Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары


ҚАЗАҚТЫҢ ӘДЕБИ МҰРАСЫН БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА



Pdf көрінісі
бет101/113
Дата15.02.2024
өлшемі5.11 Mb.
#491930
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   113
АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ 29 09 2022

ҚАЗАҚТЫҢ ӘДЕБИ МҰРАСЫН БОЛАШАҚ ҰРПАҚҚА 
САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДА ҰСЫНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Мухышева Гульмира Мирашкызы 
«Арқалық қаласы білім бөлімінің А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ 
(ғылыми жетекшісі) 
Турекулова Мадина Ертайкызы 
А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының 10 «А» сынып оқушысы 
 
 
Аннотация. Основная цель нашей статьи-показать будущим поколениям 
эффективность представления наследия, оставленного людьми, различными способами с 
использованием цифровых технологий. Оценка достоинств и недостатков программ, 
работающих с электронными брошюрами. Представление, обобщение наследия 
А.Байтурсынова в цифровых технологиях. 
Ключевые слова: 3D книга, pdf книги, электронные книжки. 
AbstractMain purpose of our article is to show future generations the effectiveness of The 
presenting the legacy left by people in various ways using digital technologies. Evaluation of the 
advantages and disadvantages of programs working with electronic brochures. Presentation, 
generalization of A. Baitursynov's legacy in digital technologies.
Keywords: 3D book, pdf books, e-books. 
Қазақ әдебиеті десе ұлтын сүйген әр азаматтың жүрегі лүпіл қағатыны 
анық. Жүрекке жетер сөз қалдырған, мәні бар, тәрбиелік ізі бар шығармалардың 
иелері қазақ әдебиетінде өте көп. Солардың бірегейі, қазақ үшін жанашыр 
болған ұлы ағартушысы А.Байтұрсынұлы. Қазақ балаларының сауатын ашып, 
Ыбырайдың ізін жалғаған Ахмет Байтұрсынұлының негізгі ұстанымы – 
халқына қалтқысыз қызмет ету. Елінің болашағын ойлаған ұлт ұстазы


237 
балаларды сауаттандыруда, оқу-ағарту ісіне көп күш салған. Болашақ ұрпаққа 
баға жетпес үлкен мұра қалдырды. 
Қазақ 
әдебиетінің 
майталмандарын 
құрметтеп, 
олардың 
ізін 
жалғастырып, шығармаларынан сусындап өссек, бізден асқан білімді дана 
ұрпақ болмас еді. Осы мақсатта ғылыми жұмысымды «Қазақ әдеби мұрасын 
сандық технологияда ұсынудың тиімділігі» деген тақырыпта алып, жұмыс 
жасаудамын. 
А.Байтұрсынұлының 
150жылдығына 
орай 
осы 
кісінің 
шығармаларын сандық технологияда ұсынуды жөн көрдім. 
«Кітап — білім бұлағы» деген белгілі даналыққа сай, ол адамзат үшін
ғасырлар бойы білім мен ғылымның алтын қазынасы, сарқылмас, өшпес 
мұрасы, рухани құндылықтарының қайнар көзі болып келгені және бола 
беретіндігі де анық. Осы орайда, қағаз кітаптармыз өз маңыздылығын 
жоймайды, жоғалып та кетпейді. 
Десек те, үнемі даму үстіндегі цифрлық, жоғарғы технологиялық
ХХІ ғасырда кітаптық құралдар да жаңаша күйге өзгеріп жатқаны да түсінікті. 
Мәселен, бүгіндер бүкіл әлем интернетке тығыз байланысты, керектінің бәрі 
содан табылады. Бұрынғы қалың-қалың қағаз кітаптардың орнына, қазіргі 
заманды компьютер технологиясы (ноутбук, планшет, смартфон, ...) арқылы 
олардың электронды түрін пайдалануға болады... 
Электронды кітаптар дегеніміз - оларды оқудың жаңа технологиясы,
қағаздық нұсқасының цифрлық түрдегі электрондық түрі, шығармашылықтар 
файлдары. Электронды кітапты e-book немесе e-text деп атайды. Олар бірнеше 
жалпы форматтарда дайындалады. 
Электронды кітаптардың қосымша мүмкіндіктері де мол. Оларға
энциклопедиялық, анықтамалық, сөздік медиа-құралдарды (бейнелік, аудио) 
қосып алып, пайдалануға болады және де фотолармен, суреттермен 
безендіруге, жарнамалар жасауға, сілтемелер, бейне, дыбыстық ақпараттарды
қоюға ыңғайлы. Электронды қалың кітап ішінен қажетті сөз-сөйлемдерді, 
терминдерді, парақтарын тез тауып алуға, белгілер жасауға, бұзылған жерлерін 
тез түзеп алуға болады. 
Бүгінгі таңда білім беру саласына көптеген өзгерістер енгізілу үстінде. Кез 
келген ақпаратты қазіргі таңда сандық тұрғыда жақсы қабылдайды. Кітапты ашып 
оқығаннан, презентация, видео көргенді ұнатады. Сондықтан әдеби мұрасын 
болашақ ұрпаққа ұсынудың ең тиімді жолы сандық технология. Ең алдымен 
интернете Ахмет атамыз туралы не бар екен деп іздегенімде тек өткен іс-шаралар 
туралы ақпарат және киносы, өмірбаяны жайлы бейнеақпараттар ғана шықты.
Өз жұмысым мен ақпарат жинаудан бастадым. 
Яғни, қалалық, мектеп кітапханаларына барып, ескі 
гезеттер 
мен 
кітаптарды 
Ахмет 
туралы 
мағлұматтарды жинақтап, өңдеуді жөн көрдім. 
Себебі, менің ғылыми жұмысымның негізгі 
мақсаты да осы еді. 
Ізденіс жұмыс барысында өзіме сондай бір 
күшті сезім, әсер алдым. Бұрынғы ескі «Алаш», 
«Қазақ 
әдебиеті», 
«Егемен 
Қазақстан» 
газеттерінде А.Байтұрсынұлы туралы мақалалар, 
арнаулар 
жазылған. 
Сол 
жазылған 
асыл 


