Х. Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру»


Персоналдың кәсіби дамуының маңызды құралы-



Pdf көрінісі
бет130/132
Дата28.09.2023
өлшемі1.21 Mb.
#478931
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   132
oku kural personald baskar

Персоналдың кәсіби дамуының маңызды құралы-кәсіби оқыту ұйымның 
қызметкерлеріне жаңа кәсіби білімдер мен тәжірибелерді тікелей беру үдерісі болып 
табылады. 
Персоналға қажеттілікті жоспарлау-нақты және жоспарланған жұмыс 
орындары, ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды жүргізу жоспары, штаттық 
кесте және бос орындары толтыру жоспарлары туралы мәліметтерге негізделеді. 
Персоналды қаржыландыруды жоспарлау- персоналға жұмсалатын шығын 
ұйымның өндірістік және әлеуметтік көрсеткіштерін жасау үшін негіз болып табылады. 
Персонал маркетингі-ұйымды ұзақ мерзімде адам ресурстарымен қамтамасыз 
етуге бағытталған басқарушылық іс-әрекеттің түрі.Персонал маркетингі келесі базистік 
негіздерді қамтиды:маркетинг нарыққа бағытталған басқарудың негізгі қағидасы ретінде 
т.б. персонал маркетингі жұмыс орнын ұйымға сатылатын өнім ретінде сипаттайды. 
Персонал маркетингінің байланыстық қызметінің-өз масаттары бар персоналға 
деген қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын орнату және өткізу, сонымен бірге 
ұйымның жұмыс беруші ретінде артықшылықтарын көрсету. 
Персонал маркетингінің негізгі мәселелері-ұйымның ағымдағы және келешектегі 
сандық және сапалық персоналға қажеттіліктерін анықтау үшін нарықты зерттеу, жаңа 
жұмыс орындарын дайындау, қызметкерлердің оған қойылатын талаптарды орындауына 
мүмкіндіе тудыру үшін өндірістің дауын зерттеу, ұйым қойған талаптарға сай келетін 
персоналды іздеу және тарту. 
 
 
Р
езервті қалыптастыру кезеңдері-дайындық жұмысы, эксперттік топтардың 
барлық қызметкерлердің сапасын бағалауы, жұмыс бабында сол лауазымға қойылатын 
талаптарға сай болатын жақсы баға алған және іс-әрекетті бойынша жақсы нәтижеге 
жеткен үміткерлерді резервке қосуды атап көрсету. 
Т
әуелсіз төрешілер әдісі-адамдарды бұрын таныс болмаған тұлғалардың «кері 
сұрақтар» негізінде бағлауды білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет