Анықтамалар(Cілт.:Тарау 9 (в), 9 (д))
А3. «Қызмет ұйымындағы басқару істері»-нің анықтамасы қызмет ұйымымен сүйемелденетін қолданушы болмыстардың ақпараттық жүйелеріның қырларын қамтиды, және қызмет ұйымындағы ішкі басқарудың бір немесе бірнеше компоненттерін де қамтуы мүмкін. Мысалы, оған қызмет ұйымының басқару ортасы, көрсетілетін қызметтерге қатысты басқару, бақылау және сүйемелдеу қызметтері жатуы мүмкін. Ол сипаттамада көрсетілген басқару мақсаттарына қол жеткізуге қатысты емес басқару істерін қамтымайды, мысалы, қызмет ұйымының өзінің қаржылық есептемесін дайындауға қатысты басқару істері.
А4. Қоса алу тәсілі қолданылған жағдайда, бұл КМХС-дегі талаптар қызмет ұйымы бөлімшесімен орындалған қызметтерге де қолданылады. Оған 13(ә)(i)-(v) тарауларындағы мәселелерге қатысты келісімдерге қол жеткізу жатады. Қызмет ұйымы бөлімшесі шегінде процедуралар жүргізу қызмет ұйымы, қызмет ұйымы бөлімшесі және қызмет аудиторы арасында біркелкілік пен қатынасты тудырады. Қоса алу тәсілі жалпы түрде қызмет ұйымы мен қызмет ұйымы бөлімшесі бір-біріне қатысты болса ғана, немесе қызмет ұйымы мен қызмет ұйымы бөлімшесі арасындағы контракт оның қолданысын қамтамасыз етсе ғана іске асырылады.
Әдептілік талаптар(Cілт.:Тарау 11)
А5. Қызмет аудиторы көбірек шек қоятын ұлттық талаптамалар мен орынды тәуелсіз талаптарға тақырып болып табылады.КМХС-мен сәйкестендіріп келісімді орындау кезінде БХӘСК Кодексі қызмет аудиторының әрбір қолданушы болмыстан тәуелсіз болуын талап етпейді.
Менеджмент және басқарумен айып төлеуге мәжбүрленгендер(Cілт.:Тарау 12)
А6. Менеджмент және басқару құрылымдары юрисдикция және болмыс бойынша өзгереді, ол өз кезегінде алуан түрлі мәдениеттік және заңдық түп-тегі, және меншік өлшемі мен мінездемелер сияқты факторлардың әсерін көрсетеді. Осындай әралуандылық қызмет аудиторының арнайы мәселелерге қатысты кіммен қарым-қатынас жасауы керек екендігі туралы барлық келісімдерді бұл тағайындай алмайтынын білдіреді. Мысалы, қызмет ұйымы бөлек заңды болмыстың емес, үшінші мүдделі жақтың сегменті болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда, лайықты менеджмент адамдарын немесе жазбаша көрсетілім алынатын басқарумен айып төлеуге мәжбүрленгендерді тағайындау кәсіби шешім жасаудың қатысуын талап етуі мүмкін.
Қабылдау және жалғастыру
Келісімді орындауға қажет қабілеттер мен біліктілік(Cілт.:Тарау 13(а)(i))
А7. Келісімді орындауға қажетті орынды қабілеттер мен біліктілік келесі мәселелерді қамтиды:
-
Орынды өндіріс туралы білім;
-
Ақпараттық технологиялар мен жүйелер туралы түсінік;
-
Басқару істерінің лайықты дайындығына қатысты тәуекелтерді бағалау тәжірибесі; және
-
Басқару істерін сынақтауларды дайындау мен орындау және сол сынақ нәтижелерін талдаудағы тәжірибе.
Қызмет ұйымының бекітпесі(Cілт.:Тарау 13(ә)(i))
А8. Қызмет ұйымының жазбаша бекітпе көрсетуден бас тартуы аудиторды келісімнен бас тартуға мәжбүрлейді.
Қызмет ұйымының бекітпесіне саналы негіз(Cілт.:Тарау 13(ә)(i))
А9. 2 типті есептеме жағдайында, қызмет ұйымының бекітпесі қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасында көрсетілген басқару мақсаттарына қатысты басқару істері арнайы уақыт аралығында өнімді қызмет көрсеткендігі туралы мәлімдемені қамтуы керек. Бұл бекітпе қызмет ұйымының бақылау қызметтеріне негізделуі мүмкін. Басқару істерін бақылау дегеніміз басқару істерінің уақыт бойынша өнімділігін бағалау процесі. Бұл басқару істерінің тиімділігін уақытылы негізде бағалауды, қызмет ұйымы шегіндегі жетіспеушіліктерді анықтау мен баяндауды, және сәйкес түзету шараларын жүргізуді қатыстырады. Қызмет ұйымы басқару істерін бақылауды үздіксіз қызметтер, бөлек бағалаулар, немесе екеуінің комбинациясы арқылы іске асырады. Үздіксіз бақылау қызметтерінің дәрежесі мен өнімділігі неғұрлым жоғары болған сайын, бөлек бағалаулардың қажеттілігі соғұрлым аз болады. Үздіксіз сүйемелдеу қызметтері жиі қызмет ұйымының қайталанатын қызметтері негізінде жасалады және тұрақты менеджмент пен бақылау қызметтерін қамтиды. Ұқсас функцияларды орындайтын ішкі аудиторлар немесе жұмыскерлер қызмет ұйымының қызметтерін бақылауға үлес қосуы мүмкін. Сүйемелдеу қызметтері сонымен қатар пайдаланушы арыздары және реттеу түсініктері секілді жақсартуды талап ететін мәселелер мен аймақтарды көрсететін сыртқы мүдделі жақтармен қатынастағы ақпаратты қамтуы мүмкін. Қызмет аудиторының басқару істерінің қызмет өнімділігі туралы есептеме жасау фактісі қызмет ұйымының бекітпесіне саналы негіз қамтамасыз ететін жеке процестеріне алмастыру бола алмайды.
Тәуекелдерді айқындау(Cілт.:Тарау 13(ә)(iv))
А10. 9 тарауында көрсетілгендей, басқару мақсаттары басқару істері жұмсартуға ұмтылатын тәуекелтерге қатысты болады. Мысалы, транзакция шамасы қате жазылған немесе қате уақыт аралығы көрсетілген тәуекелтер дұрыс шамасы жазылған транзакциялар немесе дұрыс уақыт аралығы көрсетілген басқару мақсаты ретінде көрсетіледі. Қызмет ұйымы жүйенің сипаттамасында көрсетілген басқару мақсаттарына жетуге кедергі келтіретін тәуекелтерді анықтауға жауапты. Қызмет ұйымының орынды тәуекелтерді анықтауда ресми немесе бейресми процестері болуы мүмкін. Ресми процесс анықталған тәуекелдердің маңыздылығын бағалауды, олардың пайда болу ықтималдығын бағалауды, және олардан құтылудың әрекеттері туралы шешім қабылдауды қамтуы мүмкін. Алайда, басқару мақсаттары басқару істері жұмсартуға ұмтылатын тәуекелтерге қатысты болғандықтан, қызмет ұйымының жүйесін дайындауда және жүзеге асыруда басқару мақсаттарын ойлы айқындау орынды тәуекелдерді айқындаудың бейресми процесін қамтуы мүмкін.
Келісім шарттарының өзгерістерін қабылдау(Cілт.:Тарау 14)
А11. Келісімнің пәнін өзгертуге сұраныс қызмет аудиторының пікірі өзгеруі мүмкін болатындай келісім саласынан кейбір басқару мақсаттарын алып тастауға сұраныс жасалған жағдайда саналы дәлелдемеге ие болмауы мүмкін; немесе қызмет ұйымы қызмет аудиторын жазбаша бекітпе немесе келісімді КМХС 3000 аясында орындауға сұраныс жасаумен қамтамасыз етпейді.
А12. Келісімнің пәнін өзгертуге сұраныс қызмет ұйымы бөлімшесі қызмет аудиторына рұқсат бере алмайтын жағдайда келісім саласынан кейбір басқару мақсаттарын алып тастауға сұраныс жасалғанда саналы дәлелдемеге ие болмауы мүмкін, және қызметтерді көрсетуде қолданылған тәсілдер қоса алу немесе алшақтау тәсілінен алынып тасталады.
Критерийдің лайықтылығын бағалау(Cілт.:Тарау 15-18)
А13. Критерийлер/өлшемдер мүдделі қолданушыларға қызмет ұйымының оның жүйесінің сипаттамасы шынайы көрсетілгені, басқару істерінің әрленімінің лайықтылығы, және 2 типті есептеме жағдайында басқару мақсаттарына қатысты басқару істерінің қызмет өнімділігі туралы бекітпе жасауға негіз болатынын түсіндіруге қол жетімді болуы керек.
А14. КМХС 3000 қызмет аудиторынан басқа заттардың ішінде критерийлердің лайықтылығын және талданатын мәселенің сәйкестігін талап етеді.25 Талданатын мәселе қолданушыларға арналған сенімділік есептемесінің негізінде жатқан шарт. Төмендегі кесте 2 және 1 типті есептемелердегі әрбір пікірге қатысты мәселенің пәнін және минимум критерий/өлшемді анықтайды:
|
Пән мәселесі
|
Критерий
|
Ескерту
|
Қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасының шынайы көрсетілгендігі туралы пікір
|
Қызмет ұйымының жүйесі қолданушы болмыстардың ішкі басқару істеріне орынды болатындай қаржылық есептемеге қатысты болғандықтан және қызмет аудиторының сенімділік есептемсінде қамтылғандықтан.
|
Сипаттамашынайы көрсетілген, егер:
(a)Қызмет ұйымының жүйесін әрленгеніндей көрсетсе;
(ә) 2 типті есептеме жағдайында, қызмет ұйымы жүйесіне енгізілген өзгерістдің толық мәліметтерін қамтыса;
(б) Сипатталып жатқан қызмет ұйымы жүйесіне қатысты ешқандай ақпаратты тастап кетпесе немесе бұрмаламаса.
|
Бұл ойдың нақты тұжырымдамасы орнатылған мысалға заң немесе нормативтік акт, бір топ қолданушылар немесе тәжірибелі орган орнатқан критерилерге сәйкес үйренуді талап етеді. Бұл ой үшін критерилер нақтыланған иллюстративтік ұйымдық қызметтерде Қосымша 1 көрсетілген. А21-А24 тармақтары бұл ойдың орындалғандығы жайлы алдағы нұсқаулықтарды көрсетеді. (КМХС 3000 талаптарынын көз қарасымен ақпарат26 пәнінің бұл көзқарас ұйымның қызметін сипаттау, оның жүйесін және оны нақтылау біршама көрсетілген.
|
2 типті есептемелер үшін әрленім лайықтылығы мен қызмет өнімділігі жайлы пікір
|
Қызмет ұйымы жүйенің сипаттамасында көрсетілген басқару мақсаттарына жетуге арналған басқару істерінің әрленімі мен қызмет өнімділігі
|
Басқару істері лайықты түрде әрленген және тиімді қызмет атқарады, егер:
a) Қызмет ұйымы басқару мақсаттарын жетуде кедергі болатын тәуекелтердің алдын алса;
ә) Басқару істері сәйкесінше қолданылса, сол тәуекелтерге қарамастан басқару мақсаттарын қол жеткізетіні туралы саналы сенімділік берсе;
б) Басқару істері бір уақыт аралығында үздіксіз түрде іске асырылды.
|
Қызмет аудиторы қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасы барлық материалдық қырларда шынайы түрде көрсетілген ба, жоқ па екендігін, басқару істерінің әрленімінің лайықтылығын анықтайтын, және 2 типті есептеме жағдайында басқару мақсаттарына қатысты басқару істерінің қызмет өнімділігін бағалайтын процедураларды жоспарлайды және іске асырады. КМХС
|
Ұйымның өз қызмет атқаруының сипаттамасындағы мақсаттартар осы пікірлер үшін критерилердін бір бөлігі болып табылады. Көрсетілген басқарманың мақсаттары қатысуға дейінгі атастырылудан ажыратылатын болады. егер қызмет аудиторы пікірдің құралымының бөлігін толық сипаттамасы көрсетілмеген деген тұжырымға келсе, онда сол басқарманың осы мақсаттары азықтық сияқты өлшемнің екі бөлігінің үшін де жарамсыз болып табылады.
|
1 типті есептеме үшін әрленім лайықтылығы туралы пікір
|
Қызмет ұйымы жүйенің сипаттамасында көрсетілген басқару мақсаттарына жетуге арналған басқару істерінің әрленімі
|
Басқару істері лайықты түрде әрленген, егер:
a) Қызмет ұйымы басқару мақсаттарын жетуде кедергі болатын тәуекелтердің алдын алса;
ә) Басқару істері сәйкесінше қолданылса, сол тәуекелтерге қарамастан басқару мақсаттарын қол жеткізетіні туралы саналы сенімділік берсе;
|
Қызмет ұйымының сипаттамасы әрленген және жүзеге асырылған жүйені шынайы көрсететінін бағалау;
|
|
А15. 16((a) тарау қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасында қамтылған сәйкес элементтердің санын анықтайды. Бұл элементтер сипатталған жүйе транзакцияларды өңдейтін жүйе болмаса лайықты болмауы мүмкін, мысалы, егер жүйе ақпараттық технология қосымшасының ішіне салынған басқару істері емес, жалпы басқару істеріне қатысты болса.
Материалдылық (Cілт.:Тарау 19,54)
А16. Қызмет ұйымындағы басқару істері жайлы есептеме жасау кезінде материалдылық тұжырымдамасы қолданушы болмыстардың қаржылық мәлімдемелері емес, есептеме жасалатын жүйеге қатысты болады. Қызмет аудиторы қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасы барлық материалдық қырларда шынайы түрде көрсетілген ба, жоқ па екендігін, басқару істерінің әрленімінің лайықтылығын анықтайтын, және 2 типті есептеме жағдайында басқару мақсаттарына қатысты басқару істерінің қызмет өнімділігін бағалайтын процедураларды жоспарлайды және іске асырады. Материалдылық тұжырымдамасы қызмет аудиторының сенімділік есептемесі қолданушы болмыстардың үлкен ауқымының және сол қолданылған жүйенің тәртібі туралы түсінігі бар аудиторларының талаптарын қанағаттандыру мақсатында қызмет ұйымының жүйесі туралы ақпаратты қамтамасыз ететінін назарға алады.
А17. Қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасының шынайы көрсетілімін және басқару істерінің әрленіміне тиісті назар аудара отырып, материалдылық келесі сапалық факторларды қамтиды: сипаттама маңызды транзакцияларды өңдеудің маңызды қырларын қамту-қамтымауын; сипаттама орынды ақпаратты тастап кетуін/бұрмалауын; және әрленгендей, басқару мақсаттары қол жетімді болатындай басқару істерінің қабілетін. Қызмет аудиторының басқару істерінің қызмет өнімділігіне қатысты пікіріне тиісті назар аудара отырып, материалдылық сапалық және сандық факторларды қарастыруды қамтиды: ауытқулардың бақыланған және рұқсат етілген мөлшері (сандық өлшем); кез келген бақыланған ауытқудың табиғаты мен себебі (сапалық өлшем).
А18. Материалдылық тұжырымдамасы басқару істерін сынақтау сипаттамасында ауытқулар анықталған сынақ нәтижелерін жариялауда қолданылмайды. Мұның себебі, кейбір арнайы қолданушы немесе қолданушы аудиторы жағдайында, қызмет аудиторының пікірінше, ауытқу басқару ісінің өнімді қызмет жасауына кедергі келтіретуде айтарлықтай орын алады. Мысалы, ауытқу жататын басқару ісі қолданушы болмыстың қаржылық мәлімдемесінің кейбір жағдайларында материалдық болуы мүмкін қателерді түзетуде айтарлықтай маңызға ие болуы мүмкін.
Қызмет ұйымының жүйесі туралы түсінік алу(Cілт.:Тарау 20)
А19. Келісім шегінде қамтылған қызмет ұйымының жүйесі туралы түсінік алу, басқару істерін қосқанда, қызмет аудиторына көмек береді:
-
Сол жүйенің шекараларын, және басқа жүйелермен қалай байланысатынын айқындау;
-
Қызмет ұйымының сипаттамасы әрленген және жүзеге асырылған жүйені шынайы көрсететінін бағалау;
-
Қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасында көрсетілген басқару мақсаттарына қол жеткізуге қажет басқару істерін анықтау;
-
Басқару істерінің лайықты түрде әрленгенін бағалау;
-
2 типті есептеме жағдайында, басқару істерінің қызмет өнімділігін бағалау.
А20. Осы түсінікті алуға бағытталған қызмет аудиторының процедуралары мыналарды қамтуы мүмкін:
-
Қызмет аудиторының шешімі негізінде қызмет ұйымындағы орынды ақпараты бар тұлғаларға сұраныс жасау;
-
Операцияларды бақылау және құжаттарды, есептемелерді, транзакция өңдеудің электронды және қағаз жазбаларын қадағалау;
-
Қызмет ұйымы мен қолданушы болмыстардың арасындағы ортақ шарттарды анықтау мақсатында таңдалған келісімдерді тексеру;
-
Басқару істерін қайта іске асыру.
Сипаттамаға байланысты дәлелдеме алу(Cілт.:Тарау 21-22)
A21. Келесі сұрақтарды қарастыру қызмет аудиторына келісімде көрсетілген сипаттаманың қырлары барлық материалдық қатыстарда шынайы түрде көрсетілгенін анықтауда көмектеседі:
-
Сипаттама қолданушы аудиторлардың үлкен санының қолданушы болмыстардың қаржылық мәлімдемелеріне аудит жасауды жоспарлауында саналы түрде күтілетіндей көрсетілген қызметтің барлық басты қырларын көрсете ме?
-
Сипаттама қолданушы аудиторлардың үлкен санын АХС 315-пен сәйкес ішкі басқару туралы түсінік алуына жеткілікті ақпарат бере алатындай деңгейде жасалған ба? 27Сипаттама қызмет ұйымының өңдеу қызметінің әрбір қырын немесе қолданушы болмыстарға көрсетілген қызметтерді қамтуы қажет емес және оқырманға қызмет ұйымындағы қауіпсіздік немесе басқа басқару істерін тәуекелге қиятындай мүмкіндік беретіндей егжей-тегжейлі болуы керек емес.
-
Сипаттама қолданушы аудиторлардың үлкен санының шешімдерін өзгертуге мәжбүр ететіндей ақпаратты тастап кету немесе бұрмалану қолданылмаған мәнерде жасалған ба? Мысалы, қызмет аудиторы білетін өңдеудегі айтарлықтай тастап кетулер мен бұрмалануларды қамтиды ма?
-
Қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасында көрсетілген басқару мақсаттары келісімнің шегінен қай жерде алынып тасталды, және сипаттама алынып тасталған мақсаттарды анық түрде анықтай ма?
-
Сипаттамада айқындалған басқару істері жүзеге асырылды ма?
-
Толықтама қолданушы болмыстың басқару істері жеткілікті түрде сипатталды ма? Көп жағдайларда басқару мақсаттарының сипаттамасы қызмет ұйымы жүзеге асырып отырған өнімді басқару істерін жүргізу арқылы қол жетімді болатындай жазылады. Кейбір жағдайларда, қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасында көрсетілген басқару мақсаттары жеке қызмет ұйымымен ғана орындалуы мүмкін болмайды, өйткені оларға жету үшін қолданушы болмыстардың арнайы басқару істері қажет болады. Бұл басқару мақсаттары реттеуші билік белгілейтін жағдай болуы мүмкін. Сипаттама толықтама қолданушы болмыстың басқару істерін қамтыған кездерде, сипаттама қызмет ұйымы жалғыз қол жеткізе алмайтын арнайы басқару мақсаттарын және басқару істерін бөлек айқындайды.
-
Егер қоса алу тәсілі қолданылған болса, сипаттама қызмет ұйымының және қызмет ұйымы бөлімшесінің басқару істерін бөлек түрде айқындай ма? Егер алшақтау тәсілі қолданылған болса, сипаттама қызмет ұйымы бөлімшесі орындайтын функцияларды қамти ма? Алшақтау тәсілі қолданылған кезде сипаттама қызмет ұйымы бөлімшесіндегі егжей-тегжейлі өңдеу қызметін немесе басқару істерін қамтуы қажет емес.
А22. Қызмет аудиторының сипаттаманың шынайы көрсетілгенін бағалауына арналған процедуралары:
-
Қолданушы болмыстардың табиғаты мен қызмет ұйымы көрсеткен қызметтер оларға қалай әсер етуі мүмкін екенін қарастыру, мысалы, қолданушы болмыстар арнайы өндіріс саласынан ба және олар үкімет агенттіктерімен реттеле ме;
-
Қызмет ұйымының келісім міндеттемелерін түсіну үшін стандартты келісімшарттарды немесе стандартты шарттары оқу;
-
Қызмет ұйымының жұмыскерлері орындаған процедураларды қарау;
-
Қызмет ұйымынң ережелерін, процедуралар көмекшілерін және блок-тәсім немесе баяндама сияқты жүйенің басқа да құжаттамасын қарап шығу.
А23. 21(тарауы қызмет аудиторынан қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасында көрсетілген басқару мақсаттары әртүрлі жағдайларда саналы ма екенңн анықтауын талап етеді. Келесі сұрақтарды қарастыру қызмет аудиторына сол бағалауды орындауда көмектесуі мүмкін:
-
Келтірілген басқару мақсаттары қызмет ұйымымен немесе реттеу билігі, қолданушы топ немесе кәсіби тұлға сияқты сыртқы мекемемен дайындалды ма?
-
Қызмет ұйымымен дайындалған басқару мақсаттары қолданушы болмыстардың қаржылық мәлімдемелерінде келтірілген бекітпелерге жатады ма? Қызмет аудиторы басқару істерінің қолданушы болмыстардың қаржылық мәлімдемелерінде келтірілген бекітпелерге қатыстылық дәрежесін жеке өзі анықтай алмаса да, қызмет аудиторының қызмет ұйымының жүйесі туралы түсінігі, басқару істерін және көрсетілген қызметтерді есептегенде, сол басқару істері қатысты болуы мүмкін бекітпелердің типтерін анықтау үшін қолданылады.
-
Қызмет ұйымымен дайындалған басқару мақсаттары толық па? Басқару мақсаттарының толық жиыны қолданушы аудиторлардың үлкен санын қолданушы болмыстардың қаржылық мәлімдемелерінде келтірілген бекітпелердегі басқару істерінің әсерін бағалау құралымен қамтамасыз ете алады.
А24. Қызмет аудиторының қызмет ұйымының жүзеге асырылғанын анықтауға бағытталған процедуралары сол жүйені түсінуге арналған процедураларға ұқсас болуы немесе солармен сабақтастықта орындалуы мүмкін. Олар қызмет ұйымы арқылы нәрселерді белгілеулерді, және 2 типті есептеме жағдайында сол уақыт аралығында орындалған басқару істеріне енгізілген өзгерістер туралы сұрақтарды қамтуы мүмкін. Қолданушы болмыстарға немесе олардың аудиторларына маңызды өзгерістер қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасында қамтылған.
