190
әкелінген балалармен жұмыс жасауда қолданылған.
Арт-терапия өзінің даму
кезеңдерінде З.Фрейд, К.Г.Юнгтың психоаналитикалық көзқарастарын
бейнеледі, психоаналитикада клиенттің көркемдік іс-әрекеті (сурет, мүсін,
инсталляция) оның ұғынылмайтын психикалық процестерін бейнелейді.
1960 жылы Америкада Америкалық арт-терапиялық ассоциация құрылды [1].
Арт-терапия – бұл өнермен емдеу немесе өзін шығармашылық арқылы
көрсетумен емдеу бағыттарының бірі. Арт-терапия – әртүрлі психикалық,
физикалық аурулармен ауыратын адамдарға, тәуекелдік топтар өкілдеріне
көмек көрсету, сондай-ақ ауырмайтын адамдарға тұлғалық өсу, потенциалын
арттыру мақсатында бейнелеу құралдарын қолданады. Арт-терапия әдістері
мазасыздықпен, агрессивтілікпен, қорқыныштармен және т.б.
жағымсыз
күйлермен күресуге көмектеседі.
Арт-терапияда шығармашылық үрдіс басты терапиялық механизм болып
табылады, ол айрықша символикалық түрде шиеленіскен жарақаттаушы
жағдаяттардан шығуға, оның шешімін табуға мүмкіндік береді. Сурет, ертегі,
ойындар арқылы арт-терапия ішкі шиеленістерден және күшті эмоциялардан
шығуға, өз сезімдері мен толғаныстарын ұғынуға көмектеседі, өзіндік
бағалаудың артуына, босаңсуға, еркінсуге және күштенулерді, қысымды
түсіруге мүмкіндік жасайды, шығармашылық қабілеттердің дамуына да игі
ықпалын тигізеді. Арт-терапиялық әдістер қорқыныш мәселесімен жұмыс
жасауда тиімді. Қорқыныш суретін салғызу тапсырмасының
өзі балаларды өз
қорқыныштарымен жұмыс жасауға жұмылдырады. Әрине, қорқынышты
суреттеу оңайға соқпайды. Балаға бұл тапсырманы орындау үшін бірнеше
күндер қажет етіледі.
Осылайша, ішкі психологиялық кедергі – қорқыныштың қорқынышы
жеңіледі. Сурет салуға бел байлау – өз қорқынышымен тікелей қақтығысу,
онымен бетпе бет жүздесу және оның бейнесін суретке салып бітпегенше
мақсатты түрде ерік күшін жұмсап, есте ұстап тұру – жарақаттаушы
нәрселердің өздігінен азаюына мүмкіндік береді. Сурет салу үрдісінде
қорқыныш объектісі санада қатып қалған психикалық түзілімді көрсетпейді,
себебі ол көркемдік бейне ретінде шығармашылық тұрғыда қайта бейнеленеді.
Сурет салу кезінде байқалатын қызығушылықтар қорқыныш эмоциясын
біртіндеп бәсеңдетіп, оны орындап жатқан тапсырмаға ерік күшімен
шоғырлануға және оған қанағаттануға алмастырады. Арт-терапия үрдісі балаға
өз проблемаларын жандандыруға және оны түсінуге, сонымен қатар оны шешу
жолдарын көруіне көмектеседі.
Сурет салу –
бала қиялын, ойлау орамдығын дамыту үшін табиғи
мүмкіндік болып табылады. Шындығында сурет салуды ұнататын балалар
ерекше фантазиясымен, сезімдерін тікелей жеткізе алуымен және ой-
пікірлерінің орамдығымен ерекшеленеді. Олар өздерін суреттегі адамның
немесе кейіпкердің орнына қоя біледі және оған деген өз қатынасын білдіре
алады. Бала сурет сала отырып, өз сезімдері мен толғаныстарын,
әсерлерін,
қалаулары мен арманын көрсете алады, өзін қорқытатын жағымсыз, зақым
келтіруші бейнелермен ешбір ауыртпалықсыз байланыса алады[2].
191
Арт-терапия – бұл бейнелеу өнерімен емдеу. Арт-терапия мақсаты –
баланы сурет салуға үйрету емес, сурет салдыру арқылы шектен тыс
эмоцияларды (көбіне сөйлей алмайды) тудыратын проблемаларды жеңуге,
шығармашылық энергияның шығуына көмектеседі. Бала болашақта эмоциялық
күштенуді жеңілдететін, өзіне қолайлы әрі ұнамды тәсілді меңгереді.
Бейнелеу тәсілдері бала іс-әрекетін түрткілендіреді, оның зейінін
бағыттап, тұрақтандырады, сондай-ақ бала айрықша тәжірибе алады. Бейнелеу
іс-әрекетінде бала өзін еркін көрсете алады. Бала үшін бастысы нәтиже емес,
сурет салу үрдісі маңызды. Сондықтан, арт-терапия балалармен жұмыс жасауда
осындай нәтижелерімен тиімді әрі пайдалы.
Шығыс даналығы бойынша «сурет мың сөзбен жеткізе алмайтынды
жеткізеді». В.С.Мухина және басқа да зерттеушілердің
айтуынша сурет бала
үшін өнер емес, сөйлеу болып табылады. Суреттің әрбір сызығының, әрбір
түсінің өзіндік сипаты, өзіндік көңіл-күйі бар. Олардың көмегімен бала өзінің
ішкі әлемінде болып жатқан барлық дүниені жеткізеді. Мұның барлығы арт-
терапияның баланың эмоциялық өрісінің дамуымен тығыз байланысты
екендігін дәлелдейді. Бала сурет сала отырып,
қуанышқа, өзара түсіністікке,
табыстарға толы ғажайып ертегі әлеміне түседі [3].
Психолог Эдит Крамердің айтуынша арт-терапия – бұл адамның
шығармашылық потенциалын ашумен және өзінің ішкі әлемін танумен
байланысты әдіс.
Арт-терапиялық техникалар мақсаты – баланы сурет салуға үйрету емес,
сурет салу арқылы балада белгілі бір эмоциялар тудырып, сөзбен жеткізе
алмайтын проблемаларды жеңуге, шығармашылық энергияның шығуына
көмектесу. Бала үшін маңыздысы нәтиже емес, сурет салу үрдісі. Сондықтан,
арт-терапия балалармен жұмыс жасауда аса тиімді.
Л.Д. Мардер «Түрлі түсті әлем» атты еңбегінде былай жазады: «бала
өскен сайын үлкендер оған зор үміт артып,
одан көп жақсылықтарды
(жетістіктерді) күтеді. Осыған байланысты балада өз іс-әрекеті жемісіне
қатысты үлкендер реакциясына мазасыздығы артады, ата-аналардың да
баласының жетістіктерін күтуіне байланысты мазасыздығы артады» [4].
Достарыңызбен бөлісу: