Х. Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру»


  2 - Тақырып : Персоналды басқарудың диагностикалық тәсілі



Pdf көрінісі
бет7/132
Дата28.09.2023
өлшемі1.21 Mb.
#478931
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   132
oku kural personald baskar

 



2 - Тақырып : Персоналды басқарудың диагностикалық тәсілі 
Қарастырылатын сұрақтар тізбегі: 
1. Персонал мәселелеріне қажетті диагноз 
2. Персоналды басқару құрылымының ауытқу түрлері
 
1. Персонал мәселелеріне қажетті диагноз. Персоналды басқарудағы диагноздық 
әдіс - бұл ұйымның құрылымдық және персоналдық әлеуетінің өз мақсаттары мен 
стратегиясына сәйкестігін бағалау. Ол ұйымның бизнесін дамытудың стратегиялық 
шешімдер жиынтығын қабылдау, ұйымды қайта өзгерту бағдарламасын жасаудан тұрады. 
Бағалауға ұйымдық нақтылықтың үш негізгісі аспектісі алынады:

Кадрлық үдерістер - ұйымның персоналға қатысты іс - әрекетінің бағыты 

Ұйымның құрлымы-негізгі элементтердің өз ара қатынасы мен бағыныштылығы
ұйымдастырушылық кескінің қаттылық/икемділік дәрежесі 

Персоналдың сапалық және сандық сипаттамасы. 
Үдерістерге диагноз қою. Персоналды басқаруға диагноз қою кезінде персонал 
бойынша менеджерге ұйымда болып жатқан үдерістерді және олардың тиімділігін түсіну 
өте маңызды. 
Келесі қадам персоналдық үдерістердің ұйым стратегиясы мен даму мақсаттарына 
сәйкестігін бағалауға байланысты.Ол үшін индикаторлар жүйесін жасап, персоналдық 
үдерістер механизімінің мониториннгін құрастыру қажет. 
Персоналды басқару құрылымына диагноз қою. Ұйымдастырушылық құрылымды 
суреттеу келесі сатыдан тұрады:

Ұйымның миссиясы, мақсаты, стратегиясы 

корпаративті мәдениет, басты басқару түрлері 

ұйым қызметінің кезеңі мен циклі 
Басқару жүйесін бағалау-шешімдердің ұқсастығы бойынша талдау жасалынады. 
2.1 кесте.Ұйымның негізгі персоналдық үдерістері және диагноз қою көрсеткіштері 
Ұйымның негізгі 
кадрлық 
үдерістері 
Диагноз қою көрсеткіштері 


1.Еңбек 
ресурстарын 
жоспарлау 
Ұйымның қолда бар ресурстарын, мақсаттарын, жағдайын және 
ұйымның даму, маманға деген келешектегі қажеттілігі жайындағы 
болашағын бағалау. 
2.Персоналды 
жинақтау 
Жинақтаудың әдістерін қолдана отырып персоналға қажеттілік 
туралы ақпараттың таралуын сипаттау. Жинақтаудың нәтижелігін 
бағалау (қаржылық , сапалық ). 
3.Персоналды 
іріктеу 
Бос жұмыс орнына болашақта керек үміткерлердің тізімін бағалау. 
Бағалауды 
ұйымдастыратын 
дайындалған 
бағдарламаның 
нәтижелігін бағалау. Ұйымның персоналдық әлеуетінің өзгеруін 
талдау. 
4.Ынталандыру 
жүйесін дайындау 
Еңбекақы құрылымының, базалық жалақы және сыйақылар 
мөлшерінің, жеке төлемдер тізбесінің тиімділігін талдау. Ұйымның 
еңбекақы және жеңілдіктер құрылымы мен қағидаларының 
өнімділікке, пайдаға сәйкестілігін бағалау. 
5.Персоналдың 
бейімделуі 
Салыстырмалы зерттеудің жүргізілуі, тиімді марапаттау жүйесін 
анықтау. Қолданылатын бейімделу тәртіптерін сипаттау, олардың 
тиімділігін бағалау (бір жылда, жарты жылда жұмыстан кеткен 
жұмысшылар саны, ұжымда болған жас жұмыскерлермен болған әр 
түрлі 
қақтығыстар). 
Бейімделу 
үдерісі 
кезіндегі 
болған 



проблемаларды сипаттау. 
6.Персоналды 
оқыту 
Мақсаттар мен қолданылатын оқу түрлерін талдау. Оқуда болған 
қызметкерлердің санын бағалау. Оқыту бағдарламалары туралы 
ұйымға таратылатын ақпараттарды және оларды жинау үдерісін 
талдау. Оқытудың тиімділігін бағалау жүйесін талдау. 
7.Еңбек іс-
әрекетін бағалау 
Аттестацияны бағалау, оның өткізілу мерзімінің алшақтығы, 
аттестация нәтижесі бойынша шешімдер қабылдау. 
8.Жоғарылату, 
төмендету, 
ауыстыру, 
жұмыстан шығару 
Қолданылатын кадрлық мониторинг жүйесінің тиімділігін бағалау
персоналдық мониторингтің компьютерлік әдістеріне бейімделу. 
Мансапты жоспарлау нәтижелігін бағалау. 
9.Басқару 
персоналын 
дайындау 
Ұйымдағы басқару іс-әрекетін жобалау және талдау. Басқару 
әлеуетін бағалау және басқару персоналын дайындаудың 
қажеттілігін анықтау. Персоналдық үдерістер диагнозы және 
әлеуметтік-психологиялық 
ахуалын 
(климатын), 
әлеуметтік 
қайшылықтар деңгейін бағалау. 
10.Кәсіпорын 
ішіндегі 
әлеуметтік-
психологиялық 
жағдайдың 
мониторингі және 
қарым-қатынасты 
ұйымдастыру 
Ұйымдастырушылық мәдениетті, басқару командасының түріне 
диагноз қою, ұйымның басқа бөлімшелерімен сәйкестігін бағалау 
(мақсатына, құрылымына, технологиясына, қаржысына т.б.). Ұйым 
ішіндегі қарым-қатынасты дамыту туралы бағдарламаны дайындау 
және оны орындау қажеттілігін анықтау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет