Бахрам-Гур қонақ болу үшін үш үйдің есігін қақты, екеуі абыр-сабыр
болып шексіз құрмет көрсетті, ал үшіншісі - әділін айтқан Қарун еді.
Айтайын аңыз болған сонау заман,
Бахрам
117
патша жайын аң аулаған.
117
Бахрам-Гур – Сасанилер әулетінен шыққан патша Уфахран.
436
Бір аңды қуа-қуа керге кетті,
Меңіреу, қу медиен жерге жетті.
Тұрғанда көзбен тінтіп шөлді байтақ,
Үш үйді анадайдан қалды байқап.
Тап болған тауқыметке пенде құсап,
Қарны ашып, әлі құрып, шөлдеді Шах..
Үйлердің бір шынар тұр дәл қасында,
Еріксіз саялауға келді осында.
Шах айтты: «Мен сіздерге болам қонақ,
Көргенді ел мейман үшін алаңдамақ.
Кісілік көрсетіңдер жолаушыға,
Белгісі берекенің сол-ау, сірә!»
Біреуі Қарон
118
еді шық бермейтін,
Атама, оның қонақ күткен кейпін.
Кедейдің оңай емес жан бақпағы,
Иесі екінші үйдің жалбақтады.
Қонақтың кәдесіне қамданып ер,
Қой сойып, қазан асып, болды әбігер.
Бірақ та піспеді асы жуырмаңда,
Қазанның үздікті Шах буы ұрғанда.
Соңғысы жөн білетін саналы еді,
Жақсының жадау тартпас жан әлемі.
Түсініп жабырқаған мейман жанын,
Шақырып қойды алдына айран, нанын.
Әманда тойған адам шаттанады,
Ашылды өзек жалғап, Шах қабағы.
Жомартқа сыйлық беріп қалтасынан,
Сараңның таспа тілді арқасынан.
Аярды асы піспес оңдырмады,
Сор болды – қойдың етін қор қылғаны.
118
Карон – аңызға айналған сараң.
437
Бахрам әділ еді көпке жаққан,
Жері жоқ жұртты алалап шетке қаққан.
Ашықса патша бірдей кембағалмен,
Сыйлай біл, мейманыңды қолда бармен!
Ескендірдің аспан әлемінің сырын ұғып, білуі үшін данышпандардың
аспан мен жердің құпияларын көрсететін айна жасауы.
Көркімен таңдандырған Чинді көптен,
Тоқылған бұл сурет шым жібектен.
Әйгілеп Чин Хақаны достасқанын,
Салдырған Ескендірмен бас қосқанын.
Қылпылдап шыңылтырдың ұстарасы,
Көрінген мезгіл еді қыс қарасы.
Суытып бұзылған соң күн қабағы,
Хақан да қолқа салып, шырғалады.
Ескендір Чинді қыстап, дулап жатты,
Зеріксе шарап ішіп, думандатты.
Хақанға халін біліп күнде кірген,
Риза боп алғыс айтты шын көңілмен.
Қолайлы бір мекенді еншіледі,
Қасында білгірлері, емшілері.
Хақанмен кейде отырып түн асырды,
Күн менен айдай болып ұнасымды.
Кейде олар аңға шықты таң сәріден,
Саяттап, сейіл құрып бар сәнімен.
Өткізді кейде ордада талай қызық,
Шараптың шарпуына оңай қызып.
Сырласты даналармен кейде бөлек,
Ілімге терең бойлап, ой жебелеп.
Түсірді әсіресе мың түрлі ойға,
Тартуға Хақан берген сиқырды айна.
438
Қоздатып оңашада ішкі арманды,
Ашуға құпиясын құштарланды.
Алдына көрді жұмбақ айнаны алып,
Жалған мен ақиқаты айдан анық.
Алайда ғалымдарға жол тарылды,
Біле алмай құпиясын аңтарылды.
Біреуі ойын-сауық, мейрамдардың
Қызығын қойды алдына меймандардың.
Айнадан өздерінің кейпін көріп,
Ес жиды масайғандар бейпілденіп.
Жоқтан бар жасай алар құдай ғана,
Ынтығып, табынды Шах бұл айнаға.
Қиялы көкті шарлап дуалаған,
Күн сайын арта түсті құмары оған:
«Ғажайып – деді ішінен, – осы міне,
Ойласаң ақыл жетпес шешіміне.
Еріксіз қиқыметке бас ұрасың,
Білуге жұмбақ сырын асығасың.
Ғалымдар қызмет еткен маған жүздеп,
Тылсымның құпиясын табар ма іздеп?
Білімі еш бірінің кенде соқпас,
Аша алар не сиқырды пенде таппас.
Келбеті дүниенің нұр ойнаған,
Ап-айқын көрінеді бұл айнадан.
Көз жетсе кереметтің түйініне,
Келместі келтірер ем иініне.
Несіне күдер үзем күні бұрын,
Белгілі болар бәлкім сыры бұның!»
Жинап ап сездірместен жан адамға,
Іштегі ойын айтты даналарға.
439
Даналар қошаметтеп сөзін қостап:
«Айт, – деді, – құдіретті Шах өзің бастап!
Әмір ет, болмасты да болдырамыз,
Алдыңа ғажайыпты қондырамыз.
Уа, тақсыр, бекер уайым қылма жүдеп,
Біз шешпес дүниенің жұмбағы жоқ».
Ғалымдар екі топқа ыңғайланып,
Бірігіп бас қатырды күнде ойланып.
Оң жақта Платон мен тұр Сократ,
Сол жақта Арасту мен Гиппократ
119
.
Отырды Аршимидус арасында,
Хурмус та, Балинас та бар осында.
Ғылымға жол салатын тосын ізбен,
Әр топта адам болды екі жүзден.
Оларға ерік берді Шах барынша,
Шешімін сиқыр күштің тапқанынша.
Жүргізді білімпаздар пәрменді ісін,
Сипаттап жер мен көктің әр болмысын.
Біреуі сызды анықтап жер шеңберін,
Тәптіштеп бірі көктің өлшемдерін.
Мұқият дүниенің ойлап бәрін,
Зерттеді жұлдыздардың жай-жапсарын.
Тұтастай танып-білді табиғатты,
Тәнті етті түрлі өнерге жамиғатты.
Сарсаң боп, білгенлерін сарқып небір,
Жасады екі нәрсе қортып темір.
Бірінің сыртын қаптап мырышпенен,
Біреуін құйып шықты құрышпенен.
Біреуі саф алтындай көз қаратпай,
Біреуі жарқылдайды жанған оттай.
119
Гиппократ – атақты грек философы, дәрігер.
440
Болаттай екеуі де берік еді,
Айнадай дөңгеленіп көрінеді.
Қашан бір табылғанша іс амалы,
Ескендір даналарды қысамады.
Асықты бітіргенше бірақ олар,
Патшаны ренжітсе кінә болар.
Ғалымдар қыстай жасап тынды да әрең,
Жайнатты әрбірінен бір-бір әлем.
Сарайға әкелді екі кереметті,
Таң қалып көрген адам төне кетті.
Бейнелер қозғалақтап айнадағы,
Біреуі елестетті айналаны.
Айқын боп алыс-жақын ел ғұмыры,
Жаһанды алдыға алып келді бірі.
Дегендей дүниені ғылым жеңер,
Құбылды бірінде аспан, бірінде жер.
Біреуі жұлдыз шарлап, көк сүзеді,
Біреуі жеті өмірді жеткізеді.
Бұл шақта ызғарлы қыс үрке көшіп,
Сөгілген қар көбесі, күн теңесіп.
Сияқты алтын күннің бір бөлегі,
Ескендір айналары күрделі еді.
Отырды мерейі өсіп Шах тағына,
Масайрап, іздегенін тапқанына.
Қасында Хақан жайнап қасқарады,
Орын ап төменірек басқалары.
Думан-той хан тілегі келсе орайға,
Жиналды қуанышқа – ел сарайға.
Осы сәт кіріп келіп ғұламалар,
Тағзым қып, тақ алдына құлады олар.
441
Жеткендей күнге қолы шеттерінен,
Шаттықтың лебі еседі беттерінен.
Ескендір қарсы алды да тік түрегеп,
Көрсетті қадір-құрмет тіпті бөлек.
Даналар жайғасқанда төрге барып,
Жым болды үрейленіп демде халық.
Сілтідей тына қалды ән де, жыр да,
Батқандай сарай іші сәлде мұңға.
Халайық отырғанда болып күпті,
Ғалымдар жасағанын алып шықты.
Мән-жайын тылсым заттың түсіндірді,
Көпшілік ғажайыптың күшін білді.
Бірінен жамырады көк жұлдызы,
Бірінен көрінді анық жердің жүзі.
Бірінде тоғыз қабат ғарыш жайнап,
Бірінде жеті ықылым тоғысты аймақ.
Кіргендей дүниеге мүлде бөлек,
Хақанды таң қалдырды бұл керемет.
Табынып Ескендірдің ғұзырына,
Үңілді қиқыметтің қызығына:
«Әлемде, – деді, – өзіңдей Шах жаралмас,
Өзіңсіз алтын тақта сән де болмас!
Сай келіп даналарың қасыңдағы,
Асырды бақытыңды басыңдағы.
Үзілмей ұлылығың алға ұласар,
Ғаламда атақ-даңқың мәңгі жасар!»
Олжаны куә болған тапқырлыққа,
Хақанға тартты арнайы Шах сыйлыққа.
Көтерді мәртебесін жиылғанның,
Аспандап абыройы Юннанның.
442
Хақан да жомарт еді дархан жүрек,
Төгілтті есесіне гауһар, жібек.
Мейірлі жан шуағын шашар көпке,
Екеуі тұрған күндей қатар көкте.
Хақанға сиқырлы аспап берді медет,
Сонымен аспан сырын белгілемек.
Толқытып той үстінде әсер күшті,
Шақыртты нәзік қолды шаш өргішті.
Алдырып перизатты сүзілдірді,
Әрлетіп, әсемдетіп, жүзін нұрлы.
Жарасып меңі менен қаламқасы,
Құлпырып шыға келді қолаң шашы.
Көзді арбап хор қызындай жарқылдайды,
Сүмбілдей жәннаттағы солқылдайды.
Патшаға арманы жоқ жар болғанның,
Бақытын еншілемек бар жалғанның.
Мұштари жұлдызынан мәлім болмақ,
Жанары кімнің бағы тәңір қолдап.
Жұлдызы жақсылықтың туса оңынан,
Арылмас бұл пәниде кім сорынан?
Белгілі Сократқа көк шырағы,
Бақылап, барлығын да топшылады.
Байрағын желбіретіп той-думанның,
Аспанын жадыратты қайғырғанның.
Шараптан бойын бір сәт салып аулақ,
Шах енді жар сүймекші жаны лаулап.
Көзіне Раушанақ елестеді,
Түбінен жүрегінің ол өшпеді.
Көңілін жас аруға суытар ма,
Дараның өсиетін ұмытар ма?
443
Жорықта бір күйіпті, бір мұздапты,
Сұлуға жылдар мойын бұрғызбапты.
Тағы бір Мехриназ Маллу қызы,
Есінде туған айдай балғын жүзі.
Жеңістің қызығына шаттаныпты,
Оны да ұмытуға шақ қалыпты.
Лап етсе ішкі жалын, тұра ма сыр,
Жар шашты той жасауға ұлан-асыр.
Ұлғайтып сағынышын Раушанақ,
Ынтығып, елегзіді мұң арқалап.
Ойласа Мехриназды ауды аңсары,
Қозғалды толқын атып жан қаусары.
Махаббат өрті лаулап өне-бойда,
Сүңгіді өкінішпен терең ойға.
Дертіне ғашықтықтың шара бар ма,
Мұны айтты ақыл қосар даналарға.
Айтты олар: «Билік бір күн тосын құлар,
Жалғыздық кімді болсын шошындырар.
Тынымсыз көк аспанды кезген Күн де
Алады Айды есіне әр мезгілде.
Бір-бірін көңілдері көріп толар,
Ай ғана әлемде оған серік болар.
Ай төкпес Күндей күшті нұрлы сағым,
Алайда жарық қылар түн құшағын.
Ағаш та әуелеген шіріп құлар,
Қылтиып орнында бір шыбық тұрар.
Гүлденіп ертең ол да шоқтай жанар,
Мәуелі, саясы кең баққа айналар!»
Даналар қуанысып қолдағанда,
Шах айтты: «Жар салыңдар, бар ғаламға!
444
Бұл тойға жер бетінен жан қалмасын,
Адамзат өмір-бақи армандасын!»
Кірісті ел той қамына дамыл көрмей,
Чин жері болды гүлге көмілгендей.
Келмейтін думан еді бұл бір қайтып,
Қызығын тауса алмайсың мың жылда айтып.
Біз оның жүзден бірін көре алмадық,
Мыңды айтып, өзімізді көп алдадық.
Сауықтан ешбір халық шет қалмады,
Алтын мен күмісте де шек болмады.
Арманда көргендер де, көрмеген де,
Той даңқы тарап жатты елден елге.
Кез еді көктем күліп бұлақтардан,
Ғашық боп бұлбұл гүлге сыр ақтарған.
Неше күн көшелерді кернеп ән-күй,
Ұласты той думаны өрге шалқи.
* * *
Даяшы, шарабыңды толтыр маған,
Той болды теңіз шалқып, көл тулаған.
Дүниені думан еді ол дүрілдеткен,
Наурыздай жан біткенді күлімдеткен.
Уа, жыршы, айтшы кәне, жар-жарыңды,
Әніңмен әуелетші арманыңды.
Десең сен: «Қош-аман бол, күнім, жар-жар!»
Деймін мен: «Шашымнан мол мұңым, жар-жар!»
Ей, Науаи, алыс Чинге ұрма құлаш,
Сағынып, сарғайғанда кім налымас.
Үнімен «жар-жарыңның» тербе, жыршы,
Күңіреніп қара көңілім, сен де егілші.
445
Құлпырса әлем бағы жан гүлдеткен,
Бөлейді рақатқа балғын көктем.
Жастықта бал-бұл жанып гүлің жайнар,
Қуаныш қайғы-мұңның тілін байлар.
Көктемде дүние қайта түрленеді,
Күн мен ай жандандырып нұр береді.
Құйылса мейірлене күн шуағы,
Бүршіктер қолын созып құлшынады.
Оянып жасыл орман желпінеді,
Пілдердей көкте бұлттар жөңкіледі.
Құласа көкжиекке соғылғандай,
Өзенге пілдер шөгіп, шомылғандай.
Тоқтаса кең аспанды бір шарлап ап,
Тұрғандай піл үстінен су сорғалап.
Толқындай буырқанған піл емес-ау,
Бұлттар ғой аласұрған кілең асау.
Төккендей жер үстіне тағдыр бақыт,
Маржаннан шашу шашты жаңбырлатып.
Тұқымды құшағында жер тербейді,
Қызыл гүл содан өніп, өркендейді.
Кіршіксіз гүлдің қаны таза болса,
Тоздырмас өңін шаң мен тозаң онша.
Көк майса қаулап өскен күнде еркімен,
Кигендей әсем көйлек гүл көркінен.
Көркіне бұл араның жетсін қай жақ,
Шықсаң да Чинді айналып жоқ мұндай бақ.
Айнала алтын түстес сүмбіл ағаш,
Бұрымдай бұтақтары кімге ұнамас!
Гүлдері жапырағын бүркеп өнген,
Кекілдей сән береді күлтеленген.
446
Өткізіп көз алдынан су ағынын,
Тыңдайды басын иіп бұлақ үнін.
Бой салып, рең алып, толтырып қан,
Өсер ме нәр алмаса ол тұнықтан?
Тереңнен нарғызгүл де шөл қандырар,
Мәңгілік құлпыруды арман қылар.
Желпінтіп жанарына тұнған бақыт,
Ойнайды баста бөркін бұлғаңдатып.
Ынтығар ләйлігүл де жаңа ашылған,
Мәжнүндей Ләйліні іздеп аласұрған.
Қабағы кіртиеді мұң шалғандай,
Болды екен тосын жайға душар қандай?
Билейді шұғынықгүл самалды арбай,
Үстінде бұлбұл қонып самандардай
120.
Алаугүл ұясы оны өртемейді,
Отынан ғашықтықтың өлсе, мейлі.
Қуалап сай-жыраны самал өрлеп,
Мың түрлі көктем лебі салады өрнек.
Жауқазын секілді бір солғын шырақ,
Жатқандай бүршігінде шоқ жылтырап.
Әр нәрсе соған әуес сүйсе нені,
Самал жел мұны біліп сүйкенеді.
Ақгүлдің сабағы да алуалайды,
Жалатқан ақ күмістен ол аумайды.
Мөлдіреп таң алдында тұнады шық,
Тұнықтан жапырағы тұрады ішіп.
Көргенде қызғалдақтың қозғалғанын,
Жадыңнан шығып кетер өзге арманың.
Сыбырлап таңғы желмен мұңдасады,
Қауызын үлбіретіп күнге ашады.
120
Достарыңызбен бөлісу: |