Басқару істерінің әрленіміне қатысты дәлелдемелер алу(Cілт.:Тарау 23,28(ә))
А25. Қолданушы болмыс немесе қолданушы аудитордың көзқарасы бойынша, басқару ісі лайықты түрде жасалынған, егер, жеке түрде немесе басқа басқару істерімен байланысты, қанағаттандырылған жағдайда, материалдық бұрмаланулардың алды алынғаны немесе табылған және түзетілгені туралы саналы сенімділік орнататын болса. Қызмет ұйымы немесе қызмет аудиторы, алайда, сол басқару істерінің ауытқуларынан туатын бұрмаланулар сол қолданушы болмыстарға материалдық әсер ететін жағдайлар туралы хабардар емес. Сондықтан, қызмет аудиторының пікірінше, басқару ісі лайықты түрде жасалған, егер, жеке түрде немесе басқа басқару істерімен байланысты, қанағаттандырылған жағдайда, қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасында келтірілген басқару мақсаттарына қол жеткізілгені туралы саналы сенімділік тудыра алса.
А26. Қызмет аудиторы басқару істерінің әрленімін түсінуде блок-тәсімдерді, сауалнамаларды немесе шешімдер кестесін қолдануын таңдауы мүмкін.
А27. Басқару істері басқару мақсатына жетуге бағытталған бірнеше әрекеттер құралуы мүмкін. Демек, егер қызмет аудиторы арнайы басқару мақсатына жетуде өнімсіз қызмет атқаратын бірқатар әрекеттерді бағаласа, басқа әрекеттердің бар болуы басқару мақсатына қатысты басқару істері лайықты түрде дайындылғаны туралы шешім жасауға мүмкіндік береді.
Басқару істерінің қызмет өнімділігіне қатысты дәлелдемелер алу
Қызмет өнімділігін бағалау(Cілт.:Тарау 24)
А28. Қолданушы болмыстың немесе қолданушы аудитордың көзқарасы бойынша, басқару ісі тиімді қызмет атқарады, егер, жеке түрде немесе басқа істерімен байланыста, алаяқтыққа немесе қателер себепті туындаған материалдық бұрмаланулардың алды алынған немесе табылған және түзетілгені туралы саналы сенімділік тудыра алса. Қызмет ұйымы немесе қызмет аудиторы, алайда, сол басқару істерінің ауытқуларынан туатын бұрмаланулар сол қолданушы болмыстарға материалдық әсер ететін жағдайлар туралы хабардар емес. Сондықтан, қызмет аудиторының пікірінше, басқару ісі өнімді қызмет атқаруда, егер, жеке түрде немесе басқа басқару істерімен байланыста, қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасында келтірілген басқару мақсаттарына қол жеткізілгені туралы саналы сенімділік тудыра алса. Соған ұқсас, қызмет ұйымы немесе қызмет аудиторы бақыланған ауытқу қолданушы болмыс тұрғысынан материалдық бұрмалануға әкеп соғатын-соқпайтынын анықтайтын жағдайда емес.
А29. Басқару істерінің әрленімінің лайықтылығын анықтауда олар туралы түсінік алу, басқару істерінің әрленімі және жүзеге асуын үздіксіз орындайтын автоматты қызмет болмайынша олардың қызмет өнімділігіне қатысты жеткілікті дәлелдеме емес. Мысалы, белгілі бір уақытта қолдан басқару ісі туралы ақпарат алу сол басқару ісінің басқа уақыттардағы қызметі жайлы дәлелдеме келтіре алмайды. Қайткенмен, IT өңдеудің өзіне тән үздіксіздігі себепті, автоматты басқаруды жасауға бағытталған процедураларды орындау сол басқару ісінің қызмет өнімділігі жайлы дәлелдеме болуы мүмкін; ол қызмет аудиторының бағалауына және басқа басқару істерінің сынақтарына байланысты.
А30. Қызмет аудиторларына пайдалы болу үшін, 2 типті есептеме кем дегенде алты ай мерзімді қамтиды. Егер аралық алты айдан аз болса, қызмет аудиторы сенімділік есептемесінде бұл қысқа мерзімнің себептерін сипаттауды сәйкес деп қарастыруы мүмкін. Аз уақыт аралығын қамтитын жағдайлар мыналар болуы мүмкін: (a) қызмет аудиторы басқару істері жайлы есептеме дайын болуы қажет уақытқа жақын уақытта келісімге отырса; ә) қызмет ұйымы алты айдан аз уақыт бойы қызмет атқарып келе жатса; (c) басқару істеріне өзгерістер енгізілді және ол жүйенің өзгерістерден бұрын және кейінгі сипаттамасын қамтитын есептеме жасалмас бұрын алты ай уақыт күтуге жарамаса.
А31. Кейбір басқару процедуралары кейінгі уақытта сынақтала алатындай қызметі туралы дәлелдеме бермеуі мүмкін және, сәйкесінше, қызмет аудиторы осындай басқару процедураларының қызмет өнімділігін есептеме жасау аралығының әртүрлі мезеттерінде тексеруді қажет деп табуы мүмкін.
А32. Қызмет аудиторы әрбір уақыт аралығына қатысты басқару істерінің қызмет өнімділігі жайлы пікірін білдіреді, бұл басқару істерінің нақты уақыттағы қызметі жайлы жеткілікті дәлелдеме береді. Алдыңғы келісімдерде бақыланған ауытқулар туралы білім қызмет аудиторын қазіргі уақыт аралығында сынақтау дәрежесін көбейтуге жетелейді.
Жанама басқару істерін сынақтау (Сілтеме:Тарау. 25(ә))
А33. Кейбір жағдайларда жанама басқару істерінің қызмет өнімділігін қолдайтын дәлелдемелер алу қажеттігі туады. Мысалы, қызмет аудиторы ерекшелік есептемелерін қайта қарау өнімділігін сынақтаймын десе, қайта қарау және оған қатысты кезектегі сынақтар қызмет аудиторына тікелей қатысты басқару ісі болып табылады.Есептемедегі ақпараттың дәлдігіне қатысты басқару істері жанама басқару істеріне жатады.
А34. IT өңдеудің өзіне тән үздіксіздігі себепті, автоматтандырылған қосымшаны басқару ісін жүзеге асыру жайлы дәлелдеме, қызмет ұйымының жалпы басқару істерінің қызмет өнімділігі туралы дәлелдемелермен байланысты қарастырылған жағдайда, оның қызмет өнімділігі жайлы айтарлықтай дәлелдеме келтіре алады.
Сынақтауға нәрселер таңдаудың тәсілдері (Сілтеме: Тарау. 25(б), 27)
А35. Қызмет аудиторына сынақтауға нәрселер таңдау тәсілдерінің қол жетімді түрлері:
(а) Барлық нәрселерді таңдау (100% сынақтау). Бұл әрбір ширек сайын, немесе басқару ісінің қолданысына қатысты дәлелдеме сынақтауды 100 тиімді ететін кездер сияқты жиі қолданылмайтын басқару істерін сынақтауларға сәйкес болуы мүмкін.
(ә) Арнайы нәрселерді таңдау. Бұл тұрғындардың үлкен санын үлгілеуді орындау сияқты жиі қолданылмайтын басқару істерін сынақтау секілді 100 сынақтау және үлгілеу тиімді болмайтын жағдайларда қолданылады.
(б) Үлгілеу. Жиі қолданылатын басқару істерін сынақтау жәнеолардың қолданысы жайлы құжат түріндегі дәлел қалдыратын жағдайларда сәйкес болуы мүмкін.
А36. Нәрселерді таңдама сынақтау дәлелдеме алудың тиімді тәсілі болғанменен, ол үлгілеуді қамтымайды. Бұл түрде таңдалған нәрселерге қолданылған процедуралардың нәтижелері бүкіл тұрғындарға проекциялана алмайды; таңдама сынақтау тұрғындардың қалған бөлігі жайлы дәлелдеме бере алмайды. Үлгілеу, екінші жағынан, бүкіл тұрғындар жайлы қорытындылар жасауға арналып жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: |