Халықаралық ТҮркі академиясы әлішер науаи хамса ләйлі – Мәжін



Pdf көрінісі
бет66/77
Дата20.05.2024
өлшемі3 Mb.
#501480
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   77
Әлішер-Науаи.-ХАМСА

Балықтардың суды аңсап, мұхит иіріміне шөгуді мақсат етуі, сөйтіп, 
қырғынға ұшырап, акулаға жем болған соң судан біржола айырылуы.
Дарияны бір сүңгігіш ермек еткен,
Бұл жайды аңыз қылған елге көптен.
Балықтың бір әулеті ерігіпті,
Шолжаңдап өз суынан жерініпті.
Мұң басып, өздеріне жүк артыпты,
Күн сайын бөтен суға құмартыпты.


459
Ынтықты жатқандай бір пайда тегін,
Білмеді оның тіпті қайда екенін.
Бәрінің басқа мекен болды арманы,
Мән-жайын, жөн-жосығын аңғармады.
Үзгендей суларынан бар күдерді,
Жосыды жалт-жұлт етіп арлы-берлі.
Бірі айтты желіктіріп топ үйірін:
«Бір жерде бар екен деп көк иірім.
Сайрандап еркін жүзіп таза суда.
Қожалық етеді екен кәрі акула.
Іздетпей өздігінен келген бе ырыс,
Сол суды барып көзбен көрген дұрыс!
Жарамас ойға алған соң талап қылмай,
Табайық бір шарасын қарап тұрмай.
Мұндайда бос дүрлігіп алқынбайық,
Қисыны кеп тұрғанда тартынбайық».
Шапшиды долы иірім қырыстанып,
Жатқандай қиян-кескі ұрыс салып.
Балықтар алды-артына қарамастан,
Толқынға қойып кетті ала қашқан.
Сапырып асау ағыс үйіргенде,
Түскендей болды бәрі диірменге.
Осы сәт қорқынышпен араласып,
Көрінді акула да аран ашып.
Апатқа өздері кеп шақырмаған,
Орнады бастарына ақырзаман.
Табылған тегін асқа тісін жанып,
Қылғытты кәрі акула құшырланып.
Тобымен тұңғиыққа жортып келіп,
Зар илеп кете барды жемтік болып.


460
Еліріп, ентелесіп құр сағымға,
Тажалдың шыжғырылды құрсағында.
Жөңкіліп жүруші еді айдынында,
Ешқашан батпаушы еді қайғы-мұңға.
Құпия өмір сырын білімді ұғар,
Надандық бір пәлеге ұрындырар.
Етіңе ессіздіктен таяқ өтер,
Әмәнда қылған ісің зая кетер.
Мекенің байтақ болса ол да қайғы,
Күштілер қоздырады дау-дамайды.
Іздесең нысап қылмай артық дәулет,
Батасың тұңғиыққа тартып нәубет.
Қайтесің құлаш ұрып құр елеске,
Барлығы өз қолыңда тұр емес пе?
Шамаңды білмей босқа ісіп-кеппе,
Шолтаңдап орға барып түсіп кетпе!
Адам баласының ақылы мақсат еткеніне бастайтын сананың 
ақиқаттығын дәлелдейді, ол кезбе аңдардан қалайша, несімен дараланады 
деп сұраған Ескендірге Арастудың қайтарған жауабы.
Ескендір сауал қойды данышпанға:
«Уа, дана, ой жіберген алыстарға!
Құрметтеп қандай жанды ел қолдайды,
Пенденің бәрі неге тең болмайды?
Жазылып қоймаған соң маңдайына,
Жетер ме көзің кімнің қандайына?
Әрқалай әрекетпен пайда баққан,
Адамның парқы неде хайуанаттан?»
Дана айтты: «Ғұмыр кімге жеткізгендей,
Адамзат шалқып жатқан шексіз көлдей.
Санасыз – хайуанаттың жан-жүйесі,
Адам ғой дүниенің мәңгі иесі».


461
Шах айтты: «Мақсатты ашар ойындағы,
Тылсым күш қандай адам бойындағы?»
Дана айтты: «Көпті ойлайды білікті жан,
Келтірмес халық оған күдік-күмән.
Алайда өмірде өр мен құлама көп,
Барлығын біліп болған ғұлама жоқ.
Жетесіз жетектесең шегінеді,
Бейшара кісіліктен не біледі?
Аспан кең ұшам деген қанаттыға,
Қашанда нұр жауады талаптыға.
Өзгенің жайын ұқпас маубас қана,
Былғанса жан дүниең – сол масқара».
Ескендірдің құмырсқа тәрізді жәндіктер тобын аулау үшін өз 
әскерлерін тәртіпке келтіруі, құмырсқалардың диюдай жойқын тобының 
әскерлер алдынан сап құрып тұрғаны және бір тобы барлай ұмтылып, 
екінші тобының әскерлер арасында сыналай кіруі. Ескендір сарбаздарының 
ыдырай қашуы; сол кезде чиндік қарақұйрықтың арыстандай атылып 
майданға шығуы және жойқын жәндіктерді таптай бастауы; бұл аңды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет