Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы


-БӨЛІМ. МЕДИЦИНА ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ



бет12/12
Дата11.07.2016
өлшемі2.02 Mb.
#192480
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

9-БӨЛІМ. МЕДИЦИНА ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ, ОЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

31-тарау. МЕДИЦИНА ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
МЕН МІНДЕТТЕРІ, ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ, АР-НАМЫС КОДЕКСІ

      182-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің


                құқықтары мен міндеттері

      1. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің:


      1) кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілуге;
      2) жеке медициналық практика мен фармацевтикалық қызмет жүргізуге;
      3) бес жылда кемінде бір рет бюджет қаражаты есебінен немесе мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторы ұйымдарының қызметкерлері болса, жұмыс берушінің есебінен біліктілік деңгейін арттыруға;
      4) штат санының қысқаруына немесе мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының таратылуына байланысты қызметкер босап қалған жағдайда, бюджет қаражаты немесе жұмыс берушінің есебінен қайта даярлаудан өтуге;
      5) еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруына байланысты өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;
      6) азаматтың өміріне қауіп төнген жағдайларда ұйымдарға немесе азаматтарға тиесілі байланыс құралдарын, сондай-ақ қолда бар көліктің кез келген түрін оны таяу жердегі медициналық ұйымға жеткізу үшін кедергісіз және тегін пайдалануға;
      7) қызметтік тұрғын үй берілуге;
      8) жүріп-тұру сипатындағы қызметіне байланысты көлік шығыстарын өтетуге;
      9) кәсіптік міндеттерін жоғары сапалы деңгейде орындағаны үшін көтермеленуге;
      10) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға;
      11) медицина қызметкері тарапынан ұқыпсыз немесе немқұрайлы көзқарас болмаған кезде, азаматтың денсаулығына келтірілген зиян үшін кәсіптік жауапкершілікті сақтандыруға құқығы бар.
      2. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау бюджет қаражаты, жұмыс берушінің қаражаты, өз қаражаты есебінен, сондай-ақ тыйым салынбаған басқа көздер есебінен жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде және қала үлгісіндегі кенттерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне мынадай әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары ұсынылады:
      1) жергілікті өкілді органдар айқындайтын мөлшерде лауазымдық айлықақыға қосымша ақы;
      2) коммуналдық қызметтерге және отынға арналған шығыстарды облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті өкілді органдары белгілеген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен өтеу;
      3) жеке меншігінде малы барлар жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімі бойынша жемшөппен, мал жаюға және шөп шабуға арналған жер учаскелерімен қамтамасыз етіледі;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеңілдіктерден басқа, денсаулық сақтау қызметкерлеріне жергілікті өкілді органдар жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қосымша жеңілдіктер белгілеуі мүмкін.
      4. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары ұсынылады.
      5. Қызметтік және кәсіптік міндеттерін атқару кезінде АИТВ жұқтырылған материалмен жұмыс істейтін денсаулық сақтау ұйымдарының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің АИТВ жұқтыруы кәсіптік ауруға жатады.
      Осы адамдарға кәсіптік ауруына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.
      Қызметтік міндеттерін атқаруы ЖИТС кәсіптік ауруына әкеп соқтыруы мүмкін медицина қызметкерлері мен басқа да қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандырылуға жатады.
      АИТВ/ЖИТС-пен байланысты профилактикалық, емдеу-диагностикалық және ғылыми-зерттеу жұмысымен тікелей айналысатын медицина қызметкерлерінің, қызметшілердің және техникалық қызметкерлердің алты сағаттық қысқартылған жұмыс күніне, ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн қосымша ақы төленетін демалысқа, белгіленген жалақының алпыс проценті мөлшерінде кәсіптік зияндылығы үшін қосымша еңбекақыға құқығы бар.
      6. Медицина және фармацевтика қызметкерлері:
      1) өздерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындауға, пациенттерге құрметпен және ізгілікпен қарауға, медициналық этика және деонтология принциптерін басшылыққа алуға;
      2) аурулардың профилактикасына және азаматтардың денсаулығын нығайтуға жәрдемдесуге, медициналық көмек көрсетуге;
      3) шұғыл жағдайларда халыққа кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуге;
      4) халық арасында медициналық білімді және салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі жұмысты жүргізуге;
      5) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін сақтауға, дәрігерлік құпияны сақтауға, азаматтардың аурулары, ішкі және отбасылық өмірі туралы мәліметтерді жария етпеуге;
      6) өзінің кәсіптік деңгейін үздіксіз дамытуға және арттыруға;
      7) қажет болған жағдайларда консультация алу үшін басқа бейіндегі немесе біліктілігі неғұрлым жоғары мамандарды тартуға міндетті.
      7. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың, сондай-ақ азаматтардың тарапынан медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік қызметіне араласуға тыйым салынады.

      183-бап. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек


                қатынастары

      1. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.


      2. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      3. Ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың, оның ішінде білім беру мен ғылыми ұйымдар басшыларын және олардың орынбасарларын қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      184-бап. Қазақстан Республикасының медицина және


                фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі

      1. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексі (бұдан әрі - Ар-намыс кодексі) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің азаматтар мен тұтастай қоғам алдындағы өз қызметі үшін моральдық жауапкершілігін айқындайды.


      2. Медицина және фармацевтика қызметкерлері өз қызметінде:
      1) осы Кодексті және Ар-намыс кодексін басшылыққа алуға;
      2) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын нығайтуға жәрдемдесуге;
      3) тек қана пациенттің мүдделерінде шешім қабылдауға;
      4) Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерінің жоғары атағына кір келтіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;
      5) өзінің қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы атқаруға;
      6) өзінің кәсіптік білімін үздіксіз жетілдіруге;
      7) өзінің жеке пайдасын басшылыққа алып, профилактика мен емдеудің әдістері мен құралдарын жарнамалауға және пайдалануға жол бермеуге;
      8) еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға;
      9) денсаулық сақтау ұйымдарының мүлкіне ұқыпты қарауға және оны тиімді пайдалануға;
      10) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға;
      11) қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік және жеке басының өзге де мақсаттарында пайдалануға жол бермеуге;
      12) жеке басының үлгісімен ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай жасауға ықпал етуге;
      13) басқа да медицина және фармацевтика қызметкерлері тарапынан Ар-намыс кодексінің нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және олардың жолын кесуге;
      14) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде белгіленген киім нысанын сақтауға тиіс.
      3. Пациенттермен қарым-қатынаста медицина және фармацевтика қызметкерлері:
      1) жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
      2) мұқтаж болған әрбір адамға медициналық көмек көрсетуге;
      3) адам өмірін сақтау өзінің борышы екенін әрдайым есте ұстауға;
      4) азаматтардың мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін нығайтуға жәрдемдесуге;
      5) пациенттерге қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермеуге, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекеттердің жолын кесу жөнінде күш-жігер жұмсауға;
      6) өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан негізделген сын айтылуына жол бермеуге, сынға сабырлылықпен қарауға, сындарлы сынды өзінің кәсіптік қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін пайдалануға тиіс.
      4. Өз әріптестерімен қарым-қатынаста медицина және фармацевтика қызметкерлері:
      1) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, сыпайылық пен биязылық танытуға;
      2) пациенттің мүддесі талап етсе, риясыз көмек көрсетуден бас тартпауға және әріптестерінен кеңес сұрауға;
      3) басқа медицина және фармацевтика қызметкерінің кәсіптік біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмеуге;
      4) қазақстандық медицинаның дәстүрлерін және жетістіктерін байытуға тиіс.
      5. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін сақтауы олардың кәсіптік борышы болып табылады.
      6. Денсаулық сақтау ұйымының ұжымы оның басшысының шешімі бойынша медицина және фармацевтика қызметкерінің Ар-намыс кодексінің ережелерін сақтамау фактісін қарап, қараудың нәтижесі бойынша қоғамдық мін таға алады.
      7. Денсаулық сақтау ұйымының басшылары Ар-намыс кодексі мәтінінің көрнекі үгіт орындарында орналастырылуын қамтамасыз етеді.

10-БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

32-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ
ЖӘНЕ ОСЫ КОДЕКСТІ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ

      185-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау


                саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

      186-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 159-бабының 2-тармағының 8), 10), 11) тармақшаларын және 13-тармағын қоспағанда, осы Кодекс алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      2. Қазақстан Республикасының мына заңдарының күші жойылды деп танылсын:
      1) "АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы" 1994 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 16-17, 212-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 23, 921-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 15, 93-құжат; 2007 ж., N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат);
      2) "Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 8, 86-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат);
      3) "Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 24, 1071-құжат; 2006 ж., N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 5-6, 40-құжат);
      4) "Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту туралы" 2002 жылғы 27 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 10, 104-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат);
      5) "Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 15, 149-құжат; 2006 ж., N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 12, 88-құжат);
      6) "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 21, 176-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 19, 147-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 21, 97-құжат);
      7) "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2003 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 11, 70-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 92-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 19, 147-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 23, 124-құжат);
      8) "Дәрілік заттар туралы" 2004 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 2, 8-құжат; N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 15, 92-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 19, 147-құжат; N 20, 152-құжат; 2008 ж., N 21, 97-құжат);
      9) "Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы" 2004 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 13, 73-құжат; 2006 ж., N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 20, 152-құжат);
      10) "Қан мен оның компоненттерінің донорлығы туралы" 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 12, 45-құжат);
      11) "Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 14, 91-құжат; 2007 ж., N 2, 14-құжат).

      Қазақстан Республикасының


      Президенті                                        Н. Назарбаев

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет