Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет98/113
Дата15.02.2024
өлшемі5.11 Mb.
#491930
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   113
АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ 29 09 2022

Экономикалық 
(материалды-өндірістік), 
шаруашылық-тұрмыстық
Индустриалды қоғамға дейін отбасы барлық негізгі материалды қызметтерді 
қамтамасыз ететін алғашқы топ ретінде қарастырылды. Қазіргі кезеңде 
отбасының экономикалық қызметі оның мүшелерінің табыстарының бірігуімен 
және бұл табыстарды отбасының әрбір мүшесінің қажеттіліктеріне сай 
тұтынуға бөлуімен анықталады. Шаруашылық-тұрмыстық қызмет отбасы 
тұрмысын ұйымдастыру түрінде және отбасының әрбір мүшесінің жеке 
тұрмысында жүзеге асады.Үйде атқарылатын міндеттерді бөлу және олардың 
мазмұны тарихи кезеңдермен, өмір жағдайларымен, отбасы құрамымен және 
өмірлік цикл кезеңдерімен байланысты. 
Репродуктивті (бала туу және халықтың ұдайы өсіп-өнуі). А.Г. Харчев 
бұл қызметті халықтың өсуін қамтамасыз ететін отбасының маңызды 
әлеуметтік қызметі ретінде санайды. Отбасының аталмыш репродуктивті 
қызметінің маңыздылығы Ежелгі Рим қоғамында Август императоры билік 
еткен кезде Рим азаматтарының дүниеге бала әкелуін арттыру заңы шыққанда 
мойындалды.Өмірге бала әкелуді жоспарлау және халықты өсіп-өндіру 
міндеттерін шешу кез келген елдің мемлекеттік саясатының маңызды қызметін 
құрайды.Бұл мәселе бала туу дағдарысымен және адам ресурстары 
«тапшылығымен» немесе керісінше дүниеге бала әкелу деңгейін шектеу 
қажеттілігімен ұштасып жатса да өзінің маңыздылығын жоймайтын мәселе 
болып табылады.


229 
Бала тәрбиелеу қызметі. Отбасы баланы алғашқы әлеуметтендіру 
институты. Ол қоғамның даму үздіксіздігін, адамзат ұрпағының жалғасын, 
заман байланысын қамтамасыз етеді.Отбасындағы тәрбиенің, баланың 
жақындарымен эмоционалды-жағымды толыққанды қарым-қатынасының, 
баланың ерте жаста үйлесімді дамуын анықтайтындығы белгілі. Бала 
қаншалықты бой жетсе де отбасының тәрбиелік қызметінің маңыздылығы 
жойылмайды, оның тек міндеттері, құралдары, желісі, ата-аналармен 
ынтымақтасу және келісім (кооперация) ғана өзгереді. Қазіргі уақытта бала 
тәрбиелеу отбасыныңмаңызды әлеуметтік қызметі ретінде қарастырылады.
Сексуалды-эротикалық қызмет. Дара әрі қайталанбас тұлға ретіндегі 
тұрақты серіктеспен таңдамалы, тұрақты сексуалды қатынастар ғана 
серіктестердің толық сексуалды үйлесіміне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Рухани қарым-қатынас қызметі –отбасы мүшелерінің рухани дамуын 
көздейді; ақпаратпен алмасу; тұлға үшін аса маңызды әлеуметтік-саяси, кәсіби, 
қоғамдық өмір мәселелерін талқылау; әдеби және көркем шығармалар, музыка 
контексінде 
қарым-қатынас; 
отбасы 
мүшелерінің 
тұлғалық 
және 
интеллектуалды өсуіне жағдай жасау. 
Эмоциялық қолдау және қабылдау қызметі немесе психотерапиялық 
қызмет қауіпсіздік сезімін, эмоциялық өзара түсіністікті және жанашырлықты 
қамтамасыз етеді. Қазіргі отбасында бұл қызметтің басқа аспектісі тұлға бойында 
өзін-өзі көрсету және өзін-өзі таныту қажеттіліктерін қалыптастыруды көздейді. 
Рекреативті (қалыпқа келтіруші) қызмет – отбасы мүшелерінің нервтік-
психикалық денсаулығы мен психикалық тұрақтылығын қалыпқа келтіру 
жағдайларын қамтамасыз етеді. 
Әлеуметтік басқару, бақылау және қамқорлыққа алу (отбасының 
кәмелетке толмаған және әрекет ете алмайтын мүшелеріне қатысты) . 
Өсіп келе жатқан жас ұрпақты әлеуметтендіруші институт ретіндегі 
отбасының рөлі айтарлықтай жоғарылады. Балалық шақтың ұзақтығы ұлғайды, 
жас шақтарының дамуының жаңа кезеңдері пайда болды – балдәурендік шаққа 
хронологиялық шегі анағұрлым кең бозбалалық (бойжету) кезең қосылды. 
Отбасы өмірінде балаларды тәрбиелеу қызметі ерекше маңыздылықты иеленді, 
ата-аналық қамқорлық кішкентай сәбилерге ғана емес, ересектерге де 
көрсетілетін болды. Баласыздық қазіргі кезеңде ерлі-зайыптылар үшін 
отбасылық өмірге қанағатсыздық күйін сезіндіріп, некенің мәнін жоғалтты.
Отбасы өмірінде кездесетін кейбір дағдарыстар қалыпты және өтпелі 
болып келеді. 
Алғашқы некеге тұру – дағдарысы. Әсіресе тойға дейін жастар бір-бірін 
«қызғылт түсті көзілдірікте көреді», сол кезде бір-бірінің бойынан ешқандай мін 
таппайды, жарасып жүріп некеге отырады. Неке – өмір сүру салтының өзгеруіне, 
әлеуметтік жаңа статусқа әкеледі. Әйел заты үшін ата-тегін өзгертіп, басқа үйдің 
босағасын аттап, енді сол үйдің ішкі заңдылықтарымен жаңа өмір бастайды. Бұл Э. 
Эриксонның пікірінше [6]: «Ұқсастыққа келу дағдарысына» соқтырады, тұрмыс 
сипаты өзгереді, үйренуді қажет ететін жаңа әрекеттер пайда болады. Бұл ерлі- 
зайыптылардың бір-біріне бейімделу кезеңі, ол отбасын құрған алғашқы жылда 
болатын құбылыс. Бірлескен өмірде алғашқы жыл соңына қарай некенің бір 


230 
жылдық дағдарысы пайда болады. Осы уақыт ішінде дағдарысқа ерлі-зайыптылар 
үйренісіп, бірінің алдында бірі жауапкершілік танытып, түсіністікпен қарайды 
немесе ажырасу тілегі пайда болып, некелік одақ сәтсіз болды деп саналады. 
Ажырасудың алғашқы шарықтау шегі –бір жыл бірге өткізген өмірден кейін 
болады. Келесі дағдарыс бірінші баланың туылуынан кейін пайда болуымүмкін, 
тіпті ол бала қалаулы болып, махаббаттан пайда болса да қалыптасады. Өйткені 
балалы болуға «ана», «әке» атануға теориялық жағынан дайындық болса да, бала 
дүниеге келгеннен кейін туындайтын қиындықтар, практикада мүлде басқа 
болатынын ұғындырады. Жастардың тағы да өмір сүру сипаты өзгереді, 
отбасындағы міндеттер ауысады. Егер жас ана беріліп, баланы күтіп бағумен 
айналысып кетсе, онда жас күйеу, ата-ене т.б. мұны өздеріне назар аударудың жолы 
деп қабылдайды. Кейбір әкелер бала күтіміне қызғанышпен қарайды, баласы 
әйелінің сүйіспеншілігі мен күтімін тартып алғандай қабылдайды. 
Отбасындағы келесі дағдарыс екінші баланың дүниеге келуімен 
байланысты болады, әсіресе балалар арасында 5-7 жастан жоғары болған 
жағдайда қатты көрінеді. Балалар арасында бәсекелестік пайда болады, ол ата – 
ананың мейіріміне, махабатына ие болу ниетінен туындайды. Жасы үлкен 
балада кішісіне деген қызғаныш байқалады, бұл арнайы жасалған балалық 
қылықтардан байқалады, үлкен бала кішкентай кезіне еліктеп сақауланып 
сөйлей бастайды, өйткені ол өзіне кішкентай кезіндегідей қарап, еркелетсе 
деген ниеттен туындайды. Балаға осы кезеңде болып жатқан нәрсені түсіну 
үшін күшті төзімділік пен шыдамдылық қажет болады [7]. 
Келесі дағдарыс – бала мектепке дейінгі мекемеге немесе мектепке 
барған кезде пайда болуы мүмкін. Бұл уақытта ананың жаялық жууы екінші 
орынға кетіп, балаға көбінде әкелік қызмет қажет болады, ал көптеген ер 
адамдар бұл жағдайға дайын емес, некелік өмірді тек қаржы жағынан 
қамтамасыз ету, ал бала тәрбиесі әйел адамның ісі деп түсінетін ер адамдар 
үшін бұл өзінің бостандығына қол сұққандай сезіледі [8].
Келесі дағдарыс әке мен баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі 
мүмкін: жеткіншек жас дағдарысы және ата-ананың 40 жастық немесе 
орта жас дағдарысы қатар келіп үлкен әлеуметтік-психологиялық 
қиындықтармен жалғасып кетеді. Бұл кезеңде ата-аналар өз құндылықтарын 
қайта қарайды, ал баллалар билікке, еркіндікке, ересектікке ұмтылып, 
араларында түсінбестіктер туындайды. Көп жағдайда осы кезде баланың 
қызуғушылықтарын, жас және психофизиологиялық ерекшеліктерінен 
туындайтын қиындықтарды барлық ата-аналар дұрыс түсіне бермейді, соның 
себебінен көптеген келеңсіздіктер дәл осы кезде пайда болады [9]. 
Отбасы дамуының келесі дағдарысы – ерлі-зайыптылардың бірінің 
зейнеткерлікке шығуы. Бұл кезде ересек адам көсемдікке бейімделіп, өзін 
кәсіби іс-әрекетте кемелдікте, даналықта ұстап дағдыланған адамдарға қиын 
болып келеді. Егер олар өздеріне басқа бір жұмыс көзін тауып, айналыспаса, 
онда өмірге деген қанағаттанбаушылық және жеке басының ешнәрсеге 
жарамсыз болып қалғанына қатты қынжылады. Кейбір ер азаматтар бұл кезде 
осы шақтың қызығын жіберіп алмайын деп, өзін жаңа әлеуметтік, жыныстық 


231 
қарым-қатынаста көрсетуге тырысады, әліде болса күш жігері бар екендігін 
дәлелдеуге ұмтылады [10]. 
Ойымызды қорыта келе, соңғы онжылдықта адамның аффилиацияға және 
махаббатқа мұқтаждығын эмоциялық қолдау мен қабылдау қызметінің маңызы 
айтарлықтай артты.Қазіргі қоғамда махаббат отбасындағы қатынастардың 
маңызды сипаттамасы болып табылады, некеге түсу – ең алдымен ерлі-
зайыптылар арасындағы махаббатпен анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет