Ілеспе қызметтердің халықаралық стандарт 4400
(Бұрынғы АХС 920)
Қаржылық ақпаратқа байланысты келісілген процедураларды орындау келісімдері
(Бұл стандарт тиімді)
МАЗМҰНЫ
-
Тарау
Кіріспе .................................................................................................................................... 1-3
Келісілген процедуралар келісімінің мақсаты ................................................................... 4-6
Келісілген процедуралар келісімінің жалпы қағидаттары ................................................ 7-8
Келісімнің терминдеріне анықтама беру ............................................................................ 9-12
Жоспарлау ............................................................................................................................. 13
Құжаттама ............................................................................................................................. 14
Процедуралар және дәлелдемелер ..................................................................................... 15-16
Есептеме беру ...................................................................................................................... 17-18
Қосымша 1: Келісілген процедуралар келісіміне арналған келісім хаты мысалдары
Қосымша 2: Нақты тапқандардың төленетін есептермен байланыстағы есептеме мысалы
-
|
|
Ілеспе Қызметтердің Халықаралық Стандарты 4400, Қаржылық Ақпаратқа қатысты Келісілген Процедураларды Жүргізу Келісімдері, Сапаны Басқару, Аудит, Қайта қарау, Басқа Сенімділік және Қатысты Қызметтер жайлы Халықаралық Стандартқа кіріспе аясында оқылуы қажет.
|
|
Кіріспе
-
Бұл Ілеспе Қызметтердің Халықаралық Стандарттың (ІҚХС) мақсаты қаржылық ақпаратқа қатысты келісілген процедураларды32 жүргізуге келісімдер орындалғанда және аудитор жасайтын есептеменің мазмұны сол келісіммен байланыста болған жағдайда стандарттарды тағайындау мен аудитордың кәсіби міндеттеріне нұсқаулық жасау болып табылады.
-
Бұл ІҚХС қаржылық ақпаратқа қатысты келісімдерге бағытталған. Алайда, аудитор мәселе туралы жеткілікті білімі бар және тапқандарды негіздеуге саналы критерий бар екені назарға алына отырып, бұл стандарт қаржылық ақпаратқа қатысты келісімдерге пайдалы нұсқаулық болуы мүмкін. Халықаралық Аудит Стандартындағы нұсқаулық осы АХС қолдануда пайдалы болуы мүмкін.
-
Келісілген процедураларды орындауға бағытталған келісім аудиторды қаржылық мәліметтердің жеке нәрселеріне, қаржылық мәлімдемеге, немесе тіпті қаржылық мәлімдемелердің жиынына қатысты кейбір процедураларды жүргізуге қатыстыруы мүмкін.
Келісілген процедуралар келісімінің мақсаты
-
Келісілген процедуралар жайлы келісімнің мақсаты аудитордың аудит табиғатындағы аудитор мен болмыс немесе кез келген орынды мүдделі жақтар нақты табулар туралы келіскен және есептеме беруге бел буған процедураларды жүргізуі болып табылады.
-
Аудитор нақты келісілген процедураларда табылған нәрселер жайлы есептеме ғана беретіндіктен, ешқандай сенімділік білдірілмеген. Оның орнына, есептеменің пайдаланушылары аудитордың процедуралары мен тапқандарын өздері үшін бағалайды және аудитордың жұмысы туралы өздерінің қорытындыларын шығарады.
-
Есептеме процедуралар себептері туралы хабардар емес жақтар нәтижелерді жаңсақ түсінулері мүмкін боландықтан мүдделі жақтарға рұсат етілмеген.
Келісілген процедуралар келісімінің жалпы қағидаттары
-
Бухгалтерлерге арналған Халықаралық Әдеп Стандарттары (БХӘСК) жарияланған Кәсіби Аудиторларға арналған Этика Кодекстерімен сәйкес жұмыс жүргізуі керек. Келісімнің бұл түрін басқаруда аудитордың кәсіби жауапкершіліктерінің әдептілік қағидаттары мыналар:
(а) Тұтастық;
(ә) Әділдік;
(б) Кәсіби біліктілік және және келісті қатынас;
(в) Құпиялылық;
(г) Кәсіби мінез-құлық; және
(ғ) Техникалық стандарттар.
Тәуелсіздік келісілген процедуралар келісімінің талабы емес; дегенмен, келісімдердің немесе ұлттық стандарттардың шарттары немесе мақсаттары аудитордан БХӘСК Кодексінің тәуелсіздік талаптарымен сай келуін талап етеді. Аудитор тәуелсіз болмағанда сол әсер туралы мәлімдеме есептемеде немесе нақты тапқандарда баяндалушы еді.
-
Аудитор келісілген процедуралар келісімін осы ІҚХС-пен және келісімнің шарттарымен сәйкестікте жасауы керек.
Келісімнің шарттарын анықтау
-
Аудитор қолданушы болмыстардың өкілдермен немесе есептеменің немесе нақты табылғандардың көшірмелерін алатын арнайы жақтармен келісілген процедуралар мен келісімнің жағдайлары туралы анық түсінік бар екеніне көз жеткізуі қажет. Келісілуі қажет мәселелерге мыналар кіреді:
-
Келісімнің табиғаты;
-
Келісімнің баяндалған мақсаты;
-
Келісілген процедуралар қолданылатын қаржылық ақпараттың айқындалуы;
-
Арнайы процедуралардың табиғаты, уақыты және қолдану дәрежесі;
-
Есептеменің немесе нақты табылғандардың болжалды түрі;
-
Есептеменің немесе нақты табылғандардың таралуына шектемелер. Осындай шектемелер заңды талаптармен қайшы келсе, аудитор келісімді қабылдамайды.
-
Кейбір жағдайларда, мысалы, процедуралар реттеуші, өндіріс өкілдері және есептеу кәсібінің өкілдерімен келісілсе, аудитор процедураларды есептемені алатын барлық жақтармен бірігіп талдаға мүмкіндігі болмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда аудитор мүдделі жақтардың сәйкес өкілдерімен олардың жауаптарын қарау немесе жасалатын есептеменің алғашқы түрін жіберу арқылы бірігіп талдауды орынды деп санауы мүмкін.
-
Аудитордың тағайындаудың басты шарттары туралы келісімхатын жіберуіне аудитор мен клиент екеуі де мүдделі. Келісімхат аудитордың тағайындаманы қабылдауын нақтылайды және келісімнің мақсаттары мен саласы, аудитордың жауапкершілік дәрежесі және жасалатын есептемелер түрлері сияқты мәселелерде түсініспеушіліктер болудың алдын алуда көмектеседі.
-
Келісімхатта қамтылатын мәселелер келесілерді қамтиды:
-
Жақтар арасында келісілген орындалуға тиіс процедуралардың тізімі;
-
Есептеме неме нақты табылғандар процедураларды орындауға келіскен жақтарға рұқсат етілмегенін көрсететін мәлімдіме.
Оған қоса, аудитор келісім хатына жасалатын есептеменің немесе нақты табылғандардың түрлерін көрстетеін алғашқы түрін жапсыруды қарастыруы мүмкін. Келісім хаттың мысалы осы ІҚХС-тің 1 қосымшасында көрсетіледі.
Жоспарлау
-
Аудитор тиімді келісім жасалатындай жұмысын жоспарлауы керек.
Құжаттама
-
Аудитор есептемені немесе нақты табылғандарды қолдайтын дәлелдемелерді, және келісім осы айтылып отырған –пен сәйкестікте жасалғанын және келісімнің шарттарын қамтамасыз етуде маңызды деп санайтын мәселелерді құжат түрінде жасап отыруы қажет.
Процедуралар және дәлелдеме
-
Аудитор жоғарыда келісілген процедураларды жүргізуі және есептемеге немесе нақты табылғандарға негіз ретінде алынған дәлелдемені қолдануы керек.
-
Келісілген процедуралар келісімінде қолданылған процедуралар келесілерді қамтуы мүмкін:
-
Сауал және талдау;
-
Қайта есептеу, салыстыру және басқа дәлдікке тексерулер;
-
Бақылау;
-
Тексеру;
-
Нақтыламаларды алу.
Осы Қосымша 2 қосымша келісілген процдедуралар келісімінің бір бөлігі ретінде қолданылуы мүмкін процедуралардың көрнекі тізімін қамтиды.
Есептеме беру
-
Келісілген процедуралар келісімі жөнінде есептеме беру келісімнің мақсатын және келісілген процедураларын оқырманға жасалған жұмыстың табиғаты мен дәрежесі жайлы түсінік алуға мүмкіндік беретіндей жеткілікті түрде сипаттауы қажет.
-
Нақты табылғандардың есептемесі келесілерді қамтуы қажет:
-
Тақырыбы;
(ә) Адресат (аудитордың келісілген процедураларды жүргізуін сұраған клиент);
(б) Келісілген процедуралар қолданылатын арнайы қаржылық немесе қаржылық емес ақпараттың айқындалуы;
(в) Жүргізілген процедуралар қабылдаушымен келісілген процедуралар екенін көрсететін мәлімдеме;
(г) Келісім келісілген процедураларға қолданылатын Қатысты Қызметтер туралы Халықаралық Стандартқа сәйкестендіріліп жасалғанын көрсететін мәлімдеме.
(ғ) Орынды жерінде аудитордың болмыстан тәуелсіз емес екендігін көрсететін мәлімдеме;
(д) Келісілген процедуралардың орындаудағы мақсатын айқындау;
(е) Орындалған арнайы процедуралардың тізімі;
(ж) Аудитордың нақты табылғандарының қателер туралы жеткілікті ақпаратты қамтитын сипаттамасы;
(з) Жүргізілген процедуралар аудит немесе қайта қарауды құрамайтынын және ешқандай сенімділік білдірілмегенін көрсететін мәлімдеме;
(к) Аудитор қосымша процедураларды жүргізгенде, пайда болатын басқа да нәрселер есептеме беруге жататынын көрсететінін мәлімдеме;
(қ) Есептеме келісілген процедураларды жүргізуге келіскен тұлғаларға рұсат етілмегенін көрсететін мәлімдеме;
(л) Есептеме тек элементтерге, есептерге, нәрселерге немесе қаржылық және қаржылық емес ақпараттарға ғана қатысты екенін және болмыстың қаржылық мәлімдемелерін кеңейтпейтінін көрсететін мәлімдеме;
(м) Есептеменің уақыты;
(н) Аудитордың мекен-жайы; және
(ө) Аудитордың қолтаңбасы.
Бұл ІҚХС–ке 2 Қосымша қаржылық ақпаратқа қатысты келісілген процедураларды орындауға арналған келісіммен байланыста жасалған нақты табылғандардың есептемесінің мысалын қамтиды.
Халықтық сектор келешегі
-
Халықтық сектор келісіміндегі есептеме келісілген процедураларды жүргізуге келіскен тұлғаларға ғана емес, сонымен қатар болмыстар мен адамдардың үлкен тобына қол жетімді болуы мүмкін мысалы, арнайы болмыс немесе үкіметтік департамент жайлы парламенттік тексеріс.
-
Халықтық сектор мандаттары айтарлықтай өзгереді және нағыз келісілген процедуралардың қаржылық ақпараттың аудиты болып саналатын келісімдерден өзгеше екені айтылып кету керек.
Қосымша 1
Келісілген процедуралар келісіміне арналған келісімхаттың мысалы
Төмендегі хат осы 9 тарауымен байланыста нұсқаулық ретінде қолданылады және қарапайым хат ретінде қолданылуға арналмаған. Келісім хаты жеке талаптар мен жағдайларға байланысты өзгеше болуы міндетті емес.
Аудиторды жалдаған Директорлар Алқасына немесе клиенттің басқа да лайықты өкілдерге аудитор:
Бұл хат біздің келісімнің шарттары мен мақсаттары туралы түсінігімізді және біз көрсететін қызметтердің шектемелерін нақтылауға арналған. Біздің келісім келісілген процедуралар келісімдеріне қолданылатын Қызметтердің Халықаралық Стандартқа(ІҚХС) сәйкес жүргізіледі және біз есептемеде солай көрсетеміз.
Біз төмендегі процедураларды жүргізуге және жұмысымыздан шығатын нақты табылғандар туралы есептеме жасауға келістік.
...
Біз жүргізетін процедуралардың мақсаты тек қана ... көмектесу. Біздің есептеме сіздердің ақпаратыңыз үшін ғана арналған және басқа мақсатқа арналмаған.
Біз жүргізетін процедуралар келісілген процедураларға қолданылатын Ілеспе Қызметтердің Халықаралық Стандартқа (ІҚХС)сәйкестендіріліп жасалған аудит немесе қайта қарауды қамтымайды және ешқандай сенімділік білдірілмейді.
Біз сіздердің жұмыскерлеріңізбен толық сабақтастықты күтеміз және олар бізге кез келген жазбалар, құжаттар немесе келісімге байланысты басқа да сұралған ақпаратты қамтамасыз ететініне сенеміз.
Біздің ақымыз, жұмыс алдыға жылжыған кезде жасалады, осы келісімге тағайындалған тұлғаларға талап етілген уақытқа негізделеді, оған қоса өз қалтасынан шықпаған шығындар да есептеледі. Дербес сағаттық ақы мөлшерлері жауапкершілік дәрежесіне және қажет білік пен тәжірибеге байланысты өзгеріп отырады.
Сізден келісімнің шарттарын және орындалатын процедураларды түсінгендеріңізді көрсететіндей, қол қойып, осы хаттың көшірмесін қайтаруыңызды өтінемін.
Компаниясының атынан бекітілді
(Қолтаңба)
Аты-жөні және тақырыбы
Мерзімі
Қосымша 2
Төленетін есепшоттармен байланыстағы нақты табылғандар туралы есептеменің мысалы
Нақты табылғандар есептемесі
Біз сіздермен келісілген процедураларды жүргіздік және Компаниясымен мерзім төленетін есепшоттарға қатысты нөмірлеп қойдық. Біздің келісім келісілген процедуралар келісімдеріне қолданылатын Ілеспе Қызметтердің Халықаралық Стандартқа сәйкес жүргізіледі. Жүргізілген процедуралар сіздерге төленетін есепшоттардың растығын бағалауда көмектесу үшін ғана орындалды және төмендегідей қорытындыланды:
-
Біз Компаниясы мерзім дайындаған төленетін есепшоттардың сыналатын балансының қосымшасын алдық және тексердік, және жалпы мәнді оған қатысты жалпы дербес есепшотының мәнімен салыстырдық.
-
Біз басты жабдықтаушылар мен мерзімінде қатысты аттарға қарыздағы ақшаны және сыналатын баланстағы ақшаны қамтитын жапсырылған тізімін салыстырдық.
-
Біз жабдықтаушылардың мәлімдемелерін алдық немесе жабдықтаушылардан мерзім ұарыз баланстарды нақтылауын сұрадық.
-
Біз 2 Қосымшада көрсетілген сондай мәлімдемелерді немесе нақтыламаларды салыстырдық. Келісілмеген мөлшерлер үшін біз Компаниясынан бітістірулер алдық.
Біздің тапқандарымыз жайлы келесідей есептеме береміз:
(а) 1 нәрсеге қатысты біз қосымшаның дұрыс болуын және жалпы шаманың келісімде болуын таптық.
(ә) 2 нәрсеге қатысты біз келісімде болуға тиіс салыстырылатын мөлшерлерді анықтадық.
(б) 3 нәрсеге қатысты біз осындай жабдықтаушыларға арналған мәлімдемелердің болғанын анықтадық.
(в) 4 нәрсеге қатысты біз келісілген мөлшерлерді таптық, немесе келісілмеген мөлшерлерге қатысты, біз Компаниясы бітімдерді дайындағанын, және кредит қағаздары лайықты түрде тізімде көрсетілген бітімнің нәрселері екендігін анықтадық.
[Ерекшеліктерді толығырақ сипаттаңыз]
Біз жүргізетін процедуралар келісілген процедураларға қолданылатын Қатысты Қызметтер туралы Халықаралық Стандартқа сәйкестендіріліп жасалған аудит немесе қайта қарауды қамтымайды және төленетін есепшоттар жайлы (мерзім) ешқандай сенімділік білдірілмейді.
Біз қосымша процедураларды жүргізсек немесе Аудит жайлы Халықаралық Стандарт немесе Қайта қарау Келісімдері жайлы Халықаралық Стандарт қаржылық мәлімдемелерге аудит немесе қайта қарау жүргізсек, біздің назарымызға ілігетін басқа да нәрселер жайлы сіздерге есептеме берілетін еді.
Біздің есептеме тек қана 1 тарауына келтірілген мақсатта ғана және сіздің ақпаратқа ғана қолданылады және одан басқа мақсаттарда қолданылмауы немесе басқа да жақтарға таратылмауы керек. Бұл есептеме есепшоттарға және жоғарыда көрсетілген заттарға ғана қатысты және Компаниясының қаржылық мәлімдемелерін кеңейтпейді.
АУДИТОР
Мерзімі
Аты-жөні
Ілеспе Қызметтердің
Халықаралық Стандарт 4410
(Бұрынғы 930)
Қаржылық есептемелерді құрастыру келісімдері
(Бұл Стандарт тиімді)33
МАЗМҰНЫ
Тарау
Кіріспе..................................................................................................................................... ……….. 1-2
Құрастыру Келісімінің мақсаты........................................................................................... 3-4
Құрастыру Келісімінің жалпы қағидаттары........................................................................ 5-6
Келісімнің шарттарын анықтау............................................................................................ 7-8
Жоспарлау.............................................................................................................................. 9
Құжаттама.............................................................................................................................. 10
Процедуралар........................................................................................................................ 11-17
Құрастыру Келісімі жайлы есептеме беру.......................................................................... 18-19
Қосымша 1: Құрастыру Келісіміне арналған Келісім хаттың мысалы
Қосымша 2: Құрастыру есептерінің мысалдары
Ілеспе Қызметтердің Халықаралық Стандарт ІҚХС 4410, Қаржылық есептемелерді құрастыру келісімдері, ІҚХС-тердің қолданысын және өкілеттігін белгілейтін Сапаны Тексеру, Аудит, Басқа Сенімділік және Ілеспе Қызметтердің Халықаралық Стандарттар Алғысөзі аясында оқылуы қажет.
| 34
Кіріспе
-
Осы Ілеспе Қызметтердің Халықаралық Стандарттың мақсаты стандарттар орнату мен, қаржылық ақпаратты құрастыру келісімдері орындалған жағдайда және есепші35 дайындайтын есептеменің түрі мен мазмұнын осындай құрастырумен байланыстыра отырып шешкенде, есепшінің кәсіби жауапкершіліктеріне нұсқаулық жасау.
-
Бұл ІҚХС қаржылық ақпараттың құрастыруылуына бағытталған. Алайда, есепшінің сұрақтағы мәселе жайлы жеткілікті білімі бар екені болжана отырып, бұл қаржылық емес ақпараттың келісімдерін жасауда да қолданылатын дәрежеде қолданылуы тиіс. Клиентке қаржылық мәлімдемелер жасауда шектелген көмек көрсету келісімдері (мысалы, лайықты есеп ережесін таңдауда) қаржылық ақпаратты құрастыру келісімдерін кеңейтпейді.
Құрастыру Келісімінің мақсаты
-
Құрастыру Келісімінің мақсаттарына есепшіге оның аудит экспертизасына қарама-қарсы есеп экспертизасын қолдануы, қаржылық ақпаратты жинау, саралау және қорытындылау жатады. Бұл қарапайым түрде осы ақпараттың астарында жатқан бекітпелерді сынақтауды талап етпей-ақ, толық мәліметтерді басқаруға және түсінуге оңай түрге келтіреді. Жүргізілетін процедуралар алдын ала дайындалмаған және есепшіге қаржылық ақпарат туралы ешқандай сенімділік танытуға мүмкіндік бермейді. Дегенмен, құрастырылған қаржылық ақпараттың қолданушылары есепшінің қатысынан біраз пайда көреді, себебі, қызмет кәсіби біліктілікпен және қажетті ұқыптылықпен көрсетілді.
-
Құрастыру келісімі қаржылық мәлімдемелердің дайындауын қамтиды, бірақ сонымен қатар, қаржылық ақпаратты жинауды, саралауды және қорытындылауды қамтуы мүмкін.
Құрастыру Келісімінің жалпы қағидаттары
-
Есепші Есепшілердің Халықаралық Әдептілік Стандарттар Алқасымен шешілген Кәсіби Есепшілердің Әдептілік Кодексіне сай қызмет жасауы керек. Келісімнің бұл түріне арналған есепшінің кәсіби жауапкершіліктерін басқаратын әдептілік қағидаттар келесілер:
-
Тұтастық;
(ә) Объективтілік/шындық;
(б) Кәсіби біліктілік және қажетті күтім;
(в) Құпиялылық;
(г) Кәсіби мінез-құлық; және
(ғ) Техникалық стандарттар.
Тәуелсіздік құрастыру келісімінің талабы емес. Қайткенмен, есепші дербес болмаған жағдайда оның әсері есептемеде көрсетілуі қажет.
-
Есепшінің аты-жөні есепші дайындаған қаржылық ақпаратпен байланыста болған барлық жағдайларда, есепші есептеме жасауы тиіс.
Келісімнің шарттарын анықтау
-
Есепші клиент пен есепшінің арасында келісімнің шарттарына байланысты толық түсіністік бар екенін көз жеткізуі тиіс. Қарастырылатын мәселелер:
-
Келісімнің табиғаты, оған қоса, ешқандай аудит немесе қайта қарау жүргізілмейтінін, демек, ешқандай сенімділік танылмайтынын көрсететін факт;
-
Келісім қателерді, заңсыз әрекеттерді және алаяқтық сияқты басқа да реттеуге қайшы әрекеттерді жариялауда сенімді бола алмайтынын көрсететін факт;
-
Клиент қамтамасыз етуге тиіс ақпараттың табиғаты;
-
Менеджмент құрастырылуға тиіс қаржылық ақпараттың толықтығы мен дәлдігі үшін есепшіге берілген ақпараттың дәлдігі мен толықтығына жауаптылығын көрсететін факт;
-
Қаржылық ақпаратты құрастырудың негізі және басқа ауытқулар алынып тасталатынын көрсететін факт;
-
Құрастырылғаннан кейінгі ақпаратты қолданысы және таралымы;
-
Құрастырылған қаржылық ақпаратқа қатысты жасалған есептеменің түрі.
-
Келісім хат құрастыру жұмысын жоспарлауда көмек болады. Ол есепші мен есепші тағайындаманың басты шарттарын келісім хат түрінде жіберетін болмыстың екеуінің де қызығушылығында. Келісім хат есепшінің тағайындаманы қабылдауын нақтылайды және келісімнің мақсаты, саласы, есепшінің жауапкершіліктері және жасалатын есептемелердің түрері секілді мәселелер төңірегінде пайда болуы мүмкін түсініспеушіліктердің алдын алады. Құрастыру келісіміне арналған келісім хаттың мысалы 1 Қосымшада көрсетілген.
Жоспарлау
-
Есепші тиімді келісім жасалатындай жұмысын жоспарлауы керек.
Құжаттама
-
Есепші есептемені немесе нақты табылғандарды қолдайтын дәлелдемелерді, және келісім осы айтылып отырған ІҚХС–пен сәйкестікте жасалғанын және келісімнің шарттарын қамтамасыз етуде маңызды деп санайтын мәселелерді құжат түрінде жасап отыруы қажет.
Процедуралар
-
Есепші жұмыс туралы және болмыстың операциялары жайлы жалпы түсінік алуы керек; болмыс әрекет етеін өндірістің есеп қағидаттарымен және тәжірибелерімен және әр жағдайлардағы сәйкес қаржылық ақпараттың түрі мен мазмұнымен таныс болуы тиіс.
-
Қаржылық ақпаратты құрастыру үшін есепші болмыстың бизнес транзакцияларының табиғаты, есеп жазбаларының түрі және қаржылық ақпарат негізделетін есеп негіздері жайлы жалпы түсінік алуды талап етеді. Есепші қарапайым түрде осы мәселелер жайында білімді болмыспен тәжірибе жасау арқылы алады.
-
Бұл ІҚХС–те келтірілгеннен басқа, есепші тиіс:
-
Менеджменттен қамтамасыз етілген ақпараттың сенімділігі мен толықтығы жайлы сұрауға;
ә) Ішкі басқару істерін бағалауға;
б) Әр түрлі мәселелерді нақтылауға; және
г) Әр түрлі түсіндірмелерді нақтылауға.
-
Достарыңызбен бөлісу: |