады.
Қорыта айтқанда, балалар әдебиеті деген не, оның мақсаты қандай? Балалар әдебиеті – жас буынның сана сезімін оятып, ақыл-есін дамытатын, оларды адамгершілік қасиеттерге баулитын өмір құралы. Оның мақсаты – балабақша және мектеп жасына дейінгі 3 жасар баладан бастап, 17 жасқа дейінгі оқушыларға әдеби тілде жазылған жоғары идеялы, қызықты шығармалар беру. Осының барлығы жас буынды саналы өмір сүруге талпынтады. Баланың келешегіне жол ашады, өмірдің жақсы –жаман жақтарын шығармаларды оқу арқылы түсінеді және ажыратады. Оқушының ой-қиялын дамытып, шешен сөйлеуге, саналы ойлауға, дұрыс өмір сүруге, қоғамға пайдалы азамат болып, қажетті пайдалы істерге өз күшін жұмылдыруға тәрбиелейді. «Балалар кітабы тәрбие үшін жазылады, ал тәрбие – ұлы жұмыс: адам тағдыры сол тәрбие арқылы шешіледі»,- дейді В.Г.Белинский.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет