Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет46/113
Дата15.02.2024
өлшемі5.11 Mb.
#491930
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   113
АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ 29 09 2022

 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Аширова, А. Егізбаева, Н. Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ филологиясы: өткені, 
бүгіні мен болашағы: ғылыми-әдістемелік материалдар жинағы. Алматы 2017 


81 
2. Әшімханов, Д. Бес арыс: Естеліктер, эсселер және зерттеу мақалалар. Алматы 1992 
3. Әдібаев, Х. Базарбаев, М. Қабдолов, З. Нұрғалиев, Р. Қазақ әдебиеті: Оқулық 5-
басылым. Алматы, 2002 
4. Байтұрсынов, А. Шығармалар: жинақ. Алматы, 1989 
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ АТАСЫ 
Шонгалова Жанар Серикбаевна 
Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебінің мұғалімі 
Аннотация: Он был настоящим учителем нации, он стремился пробудить дремлющий 
казахский народ, подобно «шмелю», он научил казахов любить казаха, вклад Ахмета 
Байтурсынова для казахского народа безграничен. Он - акын, он - общественный деятель, он 
- первый казахский литературный теоретик-лингвист, ученый-просветитель. Он - один из 
лидеров идеи Алаш. Ради казахского народа он пятикратно попадал под арест и не уставал 
говорить: «Не спешите! За нами есть судья...», позже его приговорили к расстрелу. Знать и 
ценить его жизненный путь, деятельность, идеи - наш общий долг. 
Ключевое слово: литературоведение, литературоведческое учебное пособие, искусство 
речи, поэзия, культура. 
Annotation: He was a real teacher of the nation, he sought to awaken the dormant Kazakh 
people, like a "bumblebee", he taught the Kazakhs to love the Kazakh, Akhmet Baitursynov's 
contribution to the Kazakh people is unlimited. He is an akyn, he is a public figure, he is the first 
Kazakh literary theorist-linguist, scientist-educator. He is one of the leaders of the Alash idea. For 
the sake of the Kazakh people, he was arrested five times and did not get tired of saying: “Do not 
rush! There is a judge behind us...”, later he was sentenced to death. It is our common duty to know 
and appreciate his life path, activities, ideas. 
Keyword: literary criticism, literary textbook, art of speech, poetry, culture. 
 
 
ХХ ғасырдың басында жан-жақты өсіп келе жатқан қазақ қауымына 
А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» үлкен жаңалық болды. «Әдебиет 
танытқыш» қазіргі күннің өзінде де мәнін жоғалтпаған құнды ғылыми еңбек болып 
табылады. Ол сол кезеңдегі ақындардың өлеңді дұрыс, талапқа сай жазуға бағыт-
бағдар беруші әдеби-теориялық оқу құралы болды деп айтуымызға толық негіз бар. 
ХХ ғасырдың басы қазақ мәдениеті мен рухани әлемі үшін шын мәнінде «ояну 
дәуірі» болды. Әрине, ұлтымыздың «ояну дәуірінің» бастауында «Айқап», «Серке», 
«Қазақ» газеттерімен қатар, ұлтын «Маса» болып шаққан А.Байтұрсынұлы, күллі 
қазақ әлеміне «Оян, Қазақ» деп жар салған М. Дулатұлы, «Қазақтар (Киргизи)» 
секілді танымы мол ғылыми-монографиялық еңбек жазған Ә. Бөкейхан секілді елін, 
жерін, ұлтын жан-тәнімен сүйген Алаш зиялылары тұрды. 
Дәл осы кезеңде Абай мен Ахметке, Шәкәрім секілді ғұлама ақындарға 
еліктеген өлеңдері поэзияның биік талаптарына жауап бере алмайтын еліктегіш 
ақынсымақтар көбейіп кетті. Бұл – енді қалыптасып келе жатқан қазақ жазба 
әдебиеті үшін үлкен қатер еді. Европа мәдениетінен хабары бар, орыс әдебиеті 
мен тілін жақсы білетін А. Байтұрсынұлы сол келеңсіздіктерді өз көзімен көрді, 
өзге әдебиетпен салыстырды, көңіліне тоқыды да, шөлдеп тұрған қазақ 
жұртына, әдебиеттанудың негізгі құралы болып табылатын еңбек жазуға 


82 
кірісті. Ол қазақ жерінде туып, қазақ жырымен сусындаған қазақ 
жазушыларынан ертеңгі күні европа әдебиетімен тең дәрежеде болатындай 
өнер туындаларын күтті. Сол үшін де А.Байтұрсынұлы қазақ әдебиеті 
теориясының негізі болған әдебиет танытқыш еңбегін жазды. 
Ахмет Байтұрсынұлы, 1926 жылы Ташкент қаласында басылып шыққан 
бұл «Әдебиет танытқыш» еңбегінде алғаш рет қазақ әдебиетінің теориялық, 
методологиялық мәселелерін негіздеп берді. Әдебиеттану ғылымындағы басты 
ұғымдар мен терминдер жүйесін жасады. 
Кез-келген әдебиет теоретигі өзінің теориялық еңбегін бастамас бұрын, 
Аристотельдің (б.з.д. 384-322жж) грек әдебиеті мен өнерінің классикалық 
дәуірінен қалған бірден-бір жүйелі байыпталған, философиялық-эстетикалық 
трактаты «Поэтиканы» бір оқып шығары анық. Көп теоретиктердің ойлары 
Аристотельдің «Поэтикасымен» пікірлес болатыны да сондықтан. Ал, ХХ 
ғасырдың басында қазақ даласында туып өскен А. Байтұрсынұлы 
«Поэтикамен» таныс болған-болмағаны белгісіз, бірақ та пікірі көп жағдайда 
дәлме-дәл келетіні анық. Сондықтан да біз, А. Байтұрсынұлы өзінің ғылыми 
еңбегі «Әдебиет танытқышын» жазу үшін Аристотельдің «Поэтикасын» өзіне 
бағдаршам ретінде қабылдады,- деп ойлаймыз. 
«Ақын» деген сұраққа Аристотель былайша жауап береді: "... задача 
поэта – говорить не о том, что было, а о том, что могло быть... Ибо историк и 
поэт различаются не тем, что один пишет стихами, а другой прозою, нет, 
различаются они тем, что один говорит о том, что было, а другой – о том, что 
могло быть" [2, 655]. Ал, А.Байтұрсынұлы: "Қара сөз көбінесе ғалымдардың, 
шешендердің сөзі болатындығы қара сөз түрлерінен анық көрінеді. Дарынды 
сөз олай емес, ақындардың, арқалылардың сөзі болады. Ақындар ғалымдар 
сияқты болған уақиғаны яки нәрсені болған күйінде, тұрған қалпында 
бұлжытпастан айтып, дұрыс мағлұмат беріп, қақиқаттауға тырыспайды. Тұрған 
нәрсе тұрған күйінде, болған уақиға болған күйінде ақынға өте үйреншікті, жай 
қалыпты жабайы көрінеді. Оның бәрін ақындар өз көңілінше түйіп, өз ойынша 
жорып, өз ұйғаруынша суреттеп көрсетеді. Сол өзі ұйғарған түріндегі ғаламды 
сөзбен көрсетуге бар өнерін, шеберлігін жұмсайды. Сөйтіп шығарған сөзі 
көркем сөзді шығарма болады. Оны шығаруға жұмсайтын өнердің аты ақындық 
болады" [1, 102], - дейді «Әдебиет танытқышында». Бұл жердегі ғалым деп 
отырғаны Аристотельдегі тарихшы. З. Қабдолов «Сөз өнерінде», ақынға тән 
ерекшеліктер дегенде: "Бақылау. Бақылап білген, сезген шындықты кең өріске 
шығаратын қанатты творчестволық қиял-таланттық серігі" [3, 13],- деп, 
сонымен қоса ақынға тән қасиет деп интуицияны айтады. Демек, Аристотель 
мен А. Байтұрсынұлының айтып отырғаны бір нәрсе. Ақын өзінің қиялымен, 
нәзік сезімімен сезінеді, түйсігімен түсінеді де, болашақты басқаша тұрғыда 
көреді, армандайды. Ақын арқалы болады дегені сол, «мен мұны өзім 
айтпадым, менің аузыма Құдай салды» дейтін ақындар да көп. 
Өнер-білім бар жұрттар, 
Тастан сарай салғызды; 
Айшылық алыс жерлерден 
Көзіңді ашып жұмғанша, 


83 
Жылдам хабар алғызды, - деп ХІХ ғасырдың соңында Ы.Алтынсарының 
(Ы.Алтынсарин) жырлағаны да әншейін дүние емес. 
Ғылыми және теориялық тұрғыдан келгенде «Әдебиет танытқышты» 
Аристотельдің «Поэтикасымен» негіздес еңбек деп айтуымызға әбден болады. 
Сол себепті де болар, А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышын» өздеріне 
ғылыми тірек етіп, қазақ әдебиеттану ғылымында қазақ ғалымдары түрлі еңбектер 
жазып шыққандығы белгілі. Соның бірі және бірегейі, кез келген қазақ 
филологиясында білім алушы студенттерің жата-жастана оқитын З.Қабдоловтың 
«Сөз өнері» кітабы. «Сөз өнері» – «Әдебиет танытқыштың» негізінде жазылған
бірақ ғылыми тұрғыдан жан-жақты толықтырылған теориялық еңбек. Екі еңбектің 
де түп негізінде Аристотельдің «Поэтикасы» тұр. Сондықтан да, бұл екі еңбектің 
сырт көзге қатты ұқсас болып көрінуі – заңды құбылыс. 
А.Байтұрсынұлы тек қана троптарды жасап, оларға ғана атау берген жоқ, 
ол қазақ терминологиясының негізін салды. Оны, «Әдебиет танытқышы» 
арқылы барлығымыз да білеміз. Біз жоғарыдағы З. Қабдоловтың «Сөз өнерінің» 
бір тарауын А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышымен» салыстырып өттік. 
З.Қабдолов өз зерттеу еңбегін жазуда «Әдебиет танытқышты» өзіне жол 
көрсететін бағдаршам ретінде пайдаланғанын да біліп түсіндік. Әрине, ішінде 
толықтырулар арқылы келген өзгешеліктер де мол. Себебі, «Әдебиет 
танытқышты» А.Байтұрсынұлы қазақтың ғылымы дамымаған ХХ ғасырдың 
басында жазып, қазақ әдебиетінің теориясының негізін салса, З.Қабдолов «Сөз 
өнерін» ХХ ғасырдың соңында жазып, А. Байтұрсынұлы салған қазақ әдебиеті 
теориясына біршама толықтырулар енгізіп, қазақ әдебиеті теориясына өзіндік 
үлкен үлесін қосты. Бұл – анық дүние. 
Десек те қазақ әдебиеті теориясын зерттеген ғалымдар Е. Ысмайыловтың, 
Қ.Жұмалиевтің, Р.Нұрғалидың еңбектерін жинақтап салыстыра келе, қазақ 
әдебиеттану ғылымының негізін салған А.Байтұрсынұлының «Әдебиет 
танытқыш» еңбегі деген тоқтамға келеміз. Ия, ХХ ғасырдың бірінші ширегінде 
жазылған А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» қазақ әдебиеттану 
ғылымының негізін салды. Бұл – ақиқат! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет