Халықаралық ТҮркі академиясы әлішер науаи хамса ләйлі – Мәжін



Pdf көрінісі
бет15/77
Дата20.05.2024
өлшемі3 Mb.
#501480
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   77
Әлішер-Науаи.-ХАМСА

ОН ҮШІНШІ ТАРАУ
Науфалдың қыздың әкесінен Ләйліні Мәжінге қос деп талап етуі 
және қыз әкесі айтқанына көнбеген соң онымен соғысуға
бел байлауы.
Азабын тіршіліктің кім көп көрсе,
Жырлайды түрлендіріп тіл жеткенше:
Бірінің-бірі толқып жан күйіне, 
Ер Науфал Мәжінді алып келді үйіне.
Құлдарға берді-дағы лезде бұйрық,
Шақыртты шешендерін сөзге жүйрік.
Өршітпей соғыс өртін – ең жақсысы,
Ләйлінің әкесіне салмақ кісі.
Сөзіне жалт қаратып төңіректі,
Жиналған топқа былай әмір етті:
«Жұтқызбан қос ғашыққа қайғы-мұңды,
Жолына салсам да бар байлығымды.
Ләйлінің әкесіне аттаныңдар,
Бұлжытпай бұйрығымды атқарыңдар!
Сыйлық пен сыбағаға тойдырыңдар,
Ләйліні алып келіп той қылыңдар.
Біліңдер, отыр екен сеніп кімге,
Бақыттың тұлпарымен желіп күнде?
Қайыстың кім екенін ол ұқпай ма,
Дәл ондай жаны жайсаң жігіт қайда?


83
Ләйліге махаббатын ол арнады,
Қор болды көңілдегі бар арманы.
Шеше алмай шым-шытырық шырғалаңды,
Бейкүнә жас жүрегін уға малды.
Ата-ана, туысқаннан безіп кетті,
Құм шөлді аңмен бірге кезіп кетті.
Жылады ғашығына төгіп жасын,
Махаббат сиқырлады оның басын.
Ләйлі үшін түндер кешіп көз ілмеген,
Жынданып, атқа қалды Мәжін деген.
Мейірімді алысқа да, жақынға да,
Бай еді білімге де, ақылға да.
Халқының көкірегіне сәуле төккен,
Жан еді жастайынан өсіп-жеткен.
Алды ма әке болып есіне бір,
Күйгенін, сүйгені үшін есіл өмір?
Адамша ақ батасын бермеді ме,
Ұлындай іштен шыққан көрмеді ме?
Махаббат үкіміне құлақ аспай,
Несіне қатып қалды қу ағаштай?
Кеңшілік жасағанда ол балаға,
Қаңғырып кетпес еді шөл далаға.
Тоқтатсын, көрсетпесін оған жәбір!
Ар-ұят болмай ма екен адамда бір?
Алысып абыройын кетірмесін,
Салауат өткен іске, өкінбесін!
Қолымда Қайыс менің отыр қазір,
Ләйліге құстай ұшып жетуге әзір.
Мен оны кем көрмеймін туған ұлдан,
Айыққан қылығынан мұң жамылған.


84
Ғашықтар бір-бірінің жүзін көрсін,
Қайысқа қиқақтамай қызын берсін!
Өткізем тойды дәстүр-салтыменен,
Қайысты қауыштырып халқыменен.
Аямай асыл тасты үйгіземін, 
Махаббат тәжін оған кигіземін!
Қырсығып теріс бақпай – бері қайтсын,
Әйтпесе тұрысатын жерін айтсын!»
Сақтаумен құдалықтың салтын біткен,
Аттанды елшілері мол сыйлықпен.
Өткерген талай тартыс, талай егес,
Ләйлінің әкесі де оңай емес.
Қарсы алып қонақтарды ырзалықпен,
Көрсетті сый-сияпат мырзалықпен. 
Олар да қыз әкесін бек құрметтеп,
Сәлемін Науфал ердің жеткізді ептеп.
Келгенін құда түсіп естігенде,
Тулады намыстанып шапшып өрге:
«Есіркеп, құдіреттің алқағаны – 
Жаратса сұлу етіп Фархараны
9
.
Жайнаса бақшамда бір гүл әдемі – 
Құдайдың қолдағаны мына мені.
Әр түрлі әркімге Алла сый береді,
Жігіттің төресі бар сүйген оны.
Әуелден жазған солай маңдайына,
Кісінің жолықса да қандайына.
Науфал кім бүйтіп сонша басынатын, 
Мен бе екен аяғына бас ұратын?
9
Фархара – көне аңыздағы әсем қала.


85
Аузына келгенді айтып оттамасын,
Абайлап жан-жағына сақ қарасын!
Төбемнен төндірем деп қара түнек,
Алмасын өз басына бәле тілеп.
Аяғын болсын аңдап басатұғын,
Мен емес бопсасынан сасатұғын.
Жығады жарға апарып босқа мақтан,
Іздесін өз керегін басқа жақтан.
Алмасын тыныш жатқан ел мазасын,
Алады бүйте берсе ол жазасын.
Көнетін мен емеспін қылжағына,
Шықсын тез бұлаңдамай бір жағына! 
Достасса құшақтасып табысамыз,
Жауласса шайқасамыз, шабысамыз.
Тұрамыз араласса араласып,
Соғысса соғысамыз араны ашып.
Айтатын сөзім осы – ең ақырғы,
Ал, кәне, жөнеліңдер!» – деп ақырды.
Келгендер құда түсіп – қыз дәметіп,
Сүмірейіп қайтты салы суға кетіп.
Бұл сөзді естіп Науфал тулады аттай,
Маздады ашуланып жанған оттай.
Жетпекке айтқан сертке бекінді іштен,
Айқасқа дайындалып батыл күшпен.
Соғысқа аттануға ұрандады,
Жиналды кілең сарбаз қырандары.
«Келді, – деп – айқасатын кезің, міне»,
Қасына ертіп алды Мәжінді де.
Оң қолым боласың деп бұйырды оған,
Астына ат мінгізіп құйындаған. 


86
Денесін оқ өтпестей жауып қойған,
Кигізді дулығалы сауыт-сайман.
Мәжіннің көзден жасы төгіледі, 
Тұлпары жерді тарпып тебінеді.
Көріпті бұрын-соңды кім ондайды,
Ат басын түзу ұстап жүре алмайды.
Тақымын қаға алмайды ат кідірсе, 
Тізгінін тарта алмайды қатты жүрсе.
Сап түзеп сансыз әскер жер қайысқан,
Дегендей елеңдейді қайда дұшпан?! 
Сардардың құлақ түрген әміріне, 
Сарбаздың сақадай сай бәрі, міне. 
Майданның кіріп қырғын шайқасына,
Ләйлінің ойран салмақ тайпасына. 
Мәжінге есе-теңдік әпермекші,
Босатып Ләйліні де әкелмекші.
Қалың қол мініп алған қаһарына,
Жақындап келді жаудың шаһарына. 
Көре сап қатты састы жау жағы да,
Жар салып бүкіл аймақ-аумағына. 
Шошытып тосын айғай-сүрең елді,
Тайпа боп түгел өре түрегелді. 
Аспанын тұмандатып тірлігінің, 
Екі жақ көзін құртпақ бір-бірінің. 
Қайғыға бейбіт жұртты киліктіріп,
Құтырмақ қанды соғыс билік құрып.
Науфалдың жүрек жұтқан әскерлері, 
Шайқаста екіталай дес бермегі.


87
Қорыққанмен қан майданда жан қала ма?
Екі жақ тоқайласты кең далада.
Үкімі құдіреттің қабылданып,
Шайқасқа белгі берді дабыл қағып.
Кескіге түскенде кім қан ішпейді?
Өліспей бір-біріне беріспейді!
Қалың ат дүбірінен қырғын ұлып,
Жылады тамырынан гүл жұлынып. 
Көрмеген дала шошып қанды көптен,
Жаңбырдай садақ оғы жауды көктен. 
Құм көшіп, сел жүргендей дүлейленіп, 
Ажалдан аңдар қашты үрейленіп. 
Соққыдан құлады ерлер уатылып, 
Жыландай белге соққан бұратылып.
Айғайлап, аласұрып жанұшырды,
Шартылдап найзалардың сабы сынды. 
Қақырап қалқан біткен айырылды,
Жүздері қылыштардың майырылды. 
Семсерлер жарқ-жұрқ етіп ұшқын оттай,
Бастары адамдардың ұшты доптай. 
Жебелер – қан майданның жан алғышы,
Секілді от қанатты ажал құсы.
Алыстан көздегенін бұлтартпайды,
Ұшына ілінгендер тіл тартпайды.
Ысқырса жүрек шошып суылдайды,
Жұлдыздай көк аспанда зуылдайды.
Шашатын жарқылдаса сұмдық ызғар,
Қайғының хабаршысы бұл жұлдыздар.


88
Қалқанға тиген найза кіршілдейді,
Инедей еркін кірген іркілмейді. 
Жүретін ортасында жанжалдардың,
Боялды қанға жүзі қанжарлардың.
Гүрзімен найза сынса соққыласты,
Қап-қара шаңға айналды көктің асты.
Жан алып, жан беріскен бір сұрапыл,
Мұндайда кімге, сірә, кірсін ақыл?
Қалың қол қара бұлттай қаһар төккен,
Қылыштар найзағайдай жарқ-жұрқ еткен.
Аң біткен айдалада аласұрған,
Дауылдай қалың бұлтты тау асырған.
Қызыл қан судай сіңіп жатты құмға,
Дүние қасіретті батты мұңға.
Жасыны найзағайдың жарқылдаған,
Батырдың тұлпарындай аршындаған. 
Қырғынмен тыныстаған қаралы күн,
Бөліп тұр өмір-өлім аралығын.
Ұлдары арабтардың қанға батты,
Лаулатып кектің өшпес отын жақты.
Бір-бірін бұдан былай дұшпан көрмек,
Түтіні қасіреттің аспанға өрлеп. 
Науфалдың жүрек жұтқан көп әскері, 
Жасқанар тажалдан да емес тегі.
Жау жағы мұны көріп қорқақтады,
Жандарын қоятұғын жер таппады. 
Науфалдың қаһарының мысы басты, 
Ләйлінің әкесінің сұсы қашты.


89
Шыдамай соғысуға әрі қарай,
Әскерін шегіндірді кері қарай.
Күн батты. Шулы дала тыным тапты,
Жеңістің жұлдыздары жымың қақты!
Қантөгіс махаббаттың майданынан,
Жел есіп қайтты Науфал айдарынан!
Даланың кере жұтып кешкі желін,
Марқайып, тынығуға шешті белін. 
Бейбіт күн құшақ ашып жас-кәріге, 
Бас қойды тәтті ұйқыға әскері де. 
Жатқанда дүние түгел демалуға,
Жұлдыздар шықты түнгі қарауылға. 
Қызарып хан тағынан тайғанда күн,
Түн жасар таққа мініп ойға алғанын.
Күндізгі айғай-шудан қалжыраған,
Тып-тыныш түнгі дала маужыраған. 
Тұратын бірін-бірі аңдып айқын, 
Екі жақ күзет қойды қалғымайтын.
Қатерден қауіптеніп күндіз күткен,
Көз ілмей күзетте тұр жұлдыз біткен. 
Талықса күзетші де көзін ілер,
Келер таң не сыйларын өзі білер. 
Шарап құй! Махаббаттың жауынгері!
Қан майдан болатынын мәлімдеді.
Бола ма бұл жалғанда жанып-күймей,
Соғысқа кіремін мен сауыт кимей!


90


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет