Халықаралық ТҮркі академиясы әлішер науаи хамса ләйлі – Мәжін



Pdf көрінісі
бет18/77
Дата20.05.2024
өлшемі3 Mb.
#501480
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   77
Әлішер-Науаи.-ХАМСА

ОН АЛТЫНШЫ ТАРАУ
Мәжіннің Ләйлінің көшкен жұртында үсті-басын қотыр басқан 
итпен жолығуы және Ләйлінің елінің адамдарымен кездесіп сөйлесуі, 
сондай-ақ Сейіттің Ләйліден хабар әкелуі хақында.
Додаға түскеніңдей қан қызбаса, 
Жанбайды оты маздап сөздің де аса:
Күн ыстық шыға алмастай халық үйден,
Ләйлідей отқа түсіп жаны күйген. 
Тамылжып келді тағы тамыз
10
айы, 
Күйдірер араб жерін ол ұдайы. 
Мәжіннің ыстық демі желден бетер,
Күрсінсе айналасын шарпып өтер.
Жөнелді зыр жүгіріп байыз таппай,
Табанын құм күйдіріп қызыл шоқтай.
Маусымның шыдатпайды күні сірә,
Тарылып көк аспанның тынысы да.
Лапылдап, өршеленіп күн қызғанда,
Іздеді жерден сая жұлдыздар да. 
Дүниені шарпығанда сұмдық жалын,
Тау-тас пен суырғандай құмның жанын. 
Арқасын сұмдық өртке жер тосқанда,
Күл болып жанып кетті жартастар да. 
10
Тамыз – арабша маусым


102
Жайнаған асыл тастар биіктегі,
Көмірдей болып кетті күйіп тегі.
Ыстық бу көтерілген жайлап көкті,
Сақырлап өзен-көлдер қайнап кетті. 
Құс біткен жағалады суды сирек,
Сылынып түсетіндей сүңгісе үйрек. 
Түсуге суға тіпті дәті бармай,
Шошынды аяқтарын батыра алмай.
Егіндік қурап кетті бір сәт тұрмай,
Табада қуырылғандай бұршақ, бидай.
Сап-сары жалқын басып жазғы көкті,
Жерді де жарылуға мәжбүр етті. 
Қуырған жердің беті демде қарып
Құр менен қырғауылдар жемге қарық. 
Теріп жеп егістіктің балдай дәнін,
Тамсанып, қағысады таңдайларын. 
Көруге шыдай алмай ашық күнді,
Қуысқа өрмекші де қашып кірді. 
Ит безді жон-арқасы қурағандай, 
Салақтап қызыл тілі туған айдай.
Таптырмай тозақ оты толас мына,
Сүңгіді жәндіктер де жер астына.
Түк қалмай өсіп тұрған егістіктен,
Тып-типыл ағып түсті жеміс біткен.
Шөліркеп, сап-сары боп жер өзгерді,
Әп-сәтте жұтып қойды өзен-көлді.
Таңдайы тіршіліктің қаңсығандай,
Өзендер арнасында тамшы қалмай.


103
Түскенде бүкіл дүние от түбіне,
Ләйлінің жұртын Мәжін тапты, міне!
Ләйлінің ізін іздеп жұртты айналып,
Өртенді жан-жүрегі оттай жанып.
Үйінің орнын тапса құдай беріп, 
Бас салып сүюге бар жылай келіп.
Меңірейіп жан-жағына қарап еді,
Теңіздей төңкерілді жан әлемі.
Ләйлінің шатыры кеп көз алдына,
Қалтырап дірілдеді, бозарды да.
Еңіреп құлап түсті жерді құшып,
Жүрді-ау деп осы арада құстай ұшып.
Басты-ау деп топырақты мына жатқан,
Көз салды төңірегіне мұңға батқан.
Құдіреті махаббаттың неткен күшті, 
Шырылдап одан сайын отқа түсті.
Жүрегі аласұрды төзім бермей,
Шашының иісін тіпті сезінгендей.
Өксіді көкірегін жерге басып,
Тынысын тыңдағандай кеудені ашып.
Сүрткендей кірпігімен жердің шаңын,
Төккенде жанарынан көз бұршағын.
Сия ма айтқанменен сөзге сірә,
Топырақ малшынғанын көз жасына.
Иленген ыстық жасқа сұр топырақ,
Желімдей жабысады көрсе сылап.
Ләйліге келмесін деп ешбір қауіп, 
Есігін тастауға бар сылап-жауып.


104
Бір сәтте жата қалды пешке барып,
Танғаны көрініп тұр естен анық.
Тұтатар жетпесе де отқа қолы,
Өзінің жалынымен жақпақ оны.
Жағылған қара күйе қас пен көзге,
Сүрмедей жылтырайды ашқан кезде.
Сонан соң келді ескі атқораға,
Ләйліден басқа пенде жоқ санада.
Саусағы дір-дір етіп қалжыраған,
Сабанға қолын созды салбыраған.
Қуарып сабандай боп кетті өзі де,
Елестеп ғашық жары тек көзіне. 
Сабанның сабағынан дәнді көріп,
Сергіді өз-өзіне енді келіп. 
Қарады үмітпенен сұм өмірге,
Махаббат дәні көктеп жүрегінде. 
Ит жатыр үсті-басын жапқан қотыр,
Кейпінен жұлым-жұлым адам шошыр.
Қып-қызыл жарасынан ірің ағып,
Бейшара қыңсылайды ыңыранып.
Аузынан сілекейі шұбырады,
Бүйірі бүлкілдейді құрып әлі.
Ішегі бұратылып қарыны ашып,
Қалыпты қу сүйегі арып-ашып.
Орнынан тұра алмайды, жүре алмайды,
Құйрығын қимылдатып бұра алмайды. 
Жаны бар шығар-шықпас кеудесінде,
Тынысы тақау қалған енді өшуге.


105
Денесі иістеніп кеткен сасып,
Салақтап қызыл тілі аузын ашып. 
Күйініп тірлігіне сорлы мына,
Жатқандай нәлет айтып тағдырына.
Көзінің шүңірейіп терең іші,
Келмейді сұм өмірге қарағысы! 
Тесілген өне-бойы іріп-шіріп,
Құрт біткен емін-еркін кіріп-шығып.
Жәндіктер тегін асқа үймелейді,
Құжынап бірін-бірі кимелейді. 
Бүлкілдеп нәрді сорып көмекейі,
Шетінен шұбырады сілекейі.
Мәз-мейрам құрт-құмырысқа тойғанына,
Келгендей ұлан-асыр тойға, мына!
Бықынап, быжынаған қара шыбын,
Аузына қонып алған жарасының.
Қарсылық қыла алмайды енді оларға,
Аспанда қарқылдап жүр қарғалар да.
Кептеліп көмейіне бар ашуы,
Мәжіннің итке сонша жаны ашыды.
Мұндайда шыдатпайды, қан қайнайды,
Құрттар мен қарғаларға салды айғайды:
«Қарқылдап, ей, қарғалар қанға емінген!
Менің де иттен мына қай жерім кем?!
Қайғыдан шұрық-тесік жаным менің,
Сиясың қуысына бәрің де оның.
Қасірет оғы тиіп қақ жүректен, 
Сұм тағдыр әлдеқашан дал-дұл еткен. 


106
Өлгелі жатқан итте не құның бар,
Одан да мына маған жабылыңдар!?
Етімді түтіп жеңдер, жұлмалаңдар,
Жүріңдер иттен аулақ, онда нең бар?
Сендерге сасыған ит керек пе осы?
Мен де итпін, жемтік болған өлексесі!»
Тыңдайтын табылмай бір есті құлақ,
Далаға айтқан сөзі кетті бірақ. 
Үркітіп келген құсты баса-көктеп,
Ұмтылды итке көмек жасамақ боп. 
Тазалап құжынаған қалың құртты,
Көйлегін жыртып алып қанын сүртті.
Құтқарып жәндіктерден қорек еткен,
Жарасын таңды сосын орап еппен. 
Әкеліп көлеңкелі өз қасына, 
Еңіреп ерік берді көз жасына: 
«О, сендей, адамзаттың адал досы,
Жоқ шығар жан иесі ғаламда осы!
Қай заман ит пен адам достасқалы,
Жатырсың тіршілікпен қоштасқалы.
Түн болса көз ілмедің жарқанаттай,
Күзеттің қаскүнемді сен жолатпай.
Татисың бір өзің жүз қарауылға,
Әр үйге ие болып, әр ауылға.
Жататын түн баласы әманда мас,
Сен барда апиыншы алаңдамас.
Толтырған қараңғыда көзін қанға,
Қасқыр да жолай алмас өзің барда. 


107
Алыстан дауысыңды танығанда,
Тайсақтап сескенеді қабылан да. 
Қырағы ерлігіңді көріп көптен,
Қайғырып, ала-жолақ болып кеткен.
Ізі бар тырнағыңның, қарадың ба,
Қанды ауыз жолбарыстың жолағында! 
Келе алмас саған батып барыстар да, 
Азуың батқан талай алысқанда.
Жыртқышты жеңдің небір қандыбалақ,
Айтады аңыз қылып барлық араб! 
Патшаның ермегі едің еркелеген,
Малынып таң нұрына ертеменен. 
Аузында жатырсың ғой енді өлімнің,
Қатігез адамдардан сен жеріндің.
Пенделер арылған ба қастық ойдан,
Табамын сенен артық досты қайдан?
Елеңдеп сен үргенде Ләйлі жақтан,
Жаныма шипа тауып қайғы батқан,
Шаң қауып итпен бірге шуылдасқан,
Жетуші ем құйындатып бұрылмастан.
Сен болсаң емін-еркін қаңғып өттің,
Ит болып босағасын мен күзеттім.
Қонақтан хабар берсең келе жатқан,
Сұлу қыз еркелетіп алқа таққан,
Қарсы алып меймандарын жолы құтты,
Тойдырып сорпа-суға сені күтті.
Денеме түссін мейлі қанша жара,
Жолыңа болайыншы мен садаға!


108
Оңалса қалжыраған халің мына,
Қияйын қанымды да, жанымды да.
Қайтадан бақытты күн болсаң кешер,
Мен үшін Ләйлі үйіне барсаң жетер.
Табылып дертке ұрынған жанға дауа,
Басылар мауқым менің сонда ғана.
Ынтыққан жүрегімді өліп-талып,
Тасташы табанына алып барып.
Көшеде жүре бермей кезіп сен де,
Айтқайсың менен сәлем кезіккенге.
Түскенде сүйек-саяқ өңешіңе,
Түсермін сүйек болған мен есіңе.
Мен құсап қара түнек мұңға кіріп,
Табарсың босағасын түн жамылып.
Табаны тиген оның табалдырық,
Келтірмес бөтенсініп саған күдік.
Білдірмей ішіңдегі шын сырыңды,
Жатарсың соған сүйеп тұмсығыңды. 
Жалынам жасап маған сонда бір сый,
Байқатпай басқаларға сен қолын сүй!
Қалмайын тәлкегіне келекенің,
Сездірме сен боп сүйген мен екенін. 
Ынтыққан жарық дүние әлеміне,
Екі көз көрмесе оны керегі не?
Ойып ап таста апарып табанына, 
Мен кепіл жаным рахат табарына!»
Мәжіннің айтқан сөзін жылап тұрып,
Тыңдады өткен-кеткен құлақ түріп.


109
Жас алды көздеріне танығандар,
Таң қалды жындыға әлде жорығандар.
Еңіреп отырғанда қайғысы артып,
Біреу кеп сұрақ қойды сөзге тартып: 
«Өртіне махаббаттың жанған пенде, 
Таусылмас өле-өлгенше арман сенде. 
Ісіңді тағдыр жазған теріс демей,
Өзіңді көреді жұрт періштедей.
Арқалап азабыңды жанға батқан,
Жаралған періштесің жанған оттан! 
Көңілін жұрттың неге суытасың,
Жаныңа итті қалай жуытасың?
Періште итпен бірге сиыса ма?
Адал мен арам жолы қиыса ма?
Періште иттен безер боқ көргендей,
Арасы екеуінің көк пен жердей!»
Мәжін де шыдай алмай жауап қатты: 
«О, сорлы, білмейсің ғой махаббатты! 
Өзіңше періштесің, тап-тазасың,
Тәтті уын махаббаттың татпағасың.
Періште дегендерің бекер мені,
Жынданғам жан азабын көтергелі.
Өртеніп ғашықтықтан жанғанда отқа,
Мен солай айналғанмын бардан жоққа.
Мен күлмін, себілген ит жарасына,
Тәлкек боп түскен тағдыр таласына.
Ешкімге жаралы иттің жоқ керегі,
Жұрт мені аядың деп жек көреді.


110
Өлердей жүдесе де арып-ашып,
Байқұстың жаны таза, жолы да ашық.
Күнәһар көп қаңғырып, көп сүрінген,
Ол емес барып тұрған жексұрын – мен! 
Жаралы мендей итте дос бола ма, 
Қалдырдым ел- жұртымды масқараға! 
Егер де керек болса емделуге
Дайынмын жаралыға жан беруге!
Жазар ем мұрша берсе жалғыз маған
Жарасын мұңлықтардың сан мыңдаған!»
Осылай өз-өзінен сандырақтап,
Еске алды түзде жортқан аңды қаптап.
Ақбөкен, қарақұйрық, момын елік,
Көзіне елес берді бәрі келіп.
Солармен бірге жүрмек мұнан былай,
Қоштасты итті сүйіп жылай-жылай.
Сырласы, мұңдасы да, панасы да,
Жөнелді тағылардың арасына! 
* * *
Атқандай қарсы алдынан ақ таң күліп,
Ләйліні тапты Сейіт көп қаңғырып. 
Ақырын ебін тауып хабар беріп,
Жолықты оңашада оған келіп.
Мәжінді баяндады көрген жайын,
Мүсіркеп махаббаттың сормаңдайын.
Сөнгендей жарық күні аспандағы,
Ләйліде мұны естіген ес қалмады.
Аһ ұрды жас жүрегін жалын кернеп,
Шырылдап сүйгенінің жолында өлмек.



112
Лапылдап көкірегі, жон-арқасы,
Кетердей қоса жанып қолаң шашы.
Ұшардай шыбын жаны көкке мәңгі,
Лапылдап тұла бойы отқа оранды.
Тұншығып тұңғиық бір сорға жаны,
Көзінен қайғы жасы сорғалады. 
«Өлдіге санап еді әркім бізді,
Бұл сөзің маған қайта жан кіргізді.
Дертіме дауа тауып ем қонбаған,
Ғайыптан жебеушімсің келген маған!»
Әкелді қайта барып қобдишасын,
Сақтаған неше түрлі асыл тасын:
«Үмітім – деді, – үзілмес сен тұрғанда,
Тартуың қымбат маған алтыннан да. 
Мың артық сыйлығымнан бұл хабарың,
Қабыл ал, әзірге осы қолда барым...
Уа, Сейіт, хабарыңның бағасы жоқ,
Тойымсыз пендемін мен наласы көп!
Шыныңды айт, сонша неге қаталаттың?!
Қайда жүр, ессіз құлы махаббаттың?!
Өзіңе сенемін де өтінемін,
Қолына тисін жазған хатым оның.
Қайғымның күйіп-жанып отына мың,
Оқысын жылап менің ақымағым.
Жұбатып жүрегімді көп сыздаған,
Жауабын қайта жылдам жеткіз маған!»
«Құлыңмын, – деді Сейіт, – мен қашанда,
Жетермін құстай ұшып самғасам да!


113
Күтіп тұр жіберген жан таппай тағат,
«Кешікпе!» деген еді көп қайталап!»
Хат жазды алып дереу қолға қалам,
Көз жасы тыйылмады сорғалаған.
Өрнектеп ақ қағазға сұм өмірін,
Жіберді мөрін басып жүрегінің.
Қанатын ұшқан құстай енді жайып,
Хатты алып Сейіт көзден болды ғайып.
Қараумен күн өткізген жолына тек,
Мәжіннің тапсырды оны қолына әкеп.
Тапқандай зарыққанда дәтке қуат,
Жылады Мәжін байқұс хатқа құлап: 
«Елшісі махаббаттың жасырынған,
Әкелдің қандай хабар ғашығымнан?
Жолында жатар оның өлсем басым,
Көзіме көрсет нәзік қолтаңбасын!»


114


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет