Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары


Құлдықтың қолдарында көзі



Pdf көрінісі
бет44/113
Дата15.02.2024
өлшемі5.11 Mb.
#491930
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   113
АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ 29 09 2022

Құлдықтың қолдарында көзі жатыр [3], - елім деп 
шырылдаған ақын жүрегі ел ішіндегі бүлікті, билікқұмарлардың арсыздығын, 


76 
жақсы мен жаманды ажырата алмаған адамдардың надандығын ашып 
суреттейді. «Сасық ми, салқын жүрек санасыздар» эпитетті метафора, 
«жақсы мен жаман» сөзі адамдардың жақсы ісі мен жасаған жаман 
қылықтарына қатысты ұғымды білдіріп тұрған метонимия, «құлдықтың көзі» 
тәуелсіздіктен айырған орыс алпауытарының ниетін сипаттаған метафоралық 
тіркес. 
Ақын «Бақ» атты өлеңінде: 
Бұлттар басып жасырған, 
Жана түсіп басылған, 
Таң шапағы сөніп тұр
Жаңа шығып көрінген, 
Гүл қамауда семіп тұр [2], - деп, ел басындағы ауыр 
тағдырды «таң шапағы сөніп», «гүл қауызы семіп» тұр деген тамаша 
метафоралық құрылым арқылы суреттейді. 
Қудым бақты, іздедім
Табамын ғой тез дедім.... 
...Жақтым түрлі шырақты
Таптырмады қуғаным [2]. Ахмет атамыздың талайлы 
тағдырына сәйкес келген аласапыран заманда қол жетпестей болған бармақтай 
бақты «қудым бақты» деген метафоралы тіркес арқылы жандандырып
кейіптеуге айналдырады. 
Рақатты жаз келіп, 
Қашан жанып шамшырақ
Сәуле беріп жарқырап, 
Болар жарық төрт тарап? 
Қашан маған іздеген, 
Келіп жылы жүзбенен
Болар серік бақ қарап?!. [2]. Бұл тіркестердегі «рақатты 
жаз», «жанған шамшырақ» ақынның орындалмас арманын астарлай жеткізген 
эпитеттер. Өмірінің ақырына дейін білген-түйгенін ұрпағына толыққанды 
жеткізе алмай, ғұмырын өкінішпен өткізген Ахмет атамыздың қолы жетпеген 
бақ басымызға қонды. Бұл күнде әр ұрпақтың кешегі әділетсіз қоғамда бетін 
тұмшалап ұстаған қазыналарды дұрыс пайдаланып, аталар жаққан шамшырақты 
бетке ұстап, алауыздық, іштарлық сияқты әдеттерден арылып адал өмір сүріп, өз 
білгенін қоғамның дамуына арнауға толық мүмкіндігі бар. 
Белгілі жазушы Мұхтар Әуезов: «Ақаңның бұрынғы айтқан сөзін әлі 
қазақ баласы ұмытқан жоқ, өлеңіндегі белгілі сарын әлі ескірген жоқ. Әлі күнге 
қазақ даласының күшті сарыны болып, Арқаның қоңыр желімен бірге есіп 
шалқып жатыр. Ақаң ашқан қазақ мектебі, Ақаң түрлеген ана тілі, Ақаң салған 
әдебиеттегі елшілдік ұран, саясат жолындағы қажымаған қайрат – біз ұмытсақ 
та, тарих ұмытпайтын істер болатын» [4]. Ахмет Байтұрсынұлының есімі 
ешқашан ұмытылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет