Халықаралық ТҮркі академиясы әлішер науаи хамса ләйлі – Мәжін



Pdf көрінісі
бет12/77
Дата20.05.2024
өлшемі3 Mb.
#501480
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   77
Әлішер-Науаи.-ХАМСА

ОНЫНШЫ ТАРАУ
Ләйлінің өзіне құда түскенін біліп, көзінен қанды жас ағызуы 
 және қайғыға түскен қызының халін көріп, шешесінің
зар еңіреуі хақында. 
Көмейден ұлы шайыр лағыл жырды,
Бұлақтай толқындатып төгілдірді:
Есінен танған Ләйлі білсін нені?
Қайғыдан қалды қаусап құр сүлдері.
Бір кезде өзіне кеп көзін ашты,
Еске алып кемпір сөзін өңі қашты.
Қайғысы одан сайын ауырлады,
Күшейіп жүрегінің ауырғаны.
Болжады тағдырының өзгергенін,
Құтылмас қияметке кез келгенін.
Жастықтың уға айналса балдай дәмі,
Қалады сұм жалғанның қандай мәні?
Сенетін жалғыз пенде пәнидегі – 
Күтуші апасына зар иледі:
«Жасымнан күн тигізбей маңдайыма,
Шөлдесем су тамыздың таңдайыма.
Уменен қоса жұтып бал-шырынды,
Жасырмай саған айттым жан сырымды.
Жалғасып жең ұшынан кесірменен,
Жасырдың бұл сұмдықты несін менен?
Не шығар сен байғұсты жазғырғанмен,
Болары болған істі сөз қылғанмен.


64
Басыма орнағанда ақырзаман,
Қу мына, шуылдақты топырлаған.
Онсыз да жазылмайтын жаралымын,
Жамылған қасіретті қаралымын!»
Кемпірдің шыға жаздап шыбын жаны,
Қызғыштай көл қорыған шырылдады.
Деп айтты: «Көрінбеңдер, жоғалыңдар,
Ұйқыға Ай да батты, демалыңдар!».
Қан жұтқан қара түнек қайғыдағы,
Сәл ғана сая тапты Ләйлі жаны.
Жалғыз қап, өлім тілеп өз басына
Көл-көсір ерік берді көз жасына.
Әкенің қиянаты ашындырып,
Зарлады бетін жыртып, шашын жұлып.
Жата қап соққылады басын жерге,
Шаң басты қан аралас шашын демде.
Көзінен төккен жасы селдей ағып,
Топырақ дымқыл тартты, жер боялып.
Ұқсады жүзі қайғы дәптеріне,
Жазылған күйініші беттеріне.
Көз жасы болып ащы бұлақ енді,
Көгеріп аппақ жүзі шыға келді.
Зорлықтың басын сұғып ноқтасына,
Жалған-ай, қалай жатпақ жат қасына?
«Қатігез едің, – деді, – тағдыр қандай,
Балауса жас едім ғой балдырғандай.
Сұрапыл сұмдығыңа аң-таң қалдым,
Қолыңа неге суық балтаңды алдың?
Жайқалған жасыл гүлді шаптың неге,
Отына сағыныштың жақтың неге?


65
Жетер ме құлағыңа жылағаным,
Босатшы тұтқыныңнан, сұранамын?!
Зар болдық тамшысына мол бақыттың,
Дариға-ай, мен де – тұтқын, ол да – тұтқын.
Жете алмай күйіп-жанып ғашығына,
Семсердей отқа түскен жасыды ма?
Көзіне елестесе қолаң шашым,
Қиылған туған айдай қалам қасым,
Сағынып сарғайды ма санаменен,
Еңіреп арнағанда маған өлең?
Жүзімді бір көруге ынтыққанда,
Үздігіп ілмеді ме кірпік таңға?
Ол келіп бұрымыма оралғанда,
Өмірден өтпес едім мен арманда.
Махаббат шөлі, шіркін, қанар ма екен,
Тамшы боп таңдайыма тамар ма екен?
Шидей боп білсе менің қалғанымды,
Қылдай боп қиналады-ау, ол да мұңлы.
Мүшкіл боп осыншама күйім менің,
Садақтай көрсе қасым иілгенін,
От түсіп өзегіне күйінер ме,
Бүгіліп одан сайын иілер ме?
Түсіне кірпіктерім енсе менің,
Білемін кірпік қақпай теңселерін.
Алыстан үнім жетсе құлағына,
Тұра алмас құстай ұшпай сыңарына.
Тартқанда сағыныштан жүрек бейнет,
Көрінер жарық дүние түнектей боп.
Ернімнің қызылдығы емес бекер,
Жейхұнның қанды суын елестетер.


66
Меңімнің сұлулығы қайран етер,
Еске алса көзін жұмып, ойға кетер.
Жүрісін жырға қосса қырғауылдың,
Ойына мен түсермін бұл қауымның.
Шығыстан көрінгенде қызыл арай,
Жүзімді еске алар ма шұғыладай?
Түнек боп аспан асты қарайғанда,
Қап қара менің шашым деп ойлар ма?
Аз ба еді азап жүгі ол теңдеген?
Көнбеймін бұл қорлыққа өлсем де мен!
Желкелеп, жердің жүзі жабылса да,
Бармаймын сүймегенге не қылса да!
Қаншама шыдасам да қорлығына,
Дәл осы шыдамаймын зорлығына!»
Осылай еңіреді Ләйлі жалғыз,
Түсіріп ақ жүзіне қайғыдан із.
Мұны естіп қайран ана деді былай:
«Жазықсыз жапа шеккен, жарығым-ай! 
Күні-түн шығармайсың Мәжінді ойдан, 
Дертіңнің таба аламын емін қайдан?»
Ей, емші, жоғал әрі, жөніңе жүр,
Жазылмас менің дертім еміңе құр.
Өз емі ғашықтардың өздерінде
Екенін бұған дейін сезбедің бе?
Ғафу ет! Мәжбүрлеме емге мені,
Дәрісіз дәурен бізге ең керегі!..


67


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет