Самандар – аңыз бойынша отта туып, от ішінде өмір сүретін құс.
447
Аспаннан жаңбыр саулап жерге көлкіп,
Тамшылар салады ізін дөңгелетіп.
Шеңберден құралсыз-ақ қолмен еппен,
Аумайды Мани сызған дөңгелектен.
Ақ терек биік тартып, гүл жамылған,
Күлтесін салбыратар сырға қылған.
Пейіштей көк майсалы жердің жүзі,
Жайқалған әсем гүлдер – хордың қызы.
Сәуірде сорғалайды нөсер көктен,
Дүние жасанады жас өрнекпен.
Жетеді түйдек бұлттар топ-тобымен,
Дамылсыз дабыл қағып көк төрінен.
Күркіреп күн тұрады әлдеқайдан,
Тағынып алтын алқа найзағайдан.
Жанданып, қорек алып нәзік тамыр,
Табиғат кенеледі азыққа бір.
Сән беріп гүл шоқтары жерді орайды,
Жібектей самал есіп жанға жайлы.
Өсімдік жанарына жан ұялап,
Әндетер тіршілігін жариялап.
Нәрленіп, жаңаша бір түске кіріп,
Көктейді топыраққа түскен ұрық.
Серпіліп аунап-қунап жан-жануар,
Саусағын күнге жайып, дән жамырар.
Шақырар шаттығына гүлзар ғажап,
Жүдеген жандар болса мұң-зар қажап.
Тұрғанмен бақша гүлдеп, көктем жайнап,
Еріксіз қамығасың өткенді ойлап.
Адамның көңілі де гүлдей нәзік,
Қаласың құлпырғанда бір бой жазып.
448
Бақшаға келмесе егер іздегенің,
Не керек күдеріңді үзбегенің.
Ескендір баққа кірмек шыққа оранған,
Кешікпей күткені де шықпақ алдан.
Бұлбұл туралы хикая
Ашқанда жазғы бақта гүл кірпігін,
Сайрады алмастан бір бұлбұл тыным.
Бір қарға сол бақшаны тұрақ еткен,
Бұлбұлды табалады сынап өктем:
«Он бір ай мылқиясың тіл қатпастан,
Үніңді айналаңа тыңдатпастан.
Ал енді неменеге зорланасың,
Ай бойы маза бермей зар қағасың.
Налимын ішке қонбас ісіңді аяп,
Әйтеуір қойдым сені түсінбей-ақ!»
«Бейшара, – деді бұлбұл, – не білесің,
Емес пе әрі-сәрі сенің есің?
Он бір ай сарғаямын гүлді күтіп,
Осынау дүниені мүлде ұмытып.
Гүл жоқта әмбеге аян түңілмегім,
Қап-қара сендей болып күнім менің.
Қайтадан көктем келсе гүлге оранып,
Жүдеген жаным менің жырға қарық.
Қанатын қуанышым кеңге жайса,
Сайрамай шыдай алам мен қалайша?!
Тұрғанда жаздың көркі жайнап аса,
Қасірет – бұлбұл егер сайрамаса.
Ұйықтаса гүлдер қайта тынып қалам,
Мелшиіп меңіреудей тіл ұқпаған.
449
Айналып күл-қоқыстан артылмайсың,
Мәз болып неменеге қарқылдайсың?
Гүл сырын ұғу қайда сен байғұсқа?
Сөз айтпа енді қайтып мендей құсқа!»
Бұлбұлға қайтара алмай қарға жауап,
Ұялды қарауытып жерге қарап.
Тұқырып отырды да сәл дағдарып,
Қалыңға ұшып кетті қалбаң қағып.
Ескендірдің Чин елінен шығып, Мағрыб жеріне қарай аттануы.
Тағы да ойға шомды тақ үстінде,
Жетелеп ұшқыр қиял алыс күнге.
Байқады әлемді алып болмағанын,
Ат ізін Мағрыбқа салмағанын.
Сеніммен соңына ерген қолдап ерді,
Молынан әскеріне олжа берді.
Жарылқап болып өңкей жау жүректі,
Жорыққа аттануға жарлық етті.
Көңілді сансыз сарбаз мұны құптай,
Жұмылып шыға келді жұдырықтай.
Патшаға әділдікпен ел басқарған,
Қалайша қалың қауым болмас қорған!
Құдайым, сақта көптің сілесінен!
Танбайды ел шүйілсе кім есінен?
Жомарттық тасытады жұрт мерейін,
Патшаның көкейдегі діттеп ойын.
Ескендір адамзаттың дүлдүлі еді,
Әрі Шах, әрі сардар білгір еді.
Қимастық тұрса-дағы жанын қинап,
Қоштасты Хақанменен қолын жинап:
450
«Досқа адал жан екенсің анты бекем,
Қабыл ал, – деді, – Чинді тарту етем!»
Аттанып Чин елінен жолға шықты,
Жетуге Мағрыбқа енді асықты.
Хақан да болып еді қоса кетпек,
Ескендір қалдырды әрең қошеметтеп.
Ергенмен кезсін жердің қай түкпірін,
Шығарып салды кері айтып шынын.
Түстікке тура тартты сол күйінде,
Қиыс қап Үнді жері оң бүйірде.
Жөнеді оны-дағы қасына алмай,
Жөңкіліп теңіз тулап тасығандай.
Тартты да шексіз-шетсіз қиырға тік,
Гужратты
121
басып өтті құйындатып.
Аттары бұрлықпастан әлі құрып,
Оманнан
122
бір-ақ шықты салып ұрып.
Бұл жерде желкендерін желбіретіп,
Кеменің қожалары келді жетіп.
Желкені желмен ойнап көкпен үйір,
Жол тартты бөтен арал, шетке қиыр.
Болысып тағы бұған тағдыр аунап,
Сол жолда талай жерді алды жуалап.
Бұйырмас бейнет көрмей тегін несіп,
Тау асып, шөлді кезді, теңіз кешіп.
Қалмады бағынбас ел, алынбас жер,
Түн қатып, түсі қашып сабылды әскер.
Қапысыз жүзеге асып ой-арманы,
Ақыры Мағрыбқа аялдады.
121
Достарыңызбен бөлісу: |