Халықаралық ТҮркі академиясы әлішер науаи хамса ләйлі – Мәжін



Pdf көрінісі
бет34/77
Дата20.05.2024
өлшемі3 Mb.
#501480
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   77
Әлішер-Науаи.-ХАМСА

«Л» мен «М» – зұлым сөзіне үйретуді жою. Зұлым сөзін ауызға алмау деген мағынада.


214
Болғанмен асыл сөзің елге сабақ
Мұныңнан кірмей қалдық көрге сәл-ақ.
Күн туып екі талай тұрған кезде,
Кетем деп айттың қалай тура көзге?
Табамыз сендей Шахты және қайдан, 
Айқын ғой әлем сыры саған айдан.
Қолыңда құдіретті білім кілті 
Дәуірлер шырқап әлі Үрім жұрты.
Сөздерің киелі ойдың шуағындай, 
Жүрегің кең әлемнің шырағындай.
Ұлы Шах Мұштаридың
29 
көзіндейсің, 
Біз үшін атқан таңның өзіндейсің.
Әділдік бақытына жаралғансың, 
Көркің – нұр, демің – жұпар, ғажап жансың.
Жігерің жүзі қайтпас шар болаттай, 
Патшаға сай жамалың жанған оттай.
Түбі жоқ тұңғиықтай білім-санаң, 
Ертең-ақ бұйым болмас Үрім саған.
Бұйырған әлемді алу тағдырыңа, 
Бас иеp құдіретіңе барлығы да.
Келер күн мәртебеңді асырады
Жазмыш сол – жаһан саған бас ұрады.
Тағдырдың сыйынан бас тарта көрме, 
Қисынсыз қиғылық сап жалпақ елге.
Алмасаң бұл тілекті қабыл етіп, 
Жұртынды жылатқаның еңіретіп.
Әкенің тағын берсең бөтен жанға, 
Көзбе көз құлағаның төтен жарға.
Елдіктен кетіп онда арып-ашып, 
Қаңғимыз, қиыр шетке жолы қашық.
29
Мұштари – ежелгі бір шахтың аты. 


215
Тентіреп тесіледі табанымыз, 
Өзіңе қияметте обалымыз!»
Күңіреніп осыны айтып төңірегі,
Жығылып, жалбарынып, еңіреді.
Таң қалып тындады да жұртын тегіс, 
Бастады дүниені сілкінтер іс.
Опық жеп өз сөзіне сонда қатты, 
Халқының қамын ойлап ойға батты.
Сенімнің ұлылығын қастерледі
Ар туын биік ұстап, төске өрледі.
Бөленіп пәк жүректер сәулесіне, 
Әкенің аманатын алды есіне.
Ұғынды бұлтаруға болмайтынын, 
Ауыр жүк арқаларын алмай тыным.
Жарлығын жария етсе де көңілдегі, 
Сырт көзге жазықтыдай көрінді өзі.
Ақыры көп тілегін мақұл көрді, 
Сол мезет Арасту да жақын келді.
Сәлдесін Ескендірдің алып бастан, 
Кигізді әке тәжін жарық шашқан.
Тіледі патшалықтың бағын аш деп, 
Бір жақтан құттықтады Балинас
30
кеп.
Екеуі күн сәулесін таққа төгіп, 
Қолтықтап отырғызды Шахты әкеліп.
Қондырып бақыт құсын алтындатқан
Құдіретті нұрға орады жарқыл қаққан.
Балинас, Арасту бар оң мен солда, 
Қолдады Қызыр
31
– жерде, Ілияс
32 
– суда.
30
Балинас – Көне грек ойшылы Аполлоний Тианский.
31
Қызыр – аңыз бойынша мәңгі өлмейтін жебеуші пайғамбар.
32
Ілияс – аңыз бойынша теңізде, суда жүзушілерді жебейтін пайғамбар.


216
Орнығып көңілдері, ел қуанды, 
Туды деп тақтың күні енді мәңгі.
Алтыннан шашу жауды бір тынбастан, 
Түскендей жерге келіп жұлдызды аспан.
Тойлады бүкіл халық шалқып селдей, 
Неше күн оты сөнбей, тартып керней.
Жүрегі Ескендірдің елжіреді, 
Hұp шашып шымылдықтай желбіреді.
Әлемнің мандайына жаратылған 
Толқыды алтын айдай жаңа туған.
Бақыттың ләззатына балқып ерек
Оңаша тынығуға тартты бөлек.
Отырып гүл-бақшада жұпар атқан, 
Сімірді шұғынық түстес бал шараптан.
Қолында алтын кесе шамдай жанып, 
Жапырақтар түнді оятты таңдай қағып.
Өрнектеп ой кестесін мәні түрлі, 
Алдымен дана Арасту ағытылды.
Тамызды кемеңгерлер сөздің майын, 
Патшаның мерейі асты одан сайын.
Кеселер шыр айналып кезегімен, 
Ақиқат ақты әңгіме өзегінен.
Жас патша сұрақ қойса нені білмей, 
Ғалымдар жауап берді бәрі бірдей.
Шараптан шабыт алып ақыл-дағы, 
Қызуы маслихаттың лапылдады.
Бір мезет ғылымды да өтті шарлап, 
Патшаның бойын жеңді отты шарбат.
Сап болып ойын-күлкі, әзіл демде, 
Тарасты мұны байқап уәзірлер де.


217
Қара жер маужырайды түн мүлгіткен, 
Олар мәз істеріне бұл бір біткен.
Оңаша қалған патша ақ жарылды, 
Зар жылап, жаратқанға жалбарынды.
Түн бойы ие болмай көз жасына
Сыйынды тәңір алдында тәубасына.
Таң атты нұрға бөлеп айналаны, 
Ақ сәуле алтын тақты аймалады.
Уәзірлер тақты көріп құдіреті асқан, 
Табынды салтанатқа шұғыла шашқан.
Тағына кеп отырды ол салтыменен, 
Жар шашты жүздеспекке халқыменен.
Патшаны отырысты елі қоршап,
Күн шықты көк аспанның төрін аңсап.
Ұйытып сөйледі Шах дүйім жұртты, 
Бүкпеді басқа түсер қиындықты.
«Құрметтеп, көтердіңдер мені көкке, 
Дегенмен артасыңдар көбің өкпе.
Білемін біреу кедей, біреу жарлы, 
Тілегін айтсын бәрі жүрек жарды.
Патшаның қаһарынан жасқанбай-ақ, 
Бетпе-бет баяндасын бастан-аяқ.
Қасқарып, қия шауып, төске өрлесін, 
Сұсынан тәж бен тақтың сескенбесін.
Ханға да, караға да әділет — сын, 
Талабын аспай-саспай мәлім етсін.
Халқымның қабыл болар тілектері
Емдеймін ауыр дертін жүректегі!»
Арман ғып Ескендірге мұң шағуды, 
Құйылып шартараптан жұрт ағылды.


218
Үлгілі үкімімен таң қалдырып, 
Тыңдады ел арызын таңнан тұрып.
Зұлымның басын қақты – емін тапты, 
Біреуді қинағанның қолын шапты. 
Жарылқап қапалы мен жүдеулерді, 
Таратып қазынасынан шүлен берді.
Жүгендеп жасағанды көпке зорлық, 
Көрсетті қиянатшыл бекке қорлық.
Халқына қалқан болған патша – дана, 
Қаймықпас тұрса алдында хақтағала.
Қабылдап түске дейін әр күні елді, 
Түнекті қуды осылай арғы-бергі.
Әкесі орнатса да келіспеді – 
Әділетсіз қатал заңды теріс деді.
Ұлысты жаңа жолға бағыттады, 
Болды тек ойлағаны – халық қамы.
Шахтардың рәсім-салты елге жайсыз, 
Қашанда қараларға хан қолайсыз.
Талқандап ескі-дертті – көне әдетті, 
Орнатты әділдікті – жөн-әдепті.
Әділетке жеңілдетіп жолды қиын,
Жәбірлеу, жазалауға салды тыйым.
Жоқтықтың зарын тартып тарыққандар, 
Босады екі жылға салықтан бар.
Бек сайлап ақылды мен адалдарды,
Тайдырды миғұла мен арамдарды.
Аямай ақыл күшін, төкті алтынын, 
Ойлаумен мұң-мұқтажын тек халқының.
Бағаны бақылатып заңды адамға,
Шек қойды алып сатып, жалмағанға.


219
Темірден жасаттырып өлшеп тасын,
Жөндетті таразының теңшеп басын.
Ұзындық өлшемін де бір қалыпқа
Түсіріп, бірдей етті бар халыққа.
Тексеріп бидай өлшер қадақты да,
Жаптырды жемқорларды абақтыға.
Жасатып астық сақтар қамбаны да,
Қарауыл қойдырды оның жан-жағына.
Қойдырып алтынға да арнаулы өлшем,
Сап тыйды арбау менен алдауды өңшең.
Тонатпай жолаушыны қанды қолға,
Салдырды бекет үйлер шаңды жолға.
Әділет бәйтерегі көкке бойлап,
Арыстан киікке енді шекпеді айбат.
Ішіне түскен лашын торғайлардың,
Шөже ерткен мекиеннен аумайды әр күн.
Күн сайын әділет қуып түске дейін,
Кірісті күтіп тұрған іске кейін.
Орнатты ол осылай әділетті,
Болсын деп Үрім халқы әлуетті.
* * * 
Әділет кесесіне құй, мөлдірет,
Шах үшін шарап тартсын сүйген жүрек.
Мас болып қалсам-дағы мен домалап,
Төбеңе көтер, достым, ханға балап.
Уа, жыршы, сазыңды сал, келтір нәшін,
Сорғалап таң атқанша ән тынбасын.
Сызылып құлағыма күй жетеді,
Күңірентіп көкірегімді күйретеді.


220
Ей, Науаи, мұңдасыңнан жырақтама,
Солармен жетерің хақ мұратқа да.
Тәуба қыл, шарбатыңды іш, күліп-ойна,
Жасқанба, жабырқама ұлы тойда.
Кезбеден қымбат емес інжу-маржан,
Асыл тәж ақиқаттан мың есе арзан.
Ісімен елге жақса, дауа тапса,
Болмайды одан асқан дана патша.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет