Х. Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру»


Персоналды басқару жүйесін ақпараттық қамтамасыздандырудың кіші



Pdf көрінісі
бет127/132
Дата28.09.2023
өлшемі1.21 Mb.
#478931
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   132
oku kural personald baskar

Персоналды басқару жүйесін ақпараттық қамтамасыздандырудың кіші 
жүйесі-келесі функцияларды орындайды:персоналды есепке алу және статистикалық 
мәліметтер жинау, персоналды басқару жүйесін ақпараттық және техникалық қамтамасыз 
ету,кәсіпорын ақпараттары органдарының жұмысын ұйымдастыру, патенттік-
лицензиялық іс-әрекеттерді жүргізу. 
Персоналды басқару жүйесін құру қағидалары-басқару функцияларын 
орындаудағы жетекшілер негізге алатын ойлар, заңдылықтар, мінез-құлқының тәртібі. 
Персоналды басқару жүйесі негізгі элементтері-басқару аппараттарының 
мамандар тобы, басқару жүйесінің техникалық құралдар кешені, персоналды басқару үшін 
қажетті ақпараттар негізі, еңбекті ұйымдастыру және персоналды басқарудың тәсілдері 
мен әдістемелерінің жиынтығы, құқықтық негізі, персоналды басқару мәселелерін 
шешудегі ақпараттық үрдістегі басқарудың бағдарламалар жиынтығы. 
Персоналды басқару қызметі-әлеуметтік-психологиялық диагностика, топтық 
және жеке адамдардың қарым-қатынастарын, басшылықтың көзқарасын талдау және 
реттеу, өндірістік және әлеуметтік дау-жанжалды және есеңгіруді болдырмауды басқару, 
кадрлар жүйесін ақпараттық қамтамасызандыру, жұмыспен қамтуды басқару, лауазымды 
қызметтерге үміткерлерді іріктеу және бағалау, іскерлік мансапты жоспарлау және 
бақылау, этетика туралы жұмыстарды басқару. 
Персоналды басқару жүйесін құқықтық қамтамасыздандырудың кіші жүйесі-
еңбек қатынастарының құқықтық мәселелерін шешу, персоналды басқару бойынша үкім 
шығаруға және басқа да құжаттарға келісім алу, шаруашылық іс-әрекеттердің құқықтық 
мәселелерін шешу, заң жөніндегі мәселелер бойынша кеңес беру жұмыстарын атқарады. 
Персоналды 
басқару 
жүйесінің 
ұйымдастырушылық 
құрылымы-бұл 
персоналды басқару жүйесі мен лауазымды тұлғалардың өзара байланысқан жиынтығы. 
Персоналды басқарудың мазмұны-кәсіпорынның тиімді әрекет етуі мен ондағы 
жұмыс істейтіндердің жан-жақты дамуын қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыскердің 
еңбек ету сапасын пайдалану үшін жағдай жасау, жоспарлы түрде ұйымдастырылған 
әсері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет