Халықаралық сапаны бақылау, аудит, шолу, басқа ақпараттың ДҰрыстығын растау және ілеспе қызметтер жөнінде жинақ


Кепілдік шарттары бойынша Келісім



бет8/26
Дата26.06.2016
өлшемі2.1 Mb.
#159291
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26

Кепілдік шарттары бойынша Келісім

10. Тәжірибеші маман келісуші тараппен келісім шарттары бойынша келісуі тиіс. Түсініспеушілікті болдырмау үшін, келісілген шарттар келісім хатына не келісімшарттың тиісті формасына түсіріледі. Егер келісуші тарап жауапты тарап болмаса, келісім хат пен келісім шарттың мазмұны өзгере алады. Заңдық мандаттың болуы келісім шарттарымен келісу талабын қанағаттандыра алады. Тіпті сол жағдайларда, келісім хаты Тәжірибеші маман үшін де келісуші тарап үшін де пайдалы.

11. Тәжірибеші маман, кепілдік келісімін бітіру алдында сұралған сауалдың дұрыстығын қарастыруы тиіс, келісімді кепілсіз келісімге не болмаса қисынды кепілдік келісімін шектеулі кепілдік келісімге өзгерту және қисынды дәлелсіз өзгертуге келіспеуі тиіс.Қолданушы талабына әсер ететін жағдайдағы өзгерістер, не келісімнің негізі турасында түсініспеушілік келісімге өзгеріс енгізу туралы сұрақты негіздейді. Егер де осы өзгерістер орындалса, онда Тәжірибеші маман өзгеріс нәтижесінде алынған ақиқатты ескеруі тиіс.

Келісімді Жоспарлау және Орындау

12. Тәжірибеші маман келісімнің тиімді орындалуын жоспарлауы тиіс. Жоспарлауға аймақ үшін толық стратегияны дамыту, уақыт пен келісімді жүргізу, келісім жоспары, орындалатын ақиқатты жинау рәсімдерінің уақыты, көлемі, негізіне толық тәсілді қоса және оларды таңдаудың себебі кіреді. Тиісті жоспарлау келісімің маңызды жерлеріне нақты көңіл бөлуге көмектеседі, уақыт негізінде потенциалды проблемаларды анықтайды және келісімнің тиімді және нәтижелі орындалуы үшін ұйымдастыру және басқару жұмыстарын жүргізеді. Тиісті жоспарлау Тәжірибеші маманқа келісімнің топ мүшелері арасында жұмысты дұрыс тапсыруға және олардың бағытын жүргізуге және шолу жұмысын бақылауға көмек береді. Бұдан әрі, Тәжірибеші мамантар мен эксперттердің орындаған жұмысын үйлестіруге жәрдемдеседі. Жоспарлау рәсімдерінің негізі мен көлемі келісім жағдайына байланысты өзгеріп отырады, мәселен, ұйымның өлшемі мен күрделілігі және Тәжірибеші мамантың осыған қатысты алдыңғы тәжірбиесі. Қарастырылатын негізгі мәселелердің мысалына кіреді:

• Келісімнің шарты

• Тақырыптық мәселенің сипаты мен анықталған критерий.

• Келісім рәсімі мен ақиқаттың мүмкін көздері.

• Ұйым және оның жағдайы туралы Тәжірибеші мамантың түсінігі, тақырыптық мәселенің бұрмалану тәуекелдігін қоса.

• Тиісті қолданушыларды және олардың мұқтажын анықтау, тәуекел міндетінің кепілдік компоненттері мен елеулігін қарастыру.

• Қызметкер және сараптау талаптары, сарапшы қатысуының негізі мен көлемін қоса.

13. Жоспарлау үзікті фаза емес, керісінше келісім уақытында үздіксіз және қайталанатын рәсім болып табылады. Оқыс оқиға, жағдайдағы өзгерістер, ақиқатты жинақтау рәсімі нәтижесінде алынған ақиқат ненгіздерінде Тәжірибеші маманқа толық стратегия мен келісім жоспарын қайта қарап шығу қажет болады, және тиісінше қорытынды жоспарланған негіз, келесі рәсімдердің уақыты мен көлемін де.

14. Тәжірибеші маман келісімді, тақырыптық мәселе ақпаратының елеулі бұрмалануына әкелетін жағдайлардың бар болуын қарастыратын кәсіби скептицизм көзқарасымен жоспарлауы және орындауы тиіс.

Кәсіби скептицизм дегеніміз Тәжірибеші мамантың тергеу парасатымен алынған ақиқаттың дұрыстығын және жауапты жақтың құжатының сенімділігі туралы сұраққа апаратын не қайшы келетін ақиқатты ескертетін сыншыл бағалауды орындауын білдіреді.

15. Тәжірибеші маман, тақырыптық мәселе бойынша ақпаратттың бұрмалану тәуекелдігін анықтау мен бағалауға жеткілікті, және келесі ақиқатты жинау рәсімдерін орындауға және жоспарлауға жеткілікті болатын тақырыптық мәселе жөнінде түсінікке және басқа келісім жағдайларына ие болуы тиіс.

16. Тақырыптық мәселе жөнінде түсінік қалыптастыру және басқа келісім жағдайлары  кепілдік келісімін орындау мен жоспарлаудың маңызды бөлігі болып табылады. Ол түсінік Тәжірибеші маманқа келісім уақытысында кәсіби бағалауды жаттығу үшін кепілдеме жүйесімен қамтамасыз етеді, мысалы мына жағдайда:

• Тақырыптық мәселе сипаттамасын қарастыруда;

• Критерий жарамдылығын бағалауды;

• Арнаулы қарау қажет болғанын анықтауда, мәселен айлакерлікті көрсететін факторлар, білікті дағды не сарапшының жұмысына қажеттілік жағдайларында;

• Сандық елеулі дәреженің үздіксіз дұрыстығын орнату мен бағалау, және сапалы елеулі факторларды қарастыру;

• Талдамалы рәсімдерді орындауда қолданылатын болжамдарды дамыту;

• Келесі кепілдік міндеттемесінің тәуекелдігін белгілі бір дәрежеге дейін қысқарту үшін ақиқатты жинау рәсімдерін жоспарлау мен орындау; және

• Жауапты жақтың ауызша және жазбаша көріністерінің негізділігімен бірге Ақиқатты бағалау.

17. Тәжірибеші маман кәсіби біліктілікті тақырыптық мәселемен талап етілген түсініктің өлшемін және басқа келісім жағдайларын анықтау үшін қолданады. Тәжірибеші маман түсініктің тақырыптық мәселе бойынша ақпараттың бұрмалану тәуекелдігін бағалауда қаншалықты жеткілікті екенін қарастырады. Тәжірибеші мамантың әдетте жауапты тарапқа қарағанда түсінігінің өлшемі азырақ болады.

Тақырыптық Мәселенің Дұрыстығын Бағалау

18. Тәжірибеші маман тақырыптық мәселенің дұрыстығын бағалауы тиіс.

Тиісті тақырыптық мәселенің Кепілдік Жүйесінің 33 тармағында көрсетілгендей сипаттары бар. Тәжірибеші маман тиісті қолданушыларға қатысты, және кепілдік есептемесінде көрсетілуі тиіс, сол тақырыптық мәселенің сипаттарын да айқындауы тиіс. Жүйенің 17 тармағында көрсетілгендей, Тақырыптық мәселенің орынды екенін көрсететін келісім жағдайлары туралы бастапқы білім болмайынша, Тәжірибеші маман ақпараттың дұрыстығын растау бойынша келісімді қабыл етпейді. Келісімді қабылдағаннан соң, алайда егер Тәжірибеші маман тақырыптық мәселенің орынсыз екенін қорытындыласа, Тәжірибеші маман қолайлы не жағымсыз қорытындыны, не болмаса қорытындыдан бас тартуды білдіруі тиіс. Кейбір жағдайларда Тәжірибеші маман келісімнен бастартуды қарастырады.

Критерий Жарамдылығын Бағалау

19. Тәжірибеші маман тақырыптық мәселені анықтау не өлшеу үшін критерий жарамдылығын бағалауы тиіс. Жарамды критерийдің Кепілдік Жүйесінің 36 тармағында көрсетлігендей сипаттамалары бар. Жүйенің 17 тармағында көрсетілгендей, қолданыстағы критерийдің орынды екенін көрсететін келісім жағдайлары туралы бастапқы білім болмайынша, Тәжірибеші маман ақпараттың дұрыстығын растау бойынша келісімді қабыл етпейді. Келісімді қабылдағаннан соң, алайда егер Тәжірибеші маман критерийдің орынсыз екенін қорытындыласа, Тәжірибеші маман қолайлы не қолайсыз қорытындыны, не болмаса қорытындыдан бас тартуды білдіруі тиіс. Кейбір жағдайларда Тәжірибеші маман келісімнен бастартуды қарастырады.

20. Кепілдік Жүйесінің 37 тармағы критерийдің орындалуын не өзгеше дамытылуын көрсетеді. Әдетте, орындалған критерий тиісті қолданушылар қажеттілігіне байланысты орынды. Тақырыптық мәселеге байланысты белгіленген критерий бар болған жағдайда , өзіндік қолданушылар өздерінің өзгеше мақсаттары үшін басқа критерийге келісе алады. Мысалы, ішкі бақылаудың тиімділігін бағалауда әр түрлі жүйелер белгіленген критерий ретінде қолданыла береді. Өзіндік қолданушылар өздерінің қажеттіліктеріне жауап беретін зерделі қадағалау үшін жан-жақты критерий жүйесін дамыта алады.

Мұндай жағдайларда, кепілдік есептемесі:

(a) келісім жағдайларына қатысты критерий заң не ережелермен іске асырылмаса, айқын тиісті құқықтық рәсімдерді қарастыратын өкілетті не қабылданған органдармен шығарылған жағдайда белгілейді; және

(ә) Бұның тек өзіндік қолданушылар мен олардың өзгеше мақсаттары үшін ғана екенін мәлімдейді.

21. Кейбір тақырыптық мәселе үшін, ешқандай белгіленген критерий бар екені әбден мүмкін. Сол жағдайларда критерий ерекше дамытылады. Тәжірибеші маман ерекше дамытылған критерийдің кепілдік есептемесінде тиісті қолданушыны жаңылыстыратын нәтижесін қарастырады. Тәжірибеші маман тиісті қолданушылар мен келісуші тараптың ерекше дамытылған критерийдің тиісті қолданушылардың мақсаттарына сай екенін растауын қалайды. Тәжірибеші маман осындай растаудың жоқтығы анықталған критерийді бағалауға әсерін және кепілдік есептемесінде критерий туралы ақпаратты қарастырады.

Елеулілік және Тәуекел міндетінің кепілдігі

22. Тәжірибеші маман елеулілікті және тәуекел міндетінің кепілдігін кепілдік келісімін жоспарлау мен орындауда қарастыруы тиіс.

23. Тәжірибеші маман дәлел жинақтаушы рәсімдердің негізін, уақытын, және көлемін анықтауда, және тақырыптық мәселенің бұрмаланудан алшақ екенін бағалауда елеулілікті қарастырады. Елеулілікті қарастыру Тәжірибеші маманқа тиісті қолданушылардың шешіміне қандай факторлардың әсер ететінін түсіну мен бағалауды талап етеді. Мысалы, анықталған критерий тақырыптық мәселе бойынша ақпараттың көрсетілімінде өзгерістерге рұқсат берсе, Тәжірибеші маман қабылдаған көрсетілімнің тиісті қолданушылардың шешіміне қалай әсер ететінін қарастырады. Елеулілік сандық және сапалық факторлар контексінде, мәселен салыстырмалы шама, негіз бен көлемі сияқты осы факторлардың тақырыптық мәселені бағалау не өлшеуде әсерін, және тиісті қолданушылардың мүддесінде қарастырылады. Өзгеше келісімде елеулілікті бағалау және сандық пен сапалық факторлардың салыстырмалы маңыздылығы  Тәжірибеші маман назарына қарастырылатын мәселелер болып табылады.

24. Тәжірибеші маман тәуекел міндетінің кепілдігін, келісім жағдайында, тиісінше төмен дәрежеге дейін қысқартуы тиіс. Қисынды кепілдік міндетінде, Тәжірибеші маман тәуекел міндетінің кепілдігін, келісім жағдайларында, Тәжірибеші маман қорытындысына тұжырымның оң формасына қисынды кепілдікті негіз ретінде алу үшін тиісінше төмен дәрежеге дейін қысқартады. Шектеулі кепілдік келісімінде тәуекел міндетінің кепілдік дәрежесі қисынды кепілдік келісіміне қарағанда жоғарылау, себебі әр түрлі негіз, уақыт не дәлелді жинақтаушы рәсімдердің көлеміне байланысты. Алайда, шектеулі кепілдік келісімінде, негіз, уақыт пен дәлелді жинақтаушы рәсімдердің көлемінің жинақтары Тәжірибеші маманқа кепілдіктің мағыналы дәрежесін тұжырымның теріс формасына негіз ретінде алуға жеткілікті. Маңыздысы, алынған кепілдіктің дәрежесі тиісті қолданушылардың тақырыптық мәселе ақпараты туралы сенімділігін арттырады.

25. Кепілдік Жүйесінің 49 тармағы тәуекел міндетінің кепілдігі бөлінбес тәуекелдік, бақылау тәуекелдігі және анықтай алмау тәуекелдігін қамтитынын көрсетеді. Тәжірибеші мамантың осы әрбір компонентті қарастыру дәрежесі келісім жағдайларымен ықпал етілген және қисынды не шектеулі кепілдіктің орындалуымен.

Сарапшы Жұмысын Қолдану

26. Сарапшы жұмысы дәлелді жинақтау мен бағалау рәсімдерінде қолданылса, Тәжірибеші маман және сарапшының алынған жеткілікті тиісті ақиқатты анықтауға байланысты критерий мен тақырыптық мәселе туралы бірдей дағды мен білімі болуы тиіс.

27. Тақырыптық мәселе және кейбір кепілдік келісімінің байланысқан критерийі дәлелді жинақтау мен бағалауда қажетті білім мен дағдыларды талап ететін аспектілерді қамти алады. Осы жағдайларда, Тәжірибеші маман басқа мамандық бойынша дисциплина адамдарының, қажетті білімі мен дағдысы бар сарапшылардың, жұмысын қолдануды шеше алады. Осы КМХС стандарты келісім үшін сарапшы жұмысын қолдануға қатысты нұсқауды қамтамасыз етпейді,Тәжірибеші маман пен тағы бір сарапшының бірдей жауапкершілігі мен қорытындылауы болған жағдайда.

28. Қауіпсіздік үшін барлық адамдар мен кепілдік келісіміне қатысты сарапшылардан кәсіби сапа талап етіледі. Кепілдік келісіміне қатысты адамдарға әр түрлі жауапкершіліктер тапсырылады. Сол келісімдерді орындауда іскерлік ауқымы жауапкершіліктің негізіне байланысты өзгеріп отырады. Сарапшылар кепілдік келісімінің барлық аспектілерін орындауды Тәжірибеші маман сияқты бірдей іскерлікті талап етпесе, Тәжірибеші маман КМХС туралы сарапшының өздеріне тапсырылған жұмыстың кепілдік мақсатына байланыстыруға мүмкіндік беретін жеткілікті түсінігін анықтайды.

29. Тәжірибеші маман әрбір адамның кепілдік келісімін орындауда жауапкершілігін қарастыратын сапаны бақылау рәсімдерін қабылдайды, сондай ақ кәсіби бухгалтер емес әлдеқандай сарапшының жұмысын осы КМХС және басқа ұқсас КМХС,өздерінің жауапкершілігі контексінде, стандарттарына сай қамтамасыз ету.

30. Тәжірибеші маман келісімге қатысуы тиіс және Тәжірибеші маманқа тақырыптық мәселе ақпараты бойынша қорытындыға жауапкершілікті қабылдау үшін жеткілікті сарапшы қолданылған жұмысты түсінуі тиіс.

Тәжірибеші маман өзінің қорытындысын тұжырымдауда сарапшы жұмысын қолданудың қисынды екенін қарастырады.

31. Тәжірибеші маманқа сарапшы секілді бірдей кәсіби білімі мен дағдысы болуы шарт емес. Алайда Тәжірибеші мамантың жеткілікті дағдысы мен білімі бар:



  1. Тапсырылған жұмыстың мақсатын және оның келісім мақсатына байланысын анықтау үшін;

(ә) Жорамалдардың қисындылығын және сапаршы қолданған әдістер мен дерек көздерін қарастыру үшін; және

(б) Келісім жағдайларына және Тәжірибеші мамантың қорытындысына байланысты сарапшы анықтамаларын қарастыру үшін.

32. Тәжірибеші маман сарапшы жұмысының кепілдік келісімі мақсаттары үшін сарапшы жұмысының орынды деген жеткілікті дәлелді алуы тиіс. Сарапшы қамтамасыз еткен дәлелдің орындылығы мен нақтылығын бағалауда, Тәжірибеші маман анықтайды:

(a) Кәсіби біліктілік, тәжірбие және сарапшының мақсатын;

(ә) Жорамалдардың қисындылығы, сарапшы қолданған әдістер мен дерек көздерін; және

(б) Келісім жағдайларына және Тәжірибеші мамантың қорытындысына байланысты сарапшы анықтамаларының қисындылығы мен маңыздылығын.



Дәлелді Алу

33. Тәжірибеші маман қорытындыны негіздеу үшін керекті жеткілікті дәлелді алуы тиіс. Жеткіліктілік дәлел көлемінің өлшемі ретінде қолданылады. Сәйкестілік дәлел сапасының өлшемі; оның орындылығы мен сенімділігі. Тәжірибеші маман дәлелді алудың құны мен алынған ақпараттың пайдалылығымен байланысын қарастырады. Алайда, қиыншылық мәселесі не шығынның өзі дәлелді жинақтаушы рәсімдерді ескермеуде,басқа баламасы жоқ, дұрыс негіз болмайды. Тәжірибеші маман кәсіби пікірді қолданады және дәлелдің сапасы мен санын бағалауда кәсіби скептицизмді, және кепілдік есептемесін қолдауда оның жеткіліктілігі мен тиістілігін жүзеге асырады.

34. Кепілдік келісімі құжаттарды заңдастыруды қарастырады, бұл заңдастыруда Тәжірибеші маман не машықтанған, не сарапшы болуы болжанған. Алайда Тәжірибеші маман ақпарат сенімділігін дәлел ретінде қолданылуын,мысалы фотокопиялар, көшірме қолхаттар, пленкаға түсірілген, сандық не басқа электрондық құжаттарды, оған қоса тиісінше дайындық пен қолдауға бақылауды да қарастырады.

35. Жеткілікті тиісті дәлел қисынды кепілдік келісімінде қайталанатын, жүйелі келісім рәсімінің бөлігі ретінде алынады, сонымен қоса:

(a) Тақырыптық мәселе туралы түсінігін, және тақырыптық мәселеге қатысты басқа келісім жағдайларын қалыптастыру, ішкі бақылау түсінігін қалыптастыруды қоса;

(ә) Осы түсінік негізінде, тақырыптық мәселе ақпаратының бұрмалану тәуекелдігін бағалау;

(б) Бағаланған тәуекелдіктерге жауап қайтару, жалпы жауаптарды дамытуды қоса, және келесі рәсімдердің негізі, уақыты мен көлемін анықтау;

(в) Келесі рәсімдерді орындау анықталған рәсімдерге тура байланысты, тексеру, бақылау, растау, қайта есептеу, қайта орындау, талдамалы рәсімдер мен сұратулар жинақтарын қолдану. Осындай келесі рәсімдерге ұйымның көздерінен тәуелсіз түрде қуаттайтын ақпараттарды алу сияқты маңызды рәсімдер және тақырыптық мәселе негізіне байланысты бақылаудың оперативті тиімділігінің тесті кірістіріледі; және

(г) Дәлелдің жеткіліктігі мен тиістілігін бағалау;

36. «Қисынды кепілдік» көлемі абсолюттік кепілдікке қарағанда азырақ. Тәукел міндетінің кепілін нөлге дейін қысқарту өте сирек қолжетімді не құнды келесідей факторлардың нәтижесінде:

• Таңдамалы тестілеуді қолдану.

• Ішкі бақылаудың бөлінбес шектеулері.

• Тәжірибеші маман үшін қолжетімді дәледің қорытындылаушы емес дәлелді екенінің фактісі.

• Дәлелді жинақтау мен бағалауда пікірді қолдану және сол дәлелге негізделген қорытындыны тұжырымдау.

• Кейбір жағдайларда тақырыптық мәселенің сипаттамалары.

37. Қисынды кепілдік және шектеулі кепілдік міндеттемелері кепілдік дағдылары мен техникаларын қолдануды және қайталанатын жүйелі келісім рәсімінің бөлігі ретінде, тақырыптық мәселе мен басқа келісім жағдайлары туралы түсінікті қалыптастыруды қосқанда, жеткілікті тиісті дәлелдерді жинақтауды талап етеді. Жеткілікті тиісті дәлелді жинақтауда рәсімдердің негізі, уақыты мен көлемі шектеулі кепілдік келісімінде қисынды кепілдік келісіміне байланысты шектелген. Кейбір тақырыптық мәселелер үшін, шектеулі кепілдік келісіміне дәлелді жинақтау рәсімдері үшін өзгеше КМХС нұсқауды қамтамасыз ете алады. Өзгеше КМХС стандартының жоқтығынан, жеткілікті тиісті дәлелді жинақтау рәсімдері келісім жағдайына, әдетте: тақырыптық мәселе, тиісті қолданушылардың қажеттілігі мен келісуші тарап, тиісті уақыт пен баға шектеулеріне байланысты өзгеріп отырады. Қисынды кепілдік және шектеулі кепілдік келісімдерінің екеуіне де, егер Тәжірибеші маманта тақырыптық мәселе ақпаратына өзгертуді енгізу туралы сұрақ туындаса, Тәжірибеші маман қорытындылау үшін басқа рәсімдерді орындау арқылы мәселені көздейді.



Жауапты Тараптың Көрсетілімдері

38. Тәжірибеші маман жауапты тараптан тиісінше көрсетілімдерді алуы тиіс.Ауызша көрсетілімді жазбаша растауы Тәжірибеші маман пен жауапты тарап арасындағы түсініспеушілік мүмкіндігін азайтады.Әдетте Тәжірибеші маман анықталған критерийге қарсы тақырыптық мәселені бағалайтын не өлшейтін жазбаша көрсетілімді жауапты тараптан сұратады, тиісті қолданушыларға өтініш ретінде қолжетімді болып болмауы мүмкін. Жазбаша көрсетілімнің болмауы келісім ауқымына шектеу негізінде қолайлы қорытындыға немесе қорытындыдан бастартуға әкелуі мүмкін. Тәжірибеші маман кепілдік есептемесінің қолданылуына шектеу қоса алады.

39. Кепілдік келісімі кезінде, жауапты тарап не орынсыз, не керекті сауалға жауап ретінде Тәжірибеші маманқа көрсетілімді дайындай алады,

Осындай көрсетілімдер тақырыптық мәселенің бағалауына не өлшеміне елеулі мәселелерге қатысты болса, онда Тәжірибеші маман:

(a) Басқа алынған дәлелмен, оған қоса басқа көрсетіліммен олардың сәйкестілігі мен қисындылығын бағалайды;

(ә) Сол көрсетілімдерді орындау тиісті мәселелерге қатысты жақсы хабарлануы күтілгенін қарастырады; және

(б) Қисынды кепілдік келісімі жағдайда растаушы дәлелді алады. Тәжірибеші маман растаушы дәлелді шектеулі кепілдік келісімі жағдайында да іздестіре алады.

40. Жауапты тараптың көрсетілімі Тәжірибеші мамантың қолжетімді болуы мүмкін болған басқа дәлелінің орнын баса алмайды. Тақырыптық мәселенің өлшеміне не бағалауына елеулі әсері бар мәселелерге қатысты тиісті жеткілікті дәлелді алуға қабілетсіздік, және осы дәлел қолжетімді болған кезде келісім ауқымына шектеу қояды, мәселеге жауапты тараптан көрсетілім алынса да.



Келесі Оқиғаларды Қарастыру

41. Тәжірибеші маман тақырыптық мәселе ақпаратына әсерді және кепілдік есептемесінің уақытына дейін оқиғалардың кепілдік келісімін қарастыру тиіс. Келесі оқиғаларды қарастыру көлемі осы оқиғалардың тақырыптық мәселе ақпаратына әсер етуіне байланысты және Тәжірибеші маман қорытындысының орындылығына әсерін тигізді. Кейбір кепілдік келісіміндегі келесі оқиғаларды қарастыру тақырыптық мәселенің негізіне байланысты орынды болмауы мүмкін. Мысалы, белгілі бір уақытта статистикалық мәліметтердің дұрыстығы туралы қорытындыны келісім талап етсе, сол сағаттағы және кепілдік есептемесі уақыты арасындағы оқиғалар қорытындыға әсер етпейді не кепілдік есептемесіне жариялануын талап етеді.



Құжаттылық

42. Тәжірибеші маман дәлелді көрсетуде маңызды болған және кепілдік есептемесін қолдайтын мәселелерді құжатттауы тиіс және келісім КМХС стандартына сай орындалуы тиіс.

43. Құжаттылық Тәжірибеші мамантың дәлелдің қолдануын және орынды қорытындыны талап ететін маңызды мәселелерге пікірінің жазбасын қамтиды. Әдістер мен дәлелдің қиын сұрақтарының бар болуы қорытындыға келген кездегі Тәжірибеші мамантың білетін орынды фактілерін құжатқа енгізуді талап етеді.

44. Тәжірибеші маман қарастырған барлық мәселелерді құжаттау не қажетті, не практикалық емес. Құжаттың дайындалғаны мен сақталғанын бағалауда кәсіби пікірді қолдануда, Тәжірибеші маман орындалған жұмыс туралы түсінікті қалыптастыруда ненің қажетті екенін және келісім турасында еш тәжірбиесі жоқ басқа Тәжірибеші маманқа қабылданған түбегейлі шешімнің (бірақ келісімнің толық аспектілері емес) негізін қарастырады. Басқа Тәжірибеші маман келісімнің толық аспектілері туралы түсінікті құжатты дайындаған Тәжірибеші маманпен талқыласу арқылы ала алуы үшін.



Кепілдік Есептемесін Дайындау

45. Тәжірибеші маман кепілдік есептемесінде көрсетілген қорытындыны қолдау үшін алынған жеткілікті тиісті дәлелді тұжырымдауы тиіс.Қорытындыны дайындауда Тәжірибеші маман адынған барлық тиісті дәлелді қарастырады, тақырыптық мәселе ақпаратына бекіту не қарсы болуына қарамастан.

46. Кепілдік есептемесі жазбаша болуы тиіс және тақырыптық мәселе ақпараты туралы Тәжірибеші маман қорытындысының анық тұжырымын қамтуы тиіс.

47. Қорытынды тұжырымының ауызша не басқа формасы жазбаша есептемесіз түсініксіз болуы мүмкін. Сондықтан да, Тәжірибеші маман ауызша не символдарды қолдану арқылы соңғы жазбаша кепілдік есептемесінсіз де есебін бермейді. Мысалы символ жазбаша кепілдік есептемесіне Интернет желісінде сілтеме жасалына алады.

48. Бұл КМХС барлық кепілдік есептемесін қорытындылау үшін стандарттік форматты талап етпейді. Керісінше, ол 49 тармақтағы кепілдік есептемесі қамтыған негізгі элементтерді анықтайды. Кепілдік есептемесі ерекше келісім жағдайларына лайықталған. Тәжірибеші маман қорытындылаудың «қысқа форма» немесе «ұзақ форма» стилін арнайы қолданушылармен тиімді байланысты орнату үшін таңдайды. . «Қысқа формадағы» есептеме әдетте тек негізгі элементтерді ғана қамтиды. « Ұзақ формадағы» есептеме әдетте келісімнің шарттарын, қолданылатын критерий, келісімнің ерекше аспектілеріне қатысты анықтамаларды, кейбір жағдайларды ұсыныстарды және негізгі элементтерді толық сипаттайды. Әлдеқандай анықтамалар мен ұсыныстар тақырыптық мәселе ақпараты бойынша Тәжірибеші маман қорытындысынан анық шеттетілген, және көрсетілімде қолданылған тұжырымдама оларды түсінікті етеді, және олар Тәжірибеші маман қорытындысына әсер етуге арналмаған. Тәжірибеші маман тақырыпты, тармақ нөмерлерін, типографиялық құрылғыларды, мысалы тексті ерекшелеу үшін, және басқа тетіктерді кепілдік есептемесінің оқылуы мен айқындылығын жақсарту үшін қолдана алады.

Кепілдік Есептемесінің Мазмұны

49. Кепілдік Есептемесі келесі негізгі элементтерді қамтуы тиіс:

(a) Есептеменің тәуелсіз кепілдік есептеме екенін көрсететін тақырып:11 дұрыс тақырып кепілдік есептемесінің негізін анықтауға көмектеседі, және Тәжірибеші маман сияқты бірдей әдеп талаптарына сай емес басқалар шығарған есептемеден айыру үшін.

(ә) Адрес иесі:кепілдік есептемесі бағытталған тарап пен тараптарды анықтайды. Іс жүзінде, кепілдік есептемесі барлық арнайы қолданушыларға бағытталған, кейбір жағдайда басқа да қолданушылар болуы мүмкін.

(б) Тақырыптық мәселе ақпаратының анықтамасы мен сипаттамасы, керекті жағдайда, тақырыптық мәселе: келесі мысалдарды қамтиды:

• Белгілі бір уақыт не уақыт кезеңіне байланысты тақырыптық мәселенің бағалауы мен өлшемі;

• Тиісінше, тақырыптық мәселеге қатысты ұйым атауы не ұйымның компоненті; және

• Тақырыптық мәселенің сипаттамалары не арнайы қолданушылар үшін маңызды болуы тиіс тақырыптық мәселе, және осы сипаттамалардың анықталған критерийге қарсы тақырыптық мәселеннің бағалауына не өлшеміне қалай әсер ететіні, немесе қолжетімді дәлелдің сендіруі. Мысалы:

○ Тақырыптық мәселе ақпаратының қаншалықты сапалы не сандық екені, объективті не субъективті, тарихи не жаңа.

○ Бір кезеңнен келесіге дейін тақырыптық мәселенің салыстырмасына әсер ететін тақырыптық мәселедегі өзгерістер не басқа келісім жағдайлары.

Тәжірибеші мамантың қорытындысы жауапты тараптың бекітуі негізінде қағазға түскен кезде, сол бекіту кепілдік есептемесіне тіркелген, кепілдік есептемесінде қалпына келтірілген не арнайы қолданушыларға қолжетімді болған деректемеге сілтелген.

(в) Критерий анықтау: кепілдік есептемесі арнайы қолданушылар Тәжірибеші маман қорытындысының негізін түсіну үшін тақырыптық мәселенің бағалауы мен өлшеміне қарсы критерийді анықтайды.

Кепілдік есептемесі критерийді қамти алады, немесе жауапты тараптың дайындаған бекітуінде бар болса, арнайы қолданушыларға қолжетімді болған, немесе дайын ашық деректемелерден де қолжетімді болса оған сүйене алады. Тәжірибеші маман осының қаншалықты жағдайларға байланысты екенін қарастырады, жариялайды:

Кепілдік есептемесі критерийді қамти алады, немесе жауапты тараптың дайындаған бекітуінде бар болса, арнайы қолданушыларға қолжетімді болған, немесе дайын ашық деректемелерден де қолжетімді болса оған сүйене алады. Тәжірибеші маман осының қаншалықты жағдайларға байланысты екенін қарастырады, жариялайды:

• Критерий дереккөзі, және осы критерийдің заң не ережелерді іске асырылып не асырылмағанын, айқын тиісті болған құқықтық рәсімдерді сүйемелдейтін құзіретті не танылған сарапшы органдарымен шығарылған, және тақырыптық мәселе контексінде орындалған критерий(егер олай болмаса, неге олардың қолайлы қарастырылғаны туралы түсініктеме);

• Критерий бірнеше әдістер арасынан таңдауға мүмкіндік берген жағдайда өлшеу әдістері қолданады;

• Келісім жағдайларына критерийді енгізуде дайындалған әлдеқандай маңызды талдаулар; және

• Қолданылған өлшем әдістерінде қандай да өзгерістердің болғандығы;

(г) Тиісті жағдайда, критерийге қарсы тақырыптық мәселе бағалауы мен өлшемімен байланысқан әлдеқандай маңызды бөлінбес шектеудің түсініктемесі: кейбір жағдайларда бөлінбес шектеулерді кепілдік есептеме оқырмандары жақсы түсінеді деп күтіледі, ал басқа жағдайларда кепілдік есептемесіне анық сілтемені жасау орынды болады. Мысалы, ішкі бақылаудың тиімділігіне байланысты кепілдік есептемесінде, тиімділіктің тарихи бағалауы жағдайлардың өзгертулері себебінен ішкі бақылаудың жеткіліксіз болу тәуекелдігіне немесе амалдар не рәсімдерге сай дәреженің өзгеруіне байланысты болашақ кезеңге қатысты еместігін көрсету орынды болады.

(ғ) Егер тек арнайы қолданушыларға қолжетімді болған тақырыптық мәселені бағалау не өлшеу үшін критерий қолданылса, немесе өзгеше мақсатқа ғана қатысты, кепілдік есептеменің қолданысын сол арнайы қолданушыларға не мақсатқа шектейтін мәлімдеме: қосымша, кепілдік есептеме тек өзгеше арнаулы қолданушыларға ғана не өзгеше мақсатқа арналған жағдайда, Тәжірибеші маман осы мәселені кепілдік есептемесінде қарастырады.12 Кепілдік есептемесінің арнайы қолданушылар мен арнайы мақсатқа шектелгені туралы ескертпені оқырманға ұсынады

(д) Жауапты тарапты анықтайтын және жауапты тарап пен Тәжірибеші маманның жауапкершіліктерін сипаттайтын мәлімдеме: бұл арнайы қолданушыларға жауапты тараптың тікелей есеп келісімі жағдайында тақырыптық мәселеге жауапкершілігін, немесе бекіту негізіндегі келісімі кезіндегі тақырыптық мәселені хабарлайды13, және Тәжірибеші маманның рөлі - тақырыптық мәселе ақпаратына қорытындыны тәуелсіз тұжырымдау.

(е) Келісімнің осы КМХС стандартына сай орындалғаны туралы мәлімдеме: КМХС-ның өзгеше тақырыптық мәселесі, және КМХС-ның кепілдік есептемесінің соған ерекше жүгінуін талап етуі.

(ж) Орындалған жұмыстың қорытындысы: осы қорытынды арнаулы қолданушыларға кепілдік есептемесімен көрсетілген кепілдіктің негізін түсінуге көмектеседі. АХС 700, Аудитордың Қаржылық Есебіне қатысты Есептемес7, және ШКХС 2400, Қаржылық Есепті Шолу үшін Келісімдер, қорытындының белгілі бір түріне нұсқауды қамтамасыз етеді.

Ешқандай КМХС арнайы тақырыптық мәселе үшін дәлелді жинау рәсімдеріне нұсқауды көрсетпесе, қорытынды орындалған жұмыстың толық сипаттамасын қамти алады.

Себебі шектеулі кепілдік міндеттемесінде орындалған дәлелді жинау рәсімдерінің негізі, уақыты мен көлемін анықтау - теріс формада көрсетілген қорытынды хабарлаған келісімді түсінуде маңызды:


  1. Әдетте қисынды кепілдік есептемесіне қарағанда тым толықтырылған, және дәлелді жинау рәсімдерінің негізін, уақытын, және көлеміне шектеуді анықтайды. Орындалмаған не қисынды кепілдік есептемесінде орындалуы мүмкін рәсімдерді көрсету орынды болады; және

  2. Дәлелді анықтау рәсімдері қисынды кепілдік есептемесінен гөрі көбірек шектелгенін, және қисынды кепілдік міндеттемесіне қарағанда азырақ кепілдік алынғанын көрсетеді.

(з) Тәжірибеші маманның қорытындысы: тақырыптық мәселе бірнеше аспектілерден құралған жағдайда, әрбір аспект үшін бөлек қорытынды жасалады. Әрбір қорытынды дәлелді жинақтау рәсімдерінің бірдей деңгейіне байланысты болуы қажетті емес, әрбір қорытынды не қисынды кепілдік , не шектеулі кепілдік келісімі формасына лайықты тұжырымдалған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет