Халықаралық сапаны бақылау, аудит, шолу, басқа ақпараттың ДҰрыстығын растау және ілеспе қызметтер жөнінде жинақ



бет10/26
Дата26.06.2016
өлшемі2.1 Mb.
#159291
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26

29. Төменде проекция жасалған өзгертілмеген есептемеден алынған мысал келтірілген:

Біз келешегі бар қаржылық ақпаратты сараптауда3 қолданылатын Сенімділік Келісімдерінің Халықаралық Стандартына сай келетін проекцияны сараладық. Менеджмент көрсетілген осы жорамалдарға және проекцияға жауапты.

Бұл проекция ... (мақсатын көрсету керек) үшін дайындалған. Болмыс бастапқы кезеңде болғандықтан, бұл проекция болашақтағы оқиғалар мен менеджменттің орын алуы міндетті емес іс-әрекеттері туралы гипотетикалық болжамдарды қамтитын болжамдардың жинағын қолдана отырып дайындалды. Демек, оқырмандар осы проекция сипатталғаннан басқа мақсаттарға қолданылмауы мүмкін жөнінде ескертілді.

Болжамдарды қолдайтын дәлелдемелердің сараптамасына жүгіне отырып, біздің назарымызға осы жорамалдар проекцияға саналы негіз болмайтынына сендіретіндей ешқандай күдік келмеді. Ары қарай, біздің ойымызша, проекция жорамалдардың негізінде дұрыс дайындалған және сәйкес44көрсетілген.

Жоғарыда көрсетілген гипотетикалық жорамалдар негізінде күтілген оқиғалар орын алса да, нақты нәтижелердің проекциядан өзгеше болу мүмкіндігі жоғарырақ, өйткені, күтілген оқиғалар әрқашан күтілгендей орындала бермейді және өзгерістер материалдық болуы мүмкін..

Аудитор келешегі бар қаржылық ақпараттың тұсаукесері және жариялануы барабар емес екеніне сенсе, аудитор келешегі бар қаржылық ақпараттың есептемесінде салмақты шешім көрсетуі керек, немесе келісімнен сәйкесінше бас тартуы керек. Оның мысалына мынаны келтіруге болады: қаржылық ақпараттың сайма-сай түрде жариялануы сәтсіздікке ұшыраса, кез келген жорамалдың нәтижелері өте сезімтал болады.


  1. Аудитор жоғары-бағалы жорамалдар негізінде жасалған бір немесе бірнеше маңызды жорамалдар келешегі бар қаржылық ақпаратқа саналы негіз болмайды деп сенсе немесе гипотетикалық жорамалдар негізінде жасалған бір немесе бірнеше маңызды жорамалдар келешегі бар қаржылық ақпаратқа саналы негіз болмайды деп сенген жағдайда, аудитор келешегі бар қаржылық ақпараттың есептемесінде шынайы теріс пікірін білдіруі керек, немесе келісімнен бас тартуы керек.

  2. Әр түрлі жағдайларда қажетті деп есептелінген бір немесе бірнеше процедуралардың қолданылуына кедергі жасайтын шарттар сараптамаға әсер еткен жағдайда аудитор келісімді үзуі қажет немесе пікірінен бас тартып және келешегі бар қаржылық ақпараттың есептемесінде шектемелерді сипаттауы қажет.


СЕНІМДІЛІК КЕЛІСІМДЕРІ ЖАЙЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТ (СКХС) 3402

ҚЫЗМЕТ ҰЙЫМЫНДАҒЫ БАСҚАРУ ІСТЕРІ ЖАЙЛЫ СЕНІМДІЛІК ЕСЕПТЕМЕЛЕРІ

(15 маусым, 2011 немесе одан кейін бітетін сенімділік келісімдері қызмет аудиторлары үшін тиімді)



МАЗМҰНЫ




Тарау

Кіріспе

Бұл КМХСның пәні………………………………………………………………………........... 1-6

Тиімді уақыт……………………………………………………………………………….......... 7

Мақсаттары………………………………………………………………………………....... .. 8

Анықтамалар……………………………………………………………………………......... 9

Талаптар

КМХС 3000………………………………………………………………………….................. 10

Әдептілікталапта................................................................................................................ 11

Менеджмент және үкіметпен айыпқа салынғанда…………………………………................ 12

Қабылдау және жалғастыру…………………………………………........................................ 13-14

Критерийдің сәйкестігін бағалау…………………………………………................................ 15-18

Материалдылық………………………………………………………………………............... 19

Қызмет ұйымының жүйесі жайлы түсінік алу…………….......................……………........... 20

Сипаттамаға қатысты дәлелдеме алу......................................................................................... 21-22

Басқару істерінің жасалуына қатысты дәлелдемелер алу........................................................ 23

Басқару істерінің қызмет өнімділігі жайлы дәлелдемелер алу................................................ 24-29

Ішкі аудит қызметінің жұмысы................................................................................................... 30-37

Жазбаша көрсетілімдер .............................................................................................................. 38–40

Басқа ақпарат................................................................................................................................ 41-42

Кезекті оқиғалар.......................................................................................................................... 43-44

Құжаттама.................................................................................................................................... 45-52

Қызмет аудиторының сенімділік келісімін дайындау............................................................. 53-55

Басқа қатынас жауапкершіліктері.............................................................................................. 56



Қолдану және басқа түсіндірме материал

Бұл КМХС-ның пәні.................................................................................................................... А1-А2

Анықтамалар................................................................................................................................ А3-А4

Әдептілік талаптар....................................................................................................................... А5

Менеджмент және басқарумен айып төлеуге мәжбүрленгендер............................................ А6

Қабылдау және жалғастыру........................................................................................................ А7-А12

Критерийдің лайықтылығын бағалау........................................................................................ А13-А15

Материалдылық.......................................................................................................................... А16-А18

Қызмет ұйымының жүйесі туралы түсінік алу........................................................................ А19-А20

Сипаттамаға байланысты дәлелдеме алу................................................................................. А21-А24

Басқару істерінің әрленіміне қатысты дәлелдемелер алу....................................................... А25-А27

Басқару істерінің қызмет өнімділігіне қатысты дәлелдемелер алу....................................... А28-А36

Ішкі аудит функциясының жұмысы......................................................................................... А37-А41

Жазбаша көрсетілімдер............................................................................................................. А42-А43

Басқа ақпарат.............................................................................................................................. А44-А45

Қызмет аудиторының сенімділік есептемесін дайындау....................................................... А46

Басқа қарым-қатынас жауапкершіліктері................................................................................ А47-А52

Қосымша 1: Қызмет ұйымының бекітпесі............................................................................... А53

Қосымша 2: Қызмет аудиторының сенімділік есептемелерінің мысалдары

Қосымша 3: Қызмет аудиторының өзгертілген сенімділік есептемелерінің мысалдары




Кепілдік міндеттеме жөніндегі Халықаралық Стандарт КМХС 3400, Есеп беруді Сервистік Ұйымга тапсырылуын қадағалауды Болашағы бар Қаржылық Ақпаратты Сараптау, Сапаны Басқару, Аудит, Қайта қарау, Басқа сенімділік және Қатысты қызметтер жайлы Халықаралық Стандартпен байланысты бірге қарастырған жөн.




Кіріспе

Осы КМХС саласы

  1. Кепілдәк міндеттеме жөніндегі Халықаралық Стандарты КМХС қоғамдық тәжірибеде жұмыс жасайтын кәсіби есепшінің сенімділік келісімдерімен айналысады. Ол өз кезегінде пайдаланушы14 болмыстар мен олардың аудиторлары қолданатын, пайдаланушы болмыстардың ішкі басқару құралдары қаржылық есептемеге сәйкестендірілетіндей қызмет көрсететін қызмет ұйымдарындағы басқару істері туралы есемтемені қамтамасыз етеді. Бұл АХС 402-ні15 толықтырады, мұнда КМХС көмегімен жасалған есептемелер АХС 402 атынан да сәйкес дәлелдемелер қамтамасыз ете алатын қабілетке ие. (Сілт.:Тарау А1)

  2. Бұл Сенімділік Келісімдерінің Халықаралық Стандарты бойынша, сенімділік келісімі саналы сенімділік келісімі немесе шектелген сенімділік келісімі болуы мүмкін; яғни, сенімділік келісімі немесе бекітпе негізіндегі келісім, немесе тікелей есептеме келісімі бола алады; және, бекітпе негізіндегі келісімге арналған сенімділік қорытындысы жауапты жақтың бекітпесі тұрғысынан немесе нақты пәннің мәні мен шарттары тұрғысынан сипатталуы мүмкін16. Бұл КМХС саналы сенімділік көрсететін бекітпе негізіндегі келісімдермен ғана жұмыс істейді, сенімділік қорытындысы нақты пәннің мағынасы мен шарттары тұрғысынан тікелей сипатталады17.

  3. Бұл КМХС қызмет ұйымы басқарудың лайық әрленіміне жауапты болған жағдайда, немесе, керісінше, ол туралы бекітпе жасай алған жағдайда ғана қолданылады. Бұл КМХС сенімділік келісімдерімен келесі жағдайларда жұмыс істемейді:

(а) Қызмет ұйымындағы басқарулар сипатталғандай қызмет жасап жатқан-жатпағанын баяндау үшін;

(ә) Пайдаланушы болмыстардың ішкі басқару құралдары қаржылық есептемеге сәйкестендірілетіндей қызмет көрсететін қызмет ұйымдарындағы басқару істері туралы есемтемені жасауға (мысалы, пайдаланушы болмыстың өнімділігіне немесе сапа тексеріміне кері әсерін тигізетін басқару істері); Дегенмен, бұл КМХС 300018 негізінде жасалған осындай келісімдерге біршама бағдар беріп жібереді. (Сілт.:Тарау А2)



  1. Басқару істері жөніндегі сенімділік есептемесін жасаумен қатар, қызмет аудиторы бұл КМХС-да көрсетілмеген келесі есептемелерді жасаумен айналысуы мүмкін:

  1. Пайдаланушы болмыстың транзакциялары немесе қызмет ұйымы демейтін теңгерімдері жөніндегі есептеме; немесе

ә) Қызмет ұйымындағы басқару істері жөніндегі келісілген процедуралар есептемесі.

Басқа да кәсіби мағлұмдамалармен қарым-қатынасы

  1. Тарихи қаржылық ақпараттың аудиті мен қайта қарауынан өзгеше сенімділік келісімдерінің өнімділігі қызмет аудитордың КМХС 3000-мен сай жұмыс істеуін талап етеді. КМХС 3000 осы КМХС-ге сәйкес келісімдермен қоса, барлық сенімділік келісімдеріне қолданылатын келісімнің қабылдануы, жоспарлау, дәлелдеме, және құжатнама сияқты тақырыптарға қатысты талаптарды қамтиды. Бұл КМХС 3000 қызмет ұйымындағы басқару істері жөніндегі есептеме жасауға саналы сенімділік келісімін дайындауда қолданылатыны жайлы кеңейтіледі. Сенімділік келісімінің элементтері мен мақсаттарын анықтайтын және сипаттайтын Сенімділік жиектемесі бұл КМХС және КМХС 3000 мағынасын түсінуге бағыт береді.




  1. КМХС 3000-ге сай жұмыс істеу, басқа заттардың арасында, қызмет аудиторының Есепшілердің Халықаралық Этика Стандарттары Кеңесінің Кәсіби Есепшілерге арналған Этика Коды (БХӘСК) ережесінің талаптарына сай келуін, және жеке келісімдерге қолданылатын сапаны тексеру процедураларын жүргізуін талап етеді.19


Эффективті уақыт

  1. Бұл КМХС қызмет аудиторларының 2011 жылдың 15 маусымында немесе одан кейін жасалған сенімділік келісімдеріне қолдануда тиімді.

Мақсаттары

  1. Қызмет аудиторының мақсаттары:

  1. Лайықты критерийлерге сүйене отырып, балқы материалдық қатыстарда келесі нәрселер туралы саналы сенімділікке қол жеткізу:

  1. Қызмет ұйымының жүйесінің сипаттамасы оның бастапқы кезде жасалған әрленімін және белгілі бір уақыт аралығында іске асырылғанын жүйелі түрде баяндайды (немесе 1 типті есептеме жағдайында белгілі бір нақты уақытта).

  2. Қызмет ұйымының жүйесінің сипаттамасында көрсетілген басқару мақсаттарына қатысты басқару істері белгілі бір уақыт аралығында лайықты түрде жасалынды (немесе 1 типті есептеме жағдайында белгілі бір нақты уақытта).

  3. Келісім саласының құрамына кіргендей, қызмет ұйымының жүйесінің сипаттамасында көрсетілген басқару істері белгілі бір уақыт аралығында орындалғаны туралы саналы сенімділікті қамтамасыз ететін басқару істері өнімді/эффективті түрде жұмыс атқарды.

(ә) Қызмет аудиторының тапқандарына сәйкес (а) пунктіндегі нәрселер жайлы есептеме жасау.

Анықтамалар

  1. Бұл КМХС-нің мақсаттарына сай, келесі терминдердің түсіндірмелері келтірілген:

  1. Шеттету тәсілі – қызмет ұйымы қамтамасыз ететін қызметтермен жұмыс істейтін тәсіл, мұнда қызмет ұйымының жүйесінің сипаттамасы осы қызмет ұйымы көрсететін қызметтердің табиғатын қамтиды, бірақ оның құрамына осы қызмет ұйымының орынды басқару мақсаттары мен оған қатысты басқару істері кірмейді және қызмет аудиторының келісім саласынан да алынып тасталады. Қызмет ұйымының жүйесінің сипаттамасы және қызмет аудиторының келісім саласы қызмет ұйымындағы басқару істерінің тиімділігін қадағалайтын басқару істерін қамтиды, оның құрамына осы қызмет ұйымындағы басқару істері жөніндегі сенімділік есептемесін қайта қарауы кіре алады.

(ә) Пайдаланушы болмыстың толықтама басқару істері – қызметті дайындау кезінде, қызмет ұйымы жорамалдарының пайдаланушы болмыстармен орындалуын және қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасында жазылған басқару мақсаттарының айқындалғанын қадағалайды.

(б) Басқару мақсаты – Басқарудың арнайы түрінің мақсаты немесе мүддесі. Басқару мақсаттары басқару істері жұмсартуға ұмтылатын тәуекелдерге қатысты.

(в) Қызмет ұйымындағы басқару істері – Қызмет аудиторының сенімділік есептемесінде қамтылған басқару мақсаттарына қол жеткізуді басқару істері.

(г) Қызмет ұйымын бөлімшесіндегі басқару істері – Басқару мақсатына жетудегі саналы сенімділікті қамтамасыз ететін қызмет ұйымы бөлімшесіндегі басқару істері.

(ғ) Өлшем (шарт) – нақты қарастырылып отырған пәннің мән-жайын бағалауға немесе өлшеуге арналған сынақтар, оларға тұсаукесер және жариялау сынақтары жатады.

(д) Қосу тәсілі – қызмет ұйымы бөлімшесі қамтамасыз ететін қызметтермен жұмыс істейтін тәсіл, мұнда қызмет ұйымының жүйесінің сипаттамасы осы қызмет ұйымы бөлімшесі көрсететін қызметтердің табиғатын қамтиды, оның құрамына осы қызмет ұйымы бөлімшесінің орынды басқару мақсаттары мен оған қатысты басқару істері кіреді; қызмет аудиторының келісім саласынан да алынып тасталмайды.

(е) Ішкі аудит функциясы – қызмет ұйымына қызмет түрінде көрсетілген немесе орнатылған бағалама қызмет. Оның функцияларына басқа заттардың арасынан мыналар жатады: ішкі басқарудың дұрыстығы мен өнімділігін сараптау, бағалау және бақылау.

(ж) Ішкі аудиторлар – Ішкі аудит қызметтерін атқаратын тұлғалар. Ішкі аудиторлар ішкі аудит департаментіне немесе балама функцияға бағынуы мүмкін.


(з) Қызмет ұйымындағы басқару істері сипаттамасы мен әрленімінің есептемесі – келесі нәрселерді көрсететін есептеме:

(і) Қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасы;

(іі) Барлық материалдық қатыстарда және сәйкес шарттар негізіндегі қызмет ұйымының жазбаша сипаттамасы:


  1. . Сипаттама қызмет ұйымы жүйесінің белгілі бір уақытта дайындалып, іске асқандығын шынайы көрсетеді;

ә. Қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасында көрсетілген басқару мақсаттарына қатысты басқару сәйкес түрде арнайы уақытта дайындалған; және

(ііі) Жоғарыда ii (a-ә) пункттерінде көрсетілген мәселелер туралы саналы сенімділік танытатын қызмет аудиторының сенімділік есептемесі.

(к) Қызмет ұйымындағы басқару істерінің сипаттамасы, дайындалуы және әрекет ету өнімділігінің есептемесі – келесі нәрселерді көрсететін есептеме:

(і) Қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасы;

(іі) Барлық материалдық қатыстарда және сәйкес шарттар негізіндегі қызмет

ұйымының жазбаша сипаттамасы:

а. Сипаттама қызмет ұйымы жүйесінің белгілі бір уақыт аралығында дайындалып, іске асқандығын шынайы көрсетеді;

ә. Қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасында көрсетілген басқару мақсаттарына қатысты басқару сәйкес түрде арнайы уақыт аралығында дайындалған; және

б. Қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасында көрсетілген басқару мақсаттарына қатысты басқару сәйкес түрде арнайы уақыт аралығында тиімді қызмет атқарды.

(ііі) Қызмет аудиторы есептемесі:

а. Жоғарыда ii (a-б) пункттерінде көрсетілген мәселелер туралы саналы сенімділік танытатын қызмет аудиторының сенімділік есептемесі.

ә. Басқару істерін сынақтан өткізудің сипаттамасы мен сәйкес нәтижелері.

(қ) Қызмет аудиторы – Қызмет ұйымының сұранысы бойынша осы ұйымдағы басқару істері жөнінде сенімділік есептемесін дайындайтын қоғамдық қызмет атқаратын кәсіби есепші.

(л) Қызмет ұйымы – пайдаланушы болмыстардың ішкі басқару істері қаржылық есептемеге қатысты болғандықтан, пайдаланушы болмыстарға қызмет көрсететін шеттегі үшінші жақтағы ұйым (немесе олардыңнемесе олардың сегменті).

(м) Қызмет ұйымының жүйесі немесе жүйе – қызмет ұйымы дайындаған және жүзеге асырған, пайдаланушы болмыстарды қызмет аудиторының сенімділік есептемесінде қамтылған қызметтермен қамтамасыз етуге арналған ережелер мен процедуралар. Қызмет ұйымының жүйесінің сипаттамасы келесі нәрселердің айқындалуын қамтиды: қамтылған қызметтер; уақыт аралығы, немесе 1 типті есептеме жағдайында, сипаттама жататын уақыт; басқару мақсаттары; және қатысты басқару істері.

(н) Қызмет ұйымының бекітпесі – 9(и)(ii) тарауында көрсетілген мәселелер туралы жазбаша бекітпе (1 типті есептеме жағдайында 9(з)(ii) тарауында).

(ң) Қызмет ұйымы бөлімшесі – пайдаланушы болмыстардың ішкі басқару істері қаржылық есептемеге қатысты болғандықтан, пайдаланушы болмыстарға қызмет көрсету үшін басқа қызмет ұйымдары қолданатын қызмет ұйымдары.

(ө) Басқару істерін сынақтау - Қызмет ұйымының жүйесінің сипаттамасында көрсетілген басқару мақсаттарына қол жеткізуде басқару істерінің оперативті өнімділігін бағалауға арналып дайындалған процедуралар.

(о) Қолданушы аудитор – пайдаланушы болмыстың қаржылық мәлімдемелеріне аудит және есептеме жасайтын аудитор.20

(п) Пайдаланушы болмыс – Қызмет ұйымын қолданатын болмыс.



Талаптар

КМХС 3000

  1. Қызмет аудиторы осы КМХС және КМХС 3000-ның талаптарын қанағаттандырмағанынша бұл КМХС-мен сәйкестікті көрсетпеуі қажет.


Әдептілік талаптар

  1. Қызмет аудиторы тәуелсіздікке, сенімділік келісімдеріне қатысты орынды әдептілік талаптарды ұстануы керек. (Сілт.: Тарау А5)

Менеджмент және үкіметпен айыпқа салынғандар

  1. Бұл КМХС қызмет аудиторынан бір нәрсеге сұраныс жасауды, бір жақтан көрсетілімдер сұрауды, біреумен қатынасуды, немесе қызмет ұйымымен байланысуды талап еткен жағдайда, қызмет аудиторы осы қызмет ұйымы шегіндегі менеджменттен немесе басқару құрылымынан қарым-қатынас жасауға болатын тұлғаларды анықтауы қажет. Бұл қарастырылып отырған мәселелердің мән-жайын білу мен оларға лайықты міндеттемелерді орындайтын адамдарды қарастыруы керек. (Cілт.: Тарау А6)

Қабылдау және жалғастыру

  1. Қабылдауға келісуден, немесе жалғастырудан бұрын қызмет аудиторы:

  1. Анықтауы керек:

(і) Қызмет аудиторы келісімдер жасауға қабілеттілігі және біліктілігі(Cілт.:Тарау А7);

(іі) Жүйенің сипаттамасы пайдаланушы болмыстар мен олардың аудиторларына тиімді және қолжетімді болатындай қызмет ұйымы дайындайтын критерий (өлшем); және

(ііі) Келісімнің пәні және қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасы шектеулі болмайтыны, яғни пайдаланушы болмыстар мен олардың аудиторларына пайдалы болмауы мүмкін.

(ә) Қызмет ұйымы өзінің міндеттемелерін түсінуі және мойындауын көрсететін келісім алу керек:

(і) Қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасын дайындау үшін және қызмет ұйымының бекітпесіне көмектесу үшін; ол сол сипаттама мен бекітпенің толықтығын, дәлдігін және тұсаукесер тәсілін қамтиды.(Cілт.: Тарау А8)

(іі) Қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасына көмектесуде қызмет ұйымының бекітпесіне саналы негіз табылатынына;(Cілт.: Тарау А9)

(ііі) Қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасында көрсету үшін:

а. Басқару мақсаттарын; және

ә. Заңмен немесе ережемен белгіленген жағдайда, сол белгілеген

тұлғаны (мысалы, қолданушылар тобы немесе кәсіби тұлға).

(іv) Қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасында көрсетілген басқару мақсаттарына қол жеткізуге қауіп төндіретін тәуекелтерді/тәуекелдерді анықтау үшін және сол тәуекелтер басқару мақсаттарына жетуге кедергі болмайтынын нақтылайтын басқару істерін дайындау мен жүзеге асыру, яғни қойылған басқару мақсаттарына қол жеткізуге болатынын; және(Cілт.: Тарау А10)


  1. Қызмет аудиторын қамтамасыз ету:

а. Жазбалар, құжаттар және де қызмет деңгейі келісімдері сияқты басқа мәселелерге, яғни барлық ақпаратқа рұқсат беру керек; қызмет ұйымының оның жүйесінің сипаттамасына сәйкес екендігін және көмектесуші қызмет ұйымының бекітпесі туралы білуін ескеру керек.

ә. Қызмет аудиторы сенімділік келісімі мақсатында сұрап қалуы мүмкін кез келген қосымша ақпаратпен;

б. Қызмет аудиторы қызмет ұйымындағы қажетті дәлелдемелерді алу қажет деп тапқан тұлғаларға осы қызмет ұйымы аясында шектелмеген рұқсат беру.

Келісім шарттары негізінде өзгерістерді қабылдау


  1. Егер қызмет ұйымы келісім шегінде оны аяқтамас бұрын өзгеріске сұраныс тудырса, аудитор қызметы қанағаттандырылып, яғни өзгертуге толық негіздеме деген соз. (Cілт.: Тарау А11-A12)

Критерийдің сәйкестігін бағалау

  1. КМХС 3000-да талап етілгендей, қызмет аудиторы қызмет ұйымы өзінің жүйесінің сипаттамасын дайындау кезінде лайықты өлшемдерді/критерийлерді қолданғанын, басқару істерін лайықты түрде жасағанын бағалауда, және, 2 типті есептеме жағдайында, басқару істері өнімді жұмыс атқарып жатқанын бағалауы қажет.21

  2. Қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасын дайындауда өлшемдердің/критерийлердің лайықтылығын анықтауда, қызмет аудиторы сол өлшемдер/критерийлер келесілерді қамтитынын анықтау керек:

(a) Сипаттама қызмет ұйымының жүйесі қалай құрылғанын және жүзеге асырылғанын көрсетуін, ол қамтиды:
(і) Көрсетілген қызметтерің түрлерін, оған өңделген транзакциялардың класстары жатады;

(іi) Транзакциялар басталған, жазылып алынған, өңделген, сәйкесінше түзетілген және есептеме немесе пайдаланушы болмыстар дайындаған басқа да ақпаратта қамтылған қызметтер көрсетілетін ақпараттық технология және қолдан жасалған жүйелердің шегіндегі процедуралар;

(iii) Есеп жазбалары, қолдаушы ақпарат, транзакцияларды бастауға, жазуға, өңдеуге және есептеме жасауға қолданылған есепшоттар сияқты лайықты ақпараттарды қамтитын қатысты жазбалар мен қолдаушы ақпарат, оған қате ақпаратты түзету және ақпараттың есептемелерге немесе басқа да пайдаланушы болмыстарға дайындалған ақпаратқа көшірілгені жатады;


  1. Қызмет ұйымы жүйесінің транзакциялардан өзге маңызды оқиғалар мен жағдайларда қандай шаралар қолданатынын;

  2. Пайдаланушы болмыстарға есептемелер және басқа да ақпарат дайындау процесін;

  3. Арнайы басқару мақсаттары және осы мақсаттарға жетуге арналған басқару істері;

  4. Басқару істерін әрлендірудегі/жасаудағы пайдаланушы болмыстардың толықтама басқару істері;

  5. Қызмет ұйымының басқару ортасының басқа да қырлары/аспекттері: тәуекелті/тәуекелді бағалау процесі, ақпараттық жүйе қатысты бизнесс процестерді қамтиды және қатынас, басқару қайраткерліктері және көрсетілген қызметтерді бақылау.

(ә) 2 типті есептеме жағдайында, осы сипаттама қызмет ұйымының сипаттамада көрсетілген уақыт аралығында жасаған өзгерістерінің толық деректерін қамтитынын;

(б) Пайдаланушы болмыстардың және олардың аудиторларының үлкен санының ортақ қажеттерін өтейтін сипаттама дайындалғанын және әрбір жеке пайдаланушы болмыс немесе оның аудиторы өз ортасында маңызды деп санайтын қызмет ұйымының әрбір қырын қамтымауы мүмкін екендігін ескере отыра, қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасы қызмет ұйымының шегіндегі орынды ақпараттарды қамтымауын немесе бұрмалауын;



  1. Басқару істерінің жасалуын бағалау өлшемдерінің лайықтылығын анықтауда қызмет аудиторы осы өлшемдер келесілерді қамтитынын анықтауы керек:

  1. Қызмет ұйымы өзінің жүйесінің сипаттамасында жазылған басқару мақсаттарына қол жеткізуге кедергі болатын тәуекелдерді/тәуекелтердіайқындап алғанын;

(ә) Сипаттамада айтылған басқару істері, дұрыс орындалған жағдайда, жоғарыдағы тәуекелтер сипатталған басқару мақсаттарына қол жеткізуде кедергі болмайтынына саналы сенімділік қамтамасыз етуін:

  1. Сипаттамада айқындалған басқару мақсаттары қол жетімді екендігіне саналы сенімділік беретін басқару істерінің қызмет өнімділігін бағалау критерийлерінің лайықтылығын анықтауда, қызмет аудиторы бұл критерийлер басқару істерінің белгіленген уақыт аралығында тұрақты түрде қолданысқа енгізілгенін анықтауы қажет. Бұған қолдан жасалған басқару істері лайықты дәреже мен біліктілігі бар тұлғалармен қолданысқа енгізілгені жатады.(Cілт.: Тарау А13-15)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет