Х. Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру»



Pdf көрінісі
бет4/132
Дата28.09.2023
өлшемі1.21 Mb.
#478931
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132
oku kural personald baskar

Персоналды басқару - ұйымды қажетті өндірістік тәртіпті сақтайтын, өндірістік 
функцияларды қызыға орындайтын жұмыскерлердің қажетті санымен қамтамасыз ету 
болып табылады. 
Ұйымда персоналды басқару бойынша негізгі құрылымдық бөлім – кадрлар бөлімі 
болып табылады.Ол кадрларды жұмысқа қабылдау, босату, оқыту, біліктілігін көтеру, 
қайта даярлау функцияларын атқарады. 
Кәсіпорын персоналын басқару өзара байланысқан іс-әрекет түрлерінің кешенінен 
тұрады: 

кәсіпорын іс-әрекетінің стратегиясына сәйкес әр түрлі біліктілігі бар 
жұмысшылар, инженерлер, менеджерлерге деген қажеттілігін анықтау 

еңбек нарығын талдау және бейімдеу 

кәсіпорын қызметкерлерінің мансабын, олардың кәсіби және әкімшілік 
өсуін жоспарлау 

өндірістік үдерістерді ұйымдастыру, еңбек шығындарын талдау, әр түрлі 
топтардағы персонал саны арасындағы тиімді қатынасты бекіту 

еңбек өнімділігін басқару 

еңбекақы төлеу жүйесін жобалау 

кәсіпорынның әлеуметтік саясатын жасау және жүзеге асыру 
дау-жанжалдан сақтану және болдырмау. 
Персоналды басқару әдістері – бұл ұйымның алға қойған мақсаттарына жету 
үшін басқарушылық обьектіге әсер ететін әдістердің жиынтығы. 
 
 
2.Персонал қызметі және оның әрекет етуіне қойылатын негізгі талаптар. 
Персонал қызметінің негізгі мәселелері. Нарықтың қалыптасуы бүгінде бұрынғы ескі 
ойлар, әдістер мен тәсілдер негізінде персонал қызметін шешуге мүмкін болмайтын жаңа 
мәселелерге ие. Кәсіпорынды жұмысқа дайындауды жақсарту үшін бізге қысқа мерзім 
ішінде персоналға байланысты жұмыс жүйесін – персоналды бағалау және аттестациялау, 
іріктеу, даярлау, жетекші қызметкерге резервтер дайындау жұмысын толығымен қайта 
құру. 
 
Кәсіпорынның персонал қызметі – кәсіпорынды басқару шеңберінде таңдалған 
саясат бойынша басқаруға бел буған қызметтегі тұлғалармен қоса арнайы құрылымдық 
бөлімшелердің жиынтығы. 
 
Персонал қызметінің функциялары, құрылымы және мәселелері экономиканың 
даму сипатымен, өндіріс алдында тұрған мақсаттар мен мәселелерді орындауда 
персоналдың атқаратын рөлін кәсіпорын басшылығының түсінуімен тығыз байланысты. 
Бүгінде отандық кәсіпорындардың кадрлар бөлімінің қызметі жұмыс күшін 
жалдау,жұмыстан босату, іс-қағаздарын жүргізу, оқытуды ұйымдастыру, персоналдың 
біліктілігін жоғарылату және қайта даярлау жұмыстарымен шектеледі. 
Кадрлар бөлімдері персоналдық жұмыстардың әдістемелік те, ақпараттық та, 
үйлестіруші де орталығы емес.Олар құрылымдық жағынан еңбекті ұйымдастыру және 
жалақы төлеу, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, құқық бөлімдері, персоналды 
басқару функцияларын орындайтын бөлімдерден бөлектендірілген. 
Персонал басқару қызметі, ұйымдастырушылық мәртебесі төмен, кәсіби қатынаста 
әлсіз болып табылады. 



Сонымен қатар әр түрлі персоналдық жұмыстарымен зауыт басқармасының басқа 
бөлімдері: еңбек және еңбекақы төлеу бөлімі, жоспарлау бөлімі, кәсіподақ ұйымы, 
қауіпсіздік техникасы бөлімі, бас технолог қызметі, техникалық оқыту бөлімі және т.б. 
бөлімдері айналысады. 
Персоналды басқару мәселелері мен негізгі талаптарының өзгеруіне байланысты 
персонал қызметінің мәселелері, функциялары және құрылымы өзгеріс тапты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет