75
Бұл күнге бүгін емес, көптен кірдік,
Алды-артын аңдамаған бетпен кірдік.
Шығармай бір жеңнен қол, бір жерден сөз,
Алалық алты бақан дертпен кірдік [3],
- ақын қазақтың
өзара іштей бір-бірімен жауласқан алауыздығының кесірінен Ресейдің қол
астына оңбай кіргенін ащына суреттейді.
«Бір жеңнен қол, бір жерден сөз
шығармау» тұрақты сөз тіркесі арқылы жасалған метафора.
Осы жол арқылы
қазақтың ең басты кемшілігіне баса назар аударуға болады.
«Алты бақан дерт»
сөзі де пендеге жабысқан дерттің түрі туралы емес,
бостандығынан айрылған
халықтың жанына түскен қайғы дерті екенін ауыстырып қолданылған.
...Жақынмен ырылдастық,
иттей үрдік,
Білдірдік
елдің сырын, ердің құнын,
Елеріп ерегіске екі-үш күндік.
Достарыңызбен бөлісу: