Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Рымғали Нұрғали Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры Астана «Күлтегін баспасы» 2002ж
2. А.Байтұрсынов Шығармалары Алматы 1989ж
3. А.Байтұрсынұлы Бес томдық шығармалар жинағы. Алматы,2003-2006
4. Ахмет Байтұрсынұлы туралы айшықты ойлар ұлт болмысы -2012ж № 9 47 бет
88
II СЕКЦИЯ
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ НЕГІЗІН САЛҒАН ҚАЗАҚ ТІЛ
БІЛІМІНІҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ БАРЫСЫ
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ КӨРКЕМСӨЗДЕРІНДЕГІ ХАЛЫҚ ТАҒДЫРЫ
Абдуллина Ардақ Амирхановна
аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты
Абдуллин Дастан Әмірханұлы
Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы
Қ.Жармағанбетов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
Аннотация. В статье рассказывается о судьбе народа в поэзии Ахмета Байтурсынова -
поэта, публициста, литературоведа, языковеда, поэта-переводчика, оратора, изучение
которого началось с обретением страной независимости.
Ключевые слова. Поэт, оратор, литературовед, языковед, судьба страны, духовный
лидер, литературное наследие.
Annotation. The article tells destiny of the people in the poetry of Akhmet Baitursynov - a
poet, publicist, literary critic, linguist, linguist, literary critic, poet-translator, orator, studying which
began with the country qetting independence.
Keywords. Poet, orator, literary critic, linguist, fate of the country, spiritual leader. literary
heritage
Ахмет Байтұрсынов – ақын, көсемсөзші, әдебиеттанушы ғалым, тіл
маманы. Сонымен қатар Ахаң – қоғам қайраткері, Қазақ елінің іргесін
қалаушылардың бірі, кезінде қазақ жастарының рухани көсемі танылған
данышпан ойшыл, халқым деп соққан жүрегі танымал күрескер, сол жолда
мерт болған рухты азамат.
Әдебиеттану ғылымы мен қазақ әдебиеті теориясын жасаған Ахмет
Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» атты ғылыми еңбек жазды. Балаларға
арналған «Әліпбиден» бастап көптеген оқулықтар жазды. Қазақ алфавитін
қайта түзеп «Байтұрсынов жазуын» түзеді. Ахаң өлеңдер жазды, мысалдар
шығарды. Халқын оқуға, білімге үндеді. Ахаңның өлеңдері «Қырық мысал»,
«Маса», «Үзік» деген атаумен сан рет басылды. Ахаң елінің тәуелсіздігін
қолдап, қара шекпенді орыс мұжықтары қоныстана бастаған жерін қорғады,
самарқау жұртты білімге үндеп, оятуға күш салды. Осы орайда шебер
көсемсөзші Ахмет Байтұрсынов «Айқап» журналы, «Қазақ» газетіне өндірте
мақалалар жазды, «халқым, жерім» деп көркем сөзді құрал етті.
Ахмет Байтұрсыновтың көркем сөзінде халық тағдыры тұрақты сөз
болады. Ахаң қаламынан шыққан қай туындының да арқауында ел жайы, халық
тұрмыс, жер тағдыры жатады. Ахаң қазақ әдебиеті теориясының негізін қалаған
«Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде көркем сөз мағынасын былайша ашады:
«... Көркем сөз нәрсені түйіс жағынан алып, қиял бойынша сөйлейтін, шын
89
емес, шығарғы әңгіме болады. Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі».
Халық тағдыры Ахаң түйістігінде өлең болып өрілді, көсемсөз болып төгілген.
Көңіл тілі – елін бостандыққа үндеді, жерін басқыншыдан қорғады, білімге,
оқуға шақырды. Бұл жолда көркем сөзді қаламына құрал етіп алған Ахаң
ұйқыдағы жұртты «Маса» болып оятты, көсемсөзбен «Қазақ қағидасын» жеріне
жеткізе түсіндірді. Еліне адами диханшылық ұрығын септі. 1909 жылы Ахмет
Байтұрсыновтың аудармасымен Петербордан «Қырық мысал» жинағы шығады.
Ұйқыдағы халқының санасына, сезіміне әсер етіп, ояту мақсатында кеменгер
Абай мен Ыбырай салған сара жол мысалдарды пайдаланады. Мысал жанры
қазақ халқына етене жақын, қашаннан таныс дүние, ғибрат айтып, дұрыстыққа,
жақсылыққа шақыруда тиімді құрал болды. Ахаң «Қырық мысалына» енген
аудармаларда мысалдың мазмұны сақталғанымен, еркіндік басым, халқымызға
жақын ойлар, шың шешімдер жасалған. Мысалдар емеурін, ишара, меңзеу
арқылы халықтың сезімін оятады. Үйлесімді ұйқас арқылы аударма мысалдар
қазақтың төл туындысындай оқылады. Әр түрлі аңдар, адамдар кейпін береді,
ишара тұжырым жасайды. Зорлық-зомбылық күштінің тепкісі, елдің
енжарлығы, жалқаулық, елдің азып-тозуына байланысты сарыңдарды Ахаң
жұмбақтап, мысалдап жеткізеді. Мысалдар ғибратты тұжырымдармен
қорытындыланып отырады. Жинаққа енген бірінші мысал «Аққу, шортан және
шаян» деп аталады. Аққу – көкте ұшады, шортан – суда жүзеді, шаян – теріс
жүзеді. Жүрер бағыттары қайшы жануарлар. Бұларда бірлік болмақ емес. Алған
жүктерін бас-басына теріс тартады. Бұлардың бастары бірікпей, үш тұсқа
тартқан өңбейтін ісін Ахаң төмендегідей толғаулы оймен қорытындылайды:
Жігіттер, мұнан ғибрат алмақ болмас,
Әуелі бірлік керек болсаң жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас...,-деп елді бірлікке, істе
ынтымаққа шақырады. Адамның адамға жасар қайыры «Ат пен Есек»
мысалында тамаша суреттеледі. Дымы құрыған Есек жолда өліп, арқасындағы
ауыр жүгімен өлексесі Атқа артылады. Ат қателігін енді түсінді: Есек өлмей
тұрап жүкті бөлісу керек еді. Енді екі еселенген ауыр жүктен «болдырып, оңды-
солды былғақтап» келе жатқан түрі мынау. Қорытынды: Қайырдың ең абзалы
бұл дүниеде,
Біреуге қысылғанда жәрдем бермек.
Кейбіреу зор бейнетке тап болады,
Кей уақыт аз бейнеттен қашамын деп.
Қара шекпен орыс мұжығы жер жыртып, ертеден кешке дейін дамыл
алмай егін өсіреді. Ғибрат өлеңнің үздік үлгісі – «Егіннің бастары» мысалы.
Дәні аз бидай масағы көкке кекжие қарайды. Ахаң болса әке атынан мынадай
ғибрат айтады:
«Елде көп бұл Бидайдай адам, - дейді,
Тәкаппар, оны халық жаман, - дейді.
Қалпы емес тәкаппарлық данышпанның,
Тұтынба бұл мінезді, балам, - дейді.
90
Әлін білмейтін күншіл Бақа, құр қайласыз мықтымын дейтін Емен
бейнелері де халқымызда жиі жүздесетін қасиеттер. Әрине, менмендік жарға
жығады, ондай мінезден аулақ болған абзал.
Жиырмасыншы ғасыр басында қазақ халқы самарқау ұйқыда болатын.
Ахаң сары маса болып өлеңмен шағып халқын білімге, өнерге үндеді. Ахмет
Байтұрсыновтың елу жылдық тойында Мұхтар Әуезов былай деген екен:
«...Қалың қазақ жұртының алғашқы естіген төңкеріс рухындағы сөзі – «Қырық
мысал» болатын». Ахаң мысалдары арқылы елдегі надандық, шаруаға
енжарлық, кәсіпке, марғаулыққа Маса болып ызыңдап, қарсы тұрып, маса
болып ұйқыдағы халқын оятады. Ахаң мысалдарындағы ғибраттық өнеге нарық
кезеңіндегі бүгінгі таңда да өз маңызын жоймақ емес. Халқына көрсетіп жатқан
қызметі әлі де үлкен, алда да мәнін жоймақ емес.
Бодандық бодауында өмір кешкен халқының Ахаң рухани көсемі болды.
Рухани жырларымен адамдықтың тұқымын септі, құл халықтың көңілін
көтеруге ерінбей еңбек етті. «Қазақ салты» өлеңінде Ахаң елде болып өткен
Қазан Төңкерісін жаудан шыққан өртке теңейді. Бұл өрттен халық тәнінде
шарпылмаған не қалды, орынсыз қырынға ұшырадық дегендей ой түйіндейді.
Халық қамын ойлайтын жанашыр жоқ.
Бұл бір сөз қасірет айтып, хатқа жазған,
Қалмаған түк қасиет, қазақ азған.
Байға – мал, оқығанға – шен мақсұт боп,
Ойлайтын жұрттың қамын де де осы ой қайталанады.
«Көппен көрген ұлы той – деп дауылда ескексіз, бағытсыз кетіп барамыз.
Мақсатсыз іс, қауіпті төңкеріс адам азған. «Қазақ қалпы» өлеңін игілікке
жеткізбейді. Мұндайда бірлік, ынтымақ керек дейді ақын қазақы қалыпты бұза,
көрегендік танытады. Ақынның рухтандырушы сөзі аяқсыз кетпейді. Өз
кезеңіндегі ел жәйі, халық тұрмысы, қоғамдық қатынастар Ахмет
Байтұрсыновтың шебер көсемсөзші ретінде қаламынан сырт қалмаған. Тарихи
білікті ойшыл, өз көзқарасы қалыптасқан журналист көсемсөзшіден артында
мол мұра қалған. Өткен ғасыр басындағы қазақ елінің сан алуан көкейтесті
мәселелері туралы Ахаң тұрақты жазып тұрған. Ахаң мақалалары «Айқап»
журналы мен көбіне, көп өзі жетекшілік еткен «Қазақ» газетінде жарияланып
тұрады. Ахаң көсемсөзі басында «Тағы да народный сот туралы» атты
мақаласы бар. Дала қазақтарына Ахаң заң жүйесін түсіндіреді. Сайлау
мағынасына түсінік береді. Осы орайда Ахаң былай деп жазады: «Сөйлеу деген
өзіне берген ықтияр. Адам баласы пайдасын, зарарын айыра білер, өзіне-өзі
қастық ойламас. Жұртқа жағымды, пайдалы болар – зарары тимес деген
адамдарын өздері сайласын. Зарары болар деген жер иесі адамдарын өздері де
сайламас»... деді де, хүкімет қазаққа сайлау берді...». Осылайша шаруа адамы,
дала жұртына кеменгер Ахаң ұғынықты етіп сайлау туралы әңгімелеп береді.
Ал, народный сотқа – «қазақтың газетіндегі қағидалар бойынша айтылатын
билік, бұрынғы әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін
жазатұғын жақсы дәрі еді, бұл күнгі адам билердің қолында дәрі болмақ түгіл, у
болып жұғып тұр...». Ахаң 1911 жылы жазған мақаласында халық сотына
осындай баға береді. Бұрынғы қазақ билері кезеңіндегі әділдікті арнайы атап
91
өтеді. Халқына өмір сүру тәртібі заңгерлікті кеңінен түсіндіру де Ахаң
көсемсөзші үлкен ізденісті жұмыстар жүргізген. Кезінде елдегі сот реформасы
туралы Шоқан Уәлиханов қалайша шырылдай қалам зертесе, Ахаң да
заңдылықты сақтау, сайлау туралы білуге құштар жұртына жан-жақты
әңгімелейді.
Абайды халқына тереңірек танытқан, алғаш ашқан Ахмет Байтұрсынов
болды. Ахаң Абайды қазақтың бас ақыны деп атады. «Сөздің шырайлы, ажарлы
болуына ойдың шеберлігі қажет. Ұнамды, орынды, дәмді болуына сыншылдық
керек; мағналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған», -
деп жазады Ахаң хакім Абай туралы мақаласында.
Ахмет Байтұрсынов ғасыр алмасуындағы замана талабына орай, қоғам
қажеттілігіне қарап оқу, білім туралы көп жазған, баспасөзде үздіксіз сөз алып
тұрған. «Қазақтың өкпесі» атты көсем сөзінде Ахаң: «Біздің заманымыз – өткен
заманның баласы, келер заманның – атасы» деп жазуы да атадан не қалды,
баладан қандай мирас болмақ екенін түсіндіреді. Жер – байлық, бірақ соны
игеруде білім қажет, өнер керек. «Ата жолдасы – надандық, өнерсіздік қазір
қазақтан айырылатын емес», - деп алып Ахаң: «ерге – теңдік, кемге – кеңзік,
азды – көпке теңгеретін ғылымды үйренуге шақырады.
Елді сауатсыздық жайлаған кезеңде оқу, білім туралы Ахаң жиі-жиі қалам
тартып тұрған. «Оқу жайы» атты мақаласында да Ахаң жаңашылдыққа орай,
ғылым мен техника жетістіктерін игеру қажеттіктерін еске сала отырып,
жұртын оқуға, үйренуге шақырады. Оқимын деген жұртты демеп, білімдарды
бағалау қажеттігін Ахаң қашаннан қағида тұтынған. Ахаң жазған «Білім
жарысы хақында» атты мақалалары осы ойымызды шыңдай түседі. Мақалада
білім жарысына бәйге тіккен тұңғыш қазақ меценаттарының бірі – Ахмет ишан
Оразбаевтің аты аталады. «Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу
керек?» атты мақаласы Ахаңның кеңес кезеңінде 1923 жылы жазған
шығармасы. Мұнда ауылдарда мектептерді қалай ашу керек деген мәселе сөз
болып, школды ауылпай, болыс болып бірігіп ашуға шақырады. Мектеп үшін
салықты байға байша, кедейге кедейше салуды ұсынады. Мектеп жанынан
интернат ашып, онда бай балалары өз тамақ, киім-кешегімен келіп, мүмкіндігі
жоқтарға ғана тамақ беру ұсынылады. Кеңес үкіметі мектеп ашыңдар деп
тұрғанда оның шығынынан қашпай бала оқыту қажеттігін Ахаң баса
әңгімелейді.
Ахмет Байтұрсынов кезінде жер туралы жеріне жеткізе қалам тартып, жер
иелігі туралы зерделі ойлар айтқан. Мысалы, Ахаң «Қазақ өкпесі» атты
мақалада жердің қазыналық болғанын қалайды. Жері жеке меншігінде болған
башқұрттар иелігіндегі жерлерін сатып, өздері басып кеткен. Ахаң айтады:
«шаруа жерімен бай, жерден айырылған соң шаруаның біткені».
1909 жылы Ресей патшасы Қазақ пайдасындағы жердің артығын қазынаға
алу туралы низам шығарады. Ахаң осы низам мәтінін қазақшалап. Оған түсінік
жазған. «Жер жалдау жайынан» атты мақалада Ахаң өз жерлеріне өздері ие
болғандары орынды деген ойды қадай айта келіп: «қазақтардың өздері келген
мұжықтарға жерін беріп, құшағын жайып, қойынын ашып, қабыл алып отырған
соң...» басқыншы, елінен қуылған қарашекпенділерге не жорық дегендей оймен
92
ашына жазады. Мұжықтардың қазақ жеріне сұғына қоныстануы, оған
иешіліктің жоқтығы «Көшпелі һәм отырықшы норма» мақаласында жүйелі сөз
болған көркем сөз: жарлы-жақыбай, нашарларды жермен теңгеріңдер! – деген
Ахаңның байлар мен күштілерге жолдаған арнау сөзімен қорытындылады.
«Егін егу» мақаласында Ахаң: «қазақтармен қатар орыс егіндері көбінесе
қазақ егіндерінен жақсы шығады» деп жазады. Оның орыс шаруалары егін егу
шарттарын жақсы біледі. Соған орай Ахаң бұл мақаласында егін егу жолдарына
қысқаша түсінікті түрде кеңес береді. Қазақ шаруаларының негізгі кәсібі мал
бағу мен егін салуға орай Ахаң «Шаруа жайынан» атты мақала жазып, осынау
тірлік көзі болған екі салаға да кеңінен тоқталады. Әрине, қазақ жұртына
қажеттілігі баса әңгімеленеді. Ойы бүгінгі күннің кейкесті жәйіттарымен
үндесетін Ахаң мақаласында мынадай сөздер бар: «...Көп малдың есесіне аз
малдың асылын ұстап, толықтыратын білім, аз жерді аздырмай, көп жердің
орнына пайдаланатын білім» керек дейді. Малды асылдандыру, агротехника
жетістіктерін кеңінен майдалану арқылы аз жерден көп өнім алып, гектар
шығымдылығын жетілдіру бүгінде мәнін жоймаған өміршең әдіс болып
табылады. 15 десятина жер алып, егін нормасымен қала болу қажеттігі туралы
ноғайлардың «Уақыт» газетінің шақыру ала Ахаң «Қазақта» «Аңдаспаған
мәселе тұрғысында» (1914 жылы) мақала жазады. Мал бағып, шаруасын
жайлаған қазаққа қала болу қиын. «Қазіргі қазақ мәселесінің ең зоры – жер
мәселесі. Бұл қазақтың тірі ә өлі болу мәселесі. Бұл тұрғысында түсініп жетпей
қаталасып, қазақты теріс жолға салғанымыз – 5 миллион адамның обалын
мойынымызға жүктегеніміз». «Уақыт» газетіндегілердің теріс түсініктеріне
Ахаң осылайша ашына жауап қатады, бес миллион халықтың тағдырымен
ойнама дейді. Қазақ малын бағып, шаруасын шаруалай берсін дейді. Кеменгер
Ахаң өткен ғасырдың басында қазақ жерін қызғыштай қорғап, ара түскен. Жер-
тіршілік көзі, келімсектерге қолды болмасын деп ұландаған.
Қазақ көсемсөзіндегі Ахмет Байтұрсынов жазған бір сала адамның тән
тазалығы, аурудың алдын алу, емдеу жолдарын жазу болды. Ахаң бұл мәселеде
баспасөзді тиімді пайдаланып, тәні саудың – жаны сау деген қағиданы жиі
көтеріп тұрған. 1913 жылы жазған сондай мақаланың бірі «Ауру жайынан» деп
аталады да қарапайым оқушыға түсінікті тілмен зарарлы кеселден құтылу
жолдарын әңгімелейді. Қазіргі пайымдаумен айтар болсақ, дәрігерлік кеңес
береді. Кеңес кезеңінде 1922 жылы жазылған «Тәні саудың – жаны сау» атты
мақаласында Ахаң елдегі жоқтық пен кемтарлыққа орай тән тазалығын қалай
сақтау қажеттігі туралы әңгімелейді. Тән саулығына қажетті жүйелі шарттарды
жүйелеп атап шығады. Ойын: «Ең әуелі, бәрінен бұрын тазалықтың қадірін біл!
Тән сұлулығы – нық тамыры тазалықта, жан сұлулығының тамыры – тән
сұлулықта», - деп қорытындылайды.
Ахмет Байтұрсынов редакторлық жасаған «Қазақ» газеті 1913 жылдың 2
ақпанында Орынбор қаласында шыға бастайды. Шалғайдағы Қазақ жұртының
барлық саласындағы тағдыр-тауқыметі мен шешімін іздеген көкейтесті
мәселелерді осынау газет бетінде сөз болып тұрады. Жоғарыда біз әңгімелеген
оқу-білім, сот реформасы, жер мәселелері мен басқа да танымдық дүниелер осы
газет беттерінде тұрақты жарияланып тұрады. «Қазақ» газетінде басылған ел
93
тағдыры, жер дауы, жастар болашағы мақалаларын Ахмет Байтұрсынов,
Әлихан Бөкейханов пен Міржақып Дулатовпен иықтаса жазған. Қазақ жеріне
«Қара шекпенді» келімсектер көктеп келе бастады. Құнарлы жерлер орыс
мұжықтарының иелігіне көшті. Жерлікті халық аяқасты болып, азып-тозып
кетті. Сондықтан да саяси күреске шығу, патшалық Ресей тарапынан болып
отырған езгіден босану жолдарын анықтауды А.Байтұрсынов газетте ұйытты
тіл, ұғынықты ойлармен шебер жеткізіп отырды.
«Қазақ» газетінің 4 санында басылған көсемсөзінде Ахаң былай деп
жазады: «Өз алдына дербес ұлт болып, Еділден Ертіске, Оралдан Ауғанға шейін
тұтас тұрған халық едік. Арамызға әр түрлі жұрт кіріскенде, солармен қатар
атымыз жоғалмай, қазақ ұлты болып тұра аламыз ба? Осы біздің төсекте
дөңбекшіп, ұйқымызды бөлетін мәселе». Осылайша Ахаң мәселені нақты, тура
қояды. Ахаң баспасөздің басты қасиеті ретінде мына жайларды атап көрсетеді:
«Әуелі, газета – халықтың көзі, құлағы, һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай
керек болса, газета халыққа сондай керек, газетасы жоқ жұрт басқа газетасы бар
жұрттардың қасында құлағы жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр, тілі жоқ сақау
сықылды. Дүниеде не болып жатқанын көру жоқ, не сөйлеп жатқанын есту жоқ,
өз пікірін айту жоқ». «Қазақ» газетінің алдына қойылған негізгі міндеттер
осынау алдыға қойылған «жоқтарға» жауап қайтару еді. Ахаң басқарған бұл
газет бұл міндеттерді орындады да.
Жаңа ХХ ғасыр басындағы «елім, ұлтым» деген Ахаң мен Жақаңдай
ойшылдарды толғантқан негізгі мәселелер жер, оқу-ағарту, ел билігі туралы
болды. Ата қоныс, тіршіліктің тірегі – жерді қорғау, Қазақ елін қорғаумен
бірдей еді. Ұрпақ өсірер тірек-жерсіз елдік те болмайды. Ұлттық сананы ояту
арқылы қазақ тілін де дамыту қажет. Ана тілінің мүмкіндігін кеңінен пайдалана
отырып, өркендеген елдермен терезе теңестіруге ұмтылу қажет. Ұлттық билікке
жетуде – ауыз бірлік қажет. Патшалық отаршылдық саясаттың қыспағында
қалған қазақ елі бірліктің арқасында ғана ұлттық билікке қол жеткізе алады.
«Қазақ» газеті арқылы Ахмет Байтұрсынов оянған сананы тура бағытқа үндеді.
Ахаң-Жақаң көркем сөзі елді өркениет жолына бастады. ХХ ғасыр басындағы
Қазақ елі үшін шешіліп табар үш мәселе тұрады: жер, оқу, билік. «Қазақ» газеті
болса осы үш мәселе төңірегінде тұрақты жазды.
Өткен ғасыр басында қазақ жеріне қоныс аударушылар саны жыл санап
артып отырады. Әрі ең шұрайлы, орманды-тоғайлы жерлер, көбірек кетіп
жатты. «Қазақ» газетінде осы орайда мынандай дерек бар: «Егер 1893 жылға
дейін, яғни 12 жылда 17 млн. десятинадан астам жер тартып алынған».
Сондықтан да болар «Қазақ» газеті жарыққа шыққан күннен бастап: «Қазіргі
қазақ мәселелерінің ең зоры – жер мәселесі. Бұл қазақтың не тірі, ия өлі болу
мәселесі» деп жазды. Ахаң редакторлық еткен газет өмірге: Жер – қазақтікі! –
деп ұрандай келді. «Қазақ» пайдасындағы жерлерден мұжықтарға Торғай
облысынан ғана 135 мың десятина жер кесіліп берілген».
1891 жылы шыққан «Далалық Ережеде» қазақ жері қазақтарға мәңгілікке
беріледі делінген-ді. Артық жерлер ғана алынуға тиіс болатын. «Қазақ»
газетінде столыпиндік осынау аталған заңға қарсылық білдірген мақалалар жиі
басылып тұрған. А.Байтұрсынов сол заңдарды орыс тілінен қазақшалап
94
бастырып тұрған. Ондағы ойы: бұл «бұйрықтарды қазақ білсе, жәбір көрушілер
азаяр» деген ниетінен еді. Ахаң «Қазақ» газетінде «Қазақ жерін алу туралы
заңға» түсінік берген. Осы мақалада: «Жол бойынша: қазақты қыстауынан
көшірмей тұрып, жаңа жерден орын сайлап, беруге міндетті, қазақ көшкенде
даярлап, белгілеп берген жерге көшпек. Бұл жолды білмей «мұжық қуып
шығады», пәлен қуып шығады отыра алмадық дейді. Мұжық болсын, басқа
болсын низамнан күшті емес», - деп тек қана заңға жүгіну қажеттігін
түсіндіреді. Құрығанда заңда көрсетілген жеріңе ие болып қал дейді.
Көшпенділер үшін табиғаты қатал аймақта құнарлы жер қажет. Мал жайылымы
кең болса, байлық артады, ел кедейленбейді. Бұл мақалада жұртының ертеңін
ойлаған Ахаң кеменгершілігінің бір қыры тағы көрініс табады.
Кеменгер Ахаң болса, газеттің «Қазақ һәм Дума» атты бас мақаласында:
«Қазақтың көбі Думаның арын білсе де жайын жақсы білмейді. Білмеген соң
ойлайды: тілеген тілегі Думаға жетсе, тілегі бола қалады деп. Бүгінгі Дума
онадй күннен алыс». Думаның дәрменсіздігін Ахаң ашып жазады. Патшаның
қол шоқпарына айналып, ойыншық болып отырған Думаның нағыз халықшыл
болуға мүмкіншілігі жоқ та екенін еске салады.
Ахмет Байтұрсынов Ресейдегі заңдылық мәселелеріне де жиі қалам
тартқан. «Қазақ» газетінде басылған Ахаңның: «Орынбор 13 октябрь», «Закон
жобасының баяндамасы» атты мақалалары тікелей Ресей заңдылықтарының
қайшылықтары туралы әңгімелейді.
А.Байтұрсынов редакторлық жасаған «Қазақ» газеті 1913 жылдан 1918
жылдың 16 қыркүйегіне дейін шығып тұрады. Осы аралықта газеттің 265 саны
шығады. Бес жыл бойы «Қазақ» газеті қазақ жұртының қамқоршысы болды,
кете бастаған жоғы тілі, діні, ділін жоқтады, оқуға, білімге, заңдылықты білім,
әркім өз хұқығын өзі қорғауға шақырды. Ең бастысы елді егемендікке үндеп,
жерін қорғау қажеттігін ескертті. Ашына жазды, ұйқыдағы халқын оятуға күш
салды. Бұл істердің көш басында көсемсөзші, халықтың рухани көсемі, ойшыл
Ахмет Байтұрсынов тұрды. Талантты қаламгер Ахаң қаламынан туындаған
көркемсөз туындылары елдікке үндеді, патшалы Ресей бодандығындағы
жұртын бірлікке, ынтымаққа шақырады. Шұрайлы тілімен, шебер баяндалатын
талай әдеби туындылар тудырған көсемсөзші Ахаң, алдымен, өзінің ана тілі –
қазақ тілін түрлеген тіл маманы болды. Ахаң қазақ тілінің түңғыш Әліппесін
жазды, көптеген оқулықтарға автор болды. Ахмет Байтұрсынов араб
графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды. Ахаң түлеген
әліппе «Қазақ жазуы» өткен ғасырдың оныншы жылдарынан бастап
жиырмасыншы жылдардың соңына дейін қазақ мәдениетіне, жазба дүниесіне,
оқу-ағарту ісіне қызмет етті. Ахаң болса өзі жазған өміршең көркемсөздерінің
денін дерлік осы «Байтұрсынов жазуымен» қағазға түсірді. Ірі қоғам
қайраткері, ағартушы ұстаз, тілші ғалым, қазақ әдетиеттану ғылымының
негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынов Қазақстанның оқу-ағарту істерінің,
мәдениетінің, ғылымының қалыптасу, даму тарихында аса көрнекті тұлға,
білімдар ұйымдастыруы болғандығын, ешқашан да халық тағдырын көзден таса
қылмай қаламына қару еткенін оның көркем сөздерін талдау барысында
таныстық. Көркем сөздеріндегі Ахаңның азаматтық үні қазақтың талай ұрпағын
95
бірлікке, елдікке, еңбекке, өнерге үндері сөзсіз. Ең бастысы халықтың өз ана
тілінде – қазақ тілін құрметтеуге шақырып тұрары сөзсіз. Бұл туған халқына
арнаған Ахаң үнінің бүгінгі елмен халықтың замана талабының мемлекеттік тіл
ұранымен үндесуі. Уытты сөзімен Ахаң шын мәнінде өз заманында туған
халқының рухани көсемі болған көсемсөзші, өз сөзімен айтар болсақ –
«адамдықтың тұқым себуші», жұрт қамқоры. Осы орайда Ахаңнан қалған мол
мұра – көркем сөздерін оқи отырып, сол жоқты іздестіре береміз. Көркем сөз
жанрының көш бастаушысы Ахмет Байтұрсыновтың сөз өнерінің сыры көп,
мазмұны мағыналы, ұраны – ел бірлігі, рухани іргелілік үшін күрес екенін
танып, содан қуаттанамыз.
Ғалым-лингвист, әдебиет зерттеушісі, ақын аудармашы, көсемсөз шебері
Ахмет Байтұрсыновтың көркемсөзіндегі халық тағдыры туралы толғаныстар ел
тәуелсіздігіне бастады.
Егемен Қазақ елі болса халықтың рухани көсемі болған Ахаң еңбектерін
мәңгілік өшпес мұрасы деп кәделейді: оқиды да, өнеге де алады.
Достарыңызбен бөлісу: |