Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет99/113
Дата15.02.2024
өлшемі5.11 Mb.
#491930
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   113
АЛАШ МҰРАТЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҒЫ 29 09 2022

 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Әбеуова И.Ә. Әлеуметтік психология. Алматы. Рауан. 2012. 
2. Видра Д. Развод: трагедия или надежда?: Психологические проблемы семьи // 
Дошкольное воспитание. – 1998. – № 11. – С.92-102. 
3. Голод С.И. Семья и брак: историко-социологический анализ. – СПб.: Петрополис, 1998. 
4. Каирова Б.К. Әлеуметтік психология. Костанай. 2008. 86 б. 
5. Карабанова О.А. Психология семейных отношений и основы семейного 
консультирования. М, ГАРДАРИКИ 2005. 
АЛАШ АРЫСТАРЫНЫҢ ТАРИХИ КӨЗҚАРАСЫ. 
 
Мусралинова Даметкен Советхановна 
Алматы қаласы, Әуезов ауданы №141 жалпы білім беретін мектеп 
Тарих пәнінің мұғалімі 
Тарих-магистрі, педагог-зерттеуші 
 
Аннотация 
Известно, что казахская интеллигенция, жившая в конце 19 века и первой половине
20 века, внесла свой вклад в любую область науки. Среди них Ахмет Байтурсынулы – самый 
видный житель. Не утратили своей актуальности и по сей день представления об 
образовании, о политической грамотности Бухарского народа, о научном изучении 
казахского языка, о литературе, о государственном строительстве. 
Ключевые слова: Величие Алаша, открытие политической грамоты, исторические 
факты, исследования, духовный мир. 
Abstract 
It is known that the Kazakh intelligentsia, who lived at the end of the 19th century and the 
first half of the 20th century, contributed to any field of science. Among them, Ahmet Baitursynuly 
is the most prominent resident. Ideas about education, about the political literacy of the Bukhara 
people, about the scientific study of the Kazakh language, about literature, about state building have 
not lost their relevance to this day. 
Keywords: The greatness of Alash, the discovery of political literacy, historical facts, 
research, the spiritual world.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген 
қазақ зиялылары ғылымның қай саласынан болмасын қолдарынан келгенше өз 
үлестерін қосқандығы белгілі. Олар жаратылыстану ғылымдарымен қоса 
адамзат баласының рухани әлемі жөніндегі ғылымдармен де айналысқан. 
Әсіресе осылардың ішіндегі шоқтығы биік тұрғыны Ахмет Байтұрсынұлы.


232 
Ол қалдырған мұраны саралай, таразылай, сараптай, талдай келе 
айтарымыз алаштың ұлысы Ахмет айналыспаған саясаттың да ғылымның да 
саласы жоқ. Білім беру ісін бұхара халықтың саяси сауатылығын ашу, қазақ 
тілін ғылым тұрғыдан зерттеу, әдебиет саласыңдағы пайымдауы, мемлекеттік 
құрылыс жөніндегі пікірлері осы күнге дейін өзінің өзектілігін жойған жоқ. 
Ахмет Байтұрсынұлы тарих ғылымына арнап шығарма жазбаса да 
көсемсөздік мақалаларының бірінде «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы тарих» – 
деп, оған үлкен баға береді [1]. Осы күнгі ғалымдар арасында үлкен көңіл 
бөлініп, талдауға ие болып жатқан әдіснамалық мәселе – тарих ғылымының 
пәнін анықтау. Ұлы ғалым қара сөздің түрлерін талдай келе оны үшке: әуезе, 
әліптеме, пайымдама [2] деп оларды үшке бөледі. Сонан кейін әрқайсысына 
анықтама беруге тырысқан. «Болған уақиғадан бастан-аяқ болған түрінде, 
ретінше мезгілін, мекенін көрсете мазмұндап, мағлұмат беру әуезе болады» [3] 
– деп жазады ол. Яғни, кез келген тарихи уақиға белгілі бір кеңістікте белгілі 
бір уақыт аралығыңда өрбиді. Бұл категория тек қана тарих ғылымына меншікті 
екендігі белгілі [4]. Одан әрі Ахмет Байтұрсынұлы әузені үш деңгейге бөледі. 
Алдымен сол уақиға жөнінде мәлімдеу, одан кейін мазмұндау соның 
нәтижесінде қорытынды жасау.
Автордың білімділігіне, шыншылдығына, тағы да басқа адами қасиеттеріне 
байланысты әуезенің сапасы да әр-түрлі болады. Кейбіреулер тек мәлімдеумен 
шектелсе, керісінше екіншілері «уақиғаны бастан-аяқ мазмұндайды» [5] – дейді 
ол. Ахмет Байтұрсынұлы әуезе әңгімесінің түрлерін талдайды, оны бір-неше 
тарауларға бөледі: шежіре, заман хат, өмірбаян, мінездеме, тарих және тарихи 
әңгіме [6]. «Шежіре – өткеннен дерек беретін сөздің бір түрі» [7] – деп аңықтама 
бере келіп, оған өз ойын айтады. Шежіре мен шежірешілердің айтқандары мен 
жазғандарына талдау жасай келе олардың кемшіліктеріне тоқталады. Шежіреде 
көбіне ата, туыс қуып, тарихи уақиғалар баяндалмайды, болған тарихи фактілер 
«өтірік-шынды әңгімелерге айналып кетеді» [8] – деп жазады. Әлбетте, оның 
шежіре жөніндегі пайым-дауларына қосыла отырып, қазақта жазбаша 
шежірелердің болғандығын да айтуымыз керек. 
А.Байтұрсынұлы есіне алған Шәкәрім қажының «Қазақ әм хандар 
шежіресі» бізге жазба түрінде жеткен жоқ па? Шежіре – қазақтың көне тарих жазу 
дәстүрі дегіміз келеді. Шежіредегі жеті атаға дейінгі фактілер шындықтан алшақ 
емес. Оның арғы жағындағылар көмескі болуы мүмкін. Тарихты жасайтын 
адамдар, ал шежіре адам тарихы. Сондықтан шежіреге тарихи дерек ретінде 
қарауымыз қажет. Әрине шежіре деректерін басқа да тарих құжаттарда 
келтірілген фактілермен, немесе ауыз әдебиет нұсқаларында кездесетін 
уақиғалармен байланыстыра зерттеу тарихшының мәртебелі міндеті. Қазақ 
сияқты мұрағаты мен мұражайы жоқ халық үшін шежіренің берері мол. Әузе 
әңгіменің екінші тобы заман хат. «Біреудің заманында болған тарихи уақиғадан, 
яғни өз ішінде болған істерден дерек беруі заман хат деп аталады» [9].
Қоғамдағы кейбір білімді, жоғары мәдениетті, саналы да сындарлы 
азамат өз заманында болып жатқан саяси-әлеуметтік, мәдени процесстерден 
тыс тұра алмайды. Ол қолына қалам алып, өзі көріпбілгеңін, жүрегімен 
сезгенін, естігенін қағазға түсіруге тырысады. «Заман хатта уақиға уақыт 


233 
сарынымен жазылмайды, іс сарыңымен жазылады» [10] – дейді 
А.Байтұрсынұлы. Заман хатты жекелеген адам жазады, сондықтан да ол 
кемшіліксіз болмайды. Оның авторы жеке адам. Ол сол дәуірдің туынды-сы, 
белгілі бір топқа, белгілі бір тапқа тәуелді. Сол хатты жазған кезде оның көңіл-
күйі, сол уақиғадан алған әсері баяндап отырған көрінісінің шындығына, 
ақиқатына не алыс, не тым жақын болуы әбден мүмкін. Сандықтан да біз әрбір 
заман хатқа күдікпен қарауымыз қажет. Ондағы фактілерді деректердің басқа 
да түрлерімен салыстыра отырып пайдалануымыз қажет. Неғұр-лым заман хат 
жазылған уақыттан алшақ болсақ, біздің оған қөзқарасымыз сол ғұрлым 
объективті болар. Әуезе әңгіменің үшінші тобына Ахмет Байтұрсынұлы 
өмірбаянды жатқызады. «Біреудің туғанынан бастап, өлгенге шейінгі өмірін 
жазу иә айту өмірбаян болады. Өмірбаян жазудағы мақсат белгілі болған 
адамның өмірі қалай басталып, қандай күйде өткенің көрсету» [11] – деп 
жазады автор.
Өмірбаян екі түрлі болады, бірін адамның өзі жазады, екіншісін ол 
жөнінде басқа адам баяндайды. Адамның ғұмыры қысқа болғандықтан, оның 
өмірі басқа жұрттың көз алдында өтіп жатқандықтан өмірбаяндағы деректер 
шыңдыққа сәйкес. Оның өтірігі болса да, онсы көп емес. Өз өмірбаянын адам 
өзі жазса «адам өз ісіне өзі қазы, өзі сыншы бола алмайтындығынан, жай 
өмірбаян-нан өз өмірбаянның инабаты кемірек болады» [12] – дейді автор. 
Мінездемені А. Байтұрсынұлы – әуезе әңгіменің төртінші тобына жатқызады. 
«Адамның, елдің, жұрттың, таптың, ұлттың сырын, мінезін танып көрсету 
мінездеме болады» [13]. Мінездеме жеке шығарма ретінде кездеспейді. 
Ол көбінесе, өмірбаянның, заман хатының немесе тарихи шығарманың бір бөлігі 
болып есептеледі. Мінездеме тек жеке бір адамға ғана берілмейді. Кейде бүкіл бір 
қоғамға, елге, не бір заманға да мінездеме берілуі мүмкін. Мінездеме беру үшін 
автордан сол өзі айтып отырған мәселені терең білуді, сараптама, талдау 
тәсілдерін толық меңгеруді талап етеді. А.Байтұрсынұлы тарихқа зор баға береді. 
Оны әуезе әңгіменің ең бір «Ұлысы әрі сипатысы» (14)- деп бағалайды. «Тарихты 
қазақша ұлы дерек деуге, әуезе тобына жатқанмен, айғақты әуезе болады» [15] – 
деп жазды. Тарих ғылымының мақсаты бүкіл адамзат баласының өткені мен 
бүгінгісін ақиқаттап көрсету екендігін баса айтады. 
«Тарихтың мақсаты – бүтін адам баласының өмірі нендей табиғат 
заңымен өзгеретінін білу. Тарихшылар халық басынан кешкен түрлі 
уақиғалардың мағлұматын, сымға тартқандай, сынға салып, мінсіз етіп, 
дұрыстап өткізеді» [16]. Ахмет Байтұрсынұлы «тарихшылар құр істегенімен 
қанағаттанбай, рас, өтірігін тексеріп, расын ғана алады» – дей келе олардың 
биік мәртебесін ашып көрсетеді. 
Тарихтың тарих жазудағы әрекетін ғалымның еңбегімен салыстырады. 
Оның тарихтың әр салаларынан хабардар екенін көреміз. Ойшыл бабамыз 
Ахмет тарихи әңгімелерді әуезенің соңғы тобына жатқызады. Оны әңгімелердің 
басқа түрлерімен салыстыра келе «жұрт аңыз қылып айтып жүрген 
әңгімелердің өтірігі көп болады. Тарихи әңгіме тарих асасына сүйенетін шын 
әңгіме болады» [17] – деп тұжырымдайды.


234 
Алаш арыстарының екінші бір өкілі Әлихан Бөкейханов өзінің «Тарих 
керек» деп аталатын мақаласында өркениетті қоғамда өмір сүретін адам үшін 
тарихтың соншалықты қажет екендігін дәлелдейді. Әр адамның өмірінен 
тайпалы елдің тарихы құралады. «Бұл реттер кағазға жазылып, кітап болса, оны 
«тарих» дейді. Дүние тарихы, адам тарихы, француз, ағылшын, ор-ыс, араб, 
түрік тарихы деген кітаптар дүниенің жаратылып өнгенін, ия француз, 
ағылшын, орыс, түрік ... халықтарының жеке ел болып мемле-кет түзеп, доспен 
достасып, дұшпанмен жауласып ғылым, өнер үйреніп өскенін, ия азып кері 
кетіп өшкен реттерін көрсетеді» – [18] деп жазуы оның сол кездегі ғылымда 
басымдылық танытқан позитивизм бағытын ұстанған-дығын көрсетеді «Есі 
дұрыс ел болса, тарихы жазулы, тәжірибесі шегулі болады. Еуропа 
патшалықтары, Русия республикасы, Япония, Америкалар дені дұрыстар. 
Түркістан, Ноғай, Башқұрт республикалары әлі де белгісіз, адам болар деген 
үміт туғызатын белгісі аз Арабстандағы бәдәулар, Аме-рикадағы қызыл терілі 
малайлар секілді, азып, тозып, жоқ болып кетуі мүмкін» [19]. Бұл айтылғандардан 
нені байқаймыз? Елдің,жердің,халықтың тарихы жазылмаса түбі басқа халықтармен 
араласып, қазақ өзінің бет-бейнесін жоғалтып алуы мүмкін деп қауыптенеді. Көп 
ұлтты мемлекеттер ішінде өмір сүрген қазақ сияқты халықтар тек қана жазулы 
тарихы болса жойылып кетуден аман қалады. «Олай болса, тарих қажет. Тарих 
болса, ел өсіп-өнеді. Тарих болмаса, ел жоғалады, бұл — хақ нәрсе» – деп ескертеді 
ол. «.... елдің ел болуына тарих шарт , тарих елмен бірге өседі. Ел күшті болып өмірі 
қайнап тұрса, тарих күшті сегіз қырлы болады. Қалыңқалың кітаптардың бетін 
толтырады» [20] – деп сенім білдіреді. Кле-шекте, ел тәуелсіздігін алған жағыдайда 
қазақ тарихы туралы том-том кітап-тардың шығатына кәміл сенді. «Тарих елдің 
айнасы, тарихтан ел өткен уақыттағы мінін көреді. Айна жоқ болса адам бет, аузын 
көре алмайды. 
Тарих жоқ болса, ел өткен күнін һәм мінін көре алмайды. Мінін көре 
алмаған соң өмірін ондай алмайды. Оңдай алмаған соң мәжнүн болып құдыққа 
кұлайды» [21]деп жазды Әлихан Бөкейханов «Жаңа мектеп» жорналының 1925 
жылы шыққан екінші нөмірінде [22]. «Қазақта бұл күнге дейін жазылған тарих 
жоқ. Тарих ауыздан-ауызға көшіп жүр» деп өкінеді ұлы ғұлама. «Автономиялы 
республика болып, қағазға жазған тарихы болмаса, қазақ азаматы көбінесе оқу, 
білім комиссариат қазақ халқының тарихын түзуге кірісу керек» [23]. 
Құрылғалы жатқан жаңа мемлекет өз тарихын жазып шығу қажеттілігін атап 
көрсетеді. Өйткені тарихы жоқ мемлекет болмайтындығы белгілі. Ол үшін не 
істеу керек деген сұраққа жауап іздеуге тырысады. «Автономиялы республика 
болып, қағазға жазған тарихы болмаса, қазақ азаматы көбінесе оқу, білім 
комиссариат қазақ халқының тарихын түзуге кірісу керек. Тарих түзу үшін оған 
керекті асбаптарды жию керек. Бұл жұмысты бытырап жүріп жасап болмайды, 
арнаулы бір ұйым ашып, іске кірісу дұрыс. Бас-шылардың іске кірісуін күтеміз. 
Қолымыздан келген жұмысқа даярмыз» [24] – деп қортындылайды ол.
«Қазақтың тарихы» мақаласында: Міржақып Дулатов «Тарих дейтін – 
бұрынға өткен заманның жайынан сөйлеп тұратұғын, бұрынғы өткен кісілердің 
ісінен хабар беретұғын бір ғылым. Қазақтың көбі оны «шежіре» деп атайды. Бұ 
заманның ғалымдары тарихты ең оңды мағлұм деп түсінеді. Тарих – түзу жөнді 


235 
үйретуші деп айтады...» [25], - деп тарихтың қоғамдағы жоғары мәртебесін атап 
көрсетеді. Олтарихтан сабақ алу қажеттілігін түсінген. Дегенмен тарихты тек 
шежіре деп түсіну, тарихи жырлар мен тарихи хикаяларды ескермеу мүмкін 
емес. Мұстафа Шоқай «Тарих рақымсыз. Ол – ғұламаны да, бiлгiрдi де, өнер 
иесiн де, хандар мен патшаларды да аямайды. Ол өз заңына қарсы келген-
дердiң бәрiн езiпжаншып жүре бередi. Тарих заңдары керi қайтуды бiлмей-дi 
және оны жаратпайды» [26] – деп тарихтың ғылым ретінде өз 
заңдылықтарының бар екендігін, әрбір тарихи тұлғаның іс-әрекетіне түбі тарих 
әділ бағасын бере-тіндігін, тархтың айналып жатқан дөңгелегін тоқтатуға 
болмайтындығын түсінген ойшыл. 
Қорыта айтқанда, Алаш арыстары халықтың тарихи санасын ояту 
тәуелсіздік үшін күрестің тиімді жолы екендігін түсінді. Олар тарих 
ғылымының биік мәртебесін ұға білді, оның халықтың ұлттық санасын 
оятудағы қасиетті құрал екендігін түсіне білді. Олардың жоғарыда айтқан 
пайымдаулары мен тұжырымдары тарихтану теориясына қосылған үлкен үлес. 
Өкінішке орай, маркстік-лениндік әдіснама ғылымының кейбір ұстанымдарына 
қайшы келетін ұлы ойшылдардың тарихи ілімдері іске аспай, сынға ұшырады. 
Тәуелсіздіктің туы астында жазылып жатқан ата тарихымызды жазу барысында 
осы айтылған ойларымызды жүзеге асырсақ нұр үстіне нұр болары анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет