Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет83/113
Дата15.02.2024
өлшемі5.11 Mb.
#491930
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   113
АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ 29 09 2022

Арт-терапияның негізгі мақсаттары: 
катарсистік (тазартушы, жағымсыз күйлерден босатушы); 
реттеуші (нервтік-психикалық күштенулерді түсіру, психосоматикалық 
үрдістерді реттеу, жағымды психоэмоционалды күйлерді үлгілеу; 
коммуникативті-рефлексивті (қарым-қатынас бұзылыстарын түзетуді 
қамтамасыз ету, дұрыс тұлғааралық мінез-құлықты, өзіндік бағалауды 
қалыптастыру). 
Арт-терапияда мақсатты оқытуға емес, көркемдік іс-әрекеттің қандай да 
бір түріне (музыкалық, бейнелеу, театралды ойын, көркем сөйлеу) дағдылар 
мен ептіліктерді меңгертуге баса мән беріледі. 
Арт-терапия міндеттері: 
топта жағымды эмоциялық күйді қамтамасыз ету, белсенді өмірлік 
ұстанымды қалыптастыру; 
баламен махаббат және өзара жақындастық негізінде қатынас орнату; 


192 
балаға оның толыққанды тұлғалық дамуына кедергі жасайтын жағымсыз 
эмоцияларды (қорқыныш, ашу, т.б.) елеп-ескеруіне көмектесу; 
баланың эмоциялық өрісінің баюына мүмкіндік беру; 
өзін шығармашылық жағынан жүзеге асыруына мүмкіндік жасау; 
толғандыратын проблемаларды түсінуіне көмектесу; 
өзіне және өзге адамдарға сенуді үйрету; 
құрбы-құрдастармен, тәрбиешілермен, үлкендермен коммуникация 
үрдісін жеңілдету [5]. 
К. Рудестам бойынша арт-терапия міндеттері: 
агрессиядан және басқа да жағымсыз сезімдерден шығуға көмектесу; 
қосымша әдіс ретінде емдеу (психотерапия) үрдісін жеңілдету; 
психодиагностика үшін материал алу; 
басылып (тұншықтырылып) тасталған ойлар мен сезімдермен жұмыс жасау; 
клиентпен байланыс орнату; 
өзін-өзі бақылауды дамыту; 
өз түйсіктері мен сезімдеріне назар аударту; 
шығармашылық қабілеттерді дамыту және өзіндік бағалауды жоғарылату
Арт-терапияның басқа түзету құралдарынан 
ерекшеленетін артықшылықтары: 
арт-терапия құралы вербалды емес қарым-қатынаста тиімді болып 
табылады, бұл өз кезегінде мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасауда 
айрықша құнды; 
бейнелеу іс-әрекеті балаларды жақындастырудың күшті құралы; 
бейнелеу іс-әрекеті баланың жай-күйін оның жасаған жұмыстары арқылы 
бағалауға мол мүмкіндік береді; 
шығармашылық потенциалды және өзіндік бағалау мен сауығудың ішкі 
механизмдерін жұмылдыруға негізделеді. 
жұмыс жасауға барлығы бірдей қатыса алады, себебі ол көркемдік 
дағдыларды талап етпейді; 
көркемдік іс-әрекетке бірлесе қатысу – өзара қабылдау қатынастарына
эмпатияға мүмкіндік жасайды; 
баланың мәдени иденттілігін нығайтады, тілдік кедергілерді жеңуге 
(әсіресе көп ұлтты балабақшаларда, мектептерде) мүмкіндік береді; 
белгілі бір себептерге байланысты вербалды талқылауға қиындық 
тудыратын проблемалар мен фантазияға сүйенуге мүмкіндік жасайды; 
символикалық деңгейде әртүрлі сезімдерге тәжірибе жасап көруге, 
зерттеуге және оларды әлеуметтік тұрғыда танылған, лайық түрде көрсетуге 
көмектеседі; 
іштей бақылау сезімін дамытады, кинестетикалық және көру 
түйсіктерімен тәжірибе жасап көруге жағдай жасайды, сенсорлық ептіліктердің 
дамуын арттырады, интуицияға және кеңістікте бағдарлануға жауап беретін 
мидың оң жақ жарты шарын дамытады; 
өзін шығармашылық жағынан көрсетуге, қиялдың, эстетикалық 
тәжірибенің, көркемдік іс-әрекеттің практикалық дағдыларының, біртұтас 
көркемдік қабілеттердің дамуына жағдай жасайды; 


193 
адамның күнделікті өмірге және балабақшаға, мектепке адаптациялық 
қабілеттерін арттырады. Шаршауды, жағымсыз эмоциялық күйлерді және оның 
оқумен байланысты туындауын азайтады; 
жеке дамудың әртүрлі ауытқушылықтары мен бұзылыстарын түзетуде 
тиімді. Тұлғаның сау потенциалына, өзіндік басқарудың және сауығудың ішкі 
механизмдеріне сүйенеді; 
баламен махаббат және өзара жақындастық негізінде қатынас орнатуға 
мүмкіндік береді. 
Арт-терапия түрлері: 
библиотерапия (соның ішінде, ертегі терапия) – әдеби шығармалар және 
әдеби туындыларды шығармашылық оқу; 
музыкотерапия; 
драматерапия; 
би терапиясы; 
қуыршақ терапия; 
мүсіндеу терапиясы. 
Арт-терапияны жүргізу көрсетілімдері: 
Эмоциялық даму қиындықтары, стресс, депрессия, көңіл-күйдің болмауы, 
селқостық, эмоциялық тұрақсыздық, эмоциялық реакциялар импульсивтілігі, 
өзге адамдардан эмоциялық шеттетуін уайымдау, жалғыздық сезімі, 
тұлғааралық жанжалдар, отбасылық қатынастарға қанағаттанбау, қызғаныш, 
аса мазасыздық, қорқыныштар, фобия, жағымсыз «Мен-концепциясы», өзіндік 
бағалаудың төмендігі [6]. 
Арт-терапия – баланы бейнелеу кезіне дейін айналасын қоршаған 
атмосфераға әкеледі: риясыз қабылдау, баланың артықшылықтарын тану, 
қажеттіліктерін түсіну. Бала өзінің қажет екендігін сезінеді, ол баланың: «мен 
іске жарайды екенмін, қолымнан бір нәрсе келеді», «менің қабілеттерім бар», 
«мені басқалар біледі», «менің ойларымды ескереді», «мен қиындықтарды жеңе 
аламын», «мен қиындықтардан қашпаймын, алға ұмтыламын» т.б. сияқты 
ойларынан көрініс табады. Бала өзге балалармен өзара әрекеттесу барысында 
әлеуметтік қатынастардан күтілетін күтілімдерін өзгертеді: «мен басқа 
балалардың табыстарын көремін», «маған үлкендермен қарым-қатынасқа түсу 
оңай», «мені түсінеді», «маған көмектеседі, мені қолдайды».Арт – әдістер 
негізінде жұмыстарды қандай балалармен жүргізуге болады? Мұндай сабақтар 
қандай балаларға арналған? Бұл балалардың өзі туралы түсініктері 
бұрмаланған, ұнамсыз, өзін дұрыс бағалай білмейді, тым мазасыз, жасқаншақ, 
қорқады. Мұндай балалар айналасындағыларды агрессия, қарым-қатынасқа 
түсуден бас тарту, демонстративтілік сияқты қалыптасып қалған қорғану 
механизмдері көмегімен қабылдайды. Сондықтан, мұндай балалардың 
эмоциялық өрісін әртүрлі әдістер көмегімен ерте жастан дамыту аса маңызды. 
Арт-терапия – адамның интеллектуалдық, әлеуметтік, эмоционалдық 
және тұлғалық дамуында оң өзгерістерге қол жеткізу үшін өнердің 
мүмкіндіктерін пайдаланатын әдістердің бірі. Бұл сурет салу, модельдеу, би 
билеу, ертегілер арқылы адамға әсер ету әдісі. Мұның бәрі балаларға өте 
жақын. Бұл балалар үшін арт-терапияның бір пайдасы. Бұл өзін-өзі көрсетуге 


194 
ықпал етеді: ұялшақ және өз әрекеттерінде шешім қабылдамайды, бұл 
қорқыныштан арылуға көмектеседі; гиперактивті, агрессивті - әрекеттің 
неғұрлым тыныш түріне ауысу. Ең бастысы, бұл кез келген адамға қиял әлемін 
көрсетуді тез және оңай үйренуге мүмкіндік береді. 
Қазіргі арт-терапия көптеген бағыттарды қамтиды.Балалармен және 
ересектермен жұмыс істеуде музыка терапиясы, ертегі терапиясы, би 
терапиясы, фототерапия, изотерапия сияқты арт-терапиялық әдістерді сәтті 
қолдануға болады.Музыкалық терапия әртүрлі себептермен туындайтын 
қарым-қатынас бұзылыстарын түзетуде өте тиімді. Музыка арқылы байланыс 
қауіпсіз, бейтарап, дараланған, қорқыныш пен шиеленісті жеңілдетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет