77
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ахмет Байтұрсынов. Шығармалары. 1 том. «Әдебиет танытқыш». Құрастырушы:
ф.ғ.д.А.С.Ісмақова. Алматы: «Жібек жолы». 2002 жыл.
2. Ахмет
Байтұрсынов.
Шығармалары:
өлеңдер,
аудармалар,
зерттеулер.
(Құрастырушылар: ф.ғ.д Ә.Шәріпов пен С.Дәуітов) - Алматы: «Жазушы». 1989 жыл.
3. Ахмет Байтұрсынов. Ақ жол: өлеңдер мен тәржімалар, публицистикалық мақалалар
және әдеби зерттеу. (Құрастырушы – ҚРҰҒА корреспондент мүшесі Р.Нұрғалиев).
– Алматы: «Жалын». 1991 жыл.
4. Мұхтар Әуезов. Шығармаларының елу томдық жинағы. 8 том. – Алматы:
«Ғылым». 2002 жыл.
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУ
ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Турсунбекова Меруерт Сайлауовна
Ақмола облысы Целиноград ауданы «№2 Қосшы орта мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Аннотация. В этом докладе отец казахского литературоведения мы поговорим о
вкладе Ахмета Байтурсынулы в казахскую литературу и об актуальности вопросов, поднятых
в его произведениях. Доказано, что произведения поэта имеют важное значение для в
воспитания подрастающего поколения. Доклад предназначен для школьников и студентов.
Ключевые слова: литературоведения, теория литературы, исследование.
Annotation. In this report, the father of Kazakh literary studies we will talk about the
contribution of Akhmet Baitursynuly to Kazakh literature and the relevance of the issues raised in
his works. It has been proven that the poet's works are important for the education of the young
generation. The report is intended for pupils and students of school age, teachers.
Keywords: literary science, literary theory, research.
Бүгінде қайта жаңғырған Алаш зиялыларының еңбектері қазақы таным
мен әлемдік мәдениетке сүбелі үлес қосуда. Алаш зиялыларының қай-қайсысы
болсын, ұлтқа барын салып қызмет етуді басты мұрат еткен. Мұны олардың, ең
алдымен, білім мазмұнын жетілдіруден бастағаны белгілі. «Ұлт ұстазы» Ахмет
Байтұрсынұлы 1913 жылы «Қазақ» газетіндегі «Қазақша оқу жайынан» атты
мақаласында: «Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз
керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі», – деп
жазады. Иә, сөзді тану, әсіресе, әдебиетті тану – ғаламның өзегіндегі аса нәзік
үйлесімділік пен әсемдікті танудан бастау алып, тіршіліктің қарапайым
заңдылықтарын ұғынуға дейін жалғасады. Мұны жаратылыстың өзіндік
қарапайым тілімен сөйлете білу де өнер. Сондықтан, кез келген көркем
дүниенің тууы, жазылуы, өмір сүру тарихы, ең бастысы, оның өнер ретіндегі
құндылығы – аса ауқымды мәселе.
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әдебиетіндегі орны елеулі зерттеуші ғалым,
түркітанушы, публицист, педагог, қоғам қайраткері, қазақ тіл білімі мен
әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ағартушы. Сонымен қатар, елдің
78
басына күн туған шақта ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы
жетекшілерінің бірі бола білген, ұлттық жазудың реформаторы, Алаш-Орда
өкіметінің мүшесі болды. Осы шендердің ішіндегі Мұхтар Әуезовше: «Ахаң
ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі ... тарих ұмытпайтын істер
болатын» деп айтқандай, Ахмет Байтұрсынұлының ағарту саласында
марапатталған «ұлт ұстазы» мәртебесінің бүгінгі күнде дәрежесі жоғары емес
пе?! Ахмет Байтырсынұлының әдебиеттану ғылымындағы үлкен жетістігі -
«Әдебиет танытқышы». Оның сөз өнері, әдебиет теориясы туралы ой-түйіндері
бәрі-бәрі осы көлемді зерттеу еңбегінде топтастырылған. Ғалымның айтуынша:
«Біздің көріп, сезіп,біліп тұрған айналамыздағы нәрселердің бәрі-не табиғат
ісінен шыққан жаратынды нәрсе,не адам ісінен шыққан жасанды нәрсе.Табиғат
ісінен шыққан жаратынды нәрселердің бәрі табиғат нәрселері болады,адам
ісінен шыққан жасалынды нәрсенің бәрі – өнер дүниесі болады». Ал, өнердің
өзі «тіршілік үшін жұмсалатын тірнек өнері» және «көркемдегіш үшін көрнек
өнері» деп бөлінеді. Зерттеуші көрнек өнерінің өзін бес тарауға аралайды:
сәулет өнері, сымбат өнері, кескін өнері, әуез өнері және сөз өнері.
Осылайша негізгі объектісіне сатылып келе жатқан автор: «Өнердің ең
алды – сөз өнері» деп санады. «Өнер алды – қызыл тіл» деген қазақ мақалы бар
– мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен
айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінде қызметі шама-шарқынша сөз өнері атқара
алады, қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты я кескінді сүгреттер
болсын, қандай әдемі ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп, сүгретпен көрсетуге,
танытуға болады», - дей келіп, одан әрі әдебиеттану ғылымының салаларын
жіктеп, ұғымдарға анықтама береді, төл терминдерді қолданады. Егер олардың
басым көпшілігі бүгінгі ғылымымыз бен тілімізді дәл сол күйінше айтылып
келе жатса, бұл ғұлама ғалым еңбегінің өміршеңдігін көрсетеді.
Ахмет Байтұрсыновтың ғалым-теоретик, эстетик-сыншы тұлғасын
айқындап беретін күрделі, толымды, жаңашыл туындысы Ташкентте 1926
жылы «Әдебиет танытқыш» («Теория словестности») деген атпен басылған.
Араға екі-үш жыл салып, авторы ұсталып кеткен соң, бұл еңбек көпшілік
арасына мол тарап үлгермеді. Бірақ қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми
негізі, методологиялық арналары, басты-басты терминдері мен категориялары
түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған. Бірден айту керек, «Әдебиет
танытқыш» — Ахмет Байтұрсыновтың эстетикалық-философиялық танымын,
әдебиетшілік көзқарасын, сыншылық келбетін толық танытатын жүйелі
зерттеу, қазақ филологиясының орны ерекше зор, айтылған ойларының
тереңдігі мен дәлдігі арқасында болашақта да қызмет ететін, ешқашан маңызын
жоймайтын қымбат, асыл еңбек.
Ұлттық әдебиеттану ғылымы қазір қолданып жүрген негізгі терминдер,
категориялар, ұғымдардың қазақша өте дәл, ықшам, оңтайлы баламаларының
басым көпшілігі тұңғыш рет осы зерттеуде жасалғанын ашып айтатын уақыт
жетті. Бұл ретте, Ахмет Байтұрсынов — тіл терминдерін жасауда қандай
кемеңгер, данышпан болса, әдебиеттану, өнертану, фольклортану терминдерін
жасауда да сондай кемеңгер, данышпан. А.Байтұрсынұлының әдеби-
эстетикалық тұжырымдары мен әдебиеттегі жүйелеуге қосқан үлесі туралы
79
әдебиеттанушы-ғалымдар: «ХХ ғасырдың басында әдебиеттану салада нақты іс
атқарған, өзгелерге үлгі көрсеткен А.Байтұрсынұлы болды» – дейді. Оның
«Әдебиет танытқыш» атты еңбегі ұлттық әдебиеттанудың әлемдік ғылымдағы
зерттеулерге деңгейлес, әдеби ұғым түсініктердің тұңғыш рет ұлттық ұғымға
лайықталған, арнайы «пән сөздері» жарияланған ғылыми зерттеу екенін
айтады. Академик З.Қабдолов 1988 жылы ғалым есімі, ақталғаннан кейін,
А.Байтұрсынұлының әдеби мұрасы хақында «Әдебиет танытқыш» — тұңғыш
қазақы трактат, әдебиет теориясының басы» екенін, кітаптың қадірі мен
қасиеті, тарихи мәні мен маңызы кешегі кеңес кезінде бұрмаланғанымен, әлем
ғалымдары арасында ғылыми тұрғыдан мойындалған ғылыми зерттеу еңбек
екендігін ашып жазды, бүгінгі таныммен талдап таратты. Академик Р.Нұрғали
«Күлтегін» баспасынан жарық көрген өзінің «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры»
атты зерттеу-еңбегінде «Әдебиет танытқыштың» қазір Алматыда сақталған
кітаптарының соңғы беттері жыртылғандықтан, еңбектің тексті түгел берілмей
отыр. Зейін салған кісі аңғарса керек, А.Байтұрсынов былай дейді: «Ұстасу
шығармалар қайраткердің түріне қарай үшке бөлінеді: 1) әлектеніс;
2) азаптаныс; 3)әуреленіс. Осылардың біріншісі — әлектеніс пен үшіншісі
әуреленіс талданады, ал екіншісі — азаптаныс жоқ. Сондықтан сақталған кітап
бойынша болашақта «Әдебиет танытқыштың" толық текстін табу міндеті тұр,
тағы бір мәселе әр түрлі жанрлық формаларды талдап болғаннан кейін
А.Байтұрсынов әр жерде бұларды нұсқалықтың пәленше нөмірлерінен қара деп
ескертеді. Ендеше «Әдебиет танытқыш» оқулық, оның хрестоматиясы —
нұсқалығы да болған ғой. Ғасыр саңлағы Ахмет Байтұрсынұлының
шығармашылық ғұмырбаяны. Қысқасы, Ахмет Байтұрсыновтың ұлы еңбегі
«Әдебиет танытқыш» төңірегінде әлі де көп зерттеулер жүргізу керек» деген
толғақты ойын әдебиеттанушы ғалымдарға арнайды.
Шындығында, қазақ әдебиеттану ғылымына негіз болған бұл зерттеу
еңбектің келешекте арнайы кешенді түрде зерттейтін өзекті тақырып. Еңбектегі
әдеби терминдер бұл күні әдбен халықаралық терминдерге бой алдырған
әдебиеттану ғылымының сөздік қорын қазақыландыруға септігі тиер еді.
Академик Р.Нұрғалиұлы «Әдебиет танытқыш» әдебиеттанудың әлемдік
терминологиялық стандарт-деңгейіне көтеріліп, шет сөзді араластырмай,
қонымды, ықшамды, бір-бірімен сабақтас, ұйқас, ұялас ұғымдардың тұтас
ұлттық қазақы жүйесін жасап берді.
Олардың басым көпшілігі автор репрессияға ұшырап, кітаптың тыйым
салынғанына қарамастан әдеби тілге кіріп кетті. Интернационализм дегенді
желеу етіп, шет тілді зорлап ендіру науқаны тұсында әдебиеттанудың да
шұбарланғаны анық еді .Әрине қазір роман, лирика, драманы ұзақ әңгіме,
толғау, айтыс-тартыс деп өзгерту мүмкін болмас, бірақ А.Байтұрсынұлы
жасаған бірталай терминдер, сөздер қолдануға сұранып тұр дейді .
Әдебиетші-ғалым Т.Кәкішұлы «Әр дарынның тарихта өз орны бар» атты
мақаласындағы А.Байтұрсынұлының сол жылдары егемендікке ұмтылудың,
азаттық алудың бірден-біржолы оқу мен білім алып, ой-сананы дамытуда
екендігін жете ұғынып, оны белгілі дәрежеде «ағымға айналдыруға мұрындық»
болғандығына баса көңіл бөледі. Қазақ елінің болашағы үшін қаламымен
80
күрескен қайраткердің қоғамдық белсенді қызметі мен ғылыми зерттеулеріндегі
пікірлері ғалымның осындай қорытындыға келуіне негіз болды. «Әдебиет
танытқыш» туралы, ондағы атаулар мен терминдердің қазақ әдебиетінің барлық
ұғым-түсінігіне сай келетінін айтып, зерттеуші: «Мұндай еңбек бізде бұған
дейін де, бұдан кейін де қайталанған жоқ. Ол — әдебиет теориясы мен
әдебиеттану ғылымының міндет-парызын қатар атқарып, біздің алдыңғы,
ағаларымыздың эстетикалық сауатын ашуға мұрындық болған жүйелі оқулық.
Әдебиеттанушы Т.Кәкішұлы ғалымды қазақ әдебиеттану ғылымының негізін
қалаған зерттеуші ретінде бағалайды. Ол қаламгер еңбектерінен нақты
мысалдар келтіре отырып, тарихи деректер негізінде пайымдаулар жасайды.
2000 жылы қаламгердің бұрын-соңды ғылыми ортаға таныс емес «Қалам
қайраткерлерінің жайынан» деген мақаласын жариялады.
«Әдебиет танытқышында» көптеген ауыз әдебиеті нұсқаларын
пайдаланған ғалым қазақ ауыз әдебиетін жинап, бастыру ісіне де ат салысады.
Мәскеуде 1923 жылы «Ер Сайын» жырын, 1926 жылы қазақтың төрт жүз
жылдық тарихын қамтитын «23 жоқтауды» бастырды. Қазақ мақал-мәтелдерін,
ырым-сырымын, жерлеу дәстүрін тағы басқа қызғылықты этнографиялық
деректерді кейінгі ұрпақ үшін хатқа түсіріп кетті. Орынбордағы қызметінің бір
саласы – Қазақ зерттеу қоғамының құрметті төрағасы бола жүріп туған
халқының рухани қазынсы ән-күй өнерін насихаттау мен жинау ісіне ерекше
ынта қойып кірісті. Оның дәлелі осы қоғамның мүшесі, компазитор
А.Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» кітабында оған жоғары дәрежеде
баға беріп өткендігі. Ахмет Байтұрсынов қазақ даласын аралай жүріп оған
қазақтың 30 шақты әнін жаздырған. Орайы келген тұста, қазақ халық музыка
әлемінің энциклопедиясы іспеттес осы кітапты қайтадан мол тиражбен
бастырып шығаратын кез туғанын айтқым келеді.
Ахаңның қазақ әдебиеттану ғылымындағы тағы да бір өзекті мәселесі –
халықты ояту, сауаттандыру. Көпшілік бұқараны оятудың барлық амалы мен
тәсілін пайдаланып, қалың қазақ жұртына арнаған «Қырық мысал» кітабы еді.
Кітаптағы әр мысалдың тақырыбы патша өкіметінің қара халыққа жасаған
озбырлығы мен жәбірлігін айтып, таза қазақы түсінік, ұлттық ұғыммен
түйінделген ғибратты сөздерімен өрнектеді. Міне, кешегі Ахаңның ідебиеттану
ғылымында көтерген мәселелері бүгінгі таңда да ақын-жазушылардың көтеріп
жүрген, сөздеріне тамызық қылып жүрген мәселелері. Құдды бір кешегі Ахмет
қазір арамызда жүріп, бәрін көріп-біліп жазып жүргендей көрінеді. Ғасырды
аттап басып, талай жылды артқа тастап, ақ қағазға көк сиямен жазған Ахмет
Байтұрсынұлының еңбегін, асыл мұрасын келешек ұрпақ қадіріне жете
білетініне және өзінен кейінгі жастарға үлгі-өнеге, қайталанбас мирас етіп
қалдыратынына кәміл сенімдімін. Жас өрен! Өткеніңді білгің келсе, болашаққа
нық қадам басқың келсе, Ахаңнан қалған баға жетпес байлықтарын әлемдік
кеңістікте мақтанышпен ұсынып, оқуға шақырамын.
Достарыңызбен бөлісу: |