238 
нәрселерді мен қазіргі ұрпаққа сандық тұрғыда жеткізем деген мақсатпен өзіме 
ары қарай жоспар құрдым. Егер ақпарат қоры мол болса А.Байтұрсынұлы 
туралы әр түрлі презентациялар жасауға болады, оның ішінде ақындығына, 
күйші, жыршылығына, ұрпаққа қалдырған тәрбелік мәні зор сөздеріне
ғасырлық өміріне. Сонда біз А.Байтұрсынұлының мұрасын электронды 
презентация, электронды 3d кітапшалар, видео, аудио, челендж түрінде ұсына 
аламыз. Осы арқылы болашақ ұрпаққа А.Байтұрсынұлының барлық мұрасын, 
өмірінің қызығы мен қиыншылығын жеткізе аламыз деп білемін. Біз Ахмет 
атамыздың ескі кітабын сканерлеп, пдф кітап жасап, жинақтадық. Пдф 
кітаптардың тиімділігі өз сапасын жоғалтпайды, алып жүруге өте тиімді. 
Сақтап диск ретінде кітапханаға қобғада болады. 
Екіншіден, А.Байтұрсынұлының шығармаларынан электронды кітапша 
жасадық. Электронды кітаптардың тиімділігі дизайны жоғары дегейде, 
иллюстрацияғай бай болады. Сонымен қатар бейне, дыбысқтық материалдар 
жариялауға болады. Кез-келген уақытта интернетсіз ашып, қарауға мімкіндік 
бар. Ұлы телефондардан да қарауға болады. 
 
2-3 сурет. А.Байтұрсынұлының кітабы Пдф түрінде 
Қазіргі цифрланған заманда қазақ әдіи мұрасын, оның ішінде а.Байтұрсын 
ұлының бізге қалдырған мұрасын сандық технологипяда осылай жеткізген 
тиімді әрі, пайдалы. Өкінішке орай, қазір кітап оқитын адамдар саны өте аз. 
Көбі электронды кітаптар оқып, қарағанды ұнатады. Мүмкін бұл шынымен 
заман талабына сай әрекет болар. Десекте кітап оқуды мүлдем қойдық, 
тоқтаттық деп айтуға болмайды. А.Байтұрсынұлының қаншама қызықты, 
мағыналы шығармалы қолданыста. Оны болашаққа ұрпаққа тиімді жолда 
жеткізу біздің парызымыз. Әйгілі ақын, жазушыларымызбен мақтанып қана 
қоймай, келешек ұрпақ қазақтың әдеби мұрасынан алған білімі мен тәрбесімен 
сусындап өсуі керек. Сонда ғана біз ұрпағымызбен мақтана аламыз! